Alfortia edentatus жұмыр құртының балаусасы



Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
Ценуроз, альфартиоз, эхинококкоз, стронгилятоз
Алматы, 2018жыл

Бұл аурулар тобының қоздырушылары таспа құрттар (цестодалар) тобына жатады. Цестодалар аралық иелердің қатысуымен өсіп-өнеді. Ауыл шаруашылығы жануарлары бұл құрттардың біреулерінің дефинитивті иесі, ал екіншілерінің аралық иелері болып табылады. Яғни, жануарлар цестодоздарының бір бөлігін жыныстық тұрғыдан жетілген ересек таспа құрттар қоздырады да, екінші бөлегін - олардың балаусалары қоздырады (ларвальдық цестодоздар) .
Цестодоздар

Ми ценурозы («айналма») - ми затының атрофияға ұшырауымен, қабынуымен сипатталатын, кең таралған ларвальдық цестодоз.
Ауруға қой, ешкі, сиыр, қодас, сирегірек түйе, шошқа, жылқы, кейде адам да шалдығады

Этиологиясы мен дерттенуі. Ауруды Multiceps multiceps таспа құртының балаусасы Сoenurus cerebralis қоздырады. Бұл ларвоциста (балауса) диаметрі 10 см дейін жететін, домалақ немесе сопақша пішінді, қуысы сұйықпен толған торсылдақ. Торсылдақ қабығының ішкі бетінде жай көзге ақшыл түйірлер түрінде көрінетін ондаған-жүздеген сколекстер болады.
Ересек құрт М. multiceps иттің, ит тұқымдас жыртқыштардың аш ішегінде тоғышарлық тіршілік етіп, сыртқы ортаға нәжіспен бірге жұмыртқалар шығарады да, олар шөппен немесе сумен бірге қойдың, т. б. аш ішегіне жетіп, олардан босанған ұрық (онкосфера) қанға еніп, бүкіл организмге таралады. Алайда, тек миға, жұлынға енген ұрық өсіп, дамып, ларвоцистаға - торсылдақ балаусаға айналады.
Дерттену паразиттің механикалық және уландыру әсерінен болады. Қан қылтамырларынан миға өткен ұрпақ құрт өрмені жарақаттап, қанталатады, ми затын бүлдіреді, қабындырады. Көлемі бірте-бірте ұлғаятын торсылдақ балауса ми затын жаншып, атрофияға ұшыратады. Мал жүдеп, титықтайды.

Патологиялық морфологиясы. Аурудың жіті сатысында (көптеген онкосфералардың миға ену кезеңі) ми жарты шарының сыртқы қабатында (кора), кейде мүшенің діңгек бөлегінде көптеген қанталаулар мен ұзындығы 1-2 мм ирелеңкі сарғыш тартпалар байқалады. Ми затын домбығу сұйығы кеулейді, қарыншалар мен ми сауытында лайсаң сұйық жиналады. Микроскоппен зерттегенде ми жылғаларының тереңінде қанталау ошақтары мен торшалар шоғырлары көрінеді. Аурудың жіті сатысының соңына таман бірен-саран диаметрі 1, 5 - 2 мм ценурус торсылдағы кездеседі, олардың айналасында іріңсіз энцефалитке тән тамырлық және глиялық өзгерістер байқалады.
Аурудан өлген немесе лажсыздан өлтірілген мал миында бір немесе бірнеше торсылдақ (ларвоциста) болады. Олар көбінесе мидың оң жақ жарты шарының маңдай, төбе және қарақұс бөліктерінде, қапталдық қарыншаларда, сирегірек мишықта, сопақша ми мен жұлында орналасады. Ми сандығын ашқанда қасаң қабықтың тікелей астында ми жарты шарының азды-көпті бөлегін, кейде ¾ -ін алып жатқан торсылдақ көңіл аударады.

Өлген малды сойып-зерттеу нәтижелері клиникалық деректерді ескере отырып ценурозға патоморфологиялық диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Ценурозды эстроздан, құтырықтан, листериоздан ажырату қажет.
Ценуроз кезіндегі мидағы ценурус торсылдағы

Ларвальдік эхинококкоз - көбінесе бауыр мен өкпеде, сирегірек басқа мүшелерде де қуысы мөлдір сұйықпен толған торсылдақтардың пайда болуымен сипатталатын инвазиялық ауру.
Ауруға қой, ешкі, сиыр, шошқа, түйе, сирегірек жылқы, басқа да сүтқоректілер шалдығады. Ауру кең таралған. Адамға да жұғады.

Қоздырушысы мен дерттенуі. Ауруды иттің, қасқырдың, түлкінің аш ішегінде күнелтетін эхинокок таспа құртының балауса сатысы - Echinococcus granulosus larva (E. unilocularis) қоздырады. Таспа құрттың ит нәжісімен бірге сыртқы ортаға шығып, сумен, қоректік затпен бірге қойдың не басқаның ішек-қарынына өткен жұмыртқаларынан босанған онкосфералар қанға еніп, организмге таралады да, әртүрлі мүшелерде аялдайды. Олардан эхинокок торсылдактары қалыптасады. Бұл процесс өте баяу өтеді. Тек үш аптадан кейін ғана дәнекер өрмемен қапшықталған өлшемі 0, 3 мм торсылдақтар көзге ілігеді. 3 - 4 ай ішінде олардың көлденеңі 40 - 50 мм - ге жетеді. Эхинокок торсылдактары мүшені жаншып, оны атрофияға ұшыратады. Торсылдақтарда ұрпақ торсылдақтар, сколекстер пайда болады. Зақымданған мүшені ит жұтқан жағдайда ішекте таспа құрттар пайда болады.


Патологиялық анатомиясы. Эхинокок торсылдақтары жұқа қабырғалы, домалақ пішінді, қуыстары мөлдір түссіз сұйықпен толған ақшыл не сарғыш түсті құрылым. Торсылдақтардың ішінде екінші және үшінші кезекті торсылдақтар, олардың әрбіреуінің қабырғасының ішкі бетінде көптеген сколекстер болады. Мүшедегі торсылдақтар саны көп болған жағдайда олар майда келеді. Торсылдақтар тауық жұмыртқасындай, оданда көлемді болуы мүмкін. Торсылдақтар реактивтік қабықпен қоршалған. Олоз кезегінде үш белдеуден тұрады. Ішкі белдеу цилиндр пішінді эпителиоциттерден және бірен-саран көпядролы алып торшалардан, ортаңғы белдеу лимфоциттер мен эозинофильдерден, фибробластардан, сыртқы белдеу талшықты дәнекер өрмеден тұрады. Уақыт өте келе дәнекер өрмелі қабықтың ішкі бетінде тек өлі заттан тұратын белдеу ғана байқалады.
Торсылдақтардың меншікті жұқа қабығы екінші кезекті торсылдақтарды, сколекстерді өндіруге қабілетті.
Эхинокок торсылдақтары әдетте бауыр мен өкпеде, сирегірек бүйректе, талақта, жүректе байқалады. Мүшенің бетіне таман орналасқан жекеленген торсылдақтар томайып шығып тұрады. Бауырда және тағы басқа мүшелердегі эхинокок торсылдақтарының саны мыңдаған болуы мүмкін. Қалыпты жағдайда 5-6 кг болатын сиыр бауырының салмағы торсылдақтар есебінен артып, кейде 40 - 70 кг- ға жетеді.
Өлшемі 0, 5 см ересек таспа құрттар - эхинококтар иттің жіңішке ішегінде бос немесе кілегейлі қабыққа ене жатып, оны катарлы қабындырады. Иттегі олардың саны мыңдаған болуы мүмкін.

Эхинококкоз кезіндегі пайда болған торсылдақтар

Жылқының стронгилятоздары - ересек кезінде тоқ ішекте күнелтетін, балауса кезінде организмді шарлайтын делафондия, альфортия және стронгилюс атты нематодалар тудыратын аурулар.

Жылқының делафондиозы - алдыңғы шажырқайлық артерияның ұйысуға (тромбозға) және аневризмаға ұшырауымен сипатталатын жылқы және есек ауруы.

Этиологиясы мен дерттенуі. Ауруды Strongylidae тұқымдастығына жататын Delafondia vulgaris нематодасының балаусасы қоздырады.
Жылқының тоқ ішегінде күнелтіп жатқан ересек делафондиялар жұмыртқалары нәжіспенен бірге сыртқы ортаға шығады да, олардан босанған балаусалар бір аптаның ішінде малға жұғу қасиетіне иеленеді. Сумен, азықпен бірге жұтылған олар ішек қабырғасы арқылы шажырқайлық артерия тармақтарына енеді де, қан ағысына қарсы қимылдап отырып, шажырқай түбіріндегі артерияның басталар бөлегіне жетеді. Интиманы жарақаттап, артерияны қабындырады. Процесс одан әрі ұйысуға, аневризмаға ұласады. Балаусалар қолқаның көкіректік бөлігіне жетуі мүмкін. Ұйыста түлеген балауса қан ағысымен тоқ ішек қабырғасының кілегейлі қабық астындағы қабатқа жетіп, ол жерде 3 - 4 апта бойы аялдап, көлемі бұршақтай түйіндердің қалыптасуына әкеледі. Одан әрі ішек қуысына өтіп, ересек нематодаға айналады.

Жылқының альфартиозы - құрсақ қуысы ылғалды қабығының қанталауларға, қабынуға (перитонитке) ушырауымен сипатталатын, Alfortia edentatus жұмыр құртының балаусалары қоздыратын инвазиялық ауру. Ауру жас және кәрі малда зілдірек өтеді.
Alfortia edentatus жұмыр құртының балаусасы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz