Түбір морфема


Slide 1

Граматика және оның салалары .

Сөздің морфологиялық талдау . Морфема

Түбір морфема

Аффикситтер морфемалар және олардың түрлері

Терминдер

Slide 2

Грамматика (гр. 'grammatіke, γράμμα' - әріп, жазу) - тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы. Грамматика ережелерді орнату жолымен тілдік категориялар арасындағы қатынас жүйесі. Орнатылған ережелер негізінде тілді құрайтын элементтер қалыптасады және бірігеді. Бұл элементтер анық болып көрінсе де, грамматикада теориялық ұғым болып табылады, «зат есім, етістік, сын есім» сияқты. Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) - әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат. gramma - әріп) -тілдің ішкі (граммат. ) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;

Граматика

Морфология

Синтаксис

Slide 3

Грамматика түрлері

Тариха грамматика

Тілдің грамматикалық құрылысын, ондағы грамматикалық категориялар мен грамматикалық формалардың пайда болуы мен біртіндеп қалыптасып дамуын тарихи тұрғыдан қарастырып баяндайды

Сипаттама грамматика

Тілідң өмір сүріп тұрған дәуіріндегі қалпын қарастырып баяндайды

Салыстырмалы грамматика

Туыстас тілдердің грамматикалық құрылысын, ондағы грамматикалық категориялар мен грамматикалық формадарды және түрлі-түрлі грам. амал- тәсілдерді өзара салыстыру тұрғысынан қарастырады.

Грамматика тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру ережелері мен сөздерден сөйлемдердің құралу ережелерін белгілейді.

Slide 4

Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:

Сөзжасам процесінің тәсілдері - сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;

Морфология - сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;

Синтаксис - сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.

Slide 5

Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау үшін, ең алдымен негізгі морфологиялық ұғымдарды біліп алуымыз керек. Ол ұғымдар: морфема, түбір морфема, аффикстік морфема - дегендер.

Морфема дегеніміз - сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі. Морфема : 2 - ге бөлінеді

Морфема

Түбір морфема

Аффикстік морфема

Мысалы, оның анасы кім? дегендегі ана+сы сөзінде екі морфема бар. Ана - түбір морфема, -сы (тәуелдік жалғауы) - аффикстік морфема. Оның деген сөз де солай: о - түбір морфема, ның - аффикстік морфема, кім - түбір морфема.

Slide 6

Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар

Мысалы, үйшіктерге деген сөзінің құрамында төрт морфема бар. Оның біріншісі - үй, ол заттық мағынаны білдіреді; екіншісі - шік, бұл кішірейткіш мағынаны білдіреді, үшіншісі - тер, көптік мағынаны білдіреді, төртіншісі - ге, бағыт мағынасын білдіреді. Бұлардың ішіндегі үй морфемасы түбір сөз болғандықтан - заттық, лексикалық мағынаны, үйшік туынды түбір болғандықтан - лексика-грамматикалық мағынаны, ал қалғандары (-тер, -ге) аффикстік морфемалар болғандықтан - грамматикалық мағыналарды білдіріп түр.

Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады да, лексика-грамматикалық немесе грамматикалық мағыналарды білдіретін морфемалар - аффикстік морфема немесе көмекші морфемалар деп аталады. Түрлі тілдердегі түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты әр түрлі болып келеді.

Мысал үшін қазақ тілі мен орыс тілін салыстырып көрелік. Қазақ тіліндегі жаз+у, жаз+ба, жаз+ыл+ған деген сөздерді орыс тіліндегі пис+ать, за+пис+ка, пере+пись деген сөздермен салыстырсақ, қазақ сөздерінің түбірі жаз - орысша сөздердің түбірі - пис. Жаз түбірі өздігінен жеке, сөз ретінде қолданыла алады, ал орыс тіліндегі пис- түбірі өздігінен дербес қолданыла алмай, сөз құрамында ғана (письмо, писание, письменный) қолданылады. Оның үстіне пис- түбірі тек заттық мағынаны ғана білдірсе, жаз түбірі әрі заттық мағынаны (жаз ісі), әрі лексикалық мағынаны (бір нәрсені хатқа түсіру), әрі грамматикалық мағынаны (етістіктің бүйрық райы, екінші жақ) білдіреді.

Slide 7

Морфема іштей екіге бөлінеді

Негізгі морфема

Қосымша морфема

Негізгі морфемалар - лексикалық мағыналы дербес қолданылатын түбір сөздер. Олар түпкі түбірлер (тір - тірі дегендегі), түбір негіздер (тірі), туынды негіздер (тірлік) болып үшке бөлінеді.

Қосымша морфемалар - дербес қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар. Олар іштей қосымшалар мен қосалқылар болып екіге бөлінеді.

Қосымшалар: сөзжасам, сөзтүрлем, сөзбайлам тұлғалар. Бұлардың сөзжасамы мен сөзтүрлемі - жұрнақтар да, сөзбайламы - жалғаулар деп танылады. Қосымшалар қатарына дәйек және аяқ қосалқылар жатады. Дәйек қосалқылар түбір сөздің алдына қосылып, сөзге грамматикалық күшейтпе мағына үстейді (күшейтпе буынды: сап-сары, қап-қара және күшейтпе сөзді өте жақсы, тым жаман) . Аяқ қосалқылар негізгі сөздің соңында қолданылады да, оларға шектеме және көмекші грамматикалық мағына үстейді. Шектемелер сөзге ұқсама буын қосып айтылатын (шай-пай, нан-пан) және демеуші шылаулар арқылы жұмсалатын (осы ғана, осы-ақ) сөздер құрамында қолданылады. Көмекшілер: көмекші есімдер (үсті, асты т. б. ), көмекші етістіктер ( еді, екен т. б. ), септеулік шылаулар (дейін, шейін т. б. ), жалғаулық шылаулар (мен, және, тағы

Slide 8

Түбір морфема сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы бастық, басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, басты, бассыз деген сын есімдедердің де, баста, бастат, басқар деген етістіктердің де түбірі болып саналады.

Ал негіздің түбірден айырмашылығы сол, ол сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін емес, олардың белгілі бір лексика грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Мысалы бас морфемасы жоғарыда аталған зат есімдердің де, сын есімдердің де, етістіктердің де - бәріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастығың, бастығы деген зат есімдер тобына ортақ негіз - бастық, ал бастап, бастаған, бастағалы деген етістіктерге ортақ негіз- баста. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: түбір морфема - сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз табына) жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, олардың бәріне ұйытқы болатын элемент те, негіз - белгілі бір лексика- грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір создің әр түрлі морфемаларының бәріне ортақ ұйытқы.

Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, әдетте, түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалады. М: күйші, малшы, достық, бағала, өрле т. б. Негіз бір ғана морфологиялық элемент - таза түбірден де құралуы мүмкін. М: от, өт, бел, без т. б.

Slide 9

Тіл-тілдің лексикасында, ғылымның алуан түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер бар, олар терминдер деп аталады. Дара мағыналы болу - терминдерге тән қасиет. М: аффрикат, аффикс, артикль, артикуляция, агглютинация деген терминдер қандай бір контексте қолданылсын, оладың әрқайсысы әрдайым өзіне тән негізгі бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында ұғынылады.

Терминдерде эмоционалды бояу, экспрессивті қызмет дегендер де болмайды. Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер.

Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты, айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады.

Әдебиеттануғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек.

Slide 10

Аффикстік морфемалар және олардың түрлері .


Ұқсас жұмыстар
Морфология. Сөздердің морфологиялық Құрылымы
Сөздің морфемалық құрамы
Нөлдік морфема
Сөзжасам жүйесі
Етістік түбірі
Нөлдік форма
Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарының біріне жататыны
Дыбыс үндестігі туралы
Тарихи морфология
ТАҢБАЛАР ЖҮЙЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz