Психотүзетудің негізгі әдістері



Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы
СӨЖ№4: Психотүзетулер, психотерапия,
психогигиена, психопрофилактика
Орындаған: Тағыберген Жанел
Топ: 1-003 ЖМ
Қабылдаған: Әсел Серікқызы
Қарағанды 2018

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Психотүзету;
Психотерапия;
Психогигиена;
Психопрофилактика;
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Психотүзету және дамыту- түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс-шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен білікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді.

Психотүзетудің негізгі әдістері:
Сендіру-бұл адамның психикасындағы және мінез-құлқындағы кемшіліктерді жете түсініп, ұғынып және еркімен түзетуге көзделген психотүзету арқылы әсер ету жолы.
Иландыру- бұл клиенттің тарапынан болып жатқан кемшіліктерді жете түсінуді қажет етпейтін клиентке әсер ету жолы.
Еліктеу-психолог клиентке ешнәрсе түсіндірмейді, иландырмайды, оған қажетті қасиетті көрсетіп, қайталауды ұсынады.
Нығайту- бұл әдісте арнайы нәтижеге жету үшін әрекетті ынталандырулар жүргізіледі.

Психотерапия - адамның психикасын емдеу түрі және сол психикасы арқылы адам организміне тікелей әсер ету.
Бұл бағыт адамдарды әртүрлі проблемалардан арылту үшін өте жиі қолданылады.
Психотерапевттің көмегімен жүзеге асырылады бірақ, бұл қаралушымен өте терең жеке қатынасты талап етеді және әртүрлі медициналық дәрі-дәрмектер арқылы да жүзеге асады.

Психогигиена- дені сау адамдарды психикалық жүйке ауытқушылығынан, психикалық зақымнан сақтандыру үшін арнайы көмек көрсететін медициналық психология саласы.
Адамның психикалық дамуына және күйіне, жұмыс қабілетіне, өмірінің ұзақтығына оң және теріс әсер ететін әлеуметтік, тұрмыстық, өндірістік, психологиялық және тағы басқа жағдайларды зерттейді. Психогигиенаның мақсаты - қиыншылық кезде және күнделікті әурешілікте адамның жүйкесін жұқартатын, психикалық ауытқушылыққа ұшырататын психоз бен невроздан сақтандыру.

Психопрофилактика- мұғалім, ата-ана, оқушыны және азаматтарды психологиялық білімдермен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу. Психопрофилактиканың мақсаты- тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналардың психологиялық біліктілігін арттыру. Психопрофилактикаға мысал ретінде біз ата-аналар жиналысында өтілетін лекцияларды, әңгімелесулер, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жарнамалар дайындауды жатқызсақ болады. Балаларға қазіргі уақытта бақытты, арайлы өмір жағдайын туғызу. Ересектерге психопрофилактика арқылы мұның басты мәселе екенін түсіндіру.

Қорытынды
Адам жеке тұлға болғандықтан оның өмірінде әртүрлі мәселелер, әртүрлі тосын оқиғалар болуы мүмкін. Бұл мәселелер адамның жүйкесіне әсер етіп, оның соңы әртүрлі патологиялық жағдайларға алып келуіде ықтимал. Осындай жағдайларда біз психотерапевт, психолог секілді мамандардың көмегіне зәру боламыз.
Психопрофилактика меніңше өте жақсы бағыт, себебі, қазіргі ұрпақтарымыз заманның дамуына қарай оларда өзгеріп келеді. Олармен көп әңгімелесіп, өміріне қызығушылық танытып, қолдау білдіру, оның ойымен санасып, әрқашан қасынан табылу ата-ананың міндеті болып саналады. Мектепте, жиналыстарда осындай үндеулер жолдау меніңше отбасы тұрақтылығын сақтауға жақсы әсер береді деген ойдамын.

Пайдаланылған әдебиеттер және көмекші құралдар тізімі:
1. Абрамова Г “Практическая психология”
2. Жарықбаев Қ “Психология негіздері”
3. Интернет желісі :
Сайт Wikipedia
Med-kz. ucoz. com
Stud. kz

Назарларыңызға рақмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz