Қызыл балықтың фурункулезі




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Қызыл балықтың фурункулезі
ЖОСПАРЫ

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Өтуі мен симптомдары
б) Патологоанатомиялық өзгерістер
ІІІ. Қорытынды
КІРІСПЕ

Қызыл балықтардың фурункулезі (фурункулез
лососевых) – септицемиямен және бұлшық етте
абсцессалардың пайда болуымен сипатталатын жұқпалы
ауру.
Ауру туралы алғаш мәліметті Германияда Эммерих пен
Вайвель (1894 ж.) жариялады.
Қоздырушысы – Aeronomonas salmonicida бактериясы,
грамтеріс, ұшы жұмыр, үлкендігі 1,7-2,7х1 мкм таяқша.
Жағындыда жеке, қосарланып немесе тізбектеліп
орналасады. Қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді,
жартылай ауасыбағалы, өсуіне қолайлы температура
18-25°С.
ІНДЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Фурункулезге қызыл балықтың
(арқан балықтың) барлық түрлері
шалдығады. Ауру аталық
балықтарда уылдырық шашу
маусымы кезінде және одан
кейінгі уақытта ауыр өтеді. Өсім
беретін жас балықтар да
ауырады, құрт шабақтар өте
сирек ауырады. Балықтың басқа
түрлері, тіпті бақа да шалдығуы
мүмкін.
ӨТУІ МЕН СИМПТОМДАРЫ
Жасырын кезеңі 15-21°С жағдайында 7 күн шамасында. Ауру аса жіті, жіті,
жітіден төмен және созылмалы өтеді.
Фурункулез аса жіті өткенде, әсіресе қоңы жақсы балық, аурудың белгілері
білініп үлгермей өліп қалады.
Жіті өткен жағдайда балықтың іші өтіп, нәжісіне қан араласады. Терісінде
желбезегінде, кеуде жүзу қанаттарының түбінде жолақты қанталаулар пайда
болып, кейіннен ісінеді. Балық 3 күн ішінде өледі немесе ауру жітіден төмен
түрге ауысып, ісінген жерлері ойылып, іріңді өліет араласқан экссудат бөлінеді.
Фурункулалар жарылғанда орынында қызарған ойылымдар пайда болады.
Балықтың желбезегі бозарып, көзі бадырайып кетеді. Процесс 4-7 күнге
созылып, балықтар зор шығынға ұшырайды.
Ауру созылмалы өткенде дененің зақымданған телімдеріне теріні
зақымдайтын саңырауқұлақтар түсіп, кейбір балықтардың денесінде, басында
іріңді ойылымдар пайда болып, жүзу жарғақтары ыдырайды. Желбезектері
бозарып, мәрмәр түсті болады. Балық өте жүдеп, денесі қараяды, жазылған
жағдайда ұзақ уақыт батерия алып жүреді.
ПАТОЛОГОАНАТОМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Ауру аса жіті өткенде ішкі ағзаларында айтарлықтай
өзгеріс байқалмайды. Жіті және жітіден төмен өткенде
құрсақ қуысында экссудат іркіліп, ішкі ағзалар мен ас
қорыту жолдары қанталап, қабынып, жүрегі мен
бауыры өліеттенеді. Созылмалы өткенде бауыры
бозарып немесе сарғаяды да, ішектерінде ақшыл-сары
жалқақ болады, кейде ішкі ағзалары қанталайды.
Балау бактериялогиялық зерттеудің нәтижелеріне
сүйеніп, індеттанулық деректерді, клиникалық
белгілерін және патологоанатомиялық өзгерістерді
ескере отырып жүргізіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ

Емі. Балықтың 100 кг массасына есептегенде 24 г
сульфамедизин және 6 г сульфогуанидин 3 күн ішінде
беріледі. Келесі 7 күн бойы бұл дәрілердің дозасы тиісінше
12 және 8 г болады. Сонымен қатар, левомицетин немесе
тетрамицин балықтың 100 кг массасына 5-7,5 г дозамен 2
апта бойы беріледі. Тоғандағы барлық балықты бір мезгілде
емдеу қажет.
Дауалау және күресу шаралары. Қызыл балықтардың
фурункулезі байқалған шаруашылыққа карантин қояды.
Ауырған балықтарды, егер тауарлық нұсқыны болмаса,
жояды. Су қоймасы мен тоғандарды, балық аулайтын құрал-
жабдықтарды тазалап, дезинфекциялайды.

Ұқсас жұмыстар
Жүзу жарғағының қабынуы
Салқындатылған балықтар
Сүйекті балықтар қаңқасы
БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫМЕН КҮРЕСУ
Халықтың қызыл балық деп жүргені бекіре тұқымдас балықтар
Балықтың вирустық аурулары
Дала зонасы
Сүйекті балықтар
Сазан бүл ауруға біршама төзімді
Қорық Шығыс Қазақстан облысы
Пәндер