Жұмыртқа дернәсіл имаго


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институты

Орындаған: ғылыми биология мамандығының

3 курс студенті Марденова Гауһар

Ғылыми жетекші: а. о. Кайнарбаева А. Д.

Жарғаққанаттылар отряды

Құмырсқа (Formicidae)

Slide 2

Мақсаты:

Құмырсқаның илеуін, құмырсқаның тіршілік ортасын білу.

Құмырсқаның пайдасы және маңызы, оның медицинада

алатын орны.

Негізгі ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін көрсету.

Құмырсқа қышқылын дұрыс әрі тиімді пайдалану.

Құмырсқаның ежелден келе жатқан қасиеттерін атап көрсету.

Slide 3

Систематикасы:

Патшалығы: Жануарлар - Zoa

Типі: Буынаяқтылар - Arthporoda

Тип тармағы: Трахеялылар - Tracheata

Класы: Насекомдар - Insecta

Класс тармағы: Қанатты насекомдар - Pterygota

Отряды: Жарғаққанаттылар - Hymenoptera

Тұқымдасы: Құмырсқалар - Formicidae

Жирен орман құмырсқасы - Formica rufa

Қоңыр сұрғылт құмырсқа - Formica fusca

Slide 4

Бунақденелілер класы

700 000 /млн. / жуық түрлері бар

Туақанатсыздар

Қанаттылар

Класс тармағы

Класс

тармағы

35 отряд

4

Slide 5

Сипаттамасы

*Дене бөліктері: бас, көкірек, құрсақ

*Барлығы 6 аяқты

*Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты

көздер мен көзшелер баста орналасады

*Жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты түйіні,

құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін -ганглий түзеді.

* Демтүтік арқылы тыныс алады

* Басым бөлігінде қанаттары болады

* Қантарату жүйесі-ашық жүйе

* Зәршығару жүйесі - мальпигий түтікшелері

*Тіршілік ортасы: жер беті, ауа, су, адам және жануарлардың ағзасы, топырақ асты.

Энтомология-бунақденелілерді зерттейтін ғылым /гректің “ентома”-бунақдене+ “логос”-ғылым/.

5

Slide 6

Бунақденелілердің даму жолдары:

Тура даму

Шала түрленіп даму

Толық түрленіп даму

Slide 7

Тура даму

Жұмыртқа имаго

Имаго /латынша имаго / - ересек жәндік/

7

Slide 8

Шала түрленіп даму

Жұмыртқа дернәсіл имаго

8

Slide 9

Шала түрленіп дамитындар

дәуіттер

бұзаубастар

инеліктер

шегірткелер

9

Slide 10

Толық түрленіп даму

Жұмыртқа дернәсіл қуыршақ имаго

10

Slide 11

Толық түрленіп дамитындар

Көбелектер

қоңыздар

шыбындар

баларалар

құмырсқалар

масалар

11

Slide 12

Бунақденелілердің маңызы

Өсімдіктерді тозаңдандырады

Топырақты қопсытады, топырақ түзуге қатысады

Зиянкестерді жояды

Бал және балауыз береді

Жібек алу үшін өсіріледі

Санитарлық қызмет атқарады

Тағам ретінде пайдаланылады

Slide 13

Пайдалы бунақденелілер

Балара

Қанқыз

Құмырсқа

13

Slide 14

Зиянды бунақденелілер

Бит

Бүрге

Маса

Тарақан

14

Slide 15

Құмырсқа (Formicidae)

Жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр аралдарда және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олар Жер биомассаның 10-25% қурайды. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмурсқаларды зерттейтін ғылым мирмекология деп аталады. Құмырсқаларды зерттеген алғашқы ғылымдардың бірі - Эрих Васманн.

Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық - құмырсқа қышқылы деп аталады.

Slide 16

Құмырсқа қышқылы (formic acid)

Құмырсқа қышқылы (formic acid) - қарапайым карбон қышқылы, химиялық формуласы - НСООН. Көптеген құмырсқалар, әсіресе, қызыл құмырсқалар бөліп шығарады. Құмырсқа қышқылы - өткір иісті, суда жақсы еритін, түссіз сұйық зат. Құмырсқалардың бездерінен бөлінетін күйдіргіш зат. Құмырсқа қышқылының спирттегі ерітіндісі ревматизм ауруларын емдеу үшін медицинада пайдаланылады. Күшті тотықтырғыш қасиетіне байланысты өнеркәсіпте хош иісті заттар мен еріткіштер ретінде пайдаланылатын күрделі эфирлер алу үшін, тері өңдеуде, тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады.

Slide 17

Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 - 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары - жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар - феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған.

Slide 18

Құмырсқалар туралы қызықты мәліметтер:

18

Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.

Жауынгер құмырсқалар адамдар секілді өз отарларын қорғайды. Кейде отарлар арасында адамдар секілді соғысады.

Құмырсқалар азық табу үшін аңшы құмырсқаларды жібереді. Бұлар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады.

Жер қозғалар алдында олардың тіршілігі өзгеріске ұшырап, түні бойы қарбаласқа түсетіні анықталған.

Құмырсқалар күндіз қоректеніп, түнде ұйықтайды.

Құмырсқа су астында екі апта өмір сүре алады.

Slide 19

19

Құмырсқалардың азығы: Әр түрлі ағаш жапырақтары, өлі жәндіктердің денелері және егіннен қалған қалдықтар, құрғақ азықтармен қоректенеді.

Жұмысшы құмырсқалар әр түрлі азықтарды табу және індерін жасаумен қызметтелсе, жауынгер құмырсқалар дұшпандарға қарсы індерін және патша құмырсқаны қорғаумен міндеттеледі. Аңшы құмырсқалар қажетті қоректік табумен айналысса, ал кішкентай құмырсқалар әлсіз болса да топтасып шабуыл жасаумен өздерінен үлкен жәндіктерді де жығып тастайды. Құмырсқалардың зияны тек азық түліктерге шабуыл жасауымен кейбір түрлерінің адамдарды шағуы болмаса, аса зияны жоқ. Үй құмырсқаларынан құтылудың жолы - құмырсқаға қарсы улағыш дәрілерді себу және кіретін тесіктерін сылап бітеу, терезеге жақын тұрған ағаш бұтақтарын кесу болып табылады. Сонымен қатар газ, су құбырларының жиектерін де бітеу. Олар топтасып жүретіндіктен, бірнеше құмырсқа жүрген жерде қалғандарының да жүретіні белгілі. Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән ерекше қасиеттерімен еңбекшіл, белсенділіктерімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.

Slide 20 Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Бунақденелілер класы
Итальяндық шегіртке Класс Insecta -насекомдар Отряд Orthoptera (Saltatoria) Тура қанаттылар Тұқымдасы Acrididae - нағыз шегірткелер
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Энтомология ғылымы және зиянкестердің түрі
АСТЫҚ МЕРОМИЗАСЫ
Қой эстрозы
Психологиялық дайындық
Артқы жағындағы дене кеңейген
Картоптың алтын түсті нематодасы
ҚОЙМАҒА ЕНУ ЖОЛДАРЫ ЖОСПАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz