Шалбарды өңдеу




Презентация қосу
Ерлер шалбарын тігу
технологиясы
Шалбар жүн матадан және жартылай
жүн матадан, былғарыдан да тігіледі.
Шалбар тігудің өзіндік мынадай
жолдары бар: шалбардың алдыңғы
және артқы бойларын беттестіріп,
жылумен өңдейміз. Егер мата қалың
болса, бұл процесс әрбір бөлікке жеке-
жеке жасалады. Сосын аудың қиығын
1 см, шалбар ауының бүкпесін 1,5-2 см-
ге ыстық үтікпен жүргіземіз.
Шалбардың қыр түсетін сызығын
бүктеп, сулап, мата отырғанша үтіктеу
қажет.
Өңдеуден өткен шалбардың артқы бойы суреттегідей
формаға келуі керек. Шалбардың алдыңғы бойын оң
жақтарымен беттестіріп, қыр түсетін жағынан
бүктейміз. өңдеуден өткен шалбардың алдыңғы бойы
суреттегідей болуы тиіс. Шалбардығ бөліктерін
өңделген соң киіп көреміз. Негізі ерлер шалбары да
әйелдер шалбары да бірдей өңделеді және мынадай үш
өлшемнен тұрады: мықын айналымы, бел айналымы,
шалбар ұзындығы
Әйелдер шалбары.
Берілген шалбар моделі тік пішілген , белдігі
қосылып тігіледі.
Алдыңғы , артқы бойларында қатпарлары бар.
Қатпарлар шалбарлардың іш жағынан жатқызыла
үтіктеледі. Шалбарларға сыдырма салынады.Мата
ені 140 см болса , 1 м 20 см мата жұмсалады.Жалпы
әйелдерге арналған шалбарлар жүнді матадан ,
жартылай жүнді матадан , жібектен , трикотаждан ,
т.б.мата түрлерінен тігіледі.Шалбар спорттық
үлгідегі , сәндік шалбар , күнделікті тұрмыста
киілетін шалбарлар , т.б. болуы мүмкін.Ретіне қарай
кез келген сырт киімдерімен , кофтамен
костюмдермен ұнамды етіп киюге
болады.Шалбарлар түрлі ұзындықта және түрлі етіп
пішілген болуы мүмкін
Осы суретте шалбардың сызба үлгісі мен
жылумен өңдеу жұмысы көрсетілген.Шалбарды
пішіп алған соң , шетін торлаймыз. Шалбардың
ірку, созу тәсілдерін толық жасап , үтіктеу керек.
Сосын ғана қалта салынып , тігістері қосылып ,
сыдырма отырғызып , белі тігіледі.
Қалта жасау жолы.Ішкі жағына келетін
жапырақшаны сыртқы матаға бастыру керек.
Жапырақшаның екі жағын белгілеп тігіп ,
үтіктейміз.
Сызық бойымен сызылған жапырақшаны
бастырып тігеміз, теріс жағынан бормен сызылған
орынды сызып қиямыз.Бекітпеге үш бұрышты етіп
қиылған орынды қалдырамыз.Қапшық шетін
торлауға да болады , екі тігіс етіп машинаға
тігуге де болады
Шалбар костюмдерін өңдеу бірізділігі
Шалбар костюмін өңдеуді екі негізгі кезеңге бөлуге
болады : жакетті , блузкаларды , жилетті өңдеуге және
шалбарды өңдеуге.
Жакетті , блузканы , жилетті өңдеу.Бүкпелерін , қималар ,
тігістерін , бедерлерін , қатпарларын , қалталарын , өңірлерін ,
жағаларын , жеңдерін және жакеттер мен блузкалардағы
оймалары бар жеңдерін қосуды көйлектер мен
блузкалардың ұқсас бөліктерін және түйіндерін өңдеген
сияқты өңдейді.
Шалбарды өңдеу . Шалбарды өңдеудің технологиялық
тізбектілігі бұйымның конструкциясына байланысты. Үлгі
ретінде мынадай бірізділікті қабылдауға болады : пішу
бөліктерін тексеру , бүкпелерін , бедерлік тігістерін ,
түймеліктерін , жырмаларын дәлдеу т.б. ; қималарын өңдеу ;
бүкпелерін , қатпарларын , бедерлік тігістерін , шалбар жарты
бөліктерін қосу; түймеліктің бүйір және ау тігістерін өңдеу ;
балағын өңдеу ; үстіңгі қимасын өңдеу ; шалбарды өңдеу
Бірақ та әрбір жеке жағдайда технологиялық бірізділік
бұйымның бөліктерінің саны мен формасына байланысты
анықталады. Мысалы , түймелік бүйір қималарын қаюға
дейін немесе қайылғаннан кейін түймеліктің түріне
байланысты өңделеді.Қапсырма – түймелікті шалбарлардың
бөліктерін қосқаннан кейін , ал тігістердегі түймелікті
қималарын қайығанға дейін өңдейді.Шалбардың астын
құрақтарын өңдегеннен кейін өңдейді.
Шалбардың бөліктерін пішіп тігуге дайындау .
Шалбарды дайындауға кірісуден бұрын , киімнің жаппай
өндірісінде техникалық шарттарында ( ТШ) көрсетілген
немесе киімді жеке заказ бойынша дайындалғанда
квитанциясындағы жазулар мен суреттеріндегі бұйымның
сыртқы түрін суреттеумен танысу қажет.Тексеруді
мынадай бірізділікпен жүргізеді: пішу бөліктерінің бар
болуын тексереді ; арқау және өрім жіптері бойынша
пішімнің дұрыстығын ; бөліктердегі тоқыма ақаулардың
болуын
Шалбардың алдыңғы және артқы бөліктерінде арқау жіп
шалбар бөлігі ортасындағы нүктелерді балағының ені
бойынша және тізе деңгейінде қосатын сызықтарға
параллель өтуге тиіс. Жіптің қалыпты бағытынан суреті
жоқ маталар үшін алдыңғы бөлігінде - 3% ығысу , артқы
бөліктерінде 4% ығысу жасауға болады.Суреті жолақ
немесе клеткалы маталар үшін ығысу жасауға
болмайды.Суреттері клеткалы орташа және ірі айқын
өрнектелген маталарды пішкен кезде бүйір тігістеріндегі
суреттің горизонталь жолақтары сәйкес келуге тиіс
Бүйір қалтасының үстіңгі жиегін бөлігінің үстіңгі
қимасынан 5 см-ден жақын орналастырмайды.
Шалбардың артқы бөлігін пішкен кезде қондырма
жасауға болады.Орта тігіс сызығы бойынша
қондырманың ені 7 см-ге дейін.Сырып тігу сызығының
ұзындығы 20 см-ге дейін.Қондырмалардағы сурет
шалбарлардың негізгі бөліктеріндегі суретпен сәйкес
келу керек
Мақта матасынан шалбарды пішкен кезде үстіңгі жағынан
орта тігісінен бүкпесіне дейін қондырма жасауға болады ,
орта тігісінің ені 7 см-ге дейін , бүкпесінде 3 см-ге дейін.
Жеке заказдар бойынша пішкен кезде шалбардың артқы
бөлігі үшін қосымша әдіп жасайды : 2-3 см ау қималарына ,
2-3 см үстіңгі жағында орта қимасына , 1 см – балағында.
Жапсырма қалталарда арқау жібі өздері орналасқан шалбар
жартысының арқау жібімен сәйкес келуге тиіс. Арқау жіптің
қалыпты бағытынан шалбардың бөліктерін пішкен кезде
жіберілген ығысуларға байланысты ығысу жіберуге болады.
Белдікте арқау жіп шалбардың үстіңгі қимасына параллель
өтуге тиіс.Майда боялған шалбарларда белдікті өрім жібі
бойынша пішуге болады .Суреті жоқ және суреті бар маталар
үшін арқау жіптен (2 %) ығысуға болады.
Жөрмеулер мен шашақты әдіпте арқау жіп шалбар
бөліктерінің қималарына параллель өтуге тиіс , оларға ол
қайып тігіледі. Суреті жоқ маталар үшін арқау жіптің
қалыпты бағытынан шашақты - әдібінде 10% , жөрмеулерінде
3 % ығысу жасауға болады.
Мақта матасынан шалбарды пішкен кезде үстіңгі жағынан
орта тігісінен бүкпесіне дейін қондырма жасауға болады ,
орта тігісінің ені 7 см-ге дейін , бүкпесінде 3 см-ге дейін.
Жеке заказдар бойынша пішкен кезде шалбардың артқы
бөлігі үшін қосымша әдіп жасайды : 2-3 см ау қималарына , 2-3
см үстіңгі жағында орта қимасына , 1 см – балағында.
Жапсырма қалталарда арқау жібі өздері орналасқан шалбар
жартысының арқау жібімен сәйкес келуге тиіс. Арқау жіптің
қалыпты бағытынан шалбардың бөліктерін пішкен кезде
жіберілген ығысуларға байланысты ығысу жіберуге болады .
Белдікте арқау жіп шалбардың үстіңгі қимасына параллель
өтуге тиіс.Майда боялған шалбарларда белдікті өрім жібі
бойынша пішуге болады .Суреті жоқ және суреті бар маталар
үшін арқау жіптен (2 %) ығысуға болады.
Жөрмеулер мен шашақты әдіпте арқау жіп шалбар
бөліктерінің қималарына параллель өтуге тиіс , оларға ол
қайып тігіледі. Суреті жоқ маталар үшін арқау жіптің
қалыпты бағытынан шашақты - әдібінде 10% , жөрмеулерінде
3 % ығысу жасауға болады.
Шалбарды алдыңғы және артқы бөліктерін алғашқы
өңдеу.
Шалбардың артқы бөліктеріндегі қондырмаларды ені 1,2-
1,5 см тігіспен сырып тігеді , тігістерін үтіктеп жібереді ,
кейде қосу тігісінен 0,1 см қашықтықта матасына
байланысты екі жағынан тігеді.
Шалбардың алдыңғы және артқы бөліктерінің бүйір
және ау қималарын алдын ала арнайы машинамен
көктейді.
Шалбар бөліктеріндегі бүкпелерді белгіленген сызықтар
бойынша қайып тігеді , тігісті бүкпенің соңында жояды.
Мұнда бөлікті орта сызық бойынша өң жағын ішіне
қаратып келтіреді.
Жұмсақ қатпарға ауысатын алдыңғы бөліктеріндегі
бүкпелерді шалбардың үстіңгі қимасынан 3-4 см
қашықтықта қайып немесе көктеп тігеді.Тігістерін теріс
жағынан бүйір қимасы жағына немесе үлгісіне байланысты
алдының орта жағына қарай бүктейді.
Қалталарды өңдеу.
Жапсырма қалталарды 1 тараудың 12
параграфында айтылғандай өңдейді. Ойма қалталарды
да 1 тараудың 10 параграфында айтылған сияқты
өңдейді.
Түймеліктерді және тігістерді өңдеу.
Шалбарды орта тігістің алдыңғы бөлігінде
қапсырма- түймелікпен юбкаларды өңдеуге ұқсас
орындалады
Бүйір тігісіндегі түймелікті өңдеу. Шалбарды алдыңғы
және артқы бөліктері жағынан пішкен кезде
түймелікті өңдеуге әдіп беріледі. Түймеліктің үстіңгі
әдібінің қимасын теріс жағына қарай 0,5-0,7 см
бүктейді және жиегінен 0,1-0,2 см қашықтықта тігеді.
Түймеліктің астыңғы жағын құрайтын әдіп
қимасын әдіптің формасымен пішілген жөрмеумен
өңдейді
Жөрмеуді өң жағын астына қаратып түймеліктің
астыңғы жағын құрайтын әдіптің өң жағына
келтіреді және бөлікті жөрмеу жағынан жөрмеп
тігеді. Тігістің ені 0,5-0,7 см .Жөрмеуді теріс жағына
бүктейді , тігісін жазады , жөрмеу жағына қарай ені
0,1- 0,2 см көмкерме жасайды және оны үтіктеп
жазады.Жөрмеудің ішкі қимасын ішіне қарай 0,5-0,7 см
бүктейді . Бүктелген қимасын бүктелген жиегінен 0,1-
0,2 см қашықтықта қайып тігеді.
Түймеліктің жиектерін өңдеп болған соң
шалбардың алдыңғы және артқы бөліктерін өң
жақтарын ішіне келтіріп салады , ішкі өңделген
жиектерін теңестіреді және түймелікті өңдейтін
әдіптің астыңғы жиектерін әдібіне көлденең қос
кері тігіспен бекітеді , одан кейін бөліктерді бұрады
және бүйір қималарын (104 , сурет) шалбардың
алдыңғы бөліктері жағынан қайып тігеді ,
жырмауларын немесе бормен сызылған бақылау
белгілерін сәйкестендіреді.
Шалбардың ау және орта қималарын қосу.Ау
қималарын шалбардың алдыңғы бөліктері бойынша
қайып тігеді , жырмаларын немесе бормен сызылған
бақылау сызықтарын сәйкестендіреді
Орта қималарды қос жіпті тізбекті қабып тігу
машинасымен қабып, бір мезгілде оларды
созады немесе қайып тігетін машинамен қос
тігеді , сирек тігістерін және қондырманы
сырып тігу тігісін сәйкестендіреді. Қайып
тігуді сол бөлігі жағынан жүргізеді.
Ылғалдық-жылулық өңдеу кезінде
тігістерін үтіктеп жібереді немесе үлгісіне
байланысты үтіктеп тегістейді
Шалбардың үстіңгі қималарын өңдеу.
Шалбардың үстіңгі қимасын сырылған белдікпен
өңдеу.Әуелі белдіктің ұштарын өңдейді , ол үшін
белдікті өң жағын ішіне қаратып ортасынан бойлай
салады және ұштарын жөрмеп тігеді. Белдікті өң
жағына айналдырады , ұштарын жазады және үтіктеп
тегістейді.Шалбардың теріс жағына өңделген
белдікті ішк жағын астына қаратып келтіреді ,
қималарын теңестіреді және сырып тігеді (105 сурет)
бір мезгілде ілгектерін орналастыра отырып
(белдіктің астары болған кезде белдікті шалбарға
сырып тіккен соң астарын тігістен ойып алады )
белдіктегі жырмаларды немесе бормен сызылған
бақылау белгілерін шалбардағы бүкпелермен және
тігістермен сәйкестендіреді. Белдікті қайырады ,
тігісін белдік жағына жатқызады , жеке заказ
бойынша дайындаған кезде тігісін үтіктеп
жібереді.Белдіктің сыртқы бөлігінің қимасын ішіне
қарай 0,5-0,7 см бүктейді және бүктелген шетінен 0,1
см қашықтықта белдіктің бүктелген жиегі белдіктің
ішкі бөлігінің сырып тігілген тігісін жабатындай етіп
шалбардың үстіңгі қимасы бойынша қайып тігеді
Мұнда тігіс теріс жағынан
шалбардың негізгі бөліктері
бойынша өтуге тиіс (105 сурет) .
Белдікті дайын түрінде үтіктеп
жазады.
Шалбардың үстіңгі қимасын жөрмеумен өңдеу. Егер
үлгісі бойынша шалбардың түймелігі бүйір
тігістерінде орналасса , түймелікті өңдеуді үстіңгі
қиманы өңдеумен бір мезгілде орындайды.
Шалбардың үстіңгі жиегін жөрмеудің ішкі
қималарын (106 сурет) , шалбардың артқы бөлігі
түймелігінің жөрмеуін және шалбардың алдыңғы
бөлігі түймелігінің әдіптерін жүн және қалың костюм
маталарында ішіне қарай 0,5-0,7 см бүктейді және
қайып тігеді , яғни ашық қимасы бар бүктелген
тігіспен өңдейді.
Шалбардың алдыңғы бөлігі түймелетін өңдеуге
керек әдіптерін шалбардың үстіңгі қимасын жөрмеу
ұштарына тігеді және оларды шалбардың өң жағына
қайырады , жөрмеуді шалбардың бөліктерімен өң
жақтарын ішіне келтіріп салады , жоғарғы қималарын
теңестіреді , өңделген аспа бауды немесе ышқырлық
бауды жырмалар немесе бормен сызылған белгілер
бойынша салады ( үлгісіне байланысты) және
шалбардың үстіңгі қималарын жөрмеу жағынан
жөрмеп тігеді.Тігістің ені 0,5-0,7 см.Бұрыштарын өң
жағына бүктейді , жазады және үтіктеп
тегістейді.Шалбардың үстіңгі бөлігін және
түймеліктің шетін еніне үлгісіне байланысты
Шалбардың артқы бөлігі түймелігі жөрмеуінің
ұштарына келтіріп тігеді . Түймеліктің жөрмеуін
өң жағына қайырады , шалбардың үстіңгі
қимасының жөрмеуін шалбар бөліктерімен өң
жақтарын ішіне қаратып келтіреді , қималарын
теңестіреді және жөрмеп тігеді.Бір мезгілде
түймеліктің жиектерін жөрмеп тігуге болады.
Бұрыштарындағы тігіс әдіптерін қиып
қысқартады , бұрыштарын өң жағына
айналдырады , жазады және үтіктеп тегістейді.
Шалбардың алдыңғы және артқы бөліктерінің
үстіңгі қимасы жөрмеуінің ішкі өңделген
жиектерін алдыңғы және артқы бөліктерінің орта
қосу тігісіне қайып тігетін машинамен тігісті
орта тігіске параллель орналастырып бекітеді
Шалбардың үстіңгі қимасын өңдегеннен кейін 3
тараудың 7 параграфында көрсетілгендей
түймеліктің жиектерін бекітеді және бүйір
қималарын қайып тігеді.
Шалбардың үстіңгі қимасын иілгіш таспамен
өңдеу.Бүйір тігісінде түймелігі және алдыңғы
немесе артқы бөліктерінде жеке иілгіш таспасы
бар шалбар моделінде үстіңгі қиманы өңдеуге
керек әдіп шамасын дәлдеген соң (бүктеуге
керек әдіп шамасы таспа еніне 0,2- 0,3 см
қосқанға және ішіне қиылатын бігу енін
қосқанға тең , яғни 0,7- 1) иілгіш таспаны
шалбардың теріс жағына салады және
түймелікті таспаның ұштарына өңдейтін
жөрмеудің ішкі жиегін немесе әдібін тігеді (107
сурет)
Шалбардың үстіңгі жиегін белгілеуі
бойынша теріс жағына бүктейді ,
қиылатын жиегін ішіне қарай 0,7-1
см бүктейді және бүктелген
жиегінен 0,1 см қашықтықта тігеді ,
иілгіш таспаны бір мезгілде тігеді.
Түймелігі жоқ шалбарларда үстіңгі
жиегін тігердің алдында иілгіш
таспаның ұштарын жапсырма
тігіспен бекітеді. Бір ұшының
ұшынан асып түсу шамасы 1,5-2см.

Ұқсас жұмыстар
Шалбар балағын өңдеу
Ер адамның сырт киімдері
Бизнес-жоcпарАрнайы киімдер өндірісі цехы
Қазақ солдаты романынан үзінді
Қазақ ұлттық киімдері
Етістік ағашы
Етістікті бекіту сабағы. Презентация. 6-сынып
Бір жағынан бала қандай бір грамматикалық заңдылыққа немесе лексикалық уәжге сүйеніп айтып тұрған жоқ, себебі оның жасы небәрі екіде
Балықты жылумен өңдеу
Цифрлық бейнелеу технологиясын дамыту тенденциялары
Пәндер