Қант қызылшасы




Презентация қосу
Курстық жұмыстың тақырыбы:
Жоспар

Кіріспе
Әдебиетке шолу
I тарау. Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері.
1.1. Қант қызылшасына жалпы сипатта
1.2. Қызылша өсіретін ауудандардың ауа-райы мен
топырақ ерекшеліктері
1. 3. Қант қызылшасының зиянды жәндіктері мен аурулары
және олармен күресу шаралары
1.4. Қант қызылшасының шаруашылықтағы маңызы
II Тәжірбиелік бөлім.
2.1. Қант қызылшасының қатар аралығын өңдеудің өніміне әсері
Қорытынды
Пайдалынылған әдебиетер тізімі
Қосымшалар
Курстық жұмыстың мақсаты: Қант
қызылшасының биолгиялық ерекшеліктерін
зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
1.1. Қант қызылшасына жалпы сипатта.
1.2.Қызылша өсіретін ауудандардың ауа-райы
мен топырақ ерекшеліктері.
1. 3. Қант қызылшасының зиянды жәндіктері
мен аурулары және олармен күресу шаралары.
1.4. Қант қызылшасының адам өміріндегі
маңызы
Қант қызылшасына жалпы сипатта.
Патшалық: Өсімдік.
Бөлім: Жабықтұқымдылар.
Класс: Қосжарнақты.
Қатар: Қалампыргүлділер.
Тұқымдас: Алабота.
Туыс: Қызылша.
Түр: Кәдімгі қызылша.
Түрасты: Қант қызылшасы.
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) – қызылша туысына жататын екі
жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік
заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу
кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа
отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ
және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 100 –
125 күн. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Оның
пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған
қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант
қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант
қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка,
0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. Осы сығындының
100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш
протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін
пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант
болады. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік.
Қант қызылшасының тұқымы қант
заттарында дайындалады. Мұнда тазаланған
тұқым 2 фракцияға (3,5 – 4,5 мм және 4,5 – 5,5
мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді
топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы
5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе
наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-
жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға
бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған
топырақтың қышқылдау немесе бейтарап
болғаны дұрыс (рН 6,5 – 7,5). Қазақстанның
суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы
60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады.
Кейбір өсімдіктер сыртқы
жағдайлардың әсеріне немесе өсімдіктің
нәсілді өзгерістеріне байланысты бірінші
жылдың өзінде – ақ сабақ салып,
гүлдеп, тұқым береді. Мұны
гүлсабақтану деп атайды. Бұл
тамыржемістің бірқалыпты өсуіне
қолайсыз әсер етіп, тұқымдас
өсімдіктің сапасын нашарлатады.
Тұқымға арналып себілген кейбір
қызылша түбірі сол жылы сабақтанып,
гүл салмайды, яғни тұқым бермейді.
Мұндай өсімдікті «қасарыспа» деп
атайды
Қант қызылшасының
жапырақтарының сыртқы пішіні
жүрек тәріздес, айнала жиектері бір
тегіс немесе ирек-ирек келеді.
Жапырақ сабақ (өзек) пен
алақаннан тұрады. Онда көптеген
дем алатын тыныстық саңылаулар
болады. Сол арқылы жапырақ ауадан
көмір қышқыл газын алып,
тыныстайды, суды буландырады
және ауаға оттегін бөліп шығарады.
Жергілікті жағдайларға байланысты
қант қызылшасы маусым бойы 50-60
жапырақ шығарады, ал кейбір
өсімдікте 90 және онан да көп
жапырақ болады. Мол және сапалы
өнім алуда қант қызылшасы
жапырақтарының маңызы өте зор.
Жапырақтар аудан көмір қышқыл
газын алып, алғаш рет қант
құрайды. Қанттар –қызылшаның
түбірінде жиналады, олар әр түрлі
энергетикалық құбылыстардың өтуі
үшін аса қажет
Өнімді жинар алдында қант қызылшасы түбірінің құрамында 75-80
проценттей су, 20-25 проценттей құрғақ зат, 16-20 проценттей қант, 3-5
проценттей клетчатка, 1-2 проценттей азоттық зат, 0,5-0,8 процентке жуық
күл болады. Қызылшаның жапырағында 75-85% су, 15-20% құрғақ зат,
оның ішінде 1,5-3,0% күл, 2 процентке жуық клетчатка, 2 поцент азоттық
заттар болады. Ескі (кәрі) жапырақтар да құрғақ зат пен күл жас
жапырақтарға қарағанда көбірек. Өсімдіктердің жапырағы мен түбірінде
көп мөлшерде су кездеседі, су жетіспесе өсімдіктердегі зат алмасу
процестері бұзылады, күрделі органикалық заттар түзілуі баяулап, бара-
бара тоқтап қалады. Өсімдіктегі су мен құрғақ заттардың ара қатынасы
өсімдіктің жасына, қандай әсерде өсіп тұрғанына және өсімдіктің әр
мүшесінің атқаратын физиологиялық роліне қарай әр түрлі болады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда қант қызылшасының өсу
мөлшерінде 70-85 процент шамасында су болатындығын, ал құрғақ заттар
небәрі 15-25 процентін түзейтінін көреміз. Өсімдіктің құрамында болатын
негізгі органикалық заттардың қатарына қанттар жатады.
Тамыр жемісте қант біркелкі болып келмейді, қант көп болған
жерде қант емес заттар аз және керісінше болады. Тамыр жемістің
басындағы және жіңішке тамыр ұшындағы қант негізгі тамырларға
қарағанда бір-екі проценттей кем. Қант қызылшасы және оның
сапасының жақсы болуы ауа-райына, топырақ жағдайларына және
қолданылған агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қант
қызылшасының өсу кезеңі 160-180 күн. Өсу кезеңінде қызылша суды көп
керек етеді. Қызылша тұқымы бөрту кезеңінен бастап суды мейлінше көп
керек етеді. Қызылша тұқымының өнуі үшін оның салмағынан 150-170
процент артық су қажет.
Қызылша тек көктемде топырақтың жылылғы 5-10 градус
болғанда ғана өседі. Көктем салқын, ылғалды және топырақтың себу
тереңдігіндегі температура 2-3 градус болғанда тұқымының өнуі
кешігеді. Аса ыстық та қызылшаға қолайлы емес. Қызылшаның жақсы өсіп
жетілуі үшін ең қолайлы температура 25-30 градус жылылық. Өсімдіктің
дамуы үшін топырақтың құрамында мына төмендегідей элементтер болуы
қажет: көміртегі (C), оттегі (O), сутегі (H), күкірт (S), фосфор (P), кремний
(Si), хлор (Cl),натрий (Na), калий (K), кальций (Ca), магний (Mg), алюминий
(Al), темір (Fe), марганец (Mn). Топырақтың құрамына кіретін жоғарыда
аталған элементтер өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым
қатынасты белгілейді, ал мұның зор биологиялық маңызы бар.
Жамбыл облысы. Облыстағы қызылша егетін Қордай, Мерке және Луговой аудандары теңіз
деңгейінен 686-740 м биіктікте орналасқан. Бұл аймақтарда ауаның жылдық орташа температурасы 8,4-8,8
градус, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 324-474 миллиметр; Шу, Жамбыл және Свердлов аудандары
теңіз деңгейінен 464-639 м биіктікте орналасқан, ауаның жылдық орташа температурасы +9,5 -10,2 градус,
жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 302-327 мм. Аязсыз кезең н-шашынның жылдық орташа мөлшері
орташа температурасы не Луговой аудандары теңіз деңгейінен ерекшеліктеріне байланысты160-170 күнге
созылады, жылы күндері 250-270. Көп жылдық деректерге қарағанда күзгі алғашқы үсік әдетте қыркүйектің
соңы мен қазанның басында, көктемгі соңғы үсік мамыр айының бірінші онкүндігінде болады. Өсімдіктің өсу
кезеңіндегі жылы температураның жалпы жиынтығы орта есеппен 3750° (3559-4009° арасында ауытқып
тұрады). Ең ыстық ай – шілде ауаның температурасы 43-45°, ал ең суық ай – қаңтар. Мұнда температура -26,5°-
40°-қа дейін төмендейді. Жалпы түсетін ылғалдың жылдық орташа мөлшері 356 мм, мұның дені (160 мм)
көктемде түседі. Өсімдіктің өсу кезеңінде түсетін жауын-шашынның мөлшері 70 миллиметрден аспайды.
Жамбыл облысында қант қызылшасы негізінен шалғынды сұр топырақты жерлерге егіледі. Мұндай топыраққа
егілетін қызылшаның көлемі – 40 процент. Мұнан кейін кедесетін болмашы сортаңдалған шалғынды топырақтың
үлесі 30 процент. Бұл топырақтар өздерінің атына сәйкес тұзды келеді, онша құнарлы емес, қара шірік мөлшері де
аз, қоректік заттар да жеткіліксіз болып келеді. Сұр топырақтың үлесіне 20 процент бозғылт қоңыр
топырақтардың көлемі 10 процент шамасындай болады. Шалғын-сұр топырақты жерлер ыза суы жақын жатқан
сазды өңірде кездеседі. Мұндай топыраққа тән нәрсе – бір метр тереңдікте және одан әрі карбонатттар
тығыздалған қабат жатады.
Шалғын-сұр топырақты жерлерде қара шіріктің қалыңдығы 50-60 сантиметрге жетеді. Мұнда қара
шірік 3-4%, азот 0,24-0,30 процент болады. Ыза суы жер бетіне жақын жатқан (1-2 м) қара шірігі мол (6
процентке дейін) өңірлерде шалғындық топырақ қалыптасады. Сұр, шалғын сұр және шалғын топырақтармен
қатар қызылшаны облыста қызыл қоңыр және сортаң топырақты жерлерге де орналастырады. Сұр топырақты
жердегі шірінді 0,8-1,2%, азот 0,1, фосфор 0,09% мөлшерінде кездеседі. Шалғындық-шөлейт топырақты жерлер
Талас, Аса, Шу өзендерінің аллювиалдық-атыраулық жазықтарының әртүрлі дәрежеде сортаңдануымен
сипатталады.
Зиянды жәндіктер қант
қызылшасына аса қауіпті, сондықтан
олармен күресудің орасан зор маңызы
бар. Қызылшаны зияндайтын
жәндіктердің түрлері өте көп.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік –
шығыс облыстарында қант
қызылшасының ең көп тараған және
негізгі зиянкестері – топырақ бүргелері,
қызылша біз тұмсықтары, өрмекші
кенелер, тамыр биті, қызылша
шіркейлері және күздік қонып
көбелектер.

Тамыр биті

Күздік қоңыр көбелек
Қатар аралықты өңдеудің басты мақсаты арамшөптерді жою, аурадың, әсіресе тамыр жегі
кеселінің дамуына жол бермеу, топырақтағы ылғалды көбейту және сақтау, сонымен қатар
нығыздалған топырақты қопсыту арқылы газалмасуды жақсартып, ауаның тамырға жетуін қамтамасыз
ету. Қатар аралықты өңдеудің әсіресе суғармалы жерлерде маңызы өте зор. Себебі әр судан кейін
топырақ нығыздалып қалады да, оның су өткізгіштік қабілеті кемиді, ауа алмасу, қоректену режимдері
бұзылады, сөйтіп қызылшаның өсіп-өнуі күрт төмендеп кетеді. Мұндай жағдайды болдырмаудың
бірден-бір жолы, ол қатар аралықты дер кезінде қопсытып өңдеп тұру. Сондай-ақ топырақтағы ауа
құрамының да маңызы ерекше. Ғалымдардың зерттеулері бойынша топырақтың құрамында оттегінің
жетіспеуі және көмір қышқыл газының көбею өсімдіктің тыныс алуын нашарлатады, соның салдарынан
Тәжірибенің
оның өсу нашарлап, өнім жиналды ( ылығы өсуімен қатар тамыржегі ауруының да
өнімі кемиді.
азаятыны дәлелденіп отыр.еңдігін -ден см-ге дейін теқорытындысына жүгінсек орташа
есеппен төрт жылдың ішінде ең жоғарғы өнім байқаудың төртінші нұсқасынан әр судың
алдында КГР-3,6 культиваторымен өңдегенде, гектарынан 373 центнерден алынды.
Қосымша өнім бақылау нұсқасымен салыстырғанда әр гектардан 32 центнер өскен,
сонымен қатар қанттылығы да 0,2 пайызға өсіп отыр. Ең аз өнім тәжірибенің екінші
нұсқасынан алынып отыр. Онда үш суға дейін 18 см-ден 8 см тереңдікте кемітіп, күзгі
жиынға дейін қопсытпағанда ең төменгі өнім жиналды ( 317 ц/га). Бірінші бақылау
нұсқасымен салыстырғанда гектарына 24 центнерге, қанттылығы 0,1 пайызға кеміп
отыр, ал ең жақсы нұсқасымен салыстырсақ бұл көрсеткіш одан да жоғары 56 центнер
( 0,3 пайыз). Қорыта айтқанда біздің тәжірибенің көрсеткішіне жүгінсек қазақстанның
оңтүстік-шығыс аймақтарында құнарлығы аз сұр топырақты өңірде қант
қызылшасының қатар аралығын қопсытуды азайтып, әр екі судан кейін бір рет
қопсытып, тереңдігін 12-ден 22 см-ге дейін тереңдеткенде өнімділігі мен қанттылығы
өсуімен қатар тамыржегі ауруының да азаятыны дәлелденіп отыр.бұл көрсеткіш одан да
жоғары центнер ( пайыз). нерге, қанттылығы пайызға кеміп отыр, ал ең жақсы
нұсқасымен салыстеру қорытындысына жүгінсек орташа есеппен төрт жылдың ішінде ең
жоғарғы өнім байқаудың төртінші нұсқасынан әр судың алдын

Ұқсас жұмыстар
Қызылша
ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ТАЛДАУ
Крахмал - өсімдіктердің басты қосалқы көмірсуы
Ірі қара малының қант қызылшасымен улануы
Техникалық дақылдарға тыңайтқыш қолдану жүйесі
Алабота тұқымдастары ( ( Chenopodium Chenopodium )
ҚАНТ ӨНДІРІСІ
Ауыл шыруашылығы
Көкнәр,алабота тұқымдастары
Қант қызылшасын суару жүйесі
Пәндер