Жұқпалы аурулар туралы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӨЖ
Тақырыбы:Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары, дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері. Халықтың карантин және обсервация кезіндегі жүріс-тұрыс тәртібі.
Орындаған:
Тобы:
Тексерген:

Жұқпалы аурулар
Жұқпалы аурулар - зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз - ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:
Ішек аурулары;
Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
Қан немесе трансмиссивті аурулар ;
Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.
Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.


Жұқпалы аурулардың алдын алу
Инфекциялық аурулардың алдын алу жолдарының ең басты ережесі жеке гигиены ұстану болып табылады. Өнімдерді пісірер алдында мұқият жуып отыру керек. Тамақтанудың алдында, дәретханадан шыққан соң және даладан келгеннен кейін міндетті түрде қолдарыңызды жуыңыз. Үй-жайды желдету, шаңды сүрту, едендерді тазалау, басқа адамдардың киімін кимеу және жеке гигиена заттарын қолдану қажет. Дұрыс тамақтанып, иммунитетті көтеру керек. Вирустық жұқпалы ауруларды алдын алуды ерте балалық кезеңнен бастау керек. Ағзаның вирустық инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттыру керек. Егер отбасыңызда ауру адамыңыз болса, оны сау баладан аулақ болатындай етіп оқшаулау керек. Бөлмеге үнемі ауа кіргізу патогендік вирустардың санын азайтуға көмектеседі. Науқас жеке ыдыс-аяқты, сүлгіні және сабынды қолдануы қажет.

Дезинсекция және дератизацияны жүргізу тәртібі
Жәндіктерді, буынаяқтыларды және кеміргіштерді жоюмен профилактикалық күрес шараларына:
1) өндіріс объектілерінде және оларға жапсарлас аумақтарда ветеринариялық-санитариялық шараларды сақтау;
2) өндіріс объектілерінде жүйелі профилактикалық дезинсекция және дератизация жүргізу кіреді.
Профилактикалық дезинсекцияны профилактикалық дезинфекциямен бір уақытта немесе тікелей одан кейін ветеринариялық препараттардың үйлесімділігін ескере отырып жүргізеді. Кеміргіштермен күрес профилактикалық іс-шаралары жемшөп, тіршілік ету және көбею орындарына жетуге кедергі жағдайлар құрудан тұрады.
Дезинсекция, дератизацияның алдында:
1) жәндіктері, бунақаяқтылары және кеміргіштері бар өндіріс объектілерін және орындарын тексереді;
2) кеміргіштердің тұтынатын жемшөбін, олардың негізгі жылжу (орнын ауыстыру) жолдарын анықтайды;
3) шаруашылық объектілірін кейіннен өңдеу үшін алдын ала механикалық тазалау жүргізеді.
44. Жәндіктерге және басқа буынаяқтыларға қарсы өңдеудің үш типі қолданылады:
1) жаппай өңдеу - жәндіктердің барлық түрі бар қоймаларда және іргелес аумақтарда жүргізіледі;
2) тосқауылдық өңдеу - белгіленген аумақтың айналасында қоршалған аймақ құру. Белгіленген аумаққа жәндіктердің кіруіне кедергі келтіретін тосқауыл құру үшін жүргізіледі;
3) микроошақты өңдеу - эпизоотиялық ошақта және оған іргелес жатқан аумақтағы дезинсекция. Таралу көзі жәндіктер болып табылатын жануарлар ауруларын тіркеу кезінде жүргізіледі. . Дератизациялау уланған қармақжемдерді жаю, тозаңдату газдау әдістерімен физикалық, механикалық, химиялық әдістермен жүргізіледі. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен және ветеринариялық препараттардың қасиеттерімен айқындалады. Дезинсекция, дератизация бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін шаруашылық объектісін жәндіктердің, буынаяқтылардың және кеміргіштердің өліктерінен кейіннен оларды кәдеге жарата (жоя) отырып механикалық тазалау жүргізіледі

КАРАНТИН- АУРУ ОШАҒЫН
ТОЛЫҚ ОҢАШАЛАУ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ
АУРУДЫ ТОЛЫҚ ЖОЮДЫ
ҚАРАСТЫРАТЫН ШАРАЛАР ЖҮЙЕСІ.
КАРАНТИН ОШАҒЫНДАҒЫ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ШАРАЛАР:
Зақым ошағын оқшаулау, бұл үшін ошақты қарулы
түрде күзету;
Ауырған немесе ауруы мүмкін адамдарды алдын ала
анықтау, байланысқан адамдарды бақылауға алу;
Оларды оқшаулау және емдеу;
Шұғыл профилактикалық шаралар
жүргізу(вакцинация) немесе егу;
Халықты және жасақтардың адам құрамын
санитарлық тазартудан өткізу;
Аймақты, ғимараттар мен техниканы дезинфекциялау;
Зақым ошағына кіруге, одан шығуға және мүліктерді
алып шығуға тыйым салу;
ОБСЕРВАЦИЯ - ЖҰҚПАЛЫ
АУРУЛАРДЫҢ ТАРАУЫН
БОЛДЫРМАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
ОҢАШАЛАУ - ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ,
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР
ЖҮЙЕСІ.
Обсервацияны жүзеге асырғанда
ауру аймағына кіруге және одан
шығуға шектеулер қоюға
берілгенімен, режим шараларының
жүргізу қатаңдығы, карантин
кезіндегіден сәл кем болады.
Карантин мен обсервацияның
мерзімі инкубация кезеңінің
ұзақтығына байланысты және соңғы
ауруды оқшаулау кезінен бастап
саналады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. - Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл.
Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық) . Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А. -Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994- 506 бет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz