Мультипликативті қателік - шамасы өлшенетін шамаға пропорционал қателік



Өлшеу құралдарының қателігі

Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын сипаттау үшін өлшеу нәтижелеріне және олардың қателіктеріне әсер ететін сипаттамаларға жататын метрологиялық сипаттамалар қолданылады.
Негізгі нормативті құжат метрологиялық сипаттаманың номенклатурасын анықтайтын және олардың қызметі құжаттама МЕСТ 8. 009-84 болып табылады, онда өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларының 6 тобы белгіленген:
өлшеу нәтижелерін анықтау үшін арналған сипаттамалар
өлшеу нәтижелерін анықтау үшін арналған сипаттамалар;
өлшеу құралдарының қателіктерінің сипаттамалары;
шамаларға әсер етуші өлшеу құралдарының сипаттамалары (әсер ету функциялары) ;
динамикалық сипаттамалары;
өлшеу обьектісі және құралдарының өзараәрекет әсерінің сипаттамалары;
шығыстық сигналдардың информативті емес параметрлері.
Қолдану үшін қолайлы түрдегі метрологиялық сипаттаманың өрнегі және оларды олардың қызметіне талапты орнатуды нормалау деп атаймыз.

Стандартпен реттелген аналогты өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
МЕСТ 8. 508-84 стандартына сәйкес және басқада аналогты ӨЖ үшін келесі метрологиялық сипаттамалар нормаланады:
1) fном(x) эксплуатацияның қалыпты жағдайында түрлендірудің номиналды статистикалық сипаттамсы;
2) ӨЖ Dс қателігін жұйелік құрастырушысының сипаттамасы;
3) ӨЖ қателіктің кездейсоқ құраушысының сипаттамасы;
4) ӨЖ D қателігінің сипаттамасы;
5) көрсеткіш вариациясы - В;
6) көрсеткіш дрейфі-d;
7) кірістік - Zкір және шығыстық - Zшығ импеданстар;
8) ӨЖ динамикалық сипаттамалары;
9) кірістік сигналдың информативсіз параметрлері;
10) СИ-y(x) жүйелік қателігіндегі әсер функциясы;
11) D/(x) кірістік сигналдың информативті емес параметрлерінің және сыртқы әсер етуші факторларды тудыратын, метрологиялық сипаттаманың ең үлкен жіберілген өзгерісі;
12) хш - өлшеу диапазоны;
13) МЕСТ 8. 401-80 сәйкес дәлдік классы.

Өлшеу құралдарының қателіктері және олардың жіктемелері
Қателік - бұл кірістік шамалардың шын мәнінен өлшеу нәтижелерінің ауытқуы. Өлшеу қателігінің екі құраушысы бар:
Аспаптық қателік - бұл өлшеуіш құралдары қабылдаған қателіктен тәуелді.
Әдістемелік қателік - бұл өлшеу әдісінің толықсыздығынан тәуелді қателік.
Абсолютті, салыстырмалы және келтірілген қателіктер бар.
Абсолютті қателік өлшенетін шама бірлігінде өрнектеледі және келесі формуламен анықталады:
мұндағы Х - өлшеу кезінде алынған мән;
Хи - шындық мән;
D - абсолютті қателік
Минус таңбасымен берілген абсолютті қателік түзету деп аталады.

Салыстырмалы қателік абсалютті қателіктің өлшенетін шаманың шын мәнінің қатынасына тең және % өрнектеледі.
Өлшеуіш аспаптарды әртүрлі өлшеу дәлдіктермен салыстыру үшін, келтірілген қателік деген ұғым енгізілген, ол мынаған тең:
мұнда Хн - нормалайтын мән, егер нольдік көрсеткіш өлшеу диапазонының сыртында немесе шетінде орналасса.
Егер нольдік белгі өлшеу диапазонының аралығында орналасса, онда нормалық мән өлшеу шектерінің модульдерінің жиынтығы сияқты анықталады:

Одан басқа, қателіктің келесі түрлерін ажыратады:
Аддитивті қателік (абсолютті) - ол өлшенетін шамаға бағынышты емес қателік. Оны басқалай ноль қателігі деп те атайды.
Мультипликативті қателік - шамасы өлшенетін шамаға пропорционал қателік. Оны кейде басқалай сезімталдық қателігі деп те атайды.
Нақтылық - ол қателікке кері шама.
Кіріс шамасының уақыт аралығындағы өзгерістеріне бағынышты келесі қателіктерді бөледі:
Статистикалық қателік - шамасы уақыт аралығанда өлшегенде тұрақты болатын қателік.
Динамикалық қателік - бұл динамикалық режимдегі қателік және статистикалық қателіктер арасындағы айырымы болып табылады. Бірақ ол нақты уақыттағы өлшенетін мөлшер мәніне сәйкес келеді.
Жүйелік қателік - бұл қателік қайта сол шаманы өлшегендегі тұрақты болып қалатын немесе заңды түрде өзгеретін қателік.
Кездейсоқ қателік - бір шаманы қайта есептеуде уақыт аралығында кездейсоқ өзгеретін қателік құраушысы (мысалы, Вильсон камерасымен өлшеу) .
Қателіктерді пайда болу шартына байланысты бөледі:
Негізгі қателік - қалыпты жағдайдағы өлшеу құрылғыларының қателігі.
Қосымша қателік - бұл олардың қалыпты мәндер аймағы шегінен шығуы немесе қалыпты мәннен бір немесе көп әсер етуші шаманың шақыруымен болатын өлшеу құралының қателігі

Өлшеу құрылғыларына 8. 401-80 МЕСТ-не сәйкес дәлдік кластары меншіктелген.
Өлшеу құрылғыларының дәлдік класы деп оның жіберілетін, негізгі және қосымша қателіктермен сипатталған жиынын айтады.
Өлшеу құрылғыларының дәлдік класы сан немесе бөлшек түрінде берілуі мүмкін.
Егер құралда аддитивті қателік мультипликативті қателіктен басым болса, онда барлық қателіктер мәндері оське параллель, 2 түзулерімен шектелген шектерінен тыс шықпауы керек. Осылайша құралдың абсолютті және келтірілген қателіктері шкаланың әрбір нүктесінде тұрақты болады. Мұндай құралдарда дәлдік класы келесі қатардан алынатын бір санмен көрсетіледі (1; 1, 5; 2, 5; 4; 5; 6; ) ·10n, мұндағы n=1; 0; -1; -2; -3; және т. с. с.
Бұл құралдарда, құралдың негізгі және келтірілген қателіктері шкаланың жұмыс диапазонында (% көрсетілген) дәлдік класына сәйкес келетін мәндерден аспауы керек (оларға көбінесе аналогтық, көрсетуші және тіркеуші құралдарды жатқызуға болады) .
Аддитивті және мультипликативті құрастырушы қателіктері бірге өлшенетін өлшеу құрылғыларының дәлдік класы екі санмен белгіленеді (0, 1/0, 05) .
Сонда негізгі қатысты қателіктің мәндерінің шегі келесі формуламен анықталады:
мұндағы Хк - өлшеу шегіндегі модулі бойынша үлкені;
с және d - дәлдік класын, аддитивті және мультипликативті қателіктерді көрсететін тұрақты сан.
Сонымен қатар, дөрекі қателік, берілген жағдай кезінде күтілетін қателікті жоғарлататын шама. Дөрекі қателіктен тұратын өлшеу нәтижелері мүлт кету деп аталады.

Өлшеу қателігі-өлшенген шама нәтижесінің шын мәнінен ауытқуы.
Қателік мына өрнекпен анықталады:
D=Х-Q,
Мұндағы, D - абсолютті өлшеу қателігі;
X - физикалық шаманың өлшеу нәтижесі;
Q - олшенетін физикалық шаманың шын мәні.
Шаманың шын мәні әрдайым белгісіз болады (оның тек теориялық сынауларда пайдаланады) және тәжірибе жүзінде оның орнына шаманыңң нақты мәнін х қолданады, нәтижесінде өлшеу қателігі ∆х төмендегі формуламен анықталады:
∆хөлш =хөлш-хн
мұндағы хөлш - шаманың өлшенген мәні.

Өлшеу қателіктері әртүрлі классификациялық белгілер бойынша классификацияланады. Қателіктердің пайда болу көздеріне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:
- Өлшеу құралдарының қателіктері (оларды баскаша «ақпараттық қателіктер» немесе «құралдық қателіктер» деп атайды) ;
- «Әдістемелік қателіктер» немесе «өлшеу әдістік қателігі»;
- Өлшеудің субъективті қателіктері («оператор қателіктері» немесс «жеке» ие «түлғалық қателіктер») .
Құралмен өлшеу қателігі - қолданылатын өлшеу құралының қателігімен шартталған құрамдас өлшеу қателігі.
Құралдық қателіктерге барлық өлшеуде қолданылатын техникалық жабдықтардың және өлшеу нәтижелеріне әсер ететін қосымша құрылғылардың қателіктері жатады, сонымен қатар оған құрал қателігі, оны балтау шаралары, шунттар, қондырғы түйіндер немесе жалғау сымдары және т. б. косымша кедергілер кіреді. 130
Сағат типтес индикатормен деталь диаметрін өлшегенде кұралдық қателік өлшеу басының (1) қателігінен, тұрғы (2) қателігінен және ұзындықтық жазық-параплель шеткі өлшемдер блогының (3) кателігінен кұралады.
Құрама құрал қателігін
бағалау сұлбасы

Өлшеу әдістерінің қателіктері - қабылданған өлшеу әдісінің жетілмегендігімен шартталған өлшеу қателігінің тобы. Оны «әдістемелік қателік» деп те атайды.
«Әдістемелік қателік» өлшеуді орындаулық шынайы әдістемесінің өлшеулер негізделген мінсіз теориялык ережелерге сәйкес келмеуінен пайда болуы мүмкін. Бұл қателіктер өз кезегінде екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа өлшеу кезінде немесе нәтижелерді өңдегенде жіберілген қателіктер, сонымен қатар еселгеу кезінде жуықтау және ықшамдаулық әсерінен болатын қателіктер жатады. Ал екінші топқа өлшенетін нысанның идсалданған модепые сәйкес келмеуінен болатын кателіктер жатады.
Көптеген жағдайларда жіберілген қателіктер өте аз болып, оларды елемеуге болады, бірақ оларды өте дәл өлшемдер кезінде оларды бағалап, есепке алып немесе түзетулер енгізу керек болады.
Нақты өлшеу нысанын кате идеализақиялау салдарынан болатын әдістемелік қателікті цилиндрлік бөлшек диаметрінің өлшеу мысалында қарастыруға болады
Сызықтық өлшеу нысаны формасының идеалды еместігінен болатын әдістемелік қателік

Өлшеу жағдайларын өзгеруінен туындайтын өлшеу қателіктері - өлшеу жағдайының өлшемдерінің белгіленгенмәннен ауытқуы салдарынан болатын өлшеудің жүйелі қателігі. Яғни, бұл әсер ететін шамаларды (температура, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, магнит орістік кернеулік, діріл және т. б. ) ескермегенде пайда болады.
Әсер ететін физикалық шама - өлшенетін шаманың өлшеміне (немесе) және өлшеу нәтижесіне әсер ететін физикалық шама.
Өлшеудің субьекіивті қателігі - оператордың жеке ерекшеліктерімен шартталған өлшеу қателіктері. Субъективті қателікті жеке қателік немесе жеке айырмашылық деп атайды.
Субъективті қателіктер санау қателіктері және өлшеу құралдары мен өлшеу нысанына манипуляция жасау қателіктерінен тұрады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz