Араларда аспергиллез: этиология, клиника, диагностика және күресу шаралары


Slide 1

Аспергиллезді балау және індетке қарсы шаралар

Slide 2

Жоспар

Ауруға анықтама

Қоздырушысына сипаттама

Індеттік деректері

Клиникалық белгілері

Өлекселік өзгерістері

Балау

Емі

Имунитет

Дауалау және күрес шаралары

Slide 3

Аспергиллез

Аспергиллез немесе өсіннің қатуы - балапан қүртты, қуыршақты, кейде ересек араны да зақымдайтын жүқпалы ауру.

Slide 4

Қоздырушысы.

Негізгі қоздырушысы - Aspergillus flavus саңырауқұлағы. Ауруды сонымен қатар басқа да аспергиллалар-Asp. mger, Asp. nidulans қоздырады. Қоздырушы улы келеді.

Aspergillus flavusтың микроскоптағы көрінісі

Slide 5

Індеттік ерекшеліктері.

Ауру көптеген елдерде кездеседі. Аспергиллалар өлі субстраттарда да, тірі өсімдіктерде де, тіршілік етеді. Олар кейбір өсімдіктердің гүлінде кездеседі, одан араның денесіне жабысып, споралар омартаға әкелінеді. Қолайлы жағдайда (температура 25-45°С, ылғалдылық 95- 100%) саңырауқүлақ кәрезде, өлі жэне ауру аралардың денесінде өсіп-өнеді. Аурудың жүғуы жэне таралуы табиғи жағдайда қоздырушының уыттылығына, оның өсіп-өнуіне жағдайдың қолайлығына жэне аралардың санына, олардың ауруға төзімділігіне байланысты болады. Аспергиллезге аралар негізінен әлсіз ұяларда омартаны дұрыс жылыламаған кезде, араның қорегі нашар болғанда шалдығады. Ауру әдетте көктемде, кейде жазда немесе күзде де байқалады.

Slide 6

Өтуі мен симптомдары.

Жасырын кезеңі 2-3 күн.

Ішекте өсіп-өнген саңырауқұлақ оны тесіп өтіп, мицелийлері алғашында жэндіктің басында пайда болып, кейін бүкіл денесін жауып кетеді. 10-12 күн ішінде балапан құрт өледі Ұяшық қақпағы бүлініп, оның пішіні мен түсі өзгереді.

Балапан құртты суырып алғанда ұяшықтың түбінде саңырауқұлақтың өскені білінеді. Мицелийлер басқан балапан құрт ұяшыққа жабысып қалады.

Ауруға шалдыққан ересек ара бастапқыда әлсірейді.

Саңырауқүлақ жіпшелері ара денесінің бунақаралық перделерін тесіп өтеді, басы мен құрсағында споралар түзеді,

шек ішінде споралар өніп, саңырауқұлақтар жедел жетіліп, одан бүкіл ішкі ағзаларға, бүлшық етке тарайды.

Алдымен араның құрсағы, содан кейін кеудесі қатаяды.

Ересек аралар омартаның ішінде немесе маңайында өліп жатады.

Slide 7

Балау.

Аспергилезге күдік туғанда барлық ұяларды мүқият қарап, аурудың шығу мүмкіндіктерін тексереді. Егер негізінен балапан құртгар зақымданып, олар үяшықта денесі созылып, жасыл-сарғыш тартыгі, қатып қалса, онда асгіергиллезге күдіктенуге болады.

Диагнозды зертханалық зерттеумен тұжырымдайды.

Ол үшін өлген балапан қүрттар мен қуыршақтар бар кәрездің 10x15 см кесегін алып, ағаш жэшікпен зертханаға жібереді.

Зертханада өлген балапан қүртты Петри шыны тостағанына салып микроскоптың кіші үлғайтуымен дененің үстінде болатын өзгеше тозаңды көру үшін қарайды. Содан соң Чапек агарына егеді де, 25-30°С-та өсіреді.

Slide 8 Slide 9

Дауалау және күресу шаралары.

Араларды дұрыс күтіп, қоректендіру оларды ауруға төзімді етеді. Аспергиллезді жою үшін саңырауқұлаққа шалдыққан, зақымданған балапан құрттар бар кәрездерді ауыстыру қажет.

Омарталарды қүрғақ жапқыштармен жауып, қымтайды.

Аралардың қорегін жақсартады.

Аспергиллез адам үшін де қауіпті, сондықтан бұл ауру шыққанда омартадағы жұмыскерлер бетіне ылғалды дэке орап, жеке бастың гигиеналық талаптарын мүқият орындаулары керек.

Slide 10

Қорытынды

Аспергиллез немесе өсіннің қатуы - балапан қүртты, қуыршақты, кейде ересек араны да зақымдайтын жүқпалы ауру. Негізгі қоздырушысы - Aspergillus flavus саңырауқұлағы. Ауруды сонымен қатар басқа да аспергиллалар-Asp. mger, Asp. nidulans қоздырады. Қоздырушы улы келеді. Ауру көптеген елдерде кездеседі. Аспергиллалар өлі субстраттарда да, тірі өсімдіктерде де, тіршілік етеді. Олар кейбір өсімдіктердің гүлінде кездеседі, одан араның денесіне жабысып, споралар омартаға әкелінеді. Қолайлы жағдайда (температура 25-45°С, ылғалдылық 95- 100%) саңырауқүлақ кэрезде, өлі жэне ауру аралардың денесінде өсіп-өнеді. Аурудың жүғуы жэне таралуы табиғи жағдайда қоздырушының уыттылығына, оның өсіп-өнуіне жағдайдың қолайлығына жэне аралардың санына, олардың ауруға төзімділігіне байланысты болады.

Slide 11

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Т. Сайдулдин

Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары

Интернет желісі


Ұқсас жұмыстар
Күзеннің Алеут ауруы: этиология, клиника, диагностика және алдын алу шаралары
Жылқы делбесі (жұқпалы энцефаломиелит): этиология, клиника, патоморфология, диагностика және алдын алу шаралары
Бауыр циррозы: этиология, патогенез, клиника, диагностика және ем
Бруцеллез (сарып): этиология, клиника, диагностика және емдеу
Артериалды гипертензия: клиника, этиология, патогенез, диагностика және емдеу
Ірі қара малдың бронхопневмониясы: этиология, клиника, диагностика және емдеу
Сальмонеллез: этиология, эпидемиология, патогенез, клиника, диагностика және терапия
Жедел аппендицит: анатомия, этиология мен патогенез, клиника, диагностика және хирургиялық ем
Жануарларда никотин қышқылы (РР) гиповитаминозы: этиология, клиника, диагностика және алдын-алу
Мыстың алмасуының бұзылысы (Вильсон-Коновалов ауруы): этиология, патогенез, клиника, диагностика және ем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz