Гистологиялық өзгерістер
Презентация қосу
Дикроцелиоз,
диктиокаулез
ауруларының
патологиялық
морфологиясы
Дикроцелиоз – өт жолдарының
продуктивтік қабынуымен
сипатталатын, кейде бауырды
билиарлық циррозға ұшырататын, кең
таралған инвазиялық ауру. Ауруға
қой, ешкі, сиыр, түйе, бұғы, т.б.
шалдығады.
Этиологиясы мен дерттенуі. Ауруды жалпақ сорғыш құрттар
тобына жататын, ұзындығы 1 см, көлденеңі 1,5 – 2 мм
Dicrocelium lanceatum қоздырады.
Паразит жұмыртқасының ішінде қалыптасқан балауса
нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығады да, құрлық
ұлулардың денесіне еніп, өсіп-өніп, церкарийлерге
айналады. Одан әрі балауса аралық ие (ұлу) денесін
тастап шығып, құмырсқалар (қосымша ие) денесінде
жетіліп (метацеркарий) инвазиялық қасиетке ие болады.
Шөппен бірге құмырсқаларды жұтып қойған мал өзіне
ауру жұқтырады. Асқазанда қабықтан босанған жас
паразит өт арнасын бойлай қимылдап, бауырға өтеді де,
әуелі майда, кейінірек ірі өлшемді өт түтіктерін
мекендеп, 2 – 3 ай ішінде жыныстық тұрғыдан жетілген
ересек трематодаға айналып, жұмыртқалай бастайды.
Паразиттердің ұзаққа созылған механикалық әсері өт
түтіктерін катарлы, продуктивтік қабындырады
Патологиялық морфологиясы. Өт түтіктері қабынып, жуандайды, олар бауыр
қапшығының тікелей астында және паренхимасының тереңінде ақшыл ирелеңкі
тартпалар түрінде көрінеді. Зақымданған түтіктер саны мол болуы мүмкін.
Инвазия деңгейі тым қарқынды болған жағдайда, бауырда билиарлық циррозға
тән өзгерістер байқалады: мүшенің көлемі ұлғаяды, беті кедір-бұдырланады,
дәнекер өрме тартпаларымен кеуленген паренхиманың түсі ақшыл-сұрғылт-
қоңыр, консистенциясы өте нығыз болады. Қабырғасы қалыңдаған, кеңейген өт
түтіктерінде мол кілегейлі сарғыш-қоңыр сұйық және қоздырушылар болады.
Осылайша өт дорбасыда өзгереді. Малдың қоңдылығы тым төмендейді,
кілегейлі қабықтары ақшыл тартады, тері шелісінде жалқаяқ жиналады.
Патоморфологиялық диагноз ауруға тән
бауырдағы өзгерістерге және өт түтіктерінде
қоздырушы сорғыш құрттардың бар жоғына
негізделеді.
Инвазияның қарқынын анықтау мақсатында
бауырды оның ішкі (висцеральды) жақ бетінен
жарыстыра (параллель) үш рет терең тіліп,
қиғаш кесілген өт түтіктеріндегі
дикроцелийлердің шамалалап санын анықтайды.
Олардың саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін.
Инвазия деңгейі төмен болған жағдайда
дикроцелийлерді табудың қиындығы бар.
Диктиокаулез – ірі бронхылар
мен кеңірдекте тіршілік ететін,
жіп тәріздес жұмыр құрттар
шақыратын күйіс малдарының
инвазиялық ауруы.
Этиологиясы мен
дерттенуі. Қой мен
ешкіні ауруға
шалдықтыратын
Dictyocaulus filaria
жұмыр құртының
түсі ақшыл,
ұзындығы 5 – 10 см.
Қоздырушының
балаусалары сыртқы
ортада аралық иелердің
қатысуынсыз кемелденеді.
Осы балаусаларды мал
шөппен бірге жұтады.
Ішек қабырғасы арқылы
лимфа тамырларына енген
балаусалар шажырқайлық
лимфалық түйіндерде
түлеп, одан әрі қанменен
өкпеге жетеді де,
қылтамырлар қабырғасын
тесіп альвеолаларға,
бронхыларға енеді.
Аурудың өршуі малдың жасы мен
күйіне, организмге енген
диктиокаулюс балаусаларының саны
мен зардаптылығына тәуелді. Паразит
бронхтарды катарлы қабындырады.
Экссудат майда бронхыларды бітеп
эмфиземаға, альвеолаларға өтіп,
катарлы пневмонияға әкеледі.
Патологиялық анатомиясы. Ауруға тән негізгі өзгерістер
өкпеде болады да, олардың зілділігі мүшедегі диктаулюстің аз-
көптігіне тәуелді түрленеді. Өкпедегі паразиттер саны онша көп
болмаған жағдайда, диафрагмалық бөліктердің артқы жиегіне
жақын орналасқан диаметрі бір-ер см ғана, дөңестеніп тұрған
ошақтар көрінеді. Олар сұрғылт түсті, нығыз болады. Мұндай
ошақтармен байланысты бронхтар қуысында қою, әдетте
көпіршіктенген азды-көпті кілегей және диктиокаулюстер
болады.
Нематодалар саны тым көп болып, олар
түйінделген күйде майда және ірі өлшемді
бронхтар түтіктерін толтыруы мүмкін.
Олар кеңірдекте де болады. Өкпеде
көптеген қабыну, ателектаз және эмфизме
ошақтары байқалады. Олар бір-біріне
ұласып, өкпе бөлігін тұтас қамтуы мүмкін.
Көбінесе диафрагмалық бөлік, сирегірек
алдыңғы бөлік зақымданады. Өкпедегі
қабыну ошағы онша үлкен болмай, негізгі
өзгеріс бронхтарда болуы мүмкін.
Бронхтар қабырғасы қалыңдап, кілегейлі
қабығы зақымданып, қызарады, ісінеді,
көмескіленеді, кедір-бұдырланады.
Диктиокаулезден өлген мал қоңдылығы
нашар болады.
Гистологиялық өзгерістер. Катарлы немесе катарлы-
іріңді қабынған ірі және орта өлшемді бронхтарда
паразиттер, кілегей заты, лейкоциттер, орнынан
сыдырылып түскен эпителиоциттер байқалады.
Бронхтар қабырғасындағы дәнекер өрмені
гистиоциттер, лимфоциттер, эозинофильдер жайлайды.
Өкпе паренхимасындағы өзгерістер ілікіде жекеленген
бөлікшелердегі қанталаулар, қылтамырлардың қанмен
кернелуі, альвеолалар пердешелерінің қалыңдауы
түрлерінде байқалады. Одан әрі процесс ошақты
катарлы-қанараласқан пневмонияға ұласады. Шартты
патогенді микрофтардың әректінен іріңді-катарлы
пневмония ошақтары туындайды.
Диагноз ауруға тән патоморфологиялық
өзгерістер және бронхтар мен кеңірдекте
табылған диктиокаулюстер бойынша
қойылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz