Жамбас сүйектің сынуы


Slide 1

Жамбас аумағындағы аурулар

Slide 2

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Жамбас аумағындағы аурулар

2. 2 Жамбас сүйектің сынуы

2. 3 Фимоз

2. 4 Парафимоз

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Жарақат алған жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету

барысында травматизмнің этиологикалық факторларын анықтау.

Ұлпалардың зақымдалуы, патогенез, клиникалық өтілуін, дифференциалды

диагностикасының сипатын анықтау және алғашқы көмек көрсетудің

әдістерін жасау. Анамнез жинап, клиникалық зерттеу жасап, жануардың

жалпы жағдайына баға беру. Патологиялық процесстерді зерттеу кезінде

анатомиялық шектердегі өзгерістерді енгізіп, сынған аймақтың іскен

жерлерін сипаттау, өлшемдерін алып, симметриялық аймаққа қою қажет . Ауыртпалық сезімге жануардың реакциясын анықтау қажет.

Диагнозды анықтау үшін асептика мен антисептиканы сақтап пункция жасау

қажет, ісінген жерден жиналған қан мен экссудатты алу қажет, содан соң

экссудаттың сипаттамасын жасалады, жұғынды дайындап, оны

микроскоппен зерттеу керек. Алғашқы емдік көрсету әдістерін жасап, оны

өткізу керек.

Slide 4

Сүйек сынықтары ұзынынан айырылу арқылы (араларында диастаз пайда болады), ұзынынан қысқарумен ( бір сүйек сынығы екіншісінің көлдеңен осінің жанынан сырғанайды және беткейлерімен жанасады немесе шетінің қысқаруын шақыра басқа сүйекке кіреді), бұрыш асты - сынық

орнында сүйек сынықтарының ұштары бұрыш жасау арқылы жылжи алады. Бұған проксимальды және дистальды сүйек сынықтарының ұшының жоғары алдыға бағытталған кездегі жамбас сүйегінің сынуы мысал бола алады. Сүйек сынығының бір шеті басқасының массасына енген кездегі шыбық сынығын ажыратады.

Slide 5

Жамбас сүйектің сынуының этиологиясы.

Жамбас сүйегі сынықтардың себептері өндірістік және бейімделгіш деп бөледі. Біріншілеріне түрлі механикалық әсерлер (жарақаттар, соққылар, қатты жерге құлау, таю, бұлшықеттердің тартылуы, оқпен жаралану, кептеліп қалған мүшелерінің күштеп босатылуы), екіншілеріне - сүйек ұлпасының патологиялық және физиологиялық өзгерістері (авитаминоз, рахит, остеомаляция, остеосаркомалар, остеомиелит, қартаюы, буаздығы) жатады.

Slide 6 Slide 7

Жамбас сүйегінің сынығының рентгенологиялық көрінісі

Slide 8

Клиникалық белгілері

Толығымен жабық сынықтар келесі белгілермен сипатталады: ауырсыну, зақымдалған сегменттің функциясы мен дефигурациясының бұзылуы, сүйектің буын сыртында қозғалуы, сүйектің сықырлауы. Толық емес сынықтар үшін функцияларының бұзылуы және пальпациялаған кезде қатты ауырсыну тән емес. Жазылған әр белгі белгілі патологиялық көрініспен сипатталады.

Slide 9

Ауырсыну.

Сынықтың оқшауланған орнына, сүйектің және жұмсақ ұлпаның зақымдалу сипатына байланысты түрлі тітіркендіргіш ауырсынулар дами алады. Егер сүйек сынықтары айналасындағы жұмсақ ұлпаларды, бұлшықеттерді және жүйкелерді зақымдай алатын үшкір ұшты болса ауырсыну өте қатты бола алады, ал сынық аймағын жүйкелендіретін жұлынның немесе перефериялық сезімтал жүйке бұтақшаларының зақымдалуымен болатын есеңгіреу және сынықтар кезінде ауырсыну шамалы немесе мүлдем болмайды. Бұл жағдайда ауырсыну толық сынықтың соңғы белгісі болмағандықтан, осы белгілерді дифференциальды балау үшін білу қажет, өйткені ауырсыну шығу кезінде, созылуларда, дисторзияларда, жарылуларда және сүйектің мертігуінде байқалады. Пальпация сияқты кез келген пассивті немесе активті әрекеттер ауырсыну реакциясын күшейтеді.

Slide 10

Функцияның бұзылуы.

Бұл белгі ең көп кездесетіні, бірақ сынықтың сипатына және оқшаулануына байланысты тұрақты емес клиникалық белгісі. Жануарлардың қабырғаларының, жамбас сүйегінің жалпақ басының сыртқы төмпешігінің, саусақ сүйегінің сынықтары белгілі шеткі мүшенің функциясының әлсін айқындалған бұзылуымен өтеді. Функцияның толық түсуімен болатын толық сынық кезінде жануар үш аяғымен жүреді.

Slide 11

Фимоз

Фимоз - дегеніміз күпек тесігінің қалыпты емес қысылуы салдарына жыныс мүшесінің сыртқа шыға алмауы.

Slide 12 Slide 13

Этиологиясы

Фимоз жануарларда туа бітеді немесе жүре пайда болады. Жүре пайда болатын аурудың негізгі себебі, жыныс мүшесі мен күпек зақымдануынан, күпек қабы қабырғасының қабынуынан, күпекте смегма жиналуынан немесе ісік пайда болуынан болады.

Slide 14

Клиникалық белгілері және емі

Фимозбен ауырған ма жыныс мүшесін зәр бөлу кезінде де күпектен сыртқа шығармайды.

Күпектің шырышты бетінің іріңдеп қабынуында жақсы терапиялық нәтижені күнделікті күпек қабын 1:500, 1:1000 қатынасында калии перманганатын немесе риванола ерітіндісімен жуып шаю. Күпек қабы айналасындағы ұлпаның фиброздық өсуі кезінде күпек қабына вапоразация, емдік балшық немесе Соллюкс, УВЧ әдістері арқылы жылыту жұмыстарын жүргізу керек.

Slide 15

Парафимоз

Парафимоз кезінде күпек қабынан жыныс мүшесінің басы мен денесінің браз бөлігі сыртқа шығып, қайтадан кірмей қалады. Оның негізгі себебі жыныс мүшесінің күпек тесігінде қысылуы немесе жыныс мүшесі басының патологиялық үлкейіп, күпекке сымай қалуы. Парафимоз ауруы негізінен жылқыда, ал басқа малдарда өте сирек кездеседі.

Slide 16

Этиологиясы


Ұқсас жұмыстар
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем Сүйектің сынуы
Қолдың иық сүйектерінің сынуы
Иммобилизация және зардап шеккен адамды тасымалдау
Жабық жарақаттар
Жарақатты анықтау
Патологиялық ауру
Жамбас сүйегі
Аяқтардың аурулары
ЖАРАҚАТТАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Ортан жіліктің сынуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz