Сұйытылған ерітінділер




Презентация қосу
Ерітінділер.Ерітінді концентрациясын белгілеу
тәсілдері.Есептер шығару

Қабылдаған:
Орындаған:
Тобы:

Шымкент 2017-2018
Жоспар
1. Кіріспе
2. Ерітінді.
3. Ерітінділердің жалпы сипаты.
4. Сұйытылған ерітінділер.Рауль заңы.
5. Коноваловтың I-II заңы.Азеотроптық
ерітінділер.
6. Қорытынды
7. Глоссарий
Кіріспе
Қазіргі көзқарас бойынша өмір бейорганикалық және органикалық
қосылыстардың сулы ерітіндісі болатын мұхиттарда пайда болған. Эволюция
нәтижесінде тірі өсіп өзгерген. Оладың көпшілігі судан кетіп, ауаға және суға
өткен. Бірақ өсімдіктер мен жан-жануарлар су бесігін тастағанымен, өздерінің
ағзаларында құрамында әр түрлі бейорганикалық иондар және органикалық
қосылыстар бар сулы ерітінділерді сақтаған. Ерітінділер туралы ілімнің
дәрігерлер үшін ерекше мәні бар, себебі негізгі биологиялық сұйықтықтар –қан
плазмасы, жұлын сұйықтығы, лимфа, несеп, тер, сілекей, судағы тұздар,
ақсылдар, көмірсутектер, липидтер тірі ағзада ерітінділер күйінде болады. Дәрілік
заттар тек ерітінді немесе ағзада еріген күйге көшкен кезде ғана пайдалы. Тағам
құрамындағы қоректік заттар ағзаға сіңуі үшін ерітіндіге айналуы керек. Тірі
ағзадағы биохимиялық реакциялар ерітінділерде өтеді. Биосұйықтықтар қоректік
заттардың (майлар, аминқышқылдары, оттегі) қозғалуына, дәрі-дәрімектік
қосылыстарды ұлпаға және дене мүшелеріне тасымалдауға қатынасады,
сонымен қатар метаболиттерді (мочевина, билирубин, көмір қышқыл газын және
т.б.) ағзадан шығаруға атсалысады. Қан плазмасы жасуша (лимфоцит, эритроцит,
тромбоцит) үшін орта болады.
Ерітінді
• Ерітінді — деп кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын
құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ
тәрізді,сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-
жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе,
сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп,
көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді
айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің
конценрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан,
қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді.. Ерітінділердің
бетіндегі бу қысымы және оның қату температурасы таза
еріткіштікке қарағанда төмендеу, ал қайнау температурасы
жоғарылау болады. Сонымен қатар ерітінділерде осмос
қысымы байқалады. Ерітінділердің бұл қасиеттерінің барлығы
тек еріген заттың молекулалар санына ғана тәуелді.
Ерітінділердің жалпы сипаты
Ерітінді деп екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді
системаларды айтады. Әдетте ерітінділердің тығыздығы, кайнау
және қату температурасы, тұтқырлығы сияқты қасиеттері Өзгеріп
отырады. Ерітінділерді жай механикалық қоспа деп те, химиялық
қосылыс деп те қарастыруға болады. Ерітіндінің механикалық
қоспадан басты айырмашылығы ондағы әрбір микроскопиялық
(өте кіші, ұсақ) бөлшектерді химиялық құрамы мен физикалық
қасиеттерінің көлемде бірдей болуында. Ал химиялық
қосылыстардан негізгі өзгешелігі оның құрамының еритін зат көп
еріткіштің мөлшеріне тәуелділігінде және еселік қатынас заңына
бағынбауында. Мысалы, ас тұзы суда тек белгілі мөлшерде ғана
ериді. Айталық, 20°С (293 К)-та алынған 100 мл суда ас тұзының
36,8 грамы ғана ериді де, одан әрі оның мөлшерін қанша
көбейтсек те ол ерімеиді. Бұл қалыпты жағдайда кездесетін
құбылыс. Ерітіндінің химиялық қосылыстан тағы бір өзгешелігі —
химиялық байланыс табиғатында.
Концентрация
• Концентрация – еріген заттың ерітіндідегі мөлшерін көрсетеді. Егер
• ерітіндінің концентрациясын сандық мөлшермен көрсетпесе, оларды
• қанықпаған, қаныққан, аса қанық, сұйық, қою, концентрленген деп бөледі.
• 1.Қанықпаған ерітінді – еріген заттың жаңа мөлшерін әлі еріте алатын
ерітінді.
• 2.Қанық ерітінді – белгілі бір температурада затты одан әрі еріте алмайтын
ерітінді.
• 3.Аса қанық ерітінді – сол температурадағы ерігіштігіне сәйкес еруге тиісті
мөлшерден артық затты еріген күйде ұстай алатын ерітінді. Аса қанық
ерітінді тұрақсыз, еріген заттың аз мөлшерін ғана ерітіндіге салса, артық
еріген зат тез кристалданады.
• 4.Сұйық ерітінді – еріген заты аз ерітінді.
• 5.Қою ерітінді – еріген заты көп ерітінді.
• 6.Концентрленген ерітінді – өте қою ерітінділер.
Сұйытылған ерітінділер. Рауль заңы
Ерітінділердің ішінде еріткіші сұйық болып келген
ерітінділердің іс жүзінде маңызы зор. Оның ішінде ең жақсы
зерттелгені — сұйытылған ерітінділер. Енді солардың
қасиеттеріне тоқталайық.
Сұйытылған ерітінділерде еріген заттың молекулалары бір-
бірінен еріткіштің көптеген молекулаларымен бөлінген, яғни
олар өзара нашар әрекеттеседі. Сұйытылған ерітінділердің
қасиеттеріне әсер ететін факторлар: еріткіш пен еріген заттың
табиғаты және ерітіндінің қоюлығы (концснтрациясы) негізінде
осы екеуі болады. Бұған орай ерітінділердің мынадай
қасисттері бар: 1) ерітінді буының қысымы еріткіш буының
қысымынан кем болуы; 2) ерітінділердің таза еріткіштерінен
төменгі температурада қатуы; 3)ерітінділердің еріткіштерінен
гөрі жоғарытемпературада кайнауы.
Коноваловтың I-II заңы.
Азеотроптық ерітінділер.
Кейбір ерітінділерде идеал оң және теріс ауытқулар ерітінділер
заңынан көбірек болады. Ондай жағдайда жалпы бу қысымының
қисығында максимум немесе минимум кездеседі. 1881 ж. Д. П.
Коновалов будың жалпы қысым қисығында немесе будың қайнау
температурасы кисығындағы экстремумда (максимум немесе
минимумда) қанықкқан бу мен онымен тепе-теңдікте ерітінді
құрамының бірдей болатынын анықтады. Бұл тұжырымдама
Коноваловтың II заңы деп аталады.
Бұл заңға бағынатын сұйық ерітінділерде бу қисығы мен сұйықтық
қисығы экстремумдық нүктеде қиылысатын болады. Осы
экстремумдық нүктелердегі ерітінділердің құрамы айдау кезінде
өзгермейді. Олар жеке сұйықтар сияқты тұрақты температурада
кайнайды. Сондықтан оларды азеотроптык, (бөлінбей қайнайтын)
ерітінділер деп атайды.
Қорытынды
Ерітінділер туралы ілімнің дәрігерлер мен
фармацевттер үшін ерекше мәні бар, себебі негізгі
биологиялық сұйықтықтар, қан плазмасы жұлын
сұйықтығы – лимфа сұйық т.б. тірі ағзада
ерітінділер күйінде болады.
Дәрілік заттар тек ерітінді немесе ағзада еріген
күйге көшкен кезде ғана пайдалы. Тағам
құрамындағы қоректік заттар ағзаға сіңуі үшін
ерітіндіге айналуы керек. Тірі ағзадағы
биохимиялық реакциялар ерітінділерде өтеді.
Глоссарий
1.Ерітінді — деп кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын
құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер.
2.Идеал ерітінділер - кез келген температура мен
концентрацияларда Рауль заңына бағынатын ерітінділер.
3.Коноваловтың I заңы – ерітінді буында, бастапқы ерітіндінің
қайнау температурасын төмендететін немесе ерітінді бетіндегі
жалпы қаныққан бу қысымын жоғарылататын компонент мөлшері
көп.
4.Коноваловтың II заңы – екі фаза құрамының тұрақтылығын
қамтамасыз ететін ерітінді мен оның қаныққан буының тепе-
теңдігін жалпы қысым қисығының максимумы қайнау
температурасының минимумына сәйкес келуі.
5.Азеотроптык ерітінділер - жеке сұйықтар сияқты тұрақты
температурада кайнайды.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Төребекова
Г.А. «физикалық және каллоидтық химия»
Шымкент 2010ж.
2.Жайлау С.Ж., Құлажанов Қ.С. «физикалық
каллоидтық химия» Алматы, 1999ж.
3.Өтелбаев Б.Т. «химия» II том, Шымкент
2000ж.

Ұқсас жұмыстар
Ертінділер концентрациясы
Әлсіз электролит ерітінділердің иондарының концентарациясын және диссоциялану дәрежесін анықтау
Еріген зат еріткіш ерітінді
Ерітінділердің түзілуі
Ерітінділерден қатты еріткішті бөлу
Бір атомды фенолдар
Ерітінділер. Ерітінді концентрациясын белгілеу тәсілдері. Есептер шығару
Нақты жүйелердегі тепе - теңдік
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ- ТЕҢДІККЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ, ҚЫСЫМНЫҢ ЖӘНЕ КОНЦЕНТРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ
Пәндер