Аурудың анықтамасы


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Ветеринария факультеті Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы Пәні: Паразитология және инвазиялық аурулар №2СӨЖ Тақырыбы: Ірі қара тейлерозы, диогностикасы, емі, профилактикасы. Алматы, 2019

Slide 2

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2. 1. Аурудың анықтамасы

2. 2. Емі

2. 3. Сақтандыру

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Кіріспе

Қазіргі кезде елімізде және көршілес Орта Азия елдерінде кездесетін ауру бұл түрі кең етек алған. Сондықтанда мал дәрігерлеріне осы күнге дейін тейлериоз ауруын емдеу өте қиынға соғып отыр. Тейлериоз Орта Азия республикаларымен қатар Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында кездеседі. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында тейлериоз жылдары кең етек алып, шаруашылықтарда энзоотия түрінде байқалады. Жас мал тейлериозбен асқынып ауырады. Сондай-ақ сырттан әкелінген сүтті сиырлар да өте қатал ауырып, тейлериоздан өлім-жітімге көп шалдығады. Себебі бұл аймақтарда ауру қоздырғышын тасымалдайтын Hyaloma туысына жататын кене түрлері көп тараған.

Ірі-қара мал ішінде тейлериоздан өлім-жітім әлем бойынша 60-80%-ға дейін және одан жоғары, ал Қазақстанда шамамен 70%.

Slide 4

II Негізгі бөлім

2. 1. Аурудың анықтамасы

Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру.

Slide 5

Этиологиясы. Қоздырушысы - Theileria annulata (Theileriidae тұқымдастығы) . Theileria annulata малдың сөл бездерінде, талағында және эритроциттерде тіршілік ететін бір торшалы қарапайымдылар. Эритроциттер ішіндегі тейлериялар дөңгелек, сопақша, таяқша, үтір және нүкте тәрізді болады. Ұзындығы 0, 5-1, 6 мкм. Әрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал көбінесе 1-2 паразит тіршілік етеді. Ауру асқынған кезінде эритроциттердің 80-95% зақымдалады.

Slide 6

1-сурет. Қан эритроциттеріндегі Theileria annulata (В. Л. Якимов бойынша) .

Slide 7

Бұл паразиттерді гиаломма туысына жататын Hyaloma detritum, Hyaloma anatolicum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Hyalomma туысына ұзын тұмсықты көздері жақсы дамыған кенелер жатады. Сондықтан оларды шыны көз деп атайды. Бұл кенелер Қазақстанның шөлді және шөлейт аймақтарында көп тараған. Әсіресе Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының кейбір аудандарында таралған. Hyalomma туысына жататын кенелер көбінесе ірі қара малда кездеседі. Жылқы, қой, ешкі, түйе түліктеріне Hyalomma кенелері өте сирек жабылады. Онын ішінде H. anatolicum ірі қараның қарапайымдылар қоздыратын тейлериоз ауруын тасымалдайды. Кененің бұл түрі еліміздің оңтүстігінде ғана кездеседі. Оның ареалының Солтүстік шекарасы - Ресейлік Астрахан облысынан Қазақстанның Оңтүстігін басып, Қырғызстанға дейін барады. Теңіз деңгейінен 500 м биіктік бұл кенелерден бос. Кенелер мал қораларында, олардың қабырғаларында, оттығында тығылып жатуы мүмкін. Сондай-ақ көң астында, кемірушілердің інінде, саман және қамыстан істелген құрылыстарда кездеседі. Ал, H. scupence деген түрі мал қораларында қыстайды. Сол себепті тейлериоз ауруы бірен-саран түрде қыста да кездеседі.

Slide 8 Slide 9

Дерттенуі.

Қоздырушының мал организмінде өсіп-өну ерекшелігіне байланысты, тейлериоз басқа пиролазмидоздардан дерттенуімен, соған орай сырқаттық морфологиясымен де ерекшелінеді. Кененің сілекейімен мал организміне енген паразиттің спорозоиттары әуелі лимфалық түйіндердің, талақтың, бауырдың, сүйек кемігнің, т. б. мүшелердің макрофагтарында, эндотелиоциттерінде, ретикулоциттерінде көбейіп, көлемі 8 - 20 мкм дей көпядролы макро- және микрошизонттар түзеді. Мұның нәтижесінде көп ядролы анар тәрізді (гранат) денелер пайда болып, олардың бір цитоплазмасында 40-50, кейде одан да көп ядро болады. Одан әрі микрошизонттар мерозоиттарға ыдырап (домалақ, сопақша, таяқша, т. б. пішіндердегі), эритроциттерге енеді. Осы уақыттан бастап, оларды тейлериялардың эритроцитарлық түрі деп атайды.

Slide 10

Ауру белгілері.

Аурудың жасырын кезеңі 11-15 күн. Тейлериоз жіті және жітілеу түрінде байқалады. Аурудың жіті түрі басқа жерден әкелінген жануарларда болады. Алғашқы күндері ауру малдың бір жақ шабындағы, желіні мен мойнындағы, жауырын алдындағы бездері қабынып, «безі шошып», ісіп кетеді. Оларды сипап көргенде өте қатты екендігі және мал ауырсынатыны байқалады. Сонан соң дене ыстығы 40-41, 1 ал кейде 41, 8° дейін көтеріледі, малдың жемге тәбеті тартпайды, сүті азаяды, жүні үрпиіп, қатты күйзеледі. Тамыр соғуы минутына 80-130-ға дейін жиілейді, тыныс алуы минутына 50-60 дейін шапшаңдап, мал демігеді. Ол аяқтарын талтитып, басын төмен салбыратып тұрады. Асқазан жолдарының қызметі бұзылады. Малдың қиы сұйық, оған шырыш, ал кейде қан қосылады. Кейін ішек перистальтикасы мүлде әлсіреп, тұрақты атония дамиды. Қандағы эритроцит саны мен гемоглобин мөлшері 2-3 есе кемиді. Несеп шығару қиындайды.

Slide 11 Slide 12

Ауру мал жемнен бас тартады, суды сүйсінбей ішеді, күйіс қайыру және сүт шығару мүлде тоқтайды, 6-8 күннен соң дене қызуы шұғыл төмендеп, мал тез арада шығынға ұшырайды.

Аурудың жітілеу түрінде де сөл бездері шошып, дене қызуы 40-41С-қа дейін көтеріліп, осы деңгейде 2-3 күн тұрады, сонан соң қалпына келеді. Бұдан 2-3 күн өткен соң, дене ыстығы қайта көтеріліп, өзгермелі қызба аурудың аяғына дейін байқалады.

Көз бен мұрынның кілегей қабықтары алғашқыда қызарыңқы. Олардың бозаруы баяу дамиды. Анемия қызба басталған соң 5 күннен кейін біліне бастайды. Ауру малдың жалпы күйі нашарлайды, тәбеті азаяды не мүлде болмайды. Аш бүйірі мен қабырғалары айқын білініп тұрады. Күйіс қайыру бірте-бірте тоқтап қалады. Ішек қозғалуы алғашқыда жиілегенмен кейін мүлде тоқтайды. Сүті азаяды. Ауру мал арып, 2-3 аптадан соң көтеремге айналады, әлсірейді, жүргенде тәлтіректейді. Ол мойнын бір жағына бұрып, ыңыранып жатып алады. Жүрек қызметінің бірте-бірте әлсіреуінен 3-4 аптадан соң мал шығынға ұшырайды. Тейлериоздың жітілеу түрінде лейкоциттердің саны 9 мыңға дейін көбейеді.

Slide 13

Диагноз қою тәсілдері.

Тейлериоздың эпизоотологиялық деректерін есепке ала отырып, микроскопиялық зерттеу жүргізу шарт. Ол үшін аурудың алғашқы сатысында шошынған бездерінен шприцпен шырынды сұйық сорып алып, таза шыныға жағады да, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сонан соң микроскоппен қарап, лимфоциттер ішін жайлаған көп ядролы торшаларды табу қажет. Көп ядролы паразиттер, тейлериялардың шизогония әдісімен көбейіп, олардың ядросының көпке бөлшектенуінен пайда болады.

Арудың екінші сатысында, яғни ауру басталғаннан 3-4 күннен кейін, тейлериозға шалдыққан малдың қаны зерттеледі. Құлақ тамырларынан алынған бір тамшы қан шыныға жағылып, Романовский-Гимза әдісімен боялады. Эритроцит ішіндегі тейлериялар нүкте, үтір, дөңгелек және таяқша тәрізденіп жатады. Олардың ядросы қызыл, ал цитоплазмасы көкшіл болып боялады.

Slide 14

Өлекседегі өзгерістер.

Тейлериоздан өлген мал өлексесі өте арық келеді. Көптеген мүшелерде, кілегейлі және ылғалды қабықтарда қанталаулар пайда болады (қанталау диатезі) . Олар лимфалық түйіндерде, ұлтабардың кілегейлі қабығында, бауырда, жүректің ішкі және сыртқы қабықтарында, бүйректе жиі және мол болады да, көздің, ішектің, өт қабының, тыныс және несеп жолдарының кілегейлі қабықтарында, терінің шел қабатында, теріде, қаңқа бұлшық еттерінде сиректеу кездеседі. Талақ, лимфалық түйіндер, әсіресе жауырыналдылық, шаптық түйіндер, бірнеше есе ұлғаяды, босаңсиды. Әрдайым ауруға тән өзгерістер ұлтабарда байқалады. Мүшенің кілегейлі қабығын түгел дерлік көкнәр дәніндей, қып-қызыл түсті түйіншектер жайлайды, олар уақыт өте келе ұлғаяды (кейде бұршақ дәніне дейін), сұрланады, одан әрі түсіп қалады да, қып-қызыл, жиегі көтеріңкі ойылымдарға айналады. Олардың кейбіреулері бірігеді .

Slide 15

2. 2 Емі.

Ауру қоздырғышына қарсы бағытталған және ауру белгілеріне қарай симптоматикалық ем қолданылады. Малды тыныш қораға немесе көлеңкеге байлап, балғын көк шөп, бақша дақылдарының сабағынан кесілген тамыр-түйінді өсімдіктерді, күніне 3 реттен 2-3 л сүт немесе тартылған сүт және айран беріледі. Тейлерияларға қарсы 3, 5 мг/кг мөлшерінде 7% азидин бұлшық ет аралығына егіледі, 4-6 сағат өткеннен кейін күре тамыр арқылы 0, 5 мл/кг мөлшерінде 10% хлорлы натрий және әр мал басына 1-2 г 1-2% аскорбин қышқылы жіберіледі.

Екінші күні күре тамыр арқылы 0, 015 г/кг 5% террамицин немесе бұлшық етке 2000-5000 өлшем/кг окситетрациклин егіледі. Кешке малдың тірілей салмағының әрбір 100 кг 100 мл-ден кальций глюконаты бұлшық етке жіберіледі. Үшінші күні кофеин және 0, 01-0, 005 г/кг мөлшерінде 10% сульфадемезин бұлшық етке егіледі.


Ұқсас жұмыстар
ЖЕКЕ ЭПИЗООТОЛОГИЯ
Аурудың пайда болуын тудыруы мүмкін кейбір химиялық препараттарды қолдану
Акабане ауруы
Генетикалық зерттеулер
Надропарин кальция - Профилактикалық доза, тері астына
ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Психогигиена және психопрофилактика
Жасушаның тұқым қуалайтын аппараты (ПЛ)
Миокардит және миокардиоз
Бронхоэктаз ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz