КҮЗЕННІҢ АЛЕУТ АУРУЫН БАЛАУ ЖӘНЕ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ
Презентация қосу
КҮЗЕННІҢ АЛЕУТ АУРУЫН
БАЛАУ ЖӘНЕ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ
ШАРАЛАР
Күзеннің Алеут ауруы (Morbus
Aleutica lutreolarum, Алеутская
болезнь норок) - арықтап, көтерем
болып, еріні мен ұртының
кілегейлі қабықтары ойылып,
қанауымен сипатталатын,
иммундік кешендерден
туындайтын, созылмалы өтетін
жүғымтал ауру.
Ауруды алғаш рет 1946 ж АҚШ-та
1941 ж шығарылған күзеннің Алеут
аралдарының атымен аталған мутант
тұқымдарының арасында байқап,
1956 ж толық сипаттап, жазған
американ ғалымдары - Хартзауг
және Горем.
Қоздырушысы - Aleutian mink
disease parvovirus
парвовирустар тұқымдасының
парвовирустар туыстастығына
жатады, кұрамында РНҚ бар.
Вирус ортаның қышқылдық
көрсеткішіне, сыртқы
әсерлеріне төзімді 80°С-қа 1
сағат қыздыруға шыдайды,
формалиннің, эфирдің, басқа да
бір қатар химиялық заттардың
әсеріне төзімді.
Індеттік ерекшеліктері. Ауруға күзен мен сасық күзен бейім.
Ит, мысық, тышқан, түлкі, бұлғын, қарсақ, қоян ауруға
шалдықпағанмен вирустың қорламасы болуы мүмкін. Күзен
жасына, тұқымына қарамай Алеут ауруына шалдығады. Инфекция
қоздырушысының бастауы - ауырған күзен. Вирус барлық
мүшелерде болып, сыртқы ортаға әртүрлі экскреттермен бөлінеді.
Қоздырушысы ауыз арқылы, ауамен, аңдар бірін-бірі тістегенде
тері арқылы, күшіктеріне енесінің жатырында жұғады.
Трансмиссивтік жолмен бүргелер арқылыы да берілуі мүмкін. Аң
шаруашылықтарында ауру вирус алып жүрген күзендермен
әкелінеді. Індет әдетте бір жерде ұзақ уақыт тұрақтанады.
Дерттенуі. Денеге енген вирус негізінен лимфоидты
торшаларда шоғырланады. Вирустың әсерінен В-
лимфоциттер пролиферацияға ұшырап, плазматикалық
торшалар шеттен тыс көбейеді. Нәтижесінде көп
мөлшерде иммуноглобулиндер түзіліп, пайда болған
антиденелер вирустармен қосылады. Түзілген антиген-
антидене кешендері қалыпы жағдайдағыдай
лимфоидты ағзаларда тұтылмай, ұзақ уақыт қан
айналымында болады. Бұл кешендер комплементті
белсенді күйге келтіріп, қан тамырларын, бүйрек
түтікшелерін, бауыр торшаларын зақымдайды.
Сондықтан да бұл ауру иммундік кешендер ауруларына
жатады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі, қанда антиденелер
пайда болғанға дейін 6-150 күн, көбінесе 10-15 күн.
Клиникалық белгілері аңның өлерінен біраз бұрын ғана, вирус
жұққан соң 1-24 айдан кейін байқалады. Ауруға тән белгілер:
күзен тез жүдеп, ауызынан, мұрынынан қан ағып, кілегейлі
қабықтары бозарып, нәжісі қара майға ұқсап, іші өтіп, шектен
тыс шөлдейді. Егер ұрғашы күзен ылықпай тұрып ауруға
шалдықса іш тастайды, қысыр қалады, күшіктесе күшіктеріне
жоламайды. Ауырған аң бүйректің қызметінің бұзылуынан
және қосалқы инфекциядан (сальмонеллез, псевдомоноз, т.б.),
шектен тыс арықтаудан (кахексия) өледі.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Өлген күзенді сойып
қарағанда көрінетін ауруға тән өзгерістер: кахексия, көк
бауырдың, бүйректің, бауырдың ұлғаюы. Көк бауыр
тығызданып 5-10 есе ұлғаяды. Қабығының астында көкшіл,
қоңыр қанталаулардан сыртынан қарағанда бүйрек теңбілденіп
көрінеді. Бүйректің өзі сарғылт-сұр түсті, бозғылт өліеттенген
ошақтары болады. Ауру созылмалы өткенде бүйрек бүрісіп,
үсті қатпарланып тұрады. Бұндай өзгерістер нефрозонефритке
тән, ұлғайған бауырда оншама ерекше өзгерістер болмайды.
Қарын мен ауыздың кілегейлі қабықтарында қанаған
ойылымдар ұшырайды.
Алеут ауруы кезіндегі күзен бүйрегініңің сыртқы көрінісі
Балау. Індеттанулық деректер, клиникалық белгілері,
патологоанатомиялық өзгерістері ескеріліп
иммуноэлектроосмофорез реакциясымен (ИЭОФР) серологиялық
зерттеу жүргізіледі. Сонымен қатар, гистологиялық тексеру де
құнды нәтиже береді. Алеут ауруын бауырдың алиментарлық
майлы дистрофиясынан, псеводмоноздан ажырату қажет.
Гистологиялық көрінісі
Емі. Витаминдер, глюкоза, протеин
гидролизаттары, электролиттер ерітінділері
мен симптоматикалық ем қолданылады.
Қосалқы инфекцияға қарсы антибиотиктер,
дерттену процесіне қарсы бағытталған
иммунодепресанттар (1 кг салмағына 5 мг 6-
меркаптопурин немесе 0,5-1 мг метотрексант)
беріледі. Бұндай ем аңды жетілгенше ұстай
тұру мақсатында қолданылады. Телімді емдік
препараттар жоқ.
Дауалау және күресу шаралары. Алеут ауруында
қарсы иммунитет қалыптаспайды. Аурудың алдың алу
үшің күзендерді ИЭОФР бойынша үш мәрте тексереді:
аналық топты қалыптастырғанда, ылығу науқанынан
15-25 күн бұрын, жазда еркек күзендер мен күшіксіз
қалған ұрғашыларын. Ауруға шалдыққандарын
оқшаулап, емдеп, жүні жетілгенде сояды да, орынына
сау аңдарды әкеледі. Дауалық және лажсыз
дезинфекцияны 5% формалин, 2% күйдіргіш натрий
ерітінділерімен жасайды. Негізгі төл беретін аңдардың
тобынан 3 рет ИЭОФР бойынша теріс нәтиже
алынғанда шаруашылық сауықтырылды деп
есептелінеді. Жаңадан әкелінген күзендер 30 күн
карантинге қойылып, ИЭОФР бойынша тексеріледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz