Жылқы нутталиозы
Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КАФЕДРАСЫ
Пән: Паразитология және инвазиялық аурулар
№ 2 СӨЖ
Тақырыбы:Пироплазмоз,нутталиоз,
аурулары,балау,алдын алу
Алматы, 2019
Жоспары:
I Кіріспе.
1. Пироплазмоз және нутталиоз
II Негізгі бөлім.
1. Қоздырушысы
2.Клиникасы
3. Жылқы нутталиозы
4. Қоздырушысы
5. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері және балау
6. Емі және алдын алу шаралары.
III Қорытынды.
IV Пайдаланған әдебиеттер.
• Пироплазмидоздар
• Пироплазмидоздар – эритроциттерде немесе
макрофагтар мен ретикуло-эндотелийлік жүйе
торшаларында, макрофагтар мен лимфоциттерде өсіп-
өнетін қарапайымдылар қоздыратын көптеген аурулар
тобы. Қоздырушыларды ауру малдан сау малға
кенелер тасымалдайды, яғни пироплазмоздар
трансмиссивтік аурулар. Бабезиидоздар және
тейлериидоздар деген екі топқа бөлінетін
пироплазмидоздар қатарына ірі қара малдың
бабезиозы мен пироплазмозы, франсаиеллезі, қой мен
ешкінің бабезиозы мен пироплазмозы, жылқының
пироплазмозы мен иттің пироплазмозы, тейлериоздар
жатады. Олардың әрбіреуінің өз қоздырушылары бар.
Piroplasmida тегі
Babesiidae Theileriidae
тұқымдасы тұқымдасы
Babesia Theileria
Piroplasma Nuttallia
Francaielle
Қоздырғышы
• Романовский әдісімен бояғанда
пироплазмалардың цитоплазмасы
көкшіл, ядросы қызғылт түске боялады.
Әдетте эритроцит ішінде бір,екі, кейде
оданда көбірек паразит болады. Паразит
пішіні алмұрт, дөңгелек, сақина тәрізді,
1 сурет. Эритроцидтегі пироплазмоз бен
және ұзынша сопақ. Қосарланған алмұрт нутталиоз қоздырушысы
тәрізділері жіңішке жақтарымен
жалғасып эритроцит ішінде сүйір бұрыш
түзейді.Жалғыз орналасқандарының
тұрқы 2,2-ден 6 мкм дейін, қосарланған
алмұрт тәрізділерінің тұрқы 4,5 мкм-ге
дейін.Аурудың бас кезінде дара, кейіннен
жұптасқан түрлері көбірек кездеседі.
Аурудың әрі дамуына байланысты,
зақымданған эритроциттердің саны тез
көбейіп 5-1 % -ға жетеді.
• Клиникасы дене қызуының көтерілуімен, анемиямен,
сарғаюмен және гемоглобинуриямен, ал патологиялық
анатомиясы септицемияға тән өзгерістер кешенімен
сипатталатын протозооз.
• Жылқы пироплазмозы – қан эритроциттері
пироплазмалар тудыратын малдардың трансмиссивті
ауруы. Пироплазманың өмірлік циклі екі иесінің
ағзасында малдың және тасушы кенелерде өтеді. Мал
ағзасында пироплазмалардың көбеюі қанда бөліну
арқылы жүреді,ал кене ағзасында-ұлпаларда,гемолимфада
және жұмыртқаларда өтеді.
• Қоздырушысы – Piroplasma caballi «екі иесі» бар бұл
паразит негізгі (дефинитивті) иесі – кенелерде дамудың
жыныстық сатысын, ал аралық иесі – сүтқоректілерде
жыныссыз сатысын өткізеді.
2 сурет Пироплазмалардың даму циклі
Жылқының нутталиозы
Нутталлиоз - қарапайымды қан паразиттері нутталиялар
қоздыратын, ауырған мал денесінің қызбасымен, қанының
азаюымен, сарғаюмен, ағзаларға қан құйылуымен, орталық
жүйке, жүрек, қан тамырлары және ас қорыту жүйелерінің
зақымдануымен ерекшеленетін, жіті және жітілеу
өтетін трансмиссивтік ауру.
Нутталлиозбен жылқылар және басқа да тақ тұяқты (есек,
қашыр) жануарлар ауырады.
Жылқының пироплазмозы мен нутталиозы дерттенуі мен
патологиялық морфологиясы бойынша сиыр пироплазмозына
ұқсас. Нутталиоз жіті де, жітілеу де, созылмалы да өтеді.
Пироплазмаға қарағанда нутталлиоз кезінде гемоглобинурия
жиі байқалалады, қанталау диатезі зілдірек болады.
Қоздырушысы – Қоздырғышы - Nuttalіa equі Theіlerіdae
тұқымдасына жататын қан эритроциттерін зақымдайтын
қарапайымдылар. Нутталиялардың пішіні сопақ, алмұрт
тәрізді және нүкте тәрізді болып келеді. Паразиттің
тұрқы 1-4 мкм. Тұрқы жағынын олар үш түрлі болады:
ірілерінің тұрқы эритроцит радиусына тең, орташалары
эритроцит радиусының жартысындай, ал ұсақ түрлері
радиустың төртінші бөлігіндей. Жылқы қанында бұл
паразиттер екі, үш және төртке бөлініп көбейеді.
Сондықтан эритроцит ішінде нутталиялардың крест
тәрізді түрлері пайда болады. Паразиттің бұл
түрлерін “мальта кресі” деп атайды. Тақ тұяқтылардың
қанында нутталиялар өте ұзақ уақыт – 6 жылға дейін, ал
кейбір деректерге қарағанда 18 жылға дейін сақталады
4 сурет Dermacentor кенесі
3 сурет Нутталиоз қоздырушысы
5 сурет Эритроциттер құрамындағы қоздырушылар ( В.Л. Якимов бойынша)
Нутталиоз ауруының қоздырғышын Dermacentor туысына
жататын кенелер және Hyalomma plumbeum, Rhіpіcephalus bursa
кенелері тасымалдайды. Нутталиялар кене арқылы жылқыға
трансфазалы жолмен таралады. Кене, балапан кене не нимфа
сатысында инвазияланса, онда нутталиоздарды келесі сатылары
нимфа немесе имаго таратады. Сондай-ақ, нутталлиялар кененің
келесі ұрпағына трансовариалды (жұмыртқа арқылы) жолмен де
ауысады. Кене-мал денесінен қан сорғанда, паразиттер
оның сілекейімен жылқы организміне өтеді. Олар лимфа бездері
арқылы қанға өтіп, эритроциттерге енеді. Эритроциттерге енген
паразиттер өсіп дамуын жалғастырып, жедел түрде бөлініп
көбейе бастайды. Нәтижесінде нутталлиялар қандағы
эритроциттердің 10-30 % -ын зақымдайды. Эпизоотологиялық
деректері. ТМД (тәуелсіз мемлекеттік дамуында) елдерінің
орталық және оңтүстік аудандарында кездеседі.
Жылқылар ауруға төзімді келеді. Себебі, олар жыл сайын
кенелердің талауына ұшырып, ауруға төзімділік қасиетін
табиғи түрде арттырып отырады. Нутталлиозбен ауырып
жазылған малда ауруға қарсы стерилсіз иммунитет пайда
болады. Ондай иммунитет 1-1,5 жылға дейін сақталады
Клиникалық белгілері. Нутталлиоздың жасырын кезеңіі
1-2 апта. Жіті түрмен ауырған жылқының дене ыстығы 41
0С дейін, ал кейде одан да жоғары көтеріледі, тамыры жиі
соғып, ентігеді. Қаны азаяды, сары ауруға шалдығады,
кейбір ұлпалары қанталайды. Азыққа тәбеті тартпай,
жалпы күйі нашарлайды. Асқазан жолының қызметі
бұзылады. Ауру мал арықтап, дене қызуы бір көтеріліп,
бір төмендейді. Аурудың бұл түрі 3-6 күнге
созылады, егер нутталлиоздың жасырын кезеңінде жылқы
жұмыстан босатылмаса, ауру ұзаққа созылады.
Нутталлиоздың жітілеу түрінде де осы белгілер
байқалады, бірақ олар көмескілеу білінеді.
Нутталлиоздың жітілеу түрі 30-40 күнге
созылады. Нутталлиоздың жіті және жітілеу түрлері дер
кезінде емделмесе немесе толық емдеуден өтпеген
жылқыны ертерек пайдаланса, ауру созылмалы
түріне айналады. Мұндайда нутталлиоздың
клиникалыққы белгілері біртіндеп көмескі тартып,
тұрақсыз болады. Қызбасы күн сәулесі түскенде және
мал жегілгенде, мінілгенде ғана аздап көтеріледі, мал
ариды. Мұндай жылқыларды жұмыстан босатып,
арнайы дәрілермен емдесе, тез сауығып кетеді.
Балауы. Жылқы нутталлиозына балау Эпизоотологиялық
деректердің, клиникалылық белгілерінің, Паталогиялық-
анатомиялық өзгерістерідің және зертханалық зерттеулердің
негізінде қойылады.Комплементі байланыстыру реакциясы
және иммунофлуоресценция реакциясы негізгі серологиялық
әдістер болып табылады. Жылқының нутталлиозына түпкілікті
балау қаннан және сөл бездерінен, көк бауырдан немесе
бауырдан алынған пунктаттардан
дайындалған Романовский-Гимза әдісімен боялған
жағындыларды зерттеу арқылы қойылады. Нутталлиоз ауруын
дәл анықтау үшін жылқының қаны зерттеледі.
Ауру малдың құлақ қан тамырларынан алынған бір тамшы
қаннан жұғынды дайындап, ол Романовский-Гимза әдісімен
боялады. Боялған қан жұғындысын микроскөппен зерттеп,
аурудың жіті және жітілеу және созылмалы түрлерін анықтауға
болады. Қан жұғындысында “мальта кресі” деген түрін табу
бұл аурудың нутталлиоз екеңінде ешбір күмән келтірмейді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері.
Нутталлиоздың жіті түріндегі Патологиялық-
анатомиялық өзгерістеріі біршама айқындау
болады. Өлексені жарып көргенде мүшелері мен
ұлпалардың сарғыш тартқаны
байқалады, бауыр мен талақ ұлғайып, қан сұйылып,
ұю қасиетін жоғалтқан. Осы аталған өзгерістер
пироплазмоз ауруында да кездеседі.
Бірақ нутталиоздың пироплазмоздан ерекшелігі -
мүшелер мен ұлпалардың қанталауы.
Емі. Аурудың белгілеріне қарай симптоматикалық ем
қолданып, жылқының күтімі мен азығы жақсартылады.
Арнайы химиялық препараттардан нутталлиоз ауруында
да пироплазмозға қарсы қолданылатын дәрілер нәтиже
береді (диамидин, азидин). Сондай-ақ, нутталиоздың
көпке созылып асқынған түрінде 0,005-0,01 г/кг
мөлшерінде 5-10 % сульфантрол ерітіндісі бұлшық етке
егіледі. Асқазан қызметін қалпына келтіру үшін жемге
қосып биомицин 0,002-0,005 г/кг мөлшерінде немесе
биоветин береді. Бұл дәрілер іштегі қабыну
процестерін тежеп, жылқының сауығып кетуіне әсерін
тигізеді.
Алдын алу шаралары. Нутталлиозға қарсы сақтық
шараларын жүргізгенде, оның пироплазмозбен аралас
немесе пироплазмоздан сәл кейін шығатынын ескерген
жөн. Кейбір шаруашылықтарда әсіресе жас малдың,
жаз айларында арық болуы, осындай аралас инвазияға
байланысты болса керек. Сондықтан жаз айларында осы
үйірдегі жылқының қанын мезгіл-мезгіл тексеріп тұру
қажет. Егер нутталлиоз ауруы шыға қалған
жағдайда оған қарсы алдын ала дауа шаралары
жүргізіледі. Мемлекеттік шекараларда экспортқа және
импортқа жіберілген малдар нутталиозға тексерілуі
тиіс.
III Қорытынды
Жылқы пироплазмозы – қан эритроциттері пироплазмалар тудыратын
малдардың трансмиссивті ауруы. Пироплазманың өмірлік циклі екі иесінің
ағзасында малдың және тасушы кенелерде өтеді. Мал ағзасында
пироплазмалардың көбеюі қанда бөліну арқылы жүреді,ал кене ағзасында-
ұлпаларда,гемолимфада және жұмыртқаларда өтеді.
Романовский әдісімен бояғанда пироплазмалардың цитоплазмасы көкшіл,
ядросы қызғылт түске боялады. Әдетте эритроцит ішінде бір,екі, кейде оданда
көбірек паразит болады.
Нутталиялар кене арқылы жылқыға трансфазалы жолмен таралады. Кене,
балапан кене не нимфа сатысында инвазияланса, онда нутталиоздарды келесі
сатылары нимфа немесе имаго таратады.
Нутталлиоздың жасырын кезеңіі 1-2 апта. Жіті түрмен ауырған жылқының
дене ыстығы 41
0С дейін, ал кейде одан да жоғары көтеріледі, тамыры жиі соғып, ентігеді.
Қаны азаяды, сары ауруға шалдығады, кейбір ұлпалары қанталайды. Азыққа
тәбеті тартпай, жалпы күйі нашарлайды. Асқазан жолының қызметі бұзылады.
Ауру мал арықтап, дене қызуы бір көтеріліп, бір төмендейді.
IV Пайдаланған әдебиеттер.
1. С.Ә.Әміреев, А.Жаханов, Қ.Құдайбергенұлы «Медициналық паразитология,
2005 ж.»
2. М.С.Сабаншиев «Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары »
Алматы 2011
3. М.С.Сабаншиев «Ветеринариялық паразитология практикум», Алматы 2013
4. Ахметова Г.Д. (қауымдастырылған пофессор) лекцияларынан
5. Ғаламтор желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz