Шошқаның дизентериясын балау


Slide 1

Шошқаның дизентериясын балау

Slide 2

Дизентерия (Dyzenteria suum, дизентерия) - жұғымтал келіп, тоқ ішектің дифтериялы-геморрагиялық және өліеттеніп қабынуымен, қан аралас іш өтумен, арықтаумен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Slide 3

Ауруды алғаш анықтап жазған 1921 жылы американ ғалымы С. Р. Дойль болды. Алғашқы деректер жарияланғаннан кейінгі 50 жыл ішінде бұл аурудың негізгі қоздырушысы анықталмағандықтан, баспа бетінде әр түрлі атпен (вибриоз, балантидиоз, спирохетоз, т. б. ) аталып келді.

Slide 4

Қоздырушысы - Borrelia hyodysenteria - Treponemataceae тұқымдастығының Borrelia туыстастығына жатады. Ұзындығы 6-9 мкм, көлденеңі 0, 3- 0, 4 мкм, грамтеріс, ауасыбағасыз спирохета, сұйық ортада жылан сияқты қозғалады. Анилин бояуларымен, соның ішінде генцианвиолетпен жақсы боялады. Микроб тек қана ауасыз ортада өседі. Өсіру үшін триптикалык соя қосылған агар мен сорпа пайдаланылады.

Slide 5

Төзімділігі. Микроб сыртқы орта жағдайына төзімсіз. Шошқаның қиында 18°С-та 6 тәулікке, 4°С-та 3 апта сақталады. Мұздатылған зардапты материалда 2 айға дейін уыттылығын жоймайды. Дезинфектанттардан 2-3% күйдіргіш натрий, 2% формалин, 20% жаңа сөндірілген әктің тұнбасы қолданылады.

Slide 6

Індеттік ерекшеліктері. Дизентерияға шошқа жасына, тұқымына қарамастан бейім келеді. Бірақ, қалыпты жағдайда көбінесе 1-6 айлық торайлар жиірек ауырады. Ауру жылдың кез келген уақытында шығуы мүмкін болғанмен, көбінесе күзгі-қысқы маусымда жиірек кездеседі.

Ауру қоздырушысының бастауы - ауру, ауырып жазылған микроб алып жүруші шошқалар. Олар қоздырушыны сыртқы ортаға нәжіс арқылы бөледі.

Slide 7

Дерттенуі. Боррелийлер шошқа организміне қоректік жолмен енгесін тоқ ішекке жетіп, оның кілегейлі қабығына жабысады. Бактериялардың белгілі бір бөлігі өліп, олардан кілегейлі қабықты тітіркендіретін аллергендер бөлініп шығады. Оның әсерінен кілегейлі қабық қабынып, өткізгіш қабілеті өзгеріп, қоздырушылар көптеген мөлшерде ішектің терең қабаттарына еніп, ол жерде морфологиялық өзгерістер туғызады. Әсіресе бокал тәрізді торшалар көбейіп, ішек секрециясы бұзылып, дисбактериоз қалыптасады. Осылардың әсерінен пайда болған улы заттар қан арқылы ішкі мүшелерге еніп, оларда дис- трофиялық және функциялық өзгерістер өрбиді.

Slide 8

Тоқ ішектегі зардапты өзгерістер бірнеше сатыдан өтеді:

жіті түрде катарлы қабыну;

ішектің кілегейлі қабығында фибриннің шоғырлануына әкелетін геморрагиялық-дифтериялық қабыну;

кілегейлі қабықта уытты жаралардың пайда болып, жазылып, тыртықтануына әкелетін фибринозды-өліеттеніп қабыну.

Slide 9

Өтуі және симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі 2 тәуліктен 3 айға дейін созылуы мүмкін. Аурудың негізгі клиникалық белгісі катарлы қан аралас іші өтуі. Клиникалық белгілердің біліну және пайда болу уақытына байланысты аурудың аса жіті, жіті, жітіден төмен созылмалы түрлерін ажыратады.

Slide 10

Аурудың жіті түрінде әуелінде аздап қызуы көтеріліп (40-40, 5°С), кейіннен қалпына келеді, ал кейбір жануарда қызуы 41 °С дейін жетіп, 2-3 күн сол деңгейде болады. Ауырған шошқалардың азыққа тәбеті төмендеп, кейде құсып, шөлі қанбай, жүрісі бұзылады. Нәжісінің түрі өзгеріп, әуелі сарғыш-сұр түстес, кейіннен сұйылып, шырыш, қан араласып, күңгірт-қоңыр түске боялады. Қан аралас іші өту көбінесе сақа шошқаларда кездеседі, ал 6 аптаға дейінгі торайларда ауру зілді түрде өтіп, 100% шығынға ұшыратады.

Slide 11

Жітіден төмен түрінде де аурудың негізгі белгісі іші өту болғанымен, малдың организмі сусызданып, шөліркеп, салмағын жоғалтып, жылдам әлсірейді. Торайлардың көпшілігі 10-15 күнде өліп қалады.

Slide 12

Аурудың созылмалы түрі көбінесе сақа шошқаларға тән. Оларда іш өту, іш қату кезек байқалып, арықтап, терісінде қышыма бөріткендер пайда болады. Кейбір жағдайда ауру сальмонеллез, пастереллезбен асқынады да, өліммен аяқталады.

Slide 13

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексе сусызданған, арық және негізгі өзгерістер қарын мен тоқ ішекте кездеседі. Аурудың жіті түрінде қарынның, аш ішектің кілегейлі қабығы қызғылт тартып, шырышпен жабылады, aл тоқ ішектің кілегейлі қабығында геморрагиялық қабыну кездеседі. Ішектің ішіне қоңыр не қызғылт сұйық жиналады. Аурудың соңғы кезеңінде тоқ ішек және соқыр ішектің кілегейлі қабығын жұқа фибринді жалқаяқ жауып жатады. Оны сыдырып алғанда кілегейлі қабықтан қан ұйылуларды, ойық жараларды көруге болады.

Басқа ағзаларда өзіндік өзгерістер байқалмайды. Сөл түйіндері сәл үлғайып, қызғылт тартады. Бауырда дистрофиялық өзгерістер, кейде өкпеде қабыну ошақтары кездеседі.

Slide 14 Slide 15

Балау. Зертханалық зерттеуге ауырған малдың нәжісін немесе тік ішектің қырындысын алады, ал өлекседен өзгерістер байқалған тоқ ішектің кесіндісін жібереді. Микроскоппен қарау үшін тоқ ішектің кілегейлі қабығының кесіндісін физиологиялық ерітіндіде шайқап, содан кейін езіңді дайындайды. Езіндіден төсеніш шыныда препарат дайындап, оны фазалық немесе қараңғыланған микроскоппен көру әдістерімен зерттейді. Оң нәтиже болған жағдайда, көріну алаңынан көптеген дизентерия қоздырушыларын байқауға болады.

Slide 16

Сондай-ақ, зардапты материалдан жағынды дайындап, Грам әдісімен бояп, гисталогиялық зерттеулерде тоқ ішектің қабаттарындағы өзгерістерге; эпителий торшаларының азайып, сиреуі, бокал тәрізді торшалардың көбеюі, үстінгі жағында фибрин мен шырыштан жалған мембрана түзліуіне көңіл аудару керек.

Slide 17

Ажыратып балау. Дизентерияны обадан, вирустық гастроэнтериттен, сальмонеллезден, колибактериоздан, жұқпайтын гастроэнтериттердең ажырату керек.

- Оба көбінесе тез тарап, кең ауқымды індет, лаң түрінде өтеді және шошқалар жасына қарамастан ауырады. Патологиялық-анатомиялық өзгерістерден геморрагиялық қанталаулар, көк бауырда инфаркт ошақтары, тоқ ішекте “бутондар” кездеседі.

- Вирусты гастроэнтерит көбінесе жас торайларда кездеседі әрі аса жұғымтал келеді. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер аш ішекте болып, нәжісіне қан араласпайды.

- Сальмонеллезде тоқ ішекте казеозды (іріміктену) өзгерістер болып, ауру жай өрбиді.

- Колибактериоз көбінесе жаңа туған торайларда кездеседі.


Ұқсас жұмыстар
Шошқаның африкалық обасы
Шошқаның вирустық трансмиссивтік гастроэнтериті, жұқпалы атрофиялық риниті, энзоотикалық пневмониясы, дизентериясы вет. сан іс-шаралар жоспарын жасау
Ауески ауруы
Вирустық транмисивтік гастроэнтеритті балау және індетке қарсы шаралар
Ауески ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Шошқаның атрофиялық ринитін дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Сібір жарасы. Сібір жарасының белгілері
Асфавирустар туғызатын ауруларды диагностикалау
Тенуиколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
Малдың арықтауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz