ҚОЙДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ


Slide 1

Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы

Slide 2

Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы немесе жыбырлақ (Enterotoxemia infectiosa ovium, инфекционная энтеротоксемия овец) - геморрагиялық энте- ритпен, бүйректің зақымдануымен, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен, дененің жалпы улануымен ерекшеленетін, өте ауыр өтетін жұғымтал емес ауру.

Slide 3

Тарихи деректер. Бұл ауру Қазақстанда "жыбырлақ" деген атпен ерте- ден белгілі. Арнайы басылымда "жұмсақ бүйрек" аталып 1910 ж Тасманияда сипатталды. 1926 ж Бейнете Австралияда қозының аш ішегінен қоздырушы микробты бөліп алып, Bacillus ovitoxicus деп атады. 1964 ж. Монғолияда бұл ауру түйеде анықталды. Ауырған түйелерден қоздырушы ретінде Cl. perfringens бөлініп алынды. Зерттеушілердің мэліметіне қарағанда түйеяің энтеротоксемиясы Арабия түбегінде және экваюрлық Африкада кездеседі.

Slide 4

Қоздырушысы - Cl. perfringens микробының әр түрлі типтері: негізінен Bac. oritoxicus атаііатын Д-типі, Bac. palud. is аталатын С-типі. Bac. ovitoxius қойдың энтеротоксемиясының негізгі қоздырушысы болып табылады, соны- мен қатар ешкілер мся бұзауларда да энтеротоксемия қоздырады. Bac. paludis қойдың энтеротоксемиясының қоздырушысы болумен қатар, түйенің энтеротоксемиясының негізгі қоздырушысы жэне ешкілер мен то- райларда да ауру қоздырады.

Slide 5

Қоздырушысы

Slide 6

CL. perfringens, әсіресе оның спорасы сыртқы ортада өте төзімді. Спо- ралары қайнатқанда 15-20 мин. өткенде өледі, топырақ пен суда 20 айға дейін, жүн мен теріде 2 жылға дейін сақталады. Дезинфекция үшін 5 % белсенді хлоры бар эк, 10%-ды 70°С-қа қыздырылған күйдіргіш натрий, 5-10% фор- мальдегид, 15% 70-80°С-қа қыздырылған күкірт-карбол қоспасын пайдаланады.

Slide 7

Індеттік ерекшеліктері. Жұқпалы энтеротоксемиямен табиғи жағдайда қойдан басқа сиыр, ешкі, түйе, жылқы, шошқа, жабайы аңдар ауырады. Қойда энзоотия, кейде спорадия ретінде өтеді. Аурудың маусымдылығы байқалады, көбінесе көктемде, сирегірек жаз бен күзде ұшырасады. Індеттің басты ерек- шелігі аурудың бір жерде тұрақтанып орын тебуі. Бір жерде оқтын-оқтын қай- таланып тұрады. Құрғақшылық жылдары ауру бэсеңдеп, жауын-шашын көп болғанда жиі байқалады. Аурудың қаулауын жас шөптің мол өсуімен түсін- діреді. Ауруға негізінен қоңы жақсы малдар шалдығады. Кей жылдары энте- ротоксемия қыстың күні де байқалады.

Slide 8

Энтеротоксемия токсикоинфекция ретінде көптеген мал түліктерінде кездеседі. Онымен жас төлдер: қозы, лақ, бұзау, құлын, торай жэне тауық ба- лапаны, сонымен қатар, ересек жануарлар да ауырады. Түйенің энтеротоксе- миясы қойдағы сияқты энзоотия ретінде байқалады.

Slide 9

CL. perfringens шөп қоректі жануарлардың ішегіндегі микрофлораның құрамына кіреді. Ішек зақымданса немесе оның моторикасы бұзылса, кенет- тен малдың рационы өзгерсе, мысалы, жаңа көкгеген шөпті көп жесе, клос- тридиялар қауырт көбейіп, ауру туғызады. Қоздырушының негізгі уыттылық факторы - оның бөліп шығаратын экзотоксиндері. Кейбір экзотоксиндер белсенді емес протоксиндер ретінде бөлінеді де, трипсин жэне басқа фермент- тердің немесе басқа микробтардың синергетикалық эсерінен белсенді күйге түседі. Қанға өткен токсиндер үлпершек ағзалардың паренхимасын, орталық жүйке жүйесін зақымдап, жалпы организмді улайды.

Slide 10

Өтуі мен симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі өте қысқа, бірнеше сағат қана, клиникалық байқалуы кенеттен басталады. Ең басты көзге түсетін белгісі - ауырған малдың қозғалыс координациясы бұзылып, денесі қүрысып, аяғын басып түра алмай қүлап қалады. Құлағаннан кейін аяқтарын бос сер- меп, бүлшық еттері қүрысып, жыбырлап жатады. Осындай айрықша белгілері, аурудың "жыбырлақ" атауына себеп болған. Бүндай қүрыстанумен қатар ауырган малдың мэңгіріп, есеңгіреп қалуы мүмкін. Энтеротоксемия аса жіті, жіті жэне жітіден төмен өтеді.

Slide 11

Acа жіті өткенде ауырған мал оттамай, сыртқы әсерге ешқандай қатысы болмай, іші кеуіп, аяқ астынан тәлтіректеп қүлайды, дірілдеп, қалшылдап, тісін қышырлатып, ентігіп, ауызынан көбік, мүрынынан сора ағып, іші өтеді. Көп ұзамай өліп қалады. Кейде отардағы қойдың 40 % қырылады.

Slide 12

Клиникалық белгілері

Slide 13

Жіті өтуі. Алдында ғана сау қойдың кенеттен дене қызуы 41°С-тан жо- ғары көтеріледі, ал түйенің температурасы әдетте көтерілмейді. Малдың іші өтеді, нэжісі сұйылып, иісі жағымсыз, қан немесе жалқақ аралас болады. Кей- де несептің түсі қоңыр қошқыл болады. Ауырган мал жүргенде сенделектеп, маңайын дүрыс болжай алмай бөгеттерге соғыла береді. Кейде денесі құрыс- танып, есеңгірейді. Ауырған мал тез жүдейді. Көзге көрінетін кілегейлі қа- бықтары бозарып, анемияға үшырайды. 1-2 ісүн өткенде өліп кетеді. Кейбір жануарлар ұзақ уақыт есеңгіреп, бір орынында тұрады. Ауызына алған шөбін шайнамай, не жұтпай мелшиіп қалады. Терісінің сезімталдығы төмендейді. Кейінірек тіпті бей-жәй күйге түседі, айналасында не болып жатқанын сезбейді. Осылай сілейген қашіы бірер күн тұрып, өледі

Slide 14

Жітіден төмен өтуі эдетте індеттенудің беті қайтқан соңғы кезінде ере- сек қойларда немесе күйі нашар малдарда індеттің кез келген сатысында бай- қалады. Энтеротоксемияның жітіден төмен өтуі түйеде жиірек ұшырасады. Ауру бұлай өткенде көбінесе малдың іші өтіп, жемшөпке онша қарамайды. Кілегейлі қабықтары басында анемиядан бозғылт тартып, кейіннен, эсі- ресе, конъюнктивасы сарғайып кетеді. Денесінің эр жерінде жүні түсе бас- тайды. Буаз мал іш тастайды. Кейбір жануардың жүйке қызметі бұзылып, бір- де қозынып, бірде жабырқау тартады. Осындай белгілер басталған соң ауыр- ған мал 4-5 күн ішінде өледі. Кейбір жануарларда ауру 15-20 күнге созылып, өлмей қалады. Жазылған малдың қоңы бәрібір оңалмайды, сондықтан, оларды шаруашылықта қал- дыру тиімсіз болады.

Slide 15

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексе өте тез бұзылады. Ауызы мен танауынан қан аралас көбік шығады. Терісінде көгерген дақтар болады. Тері асты шелі мен бүлшық еттердің аралары қанталап тұрады. Сөл түйіндері үлкейген, суланып қан кернейді. Қүрсақ қуысында сарғылт сұйық іркіледі. Мес қарын, тақия қарын жэне жалбыршақ қарын жынға толып, үлтабар эдетте бос, ал оның кілегейлі қабы- ғы қабынған. Аш ішектің өн бойы қызарып, көгерген жэне жолақтанып қан- талаған. Жалпы алғанда ойылған энтеритке тэн өзгерістер кездеседі, әсіресе, мықын ішек пен тік ішекте бүл қүбылыстар басым болады. Бауыр сарғыш түсті, ұсақ-ұсақ қанталаулар кездеседі. Өт қабы үлғайған.

Slide 16

С. perfringens, тип А

Slide 17

С. perfringens, тип В

Slide 18

С. perfringens, тип С

Slide 19

С. perfringens, тип D

Slide 20

С. perfringens, тип Е

Slide 21

Жүқпалы энтеротоксемияға тэн патологиялық өзгерістер бүйректе байқа- лады. Бүйректің екеуі де, кейде біреуі ғана болбырап босап, консистенциясы қоймалжың быламыққа ұқсас болады. Сондықтан, ауруды "болбыр бүйрек" деп атайды. Бүйректегі мұндай өзгеріс жас қозыларда жиі байқалады. Өкпе қанға кернеліп, домбығады, сыртынан көгерген қызыл түсті, тіліп қарағанда түсі қызыл болады. Аңқаның, кеңірдектің, бронхалардың кілегейлі қабықтары қанға кернеліп, көбікке толып түрады. Перикардта ақшыл сары экссудат жиналады, ауаның әсерінен экссудат тез ұйиды. Эпикард пен мио- кард қанталаған. Көкбауыр әдетте өзгермейді.

Slide 22

Балау. Энтеротоксемияға диагноз қою үшін індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін жэне патологиялық-анатомиялық өзгерістерін ескеріп, зертханалық зерттеу жүргізеді. Зертханаға ішкі ағзалардың кесінділерін, бір сүйем сау ішекті ішіндегісімен, жіліктің сүйегін, қүрсақ қуысындағы экссудатты жібереді. Зертханада бактериологиялық зерттеу жэне ішектің ішіндегі сүйықты бейтараптау реакциясының көмегімен токсинге тексереді. Клостри- диялардың Д-типі қоздырған энтеротоксемия кезінде ішектен үнемі токсин табылады, ал бүл микробтың С-типінен болған ауруда токсин табыла бер- мейді. Ондай жағдайда бактериологиялық зертетеудің нэтижесіне сүйенеді. Клостридиялардың_Д-типі тудырған ауру кезінде қойдын несебінде қант кездеседі.

Slide 23

Ішектен токсинді анықтау үшін оның ішіндегі жынды екі есе артық физиологиялық ерітіндімен езіп, 30 мин. шайқап, Зейтц сүзгісімен сүзіп, алынған сүзіндіні үй қоянына 1 мл көк тамырына жібереді. Сүзіндіде токсин болса тәжірибедегі жануар 3-5 мин ішінде жүйке жүйесінің зақымдану белгілерімен өледі. Токсин табылған жағдайда токсинге қарсы оның әр типіне тэн сары- сумен бейтараптау реакциясы жүргізіледі. Патматериалдан Китт-Тароцци ортасына түсірілген себіндіні термостатта үстап, 4-5 сағ. өткен сайын қайталап сеуіп, тез өсетін анаэробтардың таза өсіндісін алады. Алынған өсінді микроскопия арқылы жэне иммунофлуо- ресценция эдісімен тексереді.

Slide 24

Ажыратып балау. Жыбырлақты топалаңнан, секіртпеден, пастерел- лезден, пироплазмоздан, қарасаннан ажырату керек. Ол үшін бұл аурулардың клиникалық жэне патологиялық-анатомиялық ерекшеліктері ескеріледі. Қо- рытынды түжырым бактериологиялық зерттеудің нэтижесіне сүйеніп жаса- лады.

Slide 25

Емі. Қойда ауру әдетте өте жіті өтетіндіктен ем қолданылып үлгірмейді. Ауру бірен-саран байқалғанда қозының дизентериясы мен қойдың энтеротоксемиясына қарсы қосвалентті гипериммунды қан сарысуын пайдалануға бола- ды. Онымен қоса биомицин, террамицин жэне синтомицин антибиотиктерін қолдануға болады. Түйенің энтеротоксемиясын емдеу туралы деректер жоқ.

Slide 26 Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Қойлардың жұқпалы ауруларын (брадзот, жұқпалы энтеротоксемиясы) дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Қойдың жұқпалы маститін балау және індетке қарсы шаралар
Кампилобактериоздың бактериологиялық диагностикасы
Қой эстрозын балау
Жануарлар арасындағы ауру әлемнің көптеген елдерінде, оның ауруы
Құстардың шешек ауруы
Қой шаруашылығы гигиенасы
Бруцеллезды балау әдістері
Қойдың дене бітімі, сыртқы пішіні, ішкі құрылысы, биологиялық және өнімдік ерекшеліктері
Жалпы індеттану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz