Құстардың респираторлық аурулары




Презентация қосу
Құстардың респираторлық
аурулары
Тауықтардағы микоплазмоз
Құстардың респираторлық микоплазмозы
(Mycoplasma respiratoria avium,
респираторный микоплазмоз птиц) –
тауықтың, күрке тауықтың, т.б.
құстардың тыныс мүшелерінің
зақымдануымен сипатталатын, көбінесе
созылмалы өтетін жұғымтал ауруы.
Этиологиясы
Қоздырушысы – Mycoplasma galliseptica. Ауруға
көбінесе 2-4 айлық балапандар мен жұмыртқалай
бастаған мекиендер шалдығады. Ауру аэрогенді жұғады
және жұмыртқа арқылы тарайды (трансовариальді).
Жасырын кезеңі 2 күн - 2 ай. Микоплазмалар әуелі
жоғарғы тыныс жолдары кілегейлі қабықтарының
бетінде, эпителийінде және меншікті қабатында көбейіп,
дистрофиялық-қабыну процестерін шақырады, одан
кейін қанға өтіп, бүкіл денеге таралып, қан және лимфа
тамырларын зақымдап, көптеген мүшелерді
дистрофияға ұшыратады. Микроклиматтың
жайсыздығы, құсты тасымалдап, орнын ауыстыру
сияқты әсерлер аурудың қозуына cептігін тигізеді.
Дерттенуі
Микоплазмоз әдетте колибактериозға,
инфекциялық ларингит-трахеитке, инфекциялық
бронхитке қабаттасып, қосарланған инфекция
ретінде өтеді. Микоплазмалар әрекетінен
туындаған алғашқы өзгерістер кілегейлі қабықтар
бетінде әдетте болатын микробтардың ара-
салмағын бұзып, эшерхиялар басымдылық алып,
көбейіп, дерттік процесті зілдендіреді, қанға өтіп,
септицемияға әкеледі. Өлекседе байқалатын
фибринді серозиттер мен паренхималық
мүшелердегі, мидағы бүлінулер эшерихиялар
әрекетінен болады.
Патологиялық анатомиясы.
Өлекседе құстың арықтағаны, танау тесіктерінің
айналасында сұрғылт-қоңыр түсті қабыршақтар
байқалады. Танау қуысының, көмей мен
кеңірдектің кілегейлі қабықтары катарлы
қабынып, қызарады, ісінеді, серозды немесе
кілігейлі экссудатпен бүркеледі. Экссудат
құрамында фибрин ұйындысы болуы мүмкін.
Кілегейлі қабықтар ауру созылмалы өткенде
солғын тартады, майда түйірлі болады. Өкпенің
өзгеруі қанның молаюы, домбығу, катарлы
немесе крупозды қабыну түрлерінде байқалады.
Инфекция
қоздырушысы
ның қақпасы
Ауру жітілеу және созылмалы өткенде өкпеде
сұрғылт-сарғыш түсті өлі ошақтар, кейде
қапшықтанған секвестрлер болады. Ауа
қапшықтары әрдайым зілді өзгереді. Олардың
қабырғалары күңгіртенеді, қан тамырлары
білеуленеді, ішінде шамалы серозды-фибринді
сұйық болады. Аурудың ұзаққа созылуы
қапшық қабырғасының қалыңдауына,
лайлануына, арагідік өліге ұшырауына,
қуысының фибринді-сүзбетәрізді массамен
толуына, кейде дәнекер өрмемен бітелуіне
әкеледі. Көздің кілегейлі қабығы катарлы
қабынуы мүмкін.
Ауру колисептицемиямен асқынғанда
перикард, бауыр қабығы, сирегірек
көкірек-құрсақ қуысының бет пердесі
фибринді қабынады, бауыр мен бүйрек
нәруыздық дистрофияға, майлануға
ұшырайды, ішек-қарын катарлы
қабынады.
Гистологиялық өзгерістер
Ауру жіті өткенде тыныс мүшелері кілегейлі
қабықтарында тамырлардың қанмен толғаны,
эпителийдің дистрофияға ұшырап, кілегейдің
молайғаны, гистиоциттер, лимфоциттер және
плазмоциттер шоғырлары, лимфофолликулдардың
үлкейгені және көбейгені байқалады; ауру созыла
өткенде эпителиоциттер көбейіп, көпқатарлы эпителий
көпқабатты эпителийге ұқсайды, бездер әдетегі түтік-
альвеола пішінінен айырылып, ұзарып, түтіктерге
айналады, емізікшелер пайда болады. Өкпеде
лимфоциттер, гистиоциттер және плазмоциттер
инфильтраты, лимфоциттік фолликулдардың
ұлғайғаны және көбейгені байқалады.
Кейде өкпеде катарлы немесе фибринді
қабыну ошақтары, өлі ошақтар,
секвестрлар және алып торшалық реакция
болады. Ауа қапшықтары қабырғаларында
лимфоциттік фолликулдардың көбеюінен
басталған дерттік процесс серозды немесе
фибринді қабынуға ұласады. Фибринді
аэросаккулит недәуір жиі дифтериялық
түрде болады да, ауа қапшығының
қабырғасы қалыңдайды, онда алып
торшалар мен лейкоциттерден тұратын
дуалмен қоршалған өлі ошақтар пайда
болады.
Балау
Клиникалық-індеттанулық деректерді
ескере отырып, өлекселерді сойып-
зерттеу нәтижелері бойынша қойылған
алдынала диагноз гистологиялық,
бактериологиялық, серологиляқ
зерттеулер нәтижелерімен расталады.
Ажыратып балау
Респираторлық микоплазмозды А-
авитаминоздан, инфекциялық
бронхиттен, инфекциялық
ларингиттен, шешектің дифтериялық
түрінен, колисептицемиядан,
пастереллезден, жұқпалы тұмаудан,
аспергиллезден ажырату керек
Назарларыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Инвазиялық аурулар жөніндегі ілім. Инвазиялық аурулардың номенкулатурасы
Құстардың инфекциялық бронхиті ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Жануарлар арасындағы ауру әлемнің көптеген елдерінде, оның ауруы
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ пәні
Тағамдық жұмыртқаны жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларда ветеринариялық санитариялық сараптау
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев Атындағы Мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі ШЖҚ КМК
Құстардың дорсальды аурулары
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
МҰРЫНЖҰТҚЫНШАҚ КӨМЕЙ
Экогенетикалық ауруларға себеп болатын факторлар және туындайтын аурулар
Пәндер