Бөлме өсімдіктерінің тазалығы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Бөлме өсімдіктерін күту және
зиянкестермен күресу
жолдары
Орындаған: ғылыми биология мамандығының
3 курс студенті Марденова Гауһар
Ғылыми жетекші: а.о. Аманбекова Динара
Кіріспе
Бөлме өсімдіктері өте пайдалы. Олар бөлменің ауасын тазартады, ондағы көмір
қышқыл газын сіңіріп, оған оттегін бөліп шығарады. Ал егер өсімдіктердің көлемі
үлкен болып, бөлмеге жарықтың енуіне кедергі жасаса, ол зиянды. Сондай ақ
өсімдіктер күтілмесе, онда оның жапырақтары «шаң-тозаң жинағышқа» айналып,
түнде олар да оттегін сіңіреді. Сөйтіп, бұл жағдайлар өсімдіктердің пайдасынан гөрі
зиянын арттырып, бөлме ауасын «тарылтады». Сондықтан бөлме өсімдіктерінің
жапырақтарының шаң-тозаңдарын ылғалды шүберекпен сүртіп, тазартып отыру қажет.
Бөлме өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олар өсіп тұрған
ыдыстарды тиімді де ыңғайлы әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор.
Бөлме өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар: 1. Оларды іріктеп алу; 2. Өсіру; 3.
Баптап күту. Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп
алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен
танысып алған жөн. Бөлме өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура,
ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып,
түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Бөлме өсімдіктерінің ішінде жарықты
сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да
бар.
Бөлме өсімдіктерін күту жолдары
• Жарықтың мөлшері. Бөлме өсімдіктері жарықты қажет еткенімен, олардың көбі күн
көзінің тікелей түсуін аса «ұната бермейді». Мәселен, кактус, сүттіген, фаукария, сенецио
сынды гүлдер жарықсүйгіш гүлдер қатарына жатады. Ал парагус, бегония, фуксия сияқты
бөлме өсімдіктері жарықтың шашырап түсуін қажет етеді. Қырыққұлақтар, тікенекті
өсімдіктер күн көзін сүймейді, сондықтан көлеңкеге төзімді болып келеді.
• Жылудың әсері. Белгілі бір мөлшерде бөлме өсімдіктері жылуды да қажет етеді. Әсіресе,
үй температурасы маңызды рөл атқарады. Жылусүйгіш өсімдіктердің күтімінде олардың
жел өтінде тұрып қалмауына ерекше назар аударыңыз. Температура режимінің бұзылуы
гүлдердің жапырағының зақымдануына, сарғаюына және жиі түсуіне алып келеді.
• Жайлы орын. Бөлме өсімдіктерінің тұрақты орны болғаны жөн. Сол себепті оларды
орнынан жиі қозғауға болмайды. Теледидар, музыкалық орталық, кір жуғыш машинаның
жанына бөлме өсімдіктерін қоймауға тырысыңыз. Жатын бөлмеңізде бөлме
өсімдіктерінің саны аз болғаны дұрыс. Себебі, өсімдіктер күндіз оттегін, ал түнде
көмірқышқыл газын бөледі.
• Тыңайтқыш пайдалану. Кез келген бөлме өсімдігі үшін топырақтың құнарлы болуы аса
маңызды. Сондықтан тыңайтқыштарды үнемі пайдаланып отыру қажет. Бөлме өсімдіктерінің
түріне байланысты оларға себетін тыңайтқыштар да әртүрлі болып келеді. Мысалы: фикусты
белсенді өсу кезінде, яғни наурыз айынан қыркүйек айына дейін тыңайту керек. Оны екі аптада
бір рет тыңайтыңыз. Тыңайтқыштың құрамында жасыл массаның өсуіне жағдай жасайтын азот
құрауышы бар түрін алған жөн.
• Суару. Бөлме гүлдеріне құятын судың температурасы бөлме температурасымен шамалас
болғаны жөн. Сонымен қатар, суды алдын ала тұндырып алу керек. Судың шамадан тыс
мөлшері өсімдік тамырының шіруіне себепші болады.
• Бөлме өсімдіктерінің тазалығы. Бөлме өсімдіктерін аптасына бір рет жуып алған дұрыс.
Гүлдерді шаң басқан жағдайда, олар тез зақымданып, ауруға жиі шалдығатын болады. Егер
жуатын мүмкіндігіңіз болмаса, гүлдің жапырақтарын жылы суға малынған мақтамен немесе
губкамен екі жағынан бірдей сүрту қажет.
Зиянкестермен күресу жолдары
Гүл өсіруші мамандар гүлді сатып алғаннан бір-екі ай уақыт өтпей жатып, ол сола
бастаса, мұның себебі дұрыс күтім жасалмағаннан екенін айтады. Демек, жарықтың
дұрыс түспеуі, гүлдің табиғатына сай орында тұрмауы немесе суаруда қандай да бір
қателіктердің орын алғанын білдіреді. Ал егер алған гүліңіздің 2-3 ай уақыттан кейін
сола бастағанын байқасаңыз, оның себебі – зиянкестердің пайда болуында немесе гүл
отырғызған топырақтың құнарсыздығы.
Жұқа өрмек (тор) немесе ұсақ жәндіктер
Бұл гүлде зиянкестердің пайда
болғанын аңғартады. Алдымен
зиянкестің нақты қандай түрі екенін
анықтау керек. Олар өрмекті кене,
аққанаттар (көбелекке ұқсас ақ және
сары түсті ұсақ жәндіктер) және т.б.
болуы мүмкін. Бұл зиянкестер ауырған
гүлдерден сауларына қонып, оларға да
қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан
ауырған гүлді дереу емдеуге кіріскен
жөн. Алдымен оны өзге гүлдерден
басқа жерге орналастыруды
ұмытпаңыз.
Зиянкестен емдеудің қарапайым
жолдарының бірі 0,5 стакан спиртті 1
стакан сумен араластырып, үш апта
қатарынан күнделікті ауырған гүлдің
жапырақтарын сүрту керек. Егер қолда
спирт болмаса, оның орнына арақты
пайдалануға болады.
Аққанаттар -
Aleyrodidae
Қандалылар отрядына жататын
сорғыш паразит – жәндіктер.
Өсімдіктің зақымдалған
жерінен ақ кішкентай
шыбындарды көруге болады.
Ал жапырағының астыңғы
жағынан ақ сопақша келген
личинкаларды немесе бос
терілі личинкалар байқалады.
Күресу шаралары: Негізгі
өңдеуде “Актара” ерітіндісін
қолданады. 5л суға 4г ерітіндіні
құйып, жапырағына шашамыз
және 1г ерітіндіні 10л суға
араластырып, топырағына
құямыз. Күніне 4 рет 1 апта
бойы құю керек.
Өрмекті кене - Tetranychinae
Өрмекті кене - өрмекшітәрізділер класының бір отряды. Өрмекті кенелер өсімдік
жапырағынан шырын сорады. Сондықтан өсімдік өніп-өсе алмайды. Сөйтіп, әлсізденген
өсімдік солады. Үй жағдайында кенелер өсімдікті жыл бойы залалдайды. Өрмекті кененің
пайда болуына жел өті (сквозняк) және құрғақтық қолайлы жағдай туғызады.
Күресу шаралары: Пияздың немесе сарымсақтың бір тәулік тұрған тұнбасын шашуға
болады. Ол үшін ұсақталған бір ас қасық пиязға немесе сарымсаққа 1 стакан жылы су
құйып, жапырағына шашамыз.
Өрмекті кене ылғалды
төзе алмайды, сондықтан
өсімдікті жиі-жиі душ
астында жуып, шайып
тұру керек. Бұл алдын алу
шарасы болып табылады.
Сарғайған жұмсақ жапырақ нені білдіреді?
Бұл судың шамадан тыс көп құйылғанын білдіреді. Топырақтың түп жағын қарап, егер ол тым сулы
болса, гүл суару уақытын дұрыс белгілеу керек. Яғни бұрын күнделікті суарып, ендігі уақытта күн
ара немесе екі-үш күнде бір суару керек. Жапырақтың бұлай сарғаймауы үшін дұрыс суарудың
маңызы мол. Сонымен бірге гүл құтысының астында ауа өткізуші ұсақ тесіктері болуы керек. Оны
да қадағалаңыз.
Жапырақтар қошқыл түске боялып, алақанға салып қысқанда сықырлаған дауыс
шығарса...
Бұл судың жетіспеуін білдіреді. Сондықтан гүлдің топырағы құрғағанда бірден суарыңыз. Ал
суарғанда құтының түбіндегі ауа өткізуші ұсақ тесіктерден су ағып шыққанша құйған жөн.
Егер бөлмеде кондиционер немесе жылытқыш құрал қосылып тұрса, топырақтың тез құрғайтынын
ұмытпаңыз.
Қураған жапырақтар мен ыдыстағы топырақтың аздығы
Бұл топырақ құрамындағы қоректік заттардың аздығын білдіреді. Сондықтан гүлдің топырағын ауыстырыңыз
немесе құтыдағы топыраққа қоректік заттар салу керек. Сонымен қатар мынадай қарапайым тәсілді қолданып
көріңіз. Ол үшін шайдың самасын гүлдің ыдысына салып отырыңыз. Ол да гүлге қорек болады.
Күтімді көп қажет
етпейтін бөлме гүлдері
Хлорофитум (Chlorophytum)
Мыңжылдық өсімдіктер қатарына жататын бұл гүл күй таңдамайды. Көлеңкеде де, күн
көзінде де, суық не жылы жерде де өсе береді. Бір ай суармасаңыз, құрғап, солады, бірақ
өлмейді. Суарған сайын тамыры ірілей түседі. Басты ерекшелігі – ауадағы токсиндерді
жояды.
Сансевиерия (Sansevieria)
Мыңжылдық гүлдері қатарына енетін бұл гүл де көлеңкеде де, күн көзінде де өсе береді. Күн
көзінде тұрса, жапырақтарының түсі өзгереді. Сансевиерия құрғақ ауадан да, өкпек желден де
қорықпайды. Дегенмен, жиі суарып тұруды қажет етеді. Ал қыста мүлдем суармауға болады.
Өйткені көктем шыққанға дейін суарсаңыз да, суармасаңыз да гүлдемейді.
Хойя карноза (Hoya carnosa) немесе бал
шырмауық
Бұл гүл шырмауық тәрізді: 6-7 метр болып шырмалып өседі. Жиі суарғанды ұнатпайды.
Күн көзінде тұрса, әдемі гүлденеді.
• Кактус гүліне 2-3 аптада бір рет
қана су құйған дұрыс. Өйткені
бұл өсімдік ылғалдықты
ұнатпайды.
• Кактус егілген ыдысты жаз
мезгілінде ағаш тақтайшалармен
өңдейді. Себебі қатты ыстықтан
оның тамыры қурап кетеді.
• Кактус отырғызылған ыдыс өте
үлкен болмағаны дұрыс. Себебі
ыдыс түбіндегі топырақ құнарын
тез жоғалтады да, тамырына зиян
тигізеді.
Кактус - Cactaceae
Бөлме өсімдіктерінің әр бөлмеде
алатын орны және пайдасы
Жапырағында "аллантоин" деген
зат болғандықтан, алоэның пайдалы
жақтары өте көп. Алоэ шырынын
күйгенде, жәндік шаққанда және
жараланған кезде теріге жағу керек,
ол жайландыратын әсер береді,
теріні жұмсартады және оның
қартаюына қарсы тұрады. Алоэ
шырыны иммунитетті нығайтып,
бактерияларға қарсы күресе алады.
Басқа өсімдіктер секілді алоэ да
көміртегіні жұтып, оттегі шығара
алады. Сондықтан да оны
ұйықтайтын немесе адам көп
жүретін бөлмеге қойған жөн.
Алоэ - Aloe
Ағылшын шырмауығы
Бұл өсімдік ауаны көмірқышқыл газдардан тазартудан алғашқы орындарда тұр. Ағылшын
шырмауығы әсіресе пәтердің төменгі қабаттарында тұратын немесе жертөледе жұмыс жасайтын
адамдарға өте пайдалы. Сонымен қатар бұл гүлді ас бөлмеге қойған өте дұрыс.
Бамбук пальмасы
Бамбук пальмасы орын талғамайды. Тіпті оны жиі суарудың да қажеті жоқ. Алайда бұл өсімдік
ауаны жақсы тазалайды. Бамбук пальмасын компьютер бар бөлмеге қою керек, себебі ол
электромагниттік сәулеленудің зиянын азайтады.
Спатифиллум
Бұл бөлме өсімдігі үйіңіздің «қара жұмысынан» ешқашан қорықпайды. Ол өнеркәсіптік және
тұрмыстық токсиндермен күреседі. Көп жағдайда жаңа үйге көшіп кірген кезде немесе жөндеу
жұмыстарын жасағаннан кейін бөлмеде тұрса, ауаны түрлі химикаттардан арылтады.
Пальма Леди
Бұл өсімдік тек ауаны тазартып қана
қоймай, сонымен бірге оны қажетті
минералдармен, тұздармен байытады.
Адамның тыныс алу жүйесіне оң әсерін
тигізеді. Бұндай өсімдікті созылмалы
бронхит, жүрек ауруымен ауыратын адамдар
бөлмелерінде ұстаған жөн. Сонымен қатар
Леди жүйкені керемет тыныштандыратын
қасиетке ие. АҚШ-та бұл бөлме өсімдігін
жұмыскерлер көбінесе көп ашуға берілмес
үшін өздерінің басшыларына сатып алып
беретін көрінеді.
Фикус
Бұл бөлме өсімдігінің ауаны тазартып,
желдететін қабілеті бар. Сонымен қатар
мүлде аллергия туғызбайды. Сондықтан да
бұны балалар бөлмесіне қоюға әбден
болады. Ғалымдардың пайымынша, бұл
гүлден бөлінетін биоактивті заттар жақсы
ұйықтап, сергек тұруға септігін тигізеді.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz