Химиялық талдау




Презентация қосу
Химиялық талдау.
Химиялық әдіс ретінде

Қабылдаған:
Орындаған:
Тобы:

Шымкент 2018-2019
Жоспар
Кіріспе
Аналитикалық химия
ІІ. Негізгі бөлім
А) Химиялық талдау
әдістері
Б) Химиялық талдаудың
қолданбалы түрлері ІІІ.
Қорытынды
Кіріспе
Аналитикалық химия (грек. аnalysіs – талдау, жіктеу)
– заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері
туралы ғылым.
Аналитикалық химияның мақсаты талдаудың,
аналитикалық әдістердің теориялық негіздерін жан-
жақты және кеңінен зерттеу, әр түрлі ортада
элементтер мен олардың қосылыстарының
тұрақтылығын және құрылысын, құрамын анықтау,
заттардың термиялық, оптикалық, электрохимиялық,
магниттік және т.б. сипаттамалырын зерттеу болып
табылады.
Аналитикалық химияның талдау
түрлері мен әдістері
Аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады.
Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады.
Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау
сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды.
Зерттелетін бөлшектердің табиғатына байланысты элементтік
(атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық
талдау болып жіктеледі. Аналитикалық белгінің табиғатына және
оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың химиялық, аспаптық,
биология әдістері бар. Химиялық әдістер
(гравиметрлік,титриметрлік) химиялық реакциялар арқылы
жүргізіледі. Аспаптық әдістер физикалық құбылыстар мен
процестердегі және хим. реакциялардағы құбылыстарды физика
әдістермен өлшеуге сүйенеді. Биологиялық әдістер тіршілік
құбылыстарын саралауға негізделген
Химиялық анализ
Ең алғаш «химиялық анализ» ұғымын 1654 ж. ағылшын
химигі Роберт Бойль, ал «аналитикалық химия» ұғымын
1801 ж. В.А.Лампадиус енгізген
Аналитикалық
химияның даму кезеңдері
Бұл ғылымның негізгі міндеттері – талдау әдістерінің
қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау
әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған
байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым
болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау
жүзеге асырылады. Химиялық талдаудың көптеген
әдістері ертеден белгілі: кеннен металл өндірген, әр түрлі
құймалар алған, шыны балқытқан, қағаз дайындаған,
дәрілер, бояулар, хош иісті заттар алған.
Алхимия иатрохимия Флогистондық Ғылыми

(4–16 ғ.ғ.) (16 - 17 ғ.ғ.), (17 - 18 ғ.ғ.) (19-20 ғ.ғ.)
Қазіргі кезде кез – келген шикізаттың және өнімнің
сапасын анықтау үшін қолданбалы аналитикалық
қызметтің маңызы жоғары.
Химиялық талдаудың қолданбалы түрлеріне:

Техникалық талдау – кен, техникалық шикізат, металдар;
Ауыл - шаруашылық талдауы – топырақ, тыңайтқыштар,
жем-шөп т.б.;
Азық түлік талдауы – ас-тағамдары;
Биохимиялық талдау – қан, зәр;
Тазалық – химиялық талдау – қоршаған ортаның
тазалығы (ауа, су, топырақ);
Дәрі-дәрмектік талдау – дәрі-дәрмектік шикізат, дәрілер;
Заттардың улылығын талдау – өсімдік және жануарлар
құрамындағы улы заттарды анықтау;
Сот-химиялық талдау – адам дене мүшелері (улар)
тіршілік қалдықтары
Фармацевтер үшін!!!
Фармацевтер үшін ең маңызды қолданбалы сала –
фармацевтикалық талдау болып табылады.
Оның мақсаты медициналық өндіріс және дәріханалар
дайындайтын дәрілердің сапасын анықтау.
Фармацевтикалық талдауды фармацевтикалық химия
қарастырады. Ол дәрілік препараттардың қасиеттерін және
химиялық талдаудың әдістерін зерттейді: дәрілік шикізаттың
талдауын фармакогнозия; дәрілер технологиясы, дәрілер
өндірісін сатылы бақылауды қарастырады. Заттардың
улылығын тексеру және соттық химиялық талдаумен
токсикологиялық химия айналысады.Фармацевтикалық
талдау химия – фармацевтикалық заводта, фабрикалар мен
дәріханалық басқармаларда, аналитикалық бақылау
зертханаларында жүргізіледі.
Қорытынды

Химиялық әдістер өз негізінде тек химиялық әрекеттесулерді
пайдаланады, олардың нәтижесінде көрінетін сыртқы эффекттер
жүзеге асады, мысалы, тұнбаға түсу, оны тиісті операциялардан
кейін өлшеуге болады(гравиметрия әдісі) немесе газ тәріздес не
ұшқыш өнімдер бөліп шығару (айдау әдәсі) немесе ерітінділердің
түсінің өзгеруі (титриметрия әдісі). Сонымен химиялық талдауға
қойылатын мақсаттарына байланысты сапалық және сандық болып
екі таруға бөлінеді. Сандық талдау заттың сапасын анықтауға
пайдаланылады, себебі ол оның сапалық құрамына тәуелді.
Мысалы, дәрі ретінде қолданылатын аскарбин қышқылы
препаратында оның массалық үлесі 99% болуы керек, бұл
шамадан төмен болса оны пайдаланбайды. Аналитикалық
химия тұрмыста, тіршілік барысында кең қолданыс табатын ғылым
саласы.

Ұқсас жұмыстар
Химиялық талдау әдістері
Сапалық талдау әдістері
Сапалық талдаудың негізгі принциптері
Талдаудың аспаптық әдісі
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯДА
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ
Физико-химиялық талдау әдістері
Талдаудың физика - химиялық әдістері
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САПАЛЫҚ АНЫҚТАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Оптикалық талдау әдістері
Пәндер