Серологиялық әдіс




Презентация қосу
Жануарлар саркоцистозы клиникасы,
балау,емі
Саркоспиридоз немесе саккоцистоз –
торшалы қарапайымдылар қоздыратын,
бұлшыұық еттердің зақымдалуымен
сипатталатын жануарлармен адамның
зооантропозоонозды ауруы. Саркоцистоз
көбінесе созылмалы түрде тіркеліп, сырт
көзге байқалмайтын инвазия.
Саркоцисталар қойда (Sarcocystis
ovicanis, S.ovifelis)
ешкіде(S.capracanis)iрі қара
малда(S.bovicanis)
шошқада(S.suicanis)
түйеде(S.camelicanis) және басқада
жануарларда жиі кездесетін паразит.
Саркоцисталар түрлерінің сыртқы
құрылысы бір біріне өте ұқсас.
Саркоцисталар ақтық және аралық өсіп-өнеді.
Ақтық ие қызметін адам,ит,мысық және басқа
жыртқыш жануарлар орындайды. Ал тұяқтылар,
кеміргіштер, ескек аяқтылар, құстар, бауырмен
жорғалаушылар және балықтар аралық иелер
болып саналады. Ал паразиттін ақтық иелері
спороциста фазасын нәжісімен сыртқы ортаға
шығарып отырады.
Даму айналымдағы бастаушы фазасы- трофазит.
Оның түрі кескіні орақ, банан, ұршық не бұршақ
тәрізді келеді, дене тұрқысы 6-15 мкм ал ені 2-7
мкм. Паразит ядро, цистоплазма және
қабықшадан тұрады.
Диагностикалық белгілері. Қарусыз
көзге анық көрінетін цисталардын,
дене тұрқысы 10-20 мм дейінге
жетеді. Түр кескіні ұршық, эллипс
немесе цилиндр сияқты. Қабықшасы
екі қабат. Цистанын қуысы
трофозоиттарға толы, көптеген
камераға бөлінеді.
Эпизоотиялық деректері.
Саркоцистоз республиканың барлық
аймақтарында кездеседі.Мал
шаруашылықтарында ірі қараның
96% ал, қойдың 100% саркоцистозға
шалдыққан.
Клиникалық белгілері. Ивазияның
төменгі денгейінде саркоцистоздың
сыртқы белгілері білінбейді,
жоғары денгейінде мал қондылығы
төмендейді.Саркоспоридиозбен
ауырған шошқада лоқсу, іш
өтужағдайы болуы мүмкін.
Саркоцисталардың ақтық иесі –
мысық пен иттің көбінесе іші өтеді.
Микроскопиялық әдісі. Малдың тірі кезінде қан
жағындысын жасап, Романовский-Гимза әдісімен
бояп, паразит трофозиттарын іздестіреді.Өлген
немесе сойылған малдын трофозоиты ет
талшықтары арасынан табуға тырысады.Ол үшін
миокардтан, көк еттен, құрсақ, құйрық және иық
етінің әр қайсынан 25 гр сынама алады. Алынған
ет сынамаларынан көлемі 1,5х0,3 см кесік
дайындап, пән шынысына салып, үстіне 1-2
тамшы физологиялық ертінді тамызып, бетін пән
шынысымен жауып, шынылар арасынан қысып,
микроскоппен тексереді. Мұндайда
микроскоптың орташа үлкейткішімен паразит
трофазиттарын немесе цистозоиттарын табуға
болады.
Ет қоректілер саркоцистозын
анықтау үшін олардың нәжісін
гельминтоовоскопиялық
(Фюллеборно, Дарлинг,т.б.)
әдістердің біреуімен тексеріп,
паразиттің ооцисталарын табу
қажет.
Серологиялық әдіс. Ауырған малды анықтау
үшін кбр, иммунофлуоресценттік әдісті
немесе басқа реакцияларды қолдануға
болады.
Кейбір елдерде аллергиялық әдіс кенінен
қолданылады.Аллергенді ірі қараға 0,3 мл
дозада мойын терісінің ішіне егеді, ал қойға
0,2 млдозада көз қабығының терісіне
ендіреді. Саркоцисталармен зақымданған
малдың аллерген еккен жері 15-20
минуттан кейін қызарып, ісік пайда болады.
Оның көлемі ірі қарада 30-45мм, қойда 6-
10 мм.
Өлексені жарып тексеру. Ірі қара
және уақ малда саркоцисталармен
өңештің қабатында, көк етте,
қабырға аралық бұлық етте, жүректе,
тілде және басқа да бұлшық еттерде
кездеседі.
Инвазияның асқынған кезінде
бұлшық етте гидромия, ал тері
астындағы, ұлпаршақта және ет
аралық дәнекер ұлпасында сулы
іркілімдік(инфильтрат)
байқалады.

Ұқсас жұмыстар
Санитарлық –гигиеналық нормативтертердің ғылыми негіздеу
Лептоспирозды диагностикалау
Індеттанулық балау
Листериялар. Листериялардың морфологиясы, физиологиясы, антигендері. Лабораториялық диагностика. Алдын алу және емдеу
Ұсақ кұйістілердің обасын балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
Серологиялық реакция
Вирусологиялық балау әдістері
Бруцеллезды серологиялық балау
«Бруцеллез және оны балау әдістері
Дақылдандыру мен репродукциясы
Пәндер