Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері


Slide 1 Slide 2

Жоспар

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері

Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндіруі

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы

Slide 3

Нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтық экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің бәсекелік қабілетін арттыру екендігі белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бәсекеге қабілеттілік кез-келген елдің экономикасының дамуының ерекше маңызды факторы және шаруашылық кешенінің ең жақсы экономикалық көрсеткіші болып табылады. Әлем елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстерін Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) өзінің жыл сайынғы қорытындыларында шығарып отырады. Бұл зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіледі және қазіргі кезде әлем­нің түрлі елдері бойынша бәсекеге қабі­леттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бейнелейді

Slide 4

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар бастапқы жағдайлар мен дамудың ағымдағы деңгейіне байланысты әлем елдерінің экономикалық жүйелеріне түрліше ықпал етеді. Сонымен бірге, уақыт өте келе факторлардың өздерінің де өзгеріп тұратындығы белгілі жәйт.

Slide 5

Жаһандық бәсекеге 12 бақылау көрсеткіші біріктірілген

1. Институттар сапасы.

2. Инфрақұрылым.

3. Макроэкономикалық тұрақтылық.

4. Денсаулық және бастауыш білім беру.

5. Жоғары білім және кәсіптік даярлық.

6. Тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі.

7. Еңбек нарығының тиімділігі.

8. Қаржы нарығының әртүрлілігі.

9. Технологиялық даму деңгейі.

10. Ішкі нарықтың мөлшері.

11. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі.

12. Инновациялық әлеует

Slide 6

Өз зерттеулерінде эксперттер 148 елді сараптаудан өткізген. Зерттеу барысында көрсетілгендей, Қазақстан экономикасының басым тұстары - тиімді еңбек нарығы (15-орын) және тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштер (23-орын)

Slide 7

Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мынадай тетіктері бар:

ғылым саласын білім беру саласының көлеңкесінде қалдырмай бөліп алу;

отандық ғылымды қолдау;

өндіріске жаңа техника мен технологияларды тиімді енгізу;

ғылымның тиімді жаңалықтарын қаржыландыру, ғылым мен өндіріс арасында өзара тығыз байланыс орнату;

инновацияны мүмкіндіктерді бағалау арқылы ел экономикасының приоритетті салаларына енгізу;

отандық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

елдегі сыбайлас жемқорлықты бәсеңдету.

Slide 8

Бәсекеге қабілеттілікті түсіндіру ерекшелігін бірнеше деңгейі бар: ─ мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі ─ аймақтың бәсекеге қабілеттілігі ─ өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі ─ өнімнің бәсекеге қабілеттілігі

Slide 9

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының басты міндеттерінің бірі. Жайлы макроэкономикалық тұрақтылық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шарты болып табылады. Ал орнықты экономика өз кезегінде қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың негізін қалайды.

Slide 10

Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндіруі

Slide 11

Кез-келген елдің экономикалық байлығын үш негізгі шикізатпен өлшейді: астық, мұнай және алтын. Осы үшеуінің де табиғи қоры біздің мемлекетте мол. Осыған байланысты біздің мүмкіншіліктеріміздің әлеуеті жоғары. Және де бізге ең тиімдісі кәсіпорындарды алғашқы өңдеу сатысына өткізіп, біртіндеп экономиканы шикізат бағыттылықтан арылтуымыз қажет. Ол үшін бізге жаңа технология, сол технологияны игерген кадрлар қажет.

Slide 12

Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі.

Slide 13

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

Slide 14

Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және мұнайы сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Біздің еліміздегі халықаралық бәсекелестікке шығатын бірнеше кәсіпорындар бар

Мысалы: Қазақмыс" корпорациясы

"Қазмұнайгаз" компаниясы

Slide 15 Slide 16

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы

Slide 17

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес арнайы шаралар пакетін әзірлейтін болады, ол кенінен талқыланады және оны одан әрі күнделікті өмірге енгізу үшін бизнес қоғамдастықпен келісілетін болады.

Slide 18

Өңірлік деңгейде инновация мен тиімділіктің базалық факторларын жақсарту, бизнесті, инфрақұрылымды, денсаулық сақтау, білім беру, нарық пен технологиялық прогрессті дамыту арқылы бәсекеге қабілеттіліктің идеяларын енгізумен консультативтік-кеңес органдар ретінде құрылған облыстар, Астана және Алматы қалалары, бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестер айналысатын болады.

Slide 19

2014 жылдың қорытындылары бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 2013 жылғы орнын сақтап, әлемнің 144 елінің арасында 50-ші орынды иеленді. ТМД мемлекеттер арасында Қазақстан Әзірбайжаннан (38-ші орын) кейін екінші орында. Ресей 53-ші орында, Грузия - 69, Украина - 76, Молдова - 82, Армения - 85, Тәжікстан - 91, Қырғыз Республикасы - 108 орында.

Slide 20

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жақсарту мақсатында Қазақстан өзінің макроэкономикалық ортасын жақсарту жұмыстарын жүргізуде. Менеджментті дамыту халықаралық институтының (IMD, Швейцария) биылғы жылдың мамыр айында жарияланған “Әлемдік бәсекеге қабілеттілік бойынша шолу - 2012” рейтингінде Қазақстан 4 орынға көтеріліп отыр

Slide 21

“The Global Competitiveness Report 2011-2012” есебінде келтірілген Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде Қазақстан “Макроэкономикалық тұрақтылық” факторы бойынша жағдайын жақсартып, әлемнің 142 елінің ішінен 26- орыннан 18-орынға көтерілді және Орталықазиялық өңірінде макроэкономикалық тұрақтылық бойынша көшбасшы атанды.

Slide 22

EXPO-2017 Инновациялық экономиканы дамытудың маңызды катализаторы ретінде түпнұсқа

Slide 23 Slide 24

Соңғы жылдары әлемдік экономи­ка­да білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты. Қазір материал­дық игіліктерді жасау көп жағдайда ғы­лымның жалпы деңгейі мен техни­ка­ның прогресіне немесе осы ғылы­мның өндірісте қолданылуына тәуелді. EXPO көрмесі-дәл осы техникалық прогресті қалыптастырудың, жаһандану процесіне қол жеткізудің, инновациялық экономика құрудың қайнар көзі, басты нышаны ретінде айқындалады. Бұл көрменің өзектілігін, бүгінгі таңдағы дамыған қоғамға қажеттілігін нақты ашып көрсетеді.

Slide 25

Қазақстанға инвестициялардың тартылуы қарқынды жүреді. БАҚ мәліметтері бойынша Астанадағы көрме шығындары 1, 6 млрд долларды құрайды: оның ішінде 250 млн доллар мемлекеттік бюджеттен алынып, қалғаны жеке инвесторлардың салымдарымен жабылуы көзделуде. Бірақ біз осындай шығындарды кетіре отырып, міндетті түрде одан асатын пайдаға ие болатынымыза сенімді болуымыз керек. Алдыңғы жылдары өткен Ванкувер (Канада), Ганновер (Германия) қалаларындағы көрмелер залалдары түскен пайдадан асып кетті. 2010 жылғы Шанхайда өткен көрме ғана мақтанарлық нәтижеге жетті - оперативті табыс 157 млн долларды құрады. Әрине Қытайды Қазақстанмен салыстырмаймыз, олар экономикасы, халқы, ауданы жағынан бізден ірі. Бірақ біз, өзіміздің экономикамыз шеңберінде табысты нәтижелерге немесе экономикалық дамуда ілгері қадам жасауға бағытталуымыз қажет, яғни ақшаны орынды жұмсау.

Slide 26

Екіншіден, Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруға 113 га бөлінді, оның 25 га-да павильонды комплекс орналасып, қалған 88-де сәйкес инфраструктура: қонақ үйлер, паркингтер, асханалар пайда болады. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс күшін тартуға ықпал етежі, яғни жұмыссыздық деңгейінің азаюы мүмкіндігі бар. Ал, егер жұмыссыздық азайса бұл экономиканың дамуына жағымды әсер тигізері сөзсіз,

Үшіншіден, Қазақстан Республикасының туризм саласы дамиды. Бізде, өкінішке орай бұл сала «Азиада 2011» өтуіне де қарамастан, әлі артта қалуда. Бүкіл жылдар бойы өткізілген көрмелерге жалпы саны 8 млн-нан аса адам қатысып, көрді. Рекордты қатысушылар саны 29 шілдеде Кореядағы Ёсу қаласында болған көрмеде жиналды - 272 527. Сонымен қоса, Digital EXPO бағдарламасы арқылы Қазақстан Республикасын 2 млрд интернет-қолданушылары өз компьютерлерінде көре алады. Нәтижесінде Қазақстанның халықаралық аренадағы деңгейі артып, беделі көтеріледі.

Slide 27

Қазақстан үшін «Жасыл экономика» стратегиялық бағдарламасының экономиканың өсу қарқынына, халықтың әл-ауқаттылығына тигізетін әсерінің қаншалықты маңызды әрі қажет екендігін Қазақстанның бүгінгі таңдағы экономикалық моделімен салыстыра отырып анықтайық.

Қазақстанның қазіргі экономикасын «Қоңыр экономика» деп атау қабылданған. Оның басты сипаттамасы:

Біріншіден, экономика мұнай секторына, тау-кен және ауыр өнеркәсібіне толық түрде тәуелді: мұнай секторы ЖІӨ-нің 30%-ын және экспорттың 60%-ын иемденуде.

Екіншіден, экономикалық өсудің басты қозғалтқыштары энергия мен табиғи ресурстарды интенсивті түрде қолдануға сүйенеді.

Үшіншіден, экономиканың кен өндіруші салаларға деген толық тәуелділігі өзге де өңдеуші секторлардың инновациялық дамуына мүмкіндік бермейді.

Slide 28

Инновациялық экономиканы дамыту, «Жасыл экономикалы» ел құру-бүгінгі таңда Қазақстан үшін дамудың басты ұранына айналып отыр. «Жасыл экономиканы» құру түрлі инновациялық жобаларды қажет етеді, ал бұл сәйкесінше инновациялық экономикамызды одан әрі дамытуға серпін береді. Мұның барлығы EXPO-2017 жобасының негізінде жүзеге асырылмақ. Бұл жобадан еліміздің алар пайдасы зор болмақ. Мәселен, бір жарым ғасырлық әлемнің дәстүрі атанған көрме біздің мемлекеттің негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға қуатты импульс береді:

Біріншіден, экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым; (транспорт, құрылыс, жұмыс орын­дары)


Ұқсас жұмыстар
АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Еңбек нарығының Инфрақұрылымы
Бәсекеге қабілеттілік
Қазақстанның индустриялы - инновациялық даму бағыттары
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модерациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Қазақстанның тұңғы президенті
ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz