Сиыр лейкозы




Презентация қосу
Сиыр лейкозы
Сиыр лейкозы (Leicosis bovum, лейкоз
крупного рагатого скота) – қатерлі ісік
шалу негізінде жетілмеген қан түзу және
лимфоидты торшалардың шамадан тыс
көбейіп, әр түрлі ағзаларды жайлап алуы
және ісікті ұлпалардың пайда болуымен
ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Лейкоз туралы алғашқы хабарлар
Германияда бұл дертке адам (Р. Вирхов, 1845), жылқы
мен шошқа (Лейзеринг, 1856), сиыр (Зидамгродский,
1876) шалдығатындығы туралы басылды. Қазіргі
уақытта бұл ауру барлық жануарларда, соның ішінде
салқын қандыларда да (балық, рептелий ) анықталып
отыр. Лейкоз дүние жүзінің барлық елдерінде
кездеседі, әсіресе АҚШ, Орталық және Солтүстік
Европада, Таяу Шығыста кең тараған. Сиыр лейкозы
Қазақстанда 60 -7 жылдары Балтық жағалауындағы
елдер мен Белоруссиядан әкелінген сиырлар арқылы
тарады.
Қоздырушысы – Bovin leucosis onkovirus –
Retroviridae туыстастығына Onkarnoviridae туыстық
тармағына жатады. Құрамында РНҚ бар, көбейгенде
ДНҚ көшірмесі бар провирус түзеді. Провирус иесінің
торшасындағы хромосоммен бірігіп, торшаның негізгі
қалпын өзгертіп, трансформацияға ұшыратады. Сиыр
лейкозының вирусы (СЛВ) онковирустардың С типіне
жатқызылып келеді. Соңғы зерттеулер бойынша оның
антигендік құрамы және жануіар организмінде сақталу
ерекшеліктері негізінде адамның Т- клеткалық
лейкозының қоздырушысымен бірге онковирустардың
ерекше Е типіне жатқызылу ұсынылып отыр
Төзімділігі. СЛВ сыртқы ортада төзімсіз.
Жоғары температураға сезімтал. 56 С-та 15
минутта жойылады. Сүт пастерленгенде 74
С-та 15 сек, ашыған кезде (p. H 4, 75)
зарарсызданады. Дезенфекциялау үшін
күйдіргіш натрий, формальдегид және т. б
дезинфектантар әтеттегі концентрациясында
пайдаланылады.
Індеттік ерекшеліктері. Сиыр лейкозының вирусына
сиырмен қатар буйвол, енеке, қой және ешкі бейім.
Қолдан жұқтырғанда қой сиырдан да гөрі тез ауырады.
Вирусты жаңа туған қозылардың организміне массаж
жасау арқылы оның лейкоз қоздыру қабілетін
арттыруға болады. Адамның лейкозы мен сиыр
лейкозының арасында байланыс анықталған жоқ.
Лейкозбен сиыр малының барлық тұқымының қай
жастағысы болмасын ауырады. Әйтсе де ауру 4 -8 жас
аралығында жиі байқалады. Басқа тұқымдарынан гөрі
қара-ала және қызыл тұқымды сиырлар бұл ауруға
бейім болады.
Лейкоз қоздырушысының бастауы – ауырған жануарлар.
Ауруға шалдыққан сиыр ауру белгісі біліне бастаған
мезеттен бастап вирусты сүт пен уыз арқылы бөлініп
шығарады. Туғаннан кейін вирус сүтпен немесе жанасу
арқылы беріледі. Жанасу тікелей немесе аралық себепкер
арқылы (жәндіктер, әр түрлі заттар мен аспаптар ) болуы
мүмкін. Лейкоз қоздырушысы кенелердің
лейкоциттерінде ұзақ сақталып, осы жәндіктер арқылы
сау малға берілуі ықтимал. Жатырдағы төлге енесінен
буаздықтың соңғы 6 айында беріледі. Әйткенмен де
жануарлар инфекцияға негізінен жанасу арқылы
шалдығады.
Вирус лимфоцитпен бірге болатындықтан қан жұққан аспаптар
ауру таратуда өте қауіпті. Болымсыз ғана қанның жұғыны
инфекция беру үшін жеткілікті. Жаппай қан алу, туберкулинмен
тексеру, т. б. шараларды жүргізгенде әрбір малға жеке ине
пайдалану қажет. Лейкоз сау шаруашылықтарға негізінен ауру
тараған аймақтан өсімге әкелінген жас төл арқылы тарайды.
Аурудың шығуы үшін малдың лейкозға генотиптік (тұқымы),
фенотиптк (сүттілігі) бейімділігі айтарлықтай роль атқарады.
Індеттің таралу деңгейіне өсіріліп отырған сиыр тұқымының
ықпалы зор. Табиғатжағдайының, географиялық ортаның, жыл
мезгілінің лейкоздың шығуы мен таралуна әсері жоқ. Лейкоз кең
тарағында кейбір шаруашылықтарда ауруға шалдығу көрсеткіші
10 -20%, ал өлім көрсеткіші 15%- ға дейін жетеді.
Дерттенуі. Лейкоз вирусының геномы иесінің
лимфоидтық торшаларында өмір бойы
сақталыпп, өсіп-өнген торшалардың келесі
ұрпақтарына жетілген вирион стадиясына
ауыспай-ақ беріле береді. Ал бір торшадан
баасқа торшаға «cellular kissing»
(жасушалардың түйісуі) деп аталған құбылыс
арқылы беріле алады.
Өтуі мен симптомдары. Сиыр лейкозы негізгі екі
түрге бөлінеді: энзоотиялық және спорадиялық.
Энзоотиялық лейкоз бұл аурудың клиникалық және
патологиялық анатомиялық белгілері айқын білінген
түрі, негізінен ересек жануарларда 5 -8 жас
аралығында жиі байқалады. Жасырын кезеңі табиғи
жағдайда 2 -6 жыл, қолдан жұқтырғанда 2 айдан 2
жылға дейін. Клиникалық белгілерінің айқындалуы 3
кезеңге (байқалғанға дейінгі, бастапқы жайылған
ижәне титықтаған) бөлінеді.
Сиыр лейкозының клиникалық белгілері
Спорадиялық лейкоз сирек кездеседі, оған 3 жаска
дейінгі жас малдар шалдығады. Спорадиялык лейкоз 3
түрге бөлінеді: бұзаудың, тимустық және терідегі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Энзоотиялык
лейкоздың екі патологиялык-анатомиялык түрі болады,
Біріншісі лимфоциттердің қан түзу ағзаларына
шоғырланып, дерттің сүйек майына шабуымен
сипатталады. Мұндай лейкоз қан торшаларының басым
түрлеріне байланысты лимфоидты, миелеоидты, шала
түрленген (гемоцитобластоз), түрленбеген
(дифференцияланбаған) деп аталады.
Екінші түрі лимфосаркома, ретикулосаркома,
лимфогранулеметоз түрінде сөл түйіндерін, көк
бауырды және баска да лимфоидты ұлпаларды
зақымдайды.
Өлексені сойғанда қан түзу мүшелерінде,
сірі қабықтарда, ішекте, жүректе, бауырда,
бүйректе, жатырда және басқа ағзаларда
ошақты немесе шашыранды пролиферация
(азғындаған) жасушалардың шоғырлану
байқалады. Лейкозға тән өзгерістер
гистологиялық зерттеулер арқылы
айқындалады.
Сиыр ұшасының лимфа түйіндеріндегі ісіну Сиыр талағы: 1- ауырған малдан, 2- сау малдан
Балау. Алдын ала диагноз індеттанулық деректерді ескере
отырып, клиникалық белгілері бойынша қойылады.
Клиникалық балаудың басты әдісі – гематологиялық
тексеру. Српорадиялық лейкоздың бұзаулық түрі лейкемия
арқылы, ал тимустық және терідегі түрлері лейкемияссыз
өтеді. Гематологиялық тексеру, әсіресе, энзооотиялық
лейкоз кезінде құнды. Ауруға шалдыққан, бірақ, көзге түсер
клиникалық белгілері жоқ жануарлардың қанында
лимфоцитоз байқалады. Түпкілікті диагноз гистологиялық
тексерудің нәтижесінде патологгиялық-анатомиялық
әдіспен қойылады.
Лейкозды балау үшін диффуздық преципитация реакциясы, иммунды
флуоресценция реакциясының тура және тура емес нұсқалары,
латексагглютинация реакциясы, радиоиммундық талдау қолданылады.

Иммунды флуоресценция реакциясы (ИФР). Алғаш бұл әдісті Tolle мен
Gillette cиыр лейкозы әлі табылмай тұрып қолданған. ИФР-ң тұра емес
нұсқасы флуоресцинмен коньюгацияланған адам комплементіне қарсы
антиденені пайдаланғанда өте сезімтал.

Комплемент байланыстыру реакциясы (КБР). СЛ анықтау үшін КБР-ын
J.M. Miller ұсынған [4]. КБР-ын малдың гематологиялық көрсеткіштерімен
салыстырғанда, лейкозбен ауырған малдың қан сарысуындағы титры
жоғары, лимфоцитоз жоғарылаған сайын антидене титрі көбейеді. КБР-на
қатысатын антиденелер 4 структуралы белокқа қарсы бағытталған: gp 51,
gp 35, p 24, p 15. КБР-ң белгілі бір артықшылығына қарамастан, бұл әдістің
ИДР-ға қарағанда сезімталдығы әлсіздеу.
Иммуноферментті талдау (ИФТ). Ең алғаш Engvall
мен Perlmann ұсынған. ИФА вирусқа қарсы антиденені
анықтайтын серологиялық әдістің бірі. 1978 ж.
Ressang ИФТ-ы СЛВ антиденесін анықтау үшін
қолдануды ұсынылды [5].

ИФТ-ң телімділігін арттыру үшін Todd қан сарысуын
тексеру үшін вирустық антигенмен қатар бақылау
антигенін қолдануды ұсынды. Бақылау қан сарысуын
дайындағанда ауру жұқпаған қой эмбриоының бүйрек
торшасын пайдаланған ИФТ-да фосфотаза қолданады.
Авторлар пікірінше, ИФТ-ң сезімталдығы ИДР gp 51-
ге қарағанда 100 есе жоғары деп есептейді.
Ажыратып балау. Көптеген жіті және
созылмалы өтетін аурулар (туберкулез,
паратуберкулез, лептоспериоз, актиномикоз),
кезінде организмнің қорғаныс реакциясы
незінде қанда лимфоидтық рреакциялар
байқалады. Бұл реакциялар лейкозбен
салыстырғанда қысқа мерзімді, жануардың
күйі жақсарғанда қалпына келеді. Лейкоз
кезінде қандағы өзгерістер тұрақты болады
және жүйелік құрылымға әсер етеді.
Емі. Лейкоз кезінде емдік шаралар жұргізілмейді.
Ауру малдар сойылады.

Иммунитет. Лейкозға карсы иммунитет толык
зерттелген жоқ. Лейкоздың, вирусына қарсы қанда
антиденелер пайда болады. Олардың диагностикалық
маңызы болғанымен қорғаныс кабілеті күдікті.
Лимфоидты ағзаларды зақымдайтын болғандықтан
лейкозды иммунодефицит ауруларының қатарына
жатқызуға негіз бар.
Дауалау және күресу шаралары. Лейкоздың алдын алу үшін сау
шүшаруашылықтарға сырттан мал әкелгенде, тек осы ауру жоқ
шаруашылықтардан алу керек және осы ауруға шалдыққан
малдары бар жерлермен шаоруашылық қатыныстарына шектеу
қойылады. Сау шаруашылықта лейкозды уақытылы анықтау үшін
2 жастан бастап ірі қараны жылына 1 рет лейкозға клиникалық,
гематологиялық тексеру қажет, ал 6 айдан асқанда серологиялық
әдіспен жылына 1 рет, аталық бұқаларды жылына 1 рет
серологиялық әдіспен (ДПР) және қанын гематологиялық
тексеріп, лейкоцитарлық формуласын шығарады. Лейкоз
анықталған жағдайда шаруашылыққа шектеу қойылады да,
сауықтыру шаралары қолданылады. Сауықтарудың негізі екі
жолы бар. Біріншісі, ауру шыыққан табынды түгелдей алмастыру.
Екіншісі, жүйелі түрде лейкозға тексеріп (клиникалық,
серологиялық) ауруға шалдыққан малды оқшаулап, сояды.
Лейкозбен ауырған сиыр сүтін 5 мин қайнатып,
бордақыланатын малға беріледі. Ауруға күдікті
сиырдың сүтін 5 мин қайнатып немесе 85 С-та 10 мин
пастерлеп тағамға пайдаланады. Лейкозбен ауырған
малдың ұшасы, егер борша еттері мен ішкіі сөл
түйіндері ошарланып зақымданса, техникалық
утилгүе жатқызылады. Егер борша еттері
зақымданбаса, ет пен зақымданбаған ішкі ағзалары
қайнатылып залалсыздандырылады. Ауырған немесе
күдікті мал бөлініп әкелгеннен кейін қораны 2 -3%
күйдіргіш натрий ерітіндісімен зарасыздандырады.

Ұқсас жұмыстар
Ірі қара мал лейкозы
Лейкоз
Құс лейкозы
Біріктірілген иммун тапшылығы
Сиыр етін өңдеу және жартылай фабрикат
Ешкі сүті және ешкі сүтінің тағамдық құндылығы
САПАСЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ИГЕРУ
САУЫН СИЫРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ
Еттің қай мал түріне жататынын
Малдың түрі
Пәндер