Ресурстардың жіктелуі туралы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:ТАБИҒАТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ БІР АСПЕКТІСІ РЕТІНДЕ.

ОРЫНДАҒАН:
ТЕКСЕРГЕН:
Жоспар:
1.Табиғат ұғымына анықтама

2.Ресурстардың жіктелуі

3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік
шаралары.

4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық
көрсеткіштері мен аспектілері

5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

6.Қазақстанның қазба байлықтары
Табиғат ұғымына анықтама

Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста,
өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл
адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-
энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың
жиынтығы.Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын
қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын
табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп
аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн
радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы
жылу энергиясы,т.б. жатады.Табиғат ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі:
қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда
болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына
(органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы
(жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми,
эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне
(энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар
бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық
(әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та
бөлінеді. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және
сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.
Ресурстардың жіктелуі

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су,өсімдіктер,
жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі
қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне
байланысты.Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы
анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын
ресурстар жатады. Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.
Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара,түсті,асыл
және сирек кездесетін, радиоктивті металдар) рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің
металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс
материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш-
сланец, жертезек) жатады Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ,жер
және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады.Топырақ – барлық материалдық игілік негізі,әр
адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті
оның құнарлығы,яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте
күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Салыстырмалы түрде қалпына келетін
ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да,әсіресе ағашты
жатқызуға болады.Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер
мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар,соның ішінде күн
сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы,су толқыны,ай
мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы,космостық шаң,
климаттық ресурстар – атмосфералық ауа,жауын- шашын,жел,сонымен қатар жер қойнауындағы
жылу. Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды,ал табиғи ортадан
алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар
сарқылатындарға жатады. Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша
(сапалық жағынан) сарқылады,бірақ сандық сандық жағына сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың
қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит,құрлық атмосфера) немесе түрлері
(сұйық,қатты,бу тәрізді) арасында таралуы әртүрлі.
Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары

Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:
1.Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап,
жүйелі түрде іске асыру қажет. Жан-жақты талдау-математика,
информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы
жүзеге асады.
2.Биосфераны оптимизациялау.
3.Табиғатты пайдалануды оптимизациялау. Өнеркәсіп салалары
мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі
мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.
4.Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.
5.Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық
жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.
6.Өндірісті шоғырландыру.
7.Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны
пайдалану жатады.
Қоршаған ортаны бағалаудың
экономикалық көрсеткіштері мен
аспектілері
Қоршаған ортаның табиғи қалпын сақтау, өнеркәсіп орындары шығаратын қоқыс
қалдықтарды қайта өңдеу, зиянкес заттарды залалсыздандыру бәрі де, белгілі бір
дәрежеде қаржы бөлуді, еңбек күшін жұмсауды қажет етеді.
Қаржыландыру 2 бағытта жүреді:
1.Қоршаған ортаға зиянды заттар мен қалдық қоқыстарды азайтуға бөлінетін қаржы.
2.Зиянды заттарды залалсыздандыруға және оларды жоюға жұмсалатын
қаржы.Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады:
Экономикалық аспектісі – адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен
роль атқаратындығымен анықталады.
Сауықтыру-гигиеналық аспектісі – ірі индустриалды аудан аймақтарындағы
табиғаттық жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік
қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында
ядерлік және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті
халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді.
Тәрбиелік аспектісі – табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас
дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды
жақтарын қалыптастырады.
Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын
табиғи кешендерді күту және сақтау.
Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны
бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән
учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау.
Табиғатты қорғаудың теориялық
негіздері
Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен
қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзарабайланыстылығы
мен өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет
атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген
басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір
құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.
Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар саласында табиғаттағы
өзарабайланыстар болатындығы туралы мәліметтер жинақталған,
бірақ ол туралы кең және терең жалпылау тек табиғат және қоғам
туралы диалектикалық-материализм дамығанда ғана пайда болды.
Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда
табиғатта болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу
қоғамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процессін
басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен
құбылыстардың өзарабайланыстарының сапалық және сандық
ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері
мен әдістерінің сипаты тәуелді.
Қазақстанның қазба байлықтары

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай.
Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде
вольфрам, қорғасын және барийдің қоры
бойынша бірінші орында, хромит, күміс және
цинк бойынша екінші, марганец және молибден-
үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын-
алтыншы,темір кені- жетінші, қалайы мен никель-
сегізінші, көмір мен табиғи газ –тоғызыншы,
мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының
үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір
бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология.
Алматы:Бастау,2003
2.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты
даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу
құралы. Астана 2010 жыл.
3. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат
пайдалану экономикасы. Оқу құралы -
Алматы: Экономика, 1999

Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық өндіріс және экономикалық ресурстар
Ресурстардың жіктелуі
Кәсіпорынның айналым құралдары
Сарқылатын ресурстар
Өндіріс шығындарына жататындар
Сарқылмайтын ресурстарды пайдалану
Табиғи ресурстар түрлерін тиімді қорғау шаралары. ҚР-ның табиғи және қазба байлықтары мен мәселелері
Өндіріс шығындары мен табысы
Ақпараттық қауіпсіздік
Табиғи ресурстардың классификациясы
Пәндер