Гипофиздің бөліктері


Slide 1

Гипофиз

Қабылдаған

Орындаған:

Тобы:

Шымкент, 2017 жыл

Slide 2

ЖОСПАР

ГИПОФИЗ.

Қызметі:

Гипофиздің бөліктері.

Гипофиздің безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар.

Slide 3

Гипофиз

Гипофиз-мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0, 5-0, 6 г-ға жетеді.

Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген. Гипофиздің алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктері бар. Алдыңғысы-аденогипофиз, ортаңғысы-меланогипофиз, артқы бөлігі-нейрогипофиз.

Slide 4 Slide 5

Қызметі:

Гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді

Нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді

Жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді

Сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді

Бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді

Қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды

Slide 6

Аденогипофиз (adenohypopphyisis; грек, aden - без; hypo - төменгі, асты; physis - құрылым) - ұрықтық даму кезінде біріншілік ауыз қуысы эктодермасынан жетілетін гипофиздің безді бөлігі. Гипофиздің бұл бөлігін "безді гипофиз" деп те атайды. Аденогипофизді - гипофиздің алдыңғы, аралық және төмпектік бөліктері құрайды.

Соматотропин шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге дейін, ал салмағы 150кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.

Меланогипофиз-бұл гормон терідегі пигменттік жасушаларда бояушы түйіршектерін көбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді. Адам күнге күйген кезде осыған байланысты. Күн сәулесінің әсерінен интермедин әсері күшейіп, теріде қара зат фусцин тузілуі үдейді. Интермедин сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент жасушаларынан жалған бұтақ шығарып, олардың аумағын кеңейтеді. Сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедин-түзілуін де гипоталамус реттейді.

Slide 7

Нейрогипофиз-пирамида тәрізді үлкен жасушалар питуициттерден және гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормонының екеуі де (вазопрессин, окситоцин) гипоталамуса түзіліп, нейросекрециялық нейрондарының бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал ок­ситоцин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сінуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия) . Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы, әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.

Slide 8

Адренокортикотропин - бүйрекүсті бездің өнімі. Ол аталған бездің қыртыс қабатындағы жасушаларын өсіріп, кортикостероид гормондардың әсіресе глюкокортикоидтардың түзіліп, сыртқа шығуын үдетеді. Глюкокортикоидтар адамның ашу-ренішін, қайғы-мұңын басып, көңіл күйін жақсартады. Ем қонбаған ауруларға кортизон, гидрокор­тизон гормондарын беріп, олардың сырқатына деген төзімділігін күшейтуге болады.

Тиротропин- қалқанша тінін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін күшейтеді. Тиротропин шектен тыс көп шығарылса гипофиздік гипертиреозға әкеліп соғуы мүмкін.

Гонадотропин- екі түрлі гормоннан тұрады: лютропин - аналық және аталық без - тестостерон мен прогестерон гормондарының түзіліп бөлінуін күшейтеді. Әйелде (овуляция) аналық жасушаның пісіп жетілуімен безді жарып шығуын тездетеді, оның орнында пайда болған сары дененің қызметін жақсартып, қалыптасуын қамтамасыз етеді. Фоллитропин - ана безі фолликуласын ұлғайтып, онда гормондар түзілуін үдетеді, қанда эстрогендерді кобейтеді және сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін жеделдетеді.

Slide 9 Slide 10

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар

Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяк-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.

Гипофиздің зақымдалуы - организмде әртүрлі аурулардың, мысалы, акромегалия мен гигантизмнің өрбуіне ықпалын тигізеді.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
СЕЙДЕХАН МЕРУЕРТ ГИПОФИЗ
Жыныс гормондарының әсері
Диффузды эндокринді жүйе
Гипофиз гормондары
Эндокринді бездер және түрлері
ГИПОТАЛАМУС ГИПОФИЗДІК
Гормондар туралы ақпарат
Гипоталамус - гипофиз жүйесі
Аңдардың ішкі секреция бездері
Кілегейлі қабықтар мен мүшелердің құрамындағы эпителий тіндерінің мамандануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz