Сана философиясы




Презентация қосу
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Қазақстан тариxы және саяси-әлеуметтік пәндер

Сана философиясы
Орындаган: Мусурманкулов Н.Х.
2-012 топ
Кабылдаган:Мырзабекова А.Ш
Сана
Сана мәселесі философиядағы басты
және күрделі, түсіндіруге қиын
мәселелердің бірі,себебі сананы көру,
өлшеу,сезім мүшелері арқылы қабылдау
мүмкін емес,бірақ сана адамның жануарлар
дүниесінен ерекшелігін көрсететін
факторлардың бірі,сана арқылы адам мен
оны қоршаған ортаның арасындағы
байланыс жүзеге ассырылатыны күмәнсіз.
Сананы түсінудегі әртүрлі көзқарастарды
біріктіріп,екі үлкен топқа бөлуге болады:
1. Материалистік -сананы материяның
дамуында пайда болатын табиғи қасиеті
деп түсіну.
2. Идеалистік – сананы материяға жат,одан
алғашқы,жаратылыстан тыс пайда болатын
рухани субстанция деп ұғыну.
Жаратылыстану ғылымдарының
дамуының нақты жетістіктері сананың
мәні,генезисі туралы сауалдарға жауап
берді деп айтуға болады.Түйіндеп
айтсақ,сана туралы ғылыми көзқарас
мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан
материяға – адам миына ғана тән
қасиет.Оның дәлелі ретінде адамның миы
зақымдалғанда оның ойлау,психикалық
қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті.
Сананың табиғаты қоғамдық,яғни ол тарихи
эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және
сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін
болмақ.Сананың қалыптасуының алғышарты
ретінде еңбекті атауға болады.Еңбектің арқасында
адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және
табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті
нәрселерді жасады.Еңбектің дамуы қоғамда өмір
сүріп отырған адамдарды жақындатты,олардың бір-
біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды,араласу құралы
ретінде тіл пайда болды.Еңбек пен тіл адамның
миын,сезім орталықтарын дамытты,есту,көру,сезу
қабілетін күшейтті,санасын қалыптастырды.
Сана сонымен қатар, бейнелеудің
жоғарғы формасы.Бейнелеу барлық
материя тән қасиет.Обьективті өмір
сүретін заттар,құбылыстар,процесстер
бір- біріне үнемі әсер етіп отырады және
белгілі бір дәрежеде өзгерістерге
ұшырайды.Әрбір зат,құбылыс өзі әсер
еткен нәрседе өзінің “ізін”, бейнесін
қалдырады.
Бейнелеудің сатылары:
1. Қарапайым бейнелеу-бейнелеудің бұл түрінде субьект
обьектінің белсенділігін туғызбайды(мысалы,заттың
судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).
2. Информациялық бейнелеу –бейнеленуші
бейнелеушінің бойында белсенді әрекет,өзгерістер
жасайды.Мұндай бейнелеу түрі табиғатта да,қоғамда
да кездеседі.Мысалы, лекция оқушы ұстаздың
студенттің санасында жаңа ойлар оятуы,қарапайым
бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі.
3. Әлеуметтік бейнелеу –Қоғамдық болмыстың жеке
және қоғамдық санада,ой-
пікір,көзқарас,идея,теорияларда бейнеленуі
Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне
көтерілгенге дейін сана материяның төменгі
формаларының эволюциясының сатыларынан
өтті.Олар:
1. Тітіркену – өсімдіктердің ыстық – суыққа,тәулік
уақытына,басқа сыртқы әсерлерге реакциясы.
2. Сезімталдық – жануарлар дүниесіне тән.Организм
өзіне биологилық жағынан алғанда қажетті
емес,сонымен бірге биологиялық тұрғыдан
бейтарап,бірақ онымен қосыла
отырып,информацияны қорыту жұмысын
күрделендіріп,нерв жүйесінің негізін қалайды.
3.Психикалық бейнелеу – нерв жүйесімен
тығыз байланысты.Субьект пен обьектінің
бір- біріне әсері негізінде психикалық образ
қалыптасады,ол нерв клеткаларында
сақталып,керек уақытында қажетке асады.
4.Адам санасы – бейнелеудің ең жоғарғы
түрі.
Сананың құрылымы өте күрделі,ол
мынадай үш бөлімнен тұрады:
Когнитиптік – ойлау сферасы.Ойлау
сферасында ұғымдар,түсініктер пайда
боладыҰғымның екі түрі
бар:нақтылы,обстрактілі.
Сезімдік эмоционалдылық сфера- адамның
сезімін бақылап реттеп отырады.
Ерік пен естің сферасы – сана тұтастай
қызмет ету үшін ерік пен естің маңызы зор.
Өзіндік сана – адам өзін саналы тіршілік
етуші ретінде түсіне білуі.Өзіндік сана
рефлекция феноменімен тығыз
байланысты.Рефлекция – тұлғаның өзі туралы
ойлануы,ішкі рухани дүниесінің тылсым
қатпарларына үңілуі.Адам рефлекциясыз
өзінің жанында не болып жатқанын түсіне
алмайды.Рефлекция деңгейі әртүрлі болуы
мүмкін.Рефлекция жоғары,өзін танып
білуге,өзіне сыни көзқарас қалыптастыра
білген адам міндетті түрде өзгереді.
Бейсаналық – адам түсінбейтін
психикалық құбылыстардың
жиынтығы.Оларға биологиялық түрде
тұқым қуалау арқылы берілетін
инстинктілер,автоматты түрде
жасалатын іс –
қимылдар,стереотиптері,сезімдік және
интеллектуальдік интуиция,түс
көрулер,гипнотикалық күйлер және т.б.
жатады.
Қоғамдық сана – қоғамның өзін
– өзі, өзінің қоғамдық болмысын
және қоршаған ортаны түйсінуінің
нәтижесінде пайда болатын
қоғамдағы әртүрлі
пікірлердің,теориялардың,идея
лардың,діни сенімдердің
жиынтығы.
Қоғамдық сана және жеке сана
Жеке сана мен қоғамдық сананың
арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы
ретінде қарастыруға болады. Жеке сана
қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында
қоғамдық сананың элементтері ылғи да
болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне
дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға,
қоғамның экономикалық негізіне ғана емес,
рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар
дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке
шектеулерімен санасуға мәжбүр.
1) Осы тұрғыдан қарастырғанда қоғамдық сана
біршама өзінділікке ие, жеке санадан тәуелсіз,
одан жоғары тұрды.
2) Сонымен қатар, қоғамдық сана белгісіз бірдеңе
емес. Әрбір нақты дәуірдің, әрбір халықтың
қоғамдық санасының біршама “тұлғалық”,
жекелік сипаты бар. Мысалы, әлемдік философия
ғылымының дамуына Сократтың, Аристотельдің,
Канттың, Гегельдің, Абайдың қосқан үлестері зор.
Яғни, қоғамдық сана мен жеке сана өзара
диалектикалық байланыста. Жеке сана қоғамдық
сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың
жетістіктері арқылы жетіліп, дамып отырады.
3) Мұндай байланыстың диалектикалық болатын
себебі – ол қайшылықты. Жеке сана идеялар
өндірісінің маңызды құрылымы бола отырып, кейде
оған қарсы да тұрады, дәстүрлерге, үстемдік етіп
отырған қоғамдық сананың ережелері мен
қағидаларына қарсы әрекет жасайды және дамиды.
Осылай болмаса, қоғамдық сананың прогрессивті
болуы мүмкін емес, ол тоқырауға ұшырайды.
4) Қоғамдық сана мен жеке сананың бірлігі екеуінің де
бір объектіні – қоғамдық болмысты
бейнелейтіндігінен де көрінеді. Бірақ, мұндай
бейнелеу мазмұны жағынан әр түрлі. Әрбір индивид
қоғамдық сананы жалпының жекелік, өзіндік
ерекшеліктер призмасы арқылы бейнелейді.
5) Жеке сана қоғамдық санаға толығымен
кірмейді.
6) Қоғамдық сана мен жеке сананың
арасындағы сәйкестік, үйлесімділік қоғам
дамуының анықтаушы факторы болып
табылады.
Теориялық сана
Тоериялық сана –маңызды
байланыстар мен заңдылықтардың
ғылымда және қоғамдық сананың
басқа формаларында бейнеленуі,ол
тарихи және тоериялық
алғышарттарға,рухани қызметке
сүйенеді.
Сананың бүлінуі — орталық жүйке жүйкесінің
зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру
адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты
ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде
оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды.
Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі
бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі
кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан
болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан
кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3
жасқа дейін болады.

Ikaz.kz
Назарларыңызға рахмет!!!

Ikaz.kz

Ұқсас жұмыстар
Даосизмнің негізін қалаушы
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Философияның негізгі сауалдарын зерделеу
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП
ТАБИҒАТ ФИЛОСОФИЯСЫ
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі философия феномені
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ - МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Пәндер