Сырт киімінің жасалу технологиясы



Тондар модельдері модельдеу конструкциялау тігу технологиясы

Жасанды үлбірден тігілген реглан тон.
Жасанды үлбірдің көптеген түрлері шығарылады. Мысалы:қой терісіне ұқсас жасалған үлбір, қаракөл ел-терісіне ұқсатып жасалған бұйра үлбір, гүлді, бедерлі, иректі үлбірлер, т. б. түрлері өте көп.
Арнайы таңдалған жасанды үлбірден тон тігу үшін 3 м 50 см қаракөл үлбірі керек. Тон өлшемі - 52. Тон астарына 3 м мата керек. Егер осылардың барлығының ені 1 м 40 см болғанда, 3 м күспе қажет. Жалаң қабат күспе бидайланып, астарға сырылады, иректеп, торкөздеп қадалған өрнек түрімен әдемілеп сырып аламыз. Алдыңғы өңір астына 1 м жұқа қатырма қағаз, №5 қол ине, тігін машинасының инесі, шыртетпе, киетін адамның талдауына байланысты түймелер қажет.

Өлшемін аламыз:
1. Мойын түптен белге дейін-44 см
2. Жалпы ұзындығы - 130 см
3. Кеуде айналымы - 104 см
4. Бел айналымы - 108 см
5. Мықын айналымы - 120 см
6. Мойын айналымы - 37 см
7. Иық үсті - 14 см
8. Жең ұзындығы - 57 см
9. Кеуде ені - 42 см
10. Кеуде арты-44 см
11. Алдыңғы кеуде ұзындығы - 48 см
12. Артқы кеуде ұзындығы - 46 см.
Алынған өлшем бойынш сызба сызамыз, үлгі жасаймыз, пішеміз. Сырылып дайындалған астарды осы тонмен дәлме-дәл етіп мұқият пішеміз. Тон етегі немесе әдібі 3 см қайырылады. Алдыңғы өңір қайырмасы 2 см бүгіледі. Бұл тонның тігілуінің айырмашылығы реглан, яғни құлама кең қолтық жеңді киім. Алдыңғы өңір бойында қиғашталған

Алынған өлшем бойынш сызба сызамыз, үлгі жасаймыз, пішеміз. Сырылып дайындалған астарды осы тонмен дәлме-дәл етіп мұқият пішеміз. Тон етегі немесе әдібі 3 см қайырылады. Алдыңғы өңір қайырмасы 2 см бүгіледі. Бұл тонның тігілуінің айырмашылығы реглан, яғни құлама кең қолтық жеңді киім. Алдыңғы өңір бойында қиғашталған жең үсті иықты тігісі бар. Артында дәл осылай қиғаштап, арқа тұсымен тұтас түседі. Бұл киім жеңі толық реглан, жартылай реглан деп екіге бөлінеді. Берілген тон толық регланды формалы. Орама жағаның астыңғы жағасы алдыңғы бойдан жеке пішіледі. Өйткені, жең құрылымының өзгеше жасалу технологиясына байланысты жеке бөлшек болып орындалады. Ал үстіңгі жаға түймелікке дейін тұтас пішіледі. Өңір қайырмасында жасырын бекітпе болады. Тонның сыртқы тігістерін қосамыз. Екі жақ жан тігісін қосамыз, жең үсті тігісін, жеңнің бауыр тігісін қосамыз. Дайын болған жеңді, қиғаш қолтыққа қондырамыз. Жең қондырылған соң, жағасы қондырылады. Жағаның екі жағы бірдей жасанды үлбірден жасалады.

Тонның алдыңғы өңірі жасырын түймелікпен, сырылған астармен тігіледі. Жең аузы үлбірлі қайырмасы астарланып, қаттамалы болады. Мұндай тондардың алдына жасырын түймелі, ілмекті, шырт етпелі болып көптеген жолдармен түймеліктер жасалады. Шыртетпе мен ілмекке баулық керек емес. Тек түйме болған жағдайда баулық торланады.


Сырт киімінің жасалу технологиясы.
Ер адамдардың сыртқы иықты киімдерінің бірі - пальто Пальто қалың күлтелік (драп) матадан тігілген. Мата құрамы жартылай жүн талшығынан жасалған, қалың да жылы. Пальто - көктемде қара суықта киетін астарлы, жылы киім. Сонымен қатар, бұл киім тобын таза жүн және қоспа жүн маталардан тігіледі. Ұзын, қысқа түрлері болады. Бұл киімді артқы бойына иініш жасап, алдыңғы бойына сыдырмалы қалта, бедерлі тігістер салып, көркемдеуге болады. Астарын тікелей сыдырма көмегімен алынбалы-салынбалы етіп жасауға болады. Өйткені, мұның арасында кеуде тұсы 40 см жалпақ қабат күспемен сәл жылылық беріліп тігіледі. Егер киім астары алынып-салынатын болса, тігіс шеттерін торлап немесе жеңіл біркелкі астарлап тастауға да болады. Жеңіл астарлап алынған киім ішіне, кеудеге ғана киетіндей кеудеше тәрізді етіп, белге жетер- жетпес бір қабат күспе салып, шетін айналдыра көмкеріп, түймемен де түймелеп жылылық жасауға болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz