Нейтральды қышқыл топырақта кездесетін индикатор - өсімдіктер


Slide 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультеті

МӨЖ №1

Қазақстан флорасындағы индикатор өсімдіктердің түрлік деңгейі

Орындаған: Ермағамбетова М.

Slide 2

Қоршаған ортаның өзгерісін өсімдік-индикаторлар бірден сезеді, олардың сыртқы құрылысы немесе химиялық құрамы өзгеріп, саны көбейіп не азайып кетуі мүмкін. Өсімдік - индикаторларды қолдана отырып, топырақтың механикалық және химиялық құрамына баға беруге, шөлейт жерлерде тұщы суды және пайдалы қазбаларды іздестіруде көмектеседі. Өсімдіктің жағдайы бойынша, жапырақтарының немесе басқа да мүшелерінің түрімен топырақтың құрамын, оның қоректік заттарының құрамын анықтауға болады.

Slide 3

Өсімдіктердің тіршілік ету ортасымен тығыз байланысы тек орта ерекшелігіне сай өсімдіктердің қажеттілігін ғана емес, өсімдіктер сипатына қарай қоршаған орта қасиеттері жайлы, яғни өсімдіктерді индикатор ретінде қолдануға болатындығы белгілі. Өсімдіктер мен өсімдік жамылғысы бойынша орта қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтауды ботаниканың ерекше саласы - фитоиндикация, немесе өсімдік индикаторлар туралы ғылым жүргізеді.

Slide 4

Индикатор белгілері ретінде:

белгілі бір орта жағдайларын көрсететін бүкіл өсімдік бірлестігінің әртүрлі белгілері (флораның құрамы, индикатор түрлер мен экологиялық топтардың болуы не болмауы, олардың басымдылығы)

және жеке өсімдіктердің (сыртқы пішіні, морфологиялық -анатомиялық ерекшеліктері - өсу формасы, бұтақтануы, гүлінің формасы немесе ерекше түсі және т. б. ) ;

химиялық құрамы,

жеке физиологиялық үрдістердің интенсивтілігі, мысалы, топырақтағы әртүрлі су ырғағындағы транспирацияның дәрежесі) бола алады.

Slide 5

Қазақстан флорасында да индикатор өсімдіктердің көптеген түрлері кездеседі. Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын топырақ жамылғысы алып жатыр.

Соның ішінде топырақтың қышқылдылығы маңызды рөл атқарады.

Slide 6

Топырақтың қышқылдығы - топырақтарға тән қасиет. Топырақтағы қышқылдылықтың артуы өсімдік түрлерінің өсуіне және дамуына әсер етеді. Бұл топырақ қышқылдылығынан өсімдіктерге зиянды заттар бөлінуі мүмкін, мысалы, еріген алюминий немесе марганецтің болуы, өсімдіктерде көмірсу мен ақуыз алмасуын бұзып, генеративті мүшелердің өсуін тежеп, көбеюіне кері әсер етіп, өсімдіктердің тіршілігін тоқтатуға әкеп соғады.

Топырақтың қышқылдылығының артуы органикалық заттарды ыдыратып, өсімдіктерге қажетті қоректік заттарды бөлетін топырақтағы бактериялардың тіршілігіне әсер етеді. Зертханада топырақтың қышқылдылығын анықтау үшін универсальды индикаторлық қағаздар, Алямовск жиынтығы, рН-метр арқылы жүрсе, далалық жағдайда индикатор өсімдіктер арқылы жүргізуге болады. Эволюциялық үрдісте өсімдіктер үш топқа бөлінеді: ацидофилдер - қышқыл топырақтың өсімдіктері, нейтрофилдер - бейтарап топырақта өсетін өсімдіктер, базифилдер - сілтілі топырақта өсетін өсімдіктер.

Осы өсімдіктерді біле отырып, топырақтардың ортасын далалық жағдайда да білуге болады (кесте 1) .

Slide 7

1-кесте - Топырақтың қышқылдылығын анықтайтын индикатор-өсімдіктер (Л. Г. Раменский бойынша, 1956)

Топтар

Биоиндикатор

Топырақтың рН

Ацидофилдер

Сфагнум, жасыл мүк: гилокомиум, дикранум, плаундар, түкті жалтыршөп, ұлпабас, көпжапырақты аққайраң,

мысық тырнақ, кассандра, цетрария, аққылтан, түбірлі селдірек, далалық қырықбуын, торғай қымыздық

3, 0 - 4, 5

Қалыпты ацидофиллдер

Шие, итбүлдірген, қазанақ, батпақ қалтагүлі, ақшайыр, улы сарғалдақ, аюжидек, европа жылқышөбі, батпақ бездікқыны, ит шегіргүл, шалғындық баймана, құрғақ

айрауық

4, 5 - 6, 0

Әлсіз ацидофиллдер

Еркек папоротник, желайдар, балқурай, қоңыраугүл, тарышық, түкті қияңөлең, ерте қияңөлең, таңқурай, қара бүлдірген, бөденешөп, жылан тамыр самалдық, қыранот,

емендік мәриягүл, саумалдық

5, 0 - 6, 7

Ацидофильді нейтральды

Жасыл мүктер: гилокомиум, плеврозиум, ешкітал

4, 5 - 7, 0

Нейтрофильді

Европалық бежір, жасыл құлпынай, шалғындық түлкіқұйрық, тау беде, шалғын беде, дәрілік сабыншөп, құтаншөп, сібір балдырған, цикорий, шалғындық

қоңырбас

6, 0 - 7, 3

Нейтральды базифильді

Өгей шөп, бояу өгізкөз, жоңышқа, дұғаш, қияқөлең, мүйізді пышан, қазтабан

6, 7 - 7, 8

Базифильді

Cібір аюбадам, бұжыр шегіршін

7, 8 - 9, 0

Slide 8

Қышқылды реакция - батпақ, сұр орман топыраққа, нейтральды - қара шірікті топыраққа, сілтілі орта - қоңыр топырақ, күшті сілтілі - сортаңдарға тән. 2-кестеде Қазақстандағы топырақтың қышқылдылығын анықтайтын кең тараған шөптесін индикатор-өсімдіктер берілген.

Топыраққа сипаттама

Индикатор-өсімдіктер

Қышқыл

Бұталы самалдық(Polygonum dumetorum)

Ланцет тәрізді жұлдызшөп (Stellaria holostea)

Батпақ қалтагүл (Caltha palustris)

Түкті күреңот (Epilobum hirsutum)

Тауықтары (Echinochloa crus-galli)

Жатаған сарғалдақ (Ranunculus repens)

Ойып түсетін сарғалдақ (Ranunculus асеr)

Үлкен жолжелкен (Plantago major)

Ұсақ кестежапырақ (Ornithopus persusillus)

Үш түсті шегіргүл (Viola tricolor)

Шалғын қырықбуыны (Equisetum pratense)

Торғай қымыздық (Rumex acetosella)

Атқұлақ

Slide 9

Бұталы самалдық(Polygonum dumetorum)

Түкті күреңот (Epilobum hirsutum)

Жатаған сарғалдақ (Ranunculus repens)

Үлкен жолжелкен (Plantago major)

Slide 10

Топыраққа сипаттама

Индикатор-өсімдіктер

Нейтральды қышқыл

Тау беде (Trifolium montanum)

Жатаған беде (Trifolium repens)

Күйдіргіш қалақай (Urtica urens)

Кәдімгі байғұт (Alchimilla vulgaris)

Дәрілік сабыншөп (Saponaria officinalis)

Жатаған бидайық (Elytrigia repens)

Жабайы шомыр (Raphanus raphanistrum)

Дәрілік түймедақ (Matricaria chamomilla)

Үлпілдек сылдыршөп (Silene nutans)

Орман қайызғақшөп (Stachys sylvatica)

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Топыраққа сипаттама Индикатор - өсімдіктер
Пайдалы қазбалардың индикаторлары
Батпақты жерде өсетін өсімдіктер
Топырақтағы мекендейтін микроорганизмдердің түрлері мен ролі
Тыңайтқыш тар
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар жайлы ақпарат
Органикалық тыңайтқыштар
ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІ
Крахмал және крахмалды өсімдіктер
Микроорганизмдерге температураның әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz