Қазақстандағы су электр станциялары
Презентация қосу
Қазақстандағы су
электр станциялары
Су электр станцалары
I. Бұқтырма
II. Қапшағай
III.Шардара
IV.Өскемен
V. Шүлбі
VI.Мойнақ
Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық
турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына
түрлендіретін электр станциясы.
Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз
ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды.
1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт),
1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды.
Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959
жылы салынып бітті.
Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық
тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және
Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың
кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам
шағын және орташа Су электр станциясы салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің
барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле
пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі,
пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі,
ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға
мүмкіндік береді.
Бұқтырма Су Электр Стансасы — Қазақстан энергетикалық жүйелері ішіндегі қуатты су
электр стансасы. Бұқтырма Су Электр Стансасы Бұқтырма өзенінің төменгі сағасына 1956
жылы салына бастады. Алғашқы үш агрегаты 1960 жылы, келесі үшеуі 1961 жылы,
қалғандары тиісінше 1963, 1964, 1965 жылдары пайдалануға беріліп, 1966 жылы жобалық
қуатына (675 мың МВт) жетті. Жылына орта есеппен 2300 млрд. кВт сағат электр
энергиясын өндіреді. Бұқтырма Су Электр Стансасы су торабының құрамына: бірлік қуаты
75 МВт 9 агрегаты бар станса ғимараты, бөгеттің су жіберетін бөлігі, тұйық
гравитациялық бөгеті және үш камералы шлюз кіреді. Бөгеттің биіктігі — 90 м, ең
жоғарғы су тегеуріні — 67 м, су қысымы түсетін қырының ұзындығы — 380 метр.
Бұқтырма Су Электр Стансасы үшін сыйымдылығы 49,8 млрд. текше метр су қоймасы
жасалған. Ол жылма-жылғы маусымдық ағысты реттеп отырады, жылдық су ағыны
көлемі 18 км3. Мұның өзі Ертіс өзені бойындағы басқа СЭС-тердің (Өскемен және Шүлбі)
жұмысын ыңғайлы ұйымдастыруға, қуат беру мүмкіндіктерін толық пайдалануға жағдай
туғызады, су деңгейін көтеру арқылы Ертіс өзенінің саяз жерлерінен кемелердің өтуіне
мүмкіндік жасайды. Сондықтан су турбиналарынан бір тәулікте өтетін су көлемінің
кемелер жүрісіне қажет мөлшерден кем болмауы көзделіп, станса электр энергиясының
жылдық көлемінің жазда 2/3 бөлігін, ал қыс айларында 1/3 бөлігін өндіреді.Бұқтырма Су
Электр Стансасының су шаруашылық үшін мәні зор. Стансаның жұмыс режимі Ертіс
өзенінің су ресурстарын энергетика, су көлігі, ауыл шаруашылығын суландыру және елді
мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттіліктеріне икемделіп жүргізіледі.
Стансадағы негізгі және көмекші жабдықтарды басқару толық автоматтандырылған.2010
ж. модернизация болды, қуаты 738 МВт.
ШАРДАРА СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ, ОКТЯБРЬДІҢ 50 ЖЫЛДЫҒЫ
АТЫНДА – РЕСПУБЛИКАДАҒЫ СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ
БІРІ. СЫРДАРИЯ ӨЗЕННІҢ ОРТА АҒЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН. 1-
АГРЕГАТЫ 1965 ЖЫЛДЫҢ МАМЫРЫНДА, 2-АГРЕГАТЫ
ЖЕЛТОҚСАНДА, АЛ СОҢҒЫ 4-АГРЕГАТЫ 1966 ЖЫЛДЫҢ
МАУСЫМЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН. ҚУАТЫ 100 МВТ.
СТАНЦИЯ ҚАЗІРГІ ТАЛАПТАРҒА САЙ ДӘРЕЖЕДЕ
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ ТЕЛЕМЕХАНИКАМЕН
БАСҚАРЫЛАДЫ. 1965 – 1975 Ж. ЖОСПАРДАҒЫ 3 МЛН. 442 МЫҢ
КВТ/САҒ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛДІ. ШАРДАРА
ГИДРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕНІ (ШАРДАРА СУ ЭЛЕКТР
СТАНЦИЯСЫ МЕН ШАРДАРА БӨГЕНІ) ҚЫЗЫЛҚҰМ ӨҢІРІНДЕ АУЫЛ
ШАРУАШЫЛЫҚҒЫ ӨНДІРІСІН ЖЕДЕЛ ҚАРҚЫНМЕН ӨРКЕНДЕТУГЕ
МҮМКІНДІК БЕРДІ.
Қапшағай Су Электр Стансасы — су-
энергетика кәсіпорны. Алматы
қаласынан солтүстікте 70 км
қашықтықта, Іле өзенінің Қапшағай
шатқалында. Сыйымдылығы 28,14
млрд. м³, қуаты 434 мың кВт. Жылына
1163 млн. КВт сағ энергия береді. СЭС
1972 ж. толық қуатымен жұмыс істей
бастады
Өскемен су электр станциясы
ӨСКЕМЕН СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ–– СУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ
КӘСІПОРНЫ. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНАН 10 КМ ҚАШЫҚТЫҚТА
ОРНАЛАСҚАН. ҚҰРЫЛЫСЫ 1939 ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ. 1952 ЖЫЛЫ 21
ЖЕЛТОҚСАНДА СЭС-ТІҢ АЛҒАШҚЫ АГРЕГАТЫ ӨНДІРІСТІК ЭЛЕКТР
ЭНЕРГИЯСЫН БЕРДІ. 1953 ЖЫЛЫ 2-, 3-АГРЕГАТТАРЫ, 1959 ЖЫЛЫ
4-АГРЕГАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, СТАНЦИЯНЫҢ ҚУАТЫ 331,2 МВ-ҚА
ЖЕТТІ. СУ ТОРАБЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҰЗЫНДЫҒЫ 394 М, БИІКТІГІ 65
М ТЕМІРБЕТОНДЫ ТАСБӨГЕТ ПЕН ШАХТА ТҰРПАТТЫ СЫҢАР
КАМЕРАЛЫ БІРЕГЕЙ ҚАҚПА КІРЕДІ. ТАСБӨГЕТ ТҰРҒЫЗУДАН ПАЙДА
БОЛҒАН БӨГЕННІҢ АУДАНЫ 37 КМ², СЫЙЫМДЫҒЫ 659 МЛН. М3.
СЭС ҚҰРЫЛЫСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ СУДАҒЫ МЕТАЛЛ
ҚҰРАЛЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ГИДРОҚҰМДЫ ҚҰЙЫЛМАЛЫ ӘДІСІ
ЖӘНЕ ЛАК, БОЯУМЕН ҚАПТАУ, ҚАРСЫ ҚҰРАМДАҒЫ КҮШТІ
ҚЫСЫМДАҒЫ ҚҰБЫРЛАРДЫ ЭПОКСИДТІ ШАЙЫРЛАР НЕГІЗІНДЕ
ТОТТАНУДАН ҚОРҒАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚОЛДАНЫЛДЫ.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz