Қиды залалсыздандыру




Презентация қосу
Қи
микробиологиясы
Қиды жинауда және утильдеуде
ветеринарлық-санитарлық талаптар
ескерілмеуі ферма ауасының зиянды
газдармен ластануына және малды
тынышсыздандырып қана қоймай,
жұқпалы аурулар тасымалдаушылары
болып табылатын шыбындардың
көбеюіне себеп болады. Сондықтан
ғимарат қи және қи садырасын
шығарудың сәйкесінше жүйесімен
жабдықталған болуы тиіс.
Қиды залалсыздандыру.
Қиды залалсыздандыру-жұқпалы аурулар туа ған кезде қидың
барлық түрi залалсыздандырылуға тиіс.

Залалсыздандыру
тәсілдері:

физикалық (термиялық) биологиялық
химиялық
Физикалық тәсіл
1)термиялық (өртеу, кептіру, стерильдеу, т.б.)
2)Сәулелендіру (гамма сәулелік, электрондық, ультрадыбыстық).

Өртеу. Топалаң, қарасан, маңқа, жұқпалы анемия, құтыру, энцефаломиелит,
мандам, брадзот, жұқпалы энтеротоксемия, ipi қара обасы, паратуберкулез
ауруларына күдікті және ауру малдың қиын жағып жібереді
(залалсыздандыру ерітіндімен алдын ала өңдеген соң).

Термиялық тәсіл үздіксіз жұмыс істейтін бу жібергіш аппаратта қиды
залалсыздандыру үшін қолданылады.

Иондаушы сәулелендіру— қиды залалсыздандырудағы ең бір келешегі бар
тәсілдердің бірi. Ол сұйық қи және тоқтау суларды ceнімді залалсыздандыруға
мүмкіндік жасайды. Қи неғұрлым көп болса, сәулелендіру дозасы соғұрлым
көп болады. Өңделген тоқтау суды жер суаруға, қиды сумен шаюға
пайдалануға болады.
Химиялық тәсіл
Жұқпалы аурулар кезінде қиды залалсыздандыру қолданылады. Осы орайда
патогенді микроорганизмдер аурудың клиникалық көpiнici пайда болардан
бірнеше тәулік бұрын бөліне бастайтындығын есте ұстау қажет.

Сұйық қи, қи садырасын өңдеуді сусыз аммиакпен (NH3) өткізеді. Шығыны
5тәулік аралығында (экспозицияда)30кг/м3. Қиды аммиакпен
залалсыздандыруды жабық шұңқыр немесе жылтыр кағазбан (пленка) жабылған
қи сақтағышта өткізеді.

Спора түзбейтін патогенді микрооорганизмдер бар сарқынды суларды
формальдегидпен залалсыздандырады.

Қи садырасын садыра жинағышта спора түзетін инфекция кезінде әpбір 20 л-не 1
кг-нан есеппен құрғақ хлорлы әк (25% белсенді хлор) қосып араластырады, ал
спора түзбейтін және вирустық ауру кезінде әpбір 20 л-не 0,5 кг хлорлы әк
(25% ) қосады.
Биологиялық тәсіл
Биотермиялық тәсілдің бір түрi — қатты (тығыз) қиды залалсыздандыру үшін
қолдалынады. Бұл тәсіл белгілі бір жағдайда (ылғалылық, О2 жеткілікті болуы)
микробтекті биотермиялық процесс пайда болуына негізделген. Осы мақсатпен
алаңқайды сабан, мүк немесе залалсыздырылған қи қабатымен 30-40 см етіп жауып
тастайды. Қиды биіктігі 2 м, eнi 3,5 м-ге дейін және eмін-еркін ұзындықта арасынан
тecік қалдырып төсейді де, үстінің қалыңдығын 20 см-ге жеткізіп сабан, мүк
немесе залалсыздырылған қимен жабады. Биотермиялық процестер 65-70%
ылралдылықта белсенді түрде өтеді.

Сатылай жиналған қида спора түзбейтін микроорганизмдер жылдың жылы
уақытында 2 ай ішінде, суық кезде, қи қатпайтын жағдайда 3 ай ішінде өледі.

Алайда, залалсыздандыру уақыты үйілген қидың темпеатурасы +60°С-қа дейін
көтерілген күннен басталады.

Ылғалдылығы 70% -дан жорары қиды (бірақ 88% -дан емес) қордалау
(компосталау) жолымен және үйілген қида 6 ай ұстау (оның 2-3 айы жылдың жылы
уақытына келуі керек) арқылы залалсыздандырады. Кордалау кезінде темпеатура
+65°С-қа дейін көтеріледі. Қидан бөлінген сұйықтық жауын-шашынмен қосылып,
формальдегид, аммиак немесе хлорлы әкпен залалсыздандырылу үшін садыра
Қиды сақтау тәсілдері:

• Малдын астында сақтау
• Тығыз сактау
• Борпылдак сақтау
• Борпылдақ тығыз сақтау
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қиды залалсыздандыру туралы
Жүн және тері,ішіктік заттардың микрофлорасы.ет және тері-ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. Қи микрофлорасының сандық құрамы.Қидағы микробиологиялық үрдістер.Қиды биотермиялық өңдеу
Инфекциялық ауруларға профилактика
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы. Ет және тері, ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. үрдістер. Қиды биотермиялық өңдеу
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы. Ет және тері – ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау
Жүн және тері,ішіктік заттардың микрофлорасы.ет және тері-ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. 2.Қи микрофлорасының сандық құрамы.Қидағы микробиологиялық үрдістер.Қиды биотермиялық өңдеу
Пастереллез. Pasteurella
Бастауыш сынып-Көпбұрыштың периметрі
Залалсыздандырудың әдістері
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЭЙМЕРИОЗ АУРУЫ
Пәндер