Ауру белгілері


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

Ірі қара безноитиозын балау

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2018

Slide 2

Безноитиоз - жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтетін, Besnoіtіa besnoіtі деген споровиктер тобына жататын қарапайымдылар қоздыратын қара мал ауруы. Безноитиозға шалдыққан малдың терісі қабынады, түгі түседі, терісінің әр жері кедір-бұдырланады, қатпарланады. Осы уақытқа дейін бұл ауру толық зерттелмей келді, сондықтан оны бұрын тері глобидиозы, тері саркоцистозы деп, тіпті мал мамандары оны асқынған қотыр, көң қотыр, қышыма көнтек деп те атаған.

Slide 3

Қоздырғышы - Besnoіtіa besnoіtі, пішіні сопақ, алмұрт немесе орақ тәрізді. Ұзындығы 5-9 мкм және 2-5 мкм. Оның қандағы көбею сатылары трофозоит деп аталады. Қан жұғындыларын Романовский-Гимза әдісімен бояғанда трофозоиттардың цитоплазмасы көкшіл түске, ядросы қызғылт-қоңыр түске боялады.

Slide 4

Дамуы. Ауру жұққаннан кейін үш аптадан соң қоздырғыш терінің дәнекер ұлпасына, ет шандырына, көздің ақзаты мен дәнекер қабығына, танауға, көмейге, кеңірдекке және басқа да ұлпалар мен мүшелерге еніп, үлкендігі 0, 5-4 мм, пішіні дөңгелек не сопақ цисталар түзейді. Мұндай цисталардың іші трофозоиттарға толы. Әр түрлі жолдармен қанға енген безноитиялар моноциттер мен нейтрофилдердің ішіне еніп, жыныссыз бөлініп көбейеді. Мұндайда паразит мекендеген торшалар ыдырайды да, трофозоиттар қан тамырына түседі. Қан ағымымен әртүрлі мүшелерге барған трофозоиттар дәнекер торшалар -гистиоциттердің ішіне енеді. Гистиоцит ішінде көбейіп, торша ішін толтырады. Мұндай кеңейген гистиоциттердің маңына фибробластар жиналып, олардың фибрилдері (жіпшелері) кейіннен циста түзейді. Кейбір ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, паразиттің тұрақты иесі мысық және мысық тектестер. Паразит дала мысығының ішегінде жыныстық жолмен өсіп жетіледі, зигоциста (ооциста) түзіліп, қайтадан нәжіс арқылы сыртқа шығады. Ал, ірі қара ооцисталармен былғанған жем-шөп арқылы зақымданады.

Slide 5

Сурет - 1. Коньюктивит және көз қабығындағы цисталар

Slide 6

Сурет - 2. Ен тұсы және терінің қалыңдап, қатпарлануы

Slide 7

Сурет - 3. Аяқ терісінің жарылып, түктерінің түсуі

Slide 8

Эпизоотологиялық деректер. Безноитиоз Қазақстанның Оңтүстік облыстарында ғана, атап айтқанда Шымкент, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облысының оңтүстік аудандарында кездеседі. Профессор Б. П. Всеволодов 1959 ж. Алматы ет комбинатында сойылған ірі қара етін зерттеп, одан ең алғаш паразит цисталарын тапты. Қазақстанда безноитиоз Сырдария, Шу, Талас, Асы өзендерінің алқаптарында және Іле, Амудария өзендері құйылыстарында кездеседі.

Slide 9

Ауру белгілері. Безноитиоздың жасырын кезеңі 6-10 күн, ал кейде 1-1, 5 айға созылады. Аурудың жіті түрінде алдымен малдың дене қызбасы 40-41, 5 0 С дейін көтеріледі. Бірақ 2-5 күннен соң қызба басылып, аздан соң қайта көтерілуі мүмкін. Ауру малдың тыныс алуы мен жүрек соғуы жиілейді. Бұл ауруға тән белгілерінің бірі - көз қарығуы. Көзі коньюнктивитке шалдығып, мал көзге сәуле түсуінен қорқады. Сондай-ақ ринит асқынып, танауларынан жалқаяқ сорғалайды. Ауру мал күйзеліп, тәбеті қашады. Кейбір сыртқы сөл бездері қабынады және ұлғаяды. Көздің қас қабағында үлкендігі тары дәніндей, ақ түсті 150(цисталар) түйірлер пайда болады. Танау іші қызарыңқы, онда ақ түйірлер орналасқан. Кейбір жануарлардың жұтқыншағында, қынабында да осындай ақ түйірлер кездеседі. Кейбір буаз сиырлардың іштастауы мүмкін. Кейде ауру малдың аяқтары және әукесі ісінеді. Сиырдың қынабы, ал бұқаның ені қабынады. Сондықтан безноитиоз бұқаларды белсіздікке душар етеді. Күтімі нашар болса, безноитиозға шалдыққан мал шығынға ұшырауы мүмкін. Безноитиоздың созылмалы түрінде мал сап-сау сияқты боп көрінеді, бірақ біртіндеп арықтай береді. Малдың ісінген терісі қатпарланады, қалыңдайды, тіпті пілдің терісіне ұқсайды. Кейбір жерлерінің терісі жарылып, одан қан шығып тұрады, түгі түседі.

Slide 10

Диагнозы. Безноитиоздың эпизоотологиялық деректерін, аурудың клиникалық белгілерін анықтайды. Ауру малдан алынған цисталарды (түйіршіктерді) екі шынының ортасын салып қысады да, ішіндегі трофозоиттарды шығарып, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сондай-ақ, биопсия жасап, теріден алынған кесіндіні гистологиялық әдіспен тексеріп, цисталардың бар-жоғын анықтауға болады. Безноитиозды анықтау үшін серологиялық әдістерін де қолдануға болады(КБР) .

Slide 11

Терідегі вена тамырында орналасқан паразит эмболы.

Slide 12

Аурудың созылмалы кезіндегі сиыр терісі. Көптеген мерозоиттар мен жақындастырылған біртекті массивтің көптігі және пішінделген екі қабатты циста.

Slide 13

Өлекседегі өзгерістер. Өлген малдың өлексесі тым арық, терісі өте қалың, терінің беті кедір-бұдыр, кей жерінің түгі түскен. Тері астының шелінде және бұлшық шандырында көптеген цисталар байқалады. Сондай-ақ, цисталар көзде, танауда, көмекейде, кеңірдекте, сиыр қынабында, бұқаның ені мен күпегінде де көп кездеседі. Бауыры үлкейген, сары балшық түстес, әр жері нүкте тәрізденіп қанталаған.

Slide 14

Сурет - 4. Бауырдың паренхималық дистрофиясы

Slide 15

Сурет - 5. Қарын қабығының домбығып қанталауы

Slide 16

Сурет - 6. Ішектердің катарлы-геморрагиялық қабынуы

Slide 17

Сурет - 7. Өкпенің гиперемиясы

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Шошқаның атрофиялық ринитін дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Қызанақтың бурыл дағы
Жануарлар мпен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық,тұмау,шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
Ірі қара мал бабезиозы мен франсаиеллезі
Рефсум синдромы
Бирнавирутар туғызатын ауруларды диагностикалау
Ірі қара пироплазмозы - Piroplasma bigeminum деп аталатын қарапайымды қоздыратын жіті ауру
НОЗОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
ШОШҚА ТІЛМЕСІНІҢ ҚОЗДЫРУШЫСЫ
Инвазия көздері, инвазиялық аурулардың клиникалық, субьклиникалық және жасырын түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz