Саркоцистоз: этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емі және алдын алу


Slide 1

Саркоциста

Slide 2

Саркоцистоз жануарлар мен адамда кездесетін, бір торшалы қарапайымдылар қоздыратын, мал-жануарлардың бұлшық еттері зақымдалуымен сипатталатын, антропозонозды ауру. Ол ауыл шаруашылық жануарлардың барльқ түрінде, бағалы терілі аңдарда, құстарда және адамда да кездеседі.

Slide 3

Саркоцистоз

жіті

жітілеу

созьшмалы

жасырын

Slide 4

Қазіргі кездегі деректерге қарағанда ірі қара малдың өзінде ғана саркоцистозды қоздыратын қарапайымдылардың 3 түрі бар. Олар: Sarcocystis bovicanis6 S. bovifelis6 S. bovihominis.

Паразиттің қойда екі түрі кездеседі: Sarcocystus ovicanis және S. ovifelis; сондай-ақ шошқада: S. suicanis және S. suihominis.

Slide 5

Саркоцистоздың даму айналымы

Slide 6

Ауру белгілері. Саркоцистоздардың клиникалық белгілері толық зерттелмеген. Тәжірибе ретінде ауру жүқтырған қозылар мен бұзаулардың тәбеті қашады, денесі босаңсиды, арықтайды, өсіп жетілуі бәсендейді. Егер саркоцистозға жүрек еті шалдықса, онда миокардит дамиды. Егер ауруға өңеш еті шалдықса, оның қуысы тарылып, мал азып-тозады. Ірі қарада жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа, аурудың жасырын түрі де болады

Slide 7

Өлекседегі өзгерістер толық зерттелмеген. Өлексенің бұлшық еттері сулы, босаңсыған, бозарыңқы, оның дәнекер ұлпасында және шелінде кілкілдек инфильтрат бар. Қарынның көк етінде, диафрагма етегінде, жүректе және өңеште үлкендігі 0, 5-10 мм цисталар табылады. Кейбір паразит төмпешіктері тастанып қолға қап-қатты сезінеді.

Slide 8

Диагнозы. Саркоцистозды мал өлексесін сойып-жарып көргенде анықтауға болады. Жай көзбен жүрек және тіл етін, диафрагманы және қаңқа бұлшық етгерін қарап макроцисталарды іздестіреді. Егер макроцисталар табылса, оларды ортасынан жарып, ішіндегі заттан жұғынды препарат жасап, Романовский-Гимза әдісімен бояйды.

Slide 9

Микроскоп арқылы зерттегенде, препарат жағындысынан пішіні банан тәрізді мерозоиттар табылады. Олардың цитоплазмасы көкшіл, ал ядросы қоңыр қызғылт түске боялады.

Slide 10

Бұлшық еттерді саркоцистозға компрессорлық әдіспен зерттейді.

Еттегі саркоцисталарды анықтау үшін, люминесцентті микроскопия әдісі де қолданылады

Slide 11

Емі. Бұлшық еттері зақымдалатын саркоцисталардың аралық иелерін емдеу тәсілдері әлі толық зерттелмеген. Ал саркоцистоздың ішектегі түрін, яғни қарапайымдылардың тұрақты иелерін (ит пен мысық және адам) емдеуге кейбір кокцидиостатиктер қолданылады (кокцидин, кокцидиовит, ампролиум, норсульфазол, химкокцид және т. б. ) .

Slide 12

Дауасы.

Ит пен мысықты мал фермаларына жуытпай оқшау ұстау шарт;

Адамның нәжісі мал жеміне, не суына түспеу үшін жақсы жабдықталған дәретханалар болуға тиіс;

Мал азығын сақтайтын орындарға ит пен мысық кірмейтіндей болуы керек;

Ит пен мысықты пісірілген немесе мұздату арқылы зарарсыздандырылған етпен ғана қоректендіреді.


Ұқсас жұмыстар
Дифтерия (күл ауруы): этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы және емдеу мен алдын алу
Аусыл ауруы: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагнозы, емі және алдын алу
Гиподерматоз (оғалақ): қоздырғышы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары
Мерез (сифилис): этиологиясы, патогенезі, клиникалық кезеңдері, диагностикасы, емі және алдын алу
Құс ларинготрахеиті: этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Парамфистоматоз: қоздырғышы, өмір циклі, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу мен емі
Қойлардың ценурозы және эхинококкозы: қоздырғыштары, клиникалық белгілері, диагностикасы, емі және алдын алу
Қойлардағы бұлшық ет ценурозы: этиологиясы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Қарасан ауруы: шығу тарихы, қоздырғышы, клиникалық белгілері, диагностикасы, алдын алу және емі
АИВ инфекциясы (ЖПИЖС): эпидемиологиясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz