Ұлттық бас киім




Презентация қосу
Ұлттық бас киім
ҰЛТТЫҚ БАС КИІМДЕРДІ ТІГУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Сәукеле

Сәукеле - ұзатылар қыздың бас киімі. Ертеде сәукеленің
айналасына жібек шашақтар төгілдіріп, алтын, күміспен,
қымбат асыл тастармен әшекейлеген. Сәукеленің шетіне бет
моншақтарды тізген. Сәукеле таза күмістен жасалса ақ
сәукеле, алтыннан жасалса сары сәукеле деп атаған.
Бұрындары бір сәукелені 500 қойға алған. Сәукелені қолы
шебер зергерші адамдарға арнайы жасат- тырған. Сәукеле
қымбат тыстың асыл матамен қапталады. Астарын астарлық
матамен астарлаймыз. Тысының да, астарының да ұзындығы,
ені тік бұрышты 50x50 см болады. Көктегенге №7 қол тігіс
инесі, машинаға №20 ине қажет. Көктегенге №>40 жіп,
машинамен тіккенге №°40 жіп қажет.
Тігу технологиясы. Қатты картонды ұзындығы 52 см,
көлденеңі 32 см қиың конус тәрізді етіп қиямыз.
Картонның біріккен жерін қаусырып тігеміз
Төбесін, айнала шетін тегістеп қиямыз. Сонда
таза сәукеле биіктігі 32 см болады. Өлшемі 57-
ші.
Үлгіні матаға салып қиямыз. Шаршы тұйығы
сәукеленің маңдайына келуі керек. Пішілген
сәукеленің тысын жылтыр матамен оюлап, ою
шетіне маржан тізіп бастырамыз. Ою дайын
болған соң, артқы тігісін тігіп қатты тартып,
дайындаған қатты қағаз үлгіге кигіземіз,
астарлаймыз. Сәукеле шетін әшекейлейміз.
Әдемі көріну үшін қосымша түсті моншақтармен
әрлейміз. Сәукеленің сыртынан төгілдіріп
капронмен жауып қоямыз.
Бөрік

Ұлттық бас киімдердің бірі - бөрік. Бөрікті әйел де,
ер адам да киеді . Оның мынадай түрлері бар:
құндыз бөрік, қамабөрік, жанат бөрік, сусарбөрік,
был- ғары бөрік, пұшпақ бөрік, елтірі бөрік, т.б. Аса
шеберлікті талап ететін ұсақ бөлшектерден тұратын
пұшпаң- тар - түлкінің пұшпаңтары. Түлкі
пұшпағынан пұшпақ ішіктер, кеудешелер жасалады.
Тонның да кеудешелердің де сырты құралып,
бидайланып, тысталған. Егер осы пұшпақтан бас
киім тігілсе, осы пұшпақпен жұрындалған бөрік
тіккен. Мұндай бөрікті, пұшпақ бөрік деп атаған.
Әйел бөркін тігу технологиясы. Бұл бөрік конус тәріздес
қатты қағаздан қиылып, тысы тысталып, іші астарланатын
бас киім. Шеті 10 см-дей жалпақ етіп құндыз үлбірімен
көмкеріледі. Көмкермеден қалған ашың орындарды ою-
өрнекпен әшекейлеген, кестеленіп жібек жіппен тігіледі.
Төбесінде үкісі бар, бұл бас киім құндыз ұсталынған бөрік.
Әрі жеңіл, әрі қонымды. Қыз балалар- ға өте ұнамды.
Бөріктің биіктігі 25 см, бас киім ені киетін адамның өлшеміне
байланысты. Қиылған қағазбен бөріктің ішісыртын
қаптаймыз. Тыстың матаға қаптамас бұрын ою- өрнегін
сызып, кестелейміз. Дайын болған тысты астарға қосып,
тігіп қаптаймыз. Шетін құндыз үлбірімен көмкеріп тігеміз.
Төбесіне үкі қадаймыз. Бөрікті әрлеу үшін кесте арасына
маржан тігіп көркемдейміз. Маржанмен бөрікті дайын
болған соң да көркемдеуге болады.
Тақия

Ерлердің жеңіл бас киімі . Тақияныңтүрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі

және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, ғана
болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық»сияқты
өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек»,
қабырға тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен,
қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс
төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның
етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады.
Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады.
Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың
етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын
сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп
сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матам ен әдіптен
көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа
тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен
шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия
жасап шығарады.

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық киімдер
Қазақ халқы әйелдерінің ұлттық бас киімдері
ҮСТІНЕН КИЕТІН КИІМ АТАУЛАРЫ
Қазақ халқының ұлттық киімі
Дәстүрлі киім үлгілері
Қазақ халқының ұлттық бас киім және аяқ киімдері
Қазақ ұлттық киімдері
Киімді көркемдік модельдеу
Ер адамның сырт киімдері
Еңбекке баулу. Сәукеле тігу
Пәндер