Жануарлардағы трихинеллез: этиология, эпизоотология, клиника және алдын алу


Slide 1

Жануарлар трихинеллезы

Slide 2

Трихинеллез - жіті немесе созылмалы өтетін антропозоонозды ауру. Оны қоздыратын нематодалар Trіchocephalata тек тармағына, Trіchіnellіdae тұқымдасына жатады. Қазіргі кезде ғылымға белгілі құрттың төрт түрі бар:

Trіchіnella spіralіs шошқа трихиннелласы;

T. nativa Евразия жыртқыш аңдарының трихиннелласы;

T. nelsoni Африка жыртқыштарының трихиннелласы;

T. pseudospiralis Дағыстан жанатының трихиннелласы

Trіchіnella spіralіs

Slide 3

Ересек трихиннеллалар жануарлар мен адамның ащы ішегінде тіршілік етеді, ал балаң құрттары олардың көлденең жолақ еттерін мекендейді, яғни адам немесе жануарлар бірдей ақтық та, аралық та иесі болып табылады.

Ет талшықтары арасында жатқан Trіchіnella spіralіs балаңқұрты

Ащы ішектегі ересек трихиннелла

Slide 4

Қоздырғышы. Өте ұсақ шаш тәрізді нематодалар. Денесінің соңғы жағында, клоакасының артына таман орналасқан екі емізігі бар. Тұрқы: еркегінікі - 1, 4-1, 6 мм, ұрғашысыныкі - 3-4 мм, оның жатыры ұзындығы 0, 1 мм, ені 0, 66 мм балаң құрттармен толған.

а. ұрғашысы б. еркегі

Қоздырушысы

Slide 5 Slide 6

Эпизоотологиясы. Трихиннеллез шошқа, қабан және жабайы аңдар арасында кең тараған ауру. Қазақстанда бұл ауру Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында кездеседі. Трихиннеллезды таратып, тасымалдауда шошқалардың маңызы зор.

Бұлшық еттегі трихиннелла құрттары қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді келеді: мысалы шіріген етте олар 4 айға дейін жұқпалы қабілетін сақтай алады. Тұздалған және қақталған етте де тіршілігін ұзаққа дейін жоймайды.

Slide 7

Трихинеллез - табиғи ошақты инвазия

Трихиннеллездың екі ошағы бар: табиғи және синантропты.

Табиғи ошақтар пайда болу себебіне қарай біріншілік болып саналады. Трихиннелла 57 жабайы және үй жануарларында тіршілік етуі мүмкін.

Синантропты ошақтарда трихиннелла үй жануарларында тіршілік етеді.

Табиғи және синантропты ошақтар арасында тікелей және қайталамалы байланыс бар.

Slide 8

Өлекседегі өзгерістер. Трихиннелла балаң құрттары орналасқан ет талшықтарының көлденең тарамдары бірте-бірте жойыла береді. Торша ядросы ұлғайып, талшықтары ыдырап, түрсіз-пішінсіз затқа айналады.

Slide 9

Сырт белгілері. Шошқа денесінің қызуы көтеріледі, әлсірейді, әлсін-әлсін лоқсиды, іші өтеді, тез арықтап, 12-15 күннен кейін өледі. Кейде дерт созылмалы түрде 1-1, 5 ай бойы өрбиді, хайуанның қаны төмендейді, тыныс алуы жиілейді, денесін сипағанда ауырсынады, бір орында ұзақ жатып алады. Аурудан жазылған шошқаның салмағы едәір кем шығады.

Slide 10

Диагностикасы. Хайуанның тірі кезінде трихиннеллезге диагноз қою қиын. Ал сойылған малдан ауруды дәл анықтау үшін шошқа етін микроскоппен (трихиннеллоскоппен) қарап, трихиннелланың бар-жоғын анықтайды.

Шошқа ұшасынан алынған бұлшық етті компрессорлық, ларвоскопиялық әдіспен зерттейді.

Емі жоқ.

Slide 11

Сақтандыру. Адамды трихиннеллезден сақтандыру үшін шошқа, жабайы шошқа, аю, сазкүзен ұшаларын міндетті түрде осы гельминтозға тексереді. Ұшаларды біржола жойып немесе өтелдеуге жіберу үшін паразиттің бір данасы да жеткілікті.

Трихиннеллездің табиғи ошақтары білінген елді мекендерде бұл ішқұрт ауруының аса қатерлі екенің ескере отырып, медицина қызметкерлері мен малдәрігерлері тізе қосып атқаратын сақтық дауалау маңызы ерекше зор.


Ұқсас жұмыстар
Шошқа және жануарлардағы трихоцефалез пен трихинеллез: клиника, диагностика, ем және алдын алу
Шошқа тілмесі (Erysipelothrix rhusiopathiae): эпизоотология, клиника, диагностика, ем және алдын алу
Жануарлардағы филяриотоздар: клиника, диагностика және ветеринарлық-санитарлық алдын алу шаралары
Жануарларда никотин қышқылы (РР) гиповитаминозы: этиология, клиника, диагностика және алдын-алу
Жылқы оксиурозы, үй қояндарының пассалурозы және тауық гетеракидозы: эпизоотология, клиника, диагностика және алдын алу
Күзеннің Алеут ауруы: этиология, клиника, диагностика және алдын алу шаралары
Коронавирустық инфекция (COVID-19): этиология, эпидемиология, патогенез, клиника, диагностика, алдын алу мен емі
Төлдердегі рахит және Д-гипервитаминоз: этиология, клиника, диеталық ем және алдын алу
Ірі қара мен қойдағы кампилобактериоз: эпидемиология, этиология, клиника, диагностика, емдеу және алдын алу
Қойлардың брадзоты (секіртпе) және жұқпалы энтеротоксемия: этиология, клиника және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz