Құстардағы эхиностоматидоздар: қоздырғыштары, даму циклі, клиникасы және күресу шаралары


Slide 1

Құстар

эхиностоматидоздары

Slide 2

Эхиностоматидоз - үйрек, қаз, сирек тауық, күрке тауық, көгершін және тағы басқа суда жүзетін құстардың ауруы. Трематода Echinostomatidae тұқымдасы, Echinostoma, Echinoparyhium және Hypoderaeum туыстығы. Эхиностоматида аш ішектін артқы жағында және тоқ ішекте тіршілік етеді.

Slide 3

Қоздырушысы - кен таралған Echinostoma revolutum толық жынысты гельминттер ұзындығы 7-12 мм, ені 2 мм- ге дейін. Адоральді дискте 35-37 тікенек болады. Жұмыртқа сопақша келген 0, 1-0, 13 0, 05-0, 07 мм, бір жағында қақпағы бар, түсі ақшыл - сарғылт, қоңырға дейін.

Echinoparyhium reсurvatum. Трематода денесінің ұзындығы 2, 0-5, 0 мм, максимальді ені 0, 85 мм. Адоральді дисктің екі қатарында 45 тікенек орналасқан. Жұмыртқа сопақша келген 0, 09-0, 1; 0, 05-0, 06 мм, бозғылт-сары түсті. Жұмыртқаның доғал жағында қақпағы бар, ал қарама - қарсы жағында төмпешік.

Hypoderaeum conoideum ұзындығы 8-11 мм, ені 1, 6 мм- ге дейін. Адоральді диск нашар дамыған, онда 47-53 ұсақ екі қатарлы тікенек бар. Жұмыртқа сопақша келген 0, 1 - 0, 06 мм.

Slide 4

А - Echinostoma revolutum ; Б - Hypoderaeum conoideum

1 - басшақ шеті ; 2 - ішкі құрылысы; 3 - жұмыртқа.

Slide 5

Аралық иелері - тұшы су моллюскасы Lymnaea, Radix, Galba туыстығы, қосымша иелер - сол тұшы су моллюскаларымен қатар көл бақалар.

Slide 6

Даму циклі: аралық және қосымша иелердің байланысы арқылы барлық эхиностоматида дамуы бірдей болады. Паразиттер жұмыртқаларың сыртқы ортаға нәжіс арқылы бөлінеді, келешекте олар тек қана суда дамиды. Жұмыртқалардан мирацидий шығады, ол моллюскаға белсенді еніп, спороцистаға айналады. Әр бір спороцистадан бірнеше редия пайда болады, ал соңғысынан церкарий шығады. Аралық иеде 2-3 ай дамуы жалғасады. Моллюскадан шығар кезде қалыптасқан церкарий қосымша иеге енеді. Онда инцистирленіп, шамамен 15 күн ішінде метацеркарийға айналады. Құстар эхиностомадида метацеркариімен инвазияланған моллюскаларды, ірі көл бақа немесе көл бақа баласын жегенде зақымдалады. Құстардың денесінде 13-15 күн ішінде толық жынысты трематодаға айналады. Барлық даму циклі 4-5 айда аяқталады.

Slide 7 Slide 8

Эпизоотологиялық деректер: құстар ерте көктемнен күздің соңына дейін зақымдалады. Көбіне үйрек және қаз 3-4 айлық балапандарда өлім байқалады. Инвазияны үй және жабайы суда жүзетін құстар таратады. Одан басқа су қоймаларда қыстап шыққан аралық және қосымша иелер арқылы сақталады.

Slide 9

Патогенез және ауру белгілері: инвазия интенсивтілігіне байланысты, әсіресе жиі балапандар аурады. Оларда тәбеті жоғалады, іші өтеді және жалпы әлсіреу байқалады. Өсуі және дамуы баяулайды. Ірі құстар жұмыртқалауы төмендейді. Кахексия кезінде өлім болуы мүмкін.

Slide 10

Патологоанатомиялық өзгерiстер: ішектін кілегей қабығы ісінген, саңылауда қою сұйықтық, кейде қан аралас. Аш және тоқ ішек геморрагиялық қабынған, онда көптеген трематода табылады.

Slide 11

Диагнозы гельминтоовоскопиялық кезендік шаю әдісімен және өлексені зерттеу арқылы қояды. Өлексені сойғанда көп мөлшерде трематода байқалады. Эхиностома және гиподерлар жақсы көрінеді, ал эхинопарифийлар кішкентай болғандықтан оны табу қиын. Ол үшін ішек кілегейінен жұғынды алып, оны лупамен қарайды.

Slide 12

Емі: келесі антигельминтиктар қолданылады: фенасал, мөлшері 0, 6 г/кг, азыққа топтық әдіспен береді; төртхлорлы көміртек, мөлшері 2-4 мл бір басқа.

Slide 13

Алдын алу және күресу шаралары: балапандарды игілікті су қоймаларда жеке өсіру керек. Ал игіліксіз шарушылықтарда құстарға дегельминтизация жасап, болашақта игілікті су қоймаларға көшіру. Ауру құстар мекендеген су қоймаларды екі жыл өтісімен қолдануға болады.


Ұқсас жұмыстар
Трихоцефалез және трихинеллез: қоздырғыштары, даму циклі, клиникасы және диагностикасы
Астықтың сызықты (сабақ) таты (Puccinia graminis): сипаттамасы, даму циклі және күресу шаралары
Маллофагоз: қоздырғыштары, клиникасы, диагностикасы және күрес шаралары
Дифиллоботриоз (Diphyllobothrium latum): даму циклі, эпизоотологиясы, клиникасы және алдын алу шаралары
Ірі қара диктиокаулезі, шошқа метастронгилезі, жануар филяриатоздары және құс гельминтоздары: қоздырғыштары, клиникасы және ветеринариялық-санитариялық шаралары
Етқоректілердегі лейшманиоз: қоздырғышы, даму циклі, эпизоотологиясы, патогенезі, клиникасы және емі
Медициналық гельминтология: нематодтардың құрылымы, даму циклі мен алдын алу шаралары
Түйедегі цефалопиноз (Cephalopina titillator): морфологиясы, даму циклі, клиникасы және ветеринариялық алдын алу мен емдеу шаралары
Найроби ауруы (қой, ешкі): этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және күресу шаралары
Дәнді дақылдардың сары таты: қоздырғышы, даму ерекшелігі және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz