Жылқының вирустық энцефалиті: эпидемиологиясы, диагнозы, емі және алдын алу шаралары


Slide 1

Жылқының энцефалитін балау және індетке қарсы шаралар

Slide 2

Жылқының делбесі немесе вирустық энцефалит (Encephalitis virali equorum) - орталық жүйке жүйесі мен ішек-қарынның зақымдануымен, дененің сарғаюы және жоғары өлім көрсеткішімен сипатталатын, жіті өтетін ауру.

Slide 3

Делбенің қоздырушысы тоговирустар тұқымдастығының альфа және флавивирустар туыстастықтарына жататын арбовирустар.

Slide 4

Төзімділігі. Кептірілген делбе вирусы тоңазытқышта 2-4°С-та 4-12 жыл, 30% глицеринде 14-18°С-та 3-6 ай, қараңғы қорада 10°С-та бір жыл бойы сақталады, Күн сәулесі 4-8 сағат, 65°С-та 10 мин., қайнатқанда бірнеше се- кундта, кәдімгі дизенфектанттар 10 мин. ішінде вирустың белсенділігін жояды. Формальдегидке вирус сезімтал, ультракүлгін сәуленің әсерінен 1 мин. зарарсызданады.

Slide 5

Негізінен масалар, кейбір түрін кенелер таратады.

Slide 6

Делбе басқа да вирустық энцефаломиелиттер сияқты нағыз табиғи ошақты трансмиссивтік аурулар қатарына жатады.

Індет жазғытұрым басталып, жаздың соңында шегіне жетіп, салқын түсе бәсеңдейді. Ауру әсіресе, масасы көп ылғалды, сазды жерде, мал жайылымда болғанда жиі байқалады.

Slide 7

Делбенің ерекшелігі оның бір жерде энзоотия ретінде тұрақты орын тебуі.

Індеттің тұтанған жағдайында жылқылар 100%-ға дейін ауруға шалдығып, оның 0-50%-ында клиникалық белгілері білініп, өлім көрсеткіші 0-25%-ға, кейде 50%-ға жетеді.

Slide 8

Вирус жылқының денесіне қан сорғыш жәндіктер арқылы енеді, қан мен сөл арқылы әр түрлі ағзаларға түседі. Миға өткен вирус мидың қыртысы мен қыртыс астындағы қабыну процестерін тудырады

Slide 9

Жасырын кезеңі 3-10 күн. Ең басты клиникалық көрінісі - жүйке жүйесінің зақымдануы.

Slide 10

Мида қан тамырларын қан кернеп, кейде домбығу байқалады, ноқатты қанталаулар кездеседі, жүйке жүйесіндегі өзгерістер дегенеративті бағытта болады.

Slide 11

Жалпы балау індеттанулық, клиникалық, гематологиялык және патологиялық-анатомиялық деректерге және гистологиялық зерттеудің нәтижесіне негізделеді.

Вирусты айқындау үшін жеткілікті жолға қойылған серологиялық әдістер: КБР, мидың антигенімен ДПР және гемагглютинацияны тежеу, сонымен қатар жасуша өсінінде бейтараптау реакциясы, жағындыдағы иммунофлуоресценция қолданылады.

Slide 12

Емі. Ауру жылқыны оқшаулап, қараңғы, кең қорада, мол төсеніште ұстайды. Жануардың тік ішегін тазалап, қуығына катетер жіберіп, босатып, массаж жасайды. Зонд арқылы қарынына тәулігіне 2 рет 100-150 г натрий сульфатын суға езіп жібереді, тері астына 4-6 сағат сайын 20 мл камфора майын, көк тамырына 25 г уротропин, 20 г калыций гидрохлоридін 400 мл физиологиялық ерітіндіде ертіп жібереді. Оксигенотерапия жақсы нәтиже береді. Көк тамырға ас тұзының 200 мл гипертониялық ерітіндісін беру (2-3 тәулік аралатып) емнің нәтижесін арттырады.

Slide 13

Венесуэла энцефалитіне аттенуацияланған вирустың ТС-83 штамынан даярланған вакцина, шығыс және батыс энцефалиттеріне қарсы бивалентті өлтірілген вакцина, жапон энцефалитіне тышқанның миынан алынған фармоловакцина қолданылады.

Slide 14

Ауру шыққан пунктке карантин қойылады. Барлық жылқыны клиникалық тексеруден өткізіп, әсіресе, кілегейлі қабықтарына көңіл аударып, температурасын өлшейді. Ауырған және күдікті жануарларды оқшаулап, емдейді. Жазылған жылқыны бір ай бойы мінуден, жегуден босатады. Карантинді ең соңғы ауырған мал жазылғаннан немесе өлгеннен кейін 40 күн өткенде қорытынды дезинфекция жасаған соң алады.


Ұқсас жұмыстар
Ботулизм: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын-алу шаралары
Альвеококкоз: морфологиясы, даму циклі, эпидемиологиясы, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары
Түйнеме (Сібір жарасы): этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, емі және алдын-алу шаралары
Аусыл ауруы: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагнозы, емі және алдын алу
Балалар инфекцияларының эпидемиологиясы мен алдын алу шаралары
Ішек және жұқпалы аурулардың түрлері, эпидемиологиясы және алдын алу шаралары
Сіреспе: клиникасы, емі және алдын алу шаралары
АИВ инфекциясы (ЖПИЖС): эпидемиологиясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу
Жылқылардың вирустық артериті: қоздырғышы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Шистосомоз: этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz