Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық
университеті
Инфляция (лат. inflatio – «қабыну»,
«ісіну») — бұл бағаның өсуінен,
тауарлар тапшылығынан және
тауарлар мен қызметтер сапасының
төмендеуінен туындайтын ақшаның
құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып
алу қабілетінің төмендеуі
Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының
біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы
ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу
тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе
айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің
тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік
алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық
еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен кұнның арасында тауар
табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас
құнның әр түрлі нысандарын туғызды. Айырбас — бұл бір
тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың
қозғадысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын
(мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне, сапасына,
нысанына және тағайындалуына байланысты өлшенуін
талап етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тауарлардың бір-
біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Қазақстан теңгесі —
Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасы. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы
жарлығы бойынша айналысқа
енгізілді.
Теңгенің құнсыздану жолы
Соңғы девальвациядан кейін 1
доллардың құны 185 теңге деп
белгіленді. 20 жылдан астам уақыт
ішінде Қазақстанның ұлттық валютасы
шамамен 38 есе құнсызданды.
Қазақстан ұлттық банкі ақпанның 11-інен бастап теңге бағамын
бұрынғы деңгейінде ұстап тұру саясатынан бас тартып, теңгенің
долларға шаққандағы бағамын 185 теңге шамасында белгіледі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) ақпанның 11-і күнгі таңғы
сауда бойынша бір доллар 163,9 теңге болған. Бұл дүйсенбі күнгі
доллар құнынан 8,3 теңгеге жоғары. Алайда көп ұзамай сол күні
доллардың құны 185,99 теңгеге дейін жеткен. Қазақстандағы
кейбір валюта айырбастау пункттерінде доллардың құны 200
теңгеден асып кетті. Көп пункттер валюта айырбастауды
тоқтатты. Ұлттық банктің баспасөз қызметі бүгін таратқан
хабарламасында "ақша айырбастау пункттерін банктер мен
Орталық банк шетел валютасымен жеткілікті түрде қамтамасыз
ететіні" айтылған. Бірақ көптеген ақша айырбастау орындары
қолма-қол доллар мен еуро жоғын айтып, шетел валютасымен
операция жасауды тоқтатқан.
ҚҰЛДЫРАУ ТАРИХЫ
Теңге алғаш айналымға түскен 1993 жылы қарашада 1 АҚШ
долларының бағамы 4 теңге 70 тиын деп белгіленген еді. Бірақ
алғашқы бір жарым айдың ішінде-ақ теңге шамамен 12 есе
құнсызданып, бір доллардың бағасы 54 теңгеден асты. Бұдан
кейінгі төрт жыл бойы теңге баяу, бірақ әлсін-әлсін құнсызданып,
1998 жылы долларға шаққандағы бағамы 84 теңгеге жетті.
Теңгенің бұдан кейінгі бір демде зор девальвацияға ұшырауы 1999
жылы сәуірде болды. Теңге бір жыл бұрынғымен салыстырғанда
64,6 пайызға құнсызданып, бір долларға шаққандағы құны 138
теңге 25 тиын болып қалды. Бұдан кейін теңгенің арзандау
қарқыны бәсең жүріп, 2002 жылы бір АҚШ долларының бағасы 156
теңгеге таяп барып тоқтады.
Инфографика: АҚШ долларының теңгеге шаққандағы
құны (1993-2014 жылдар)
2003 жылдан бастап Қазақстанда теңгенің құны артып, доллар арзандай бастады. 2007 жылы доллардың құны 120 теңге
30 тиынға дейін түсті. 2007 жылдың соңына таман әлемдік қаржы дағдарысы әсерінен теңгеге қауіп төне бастаған тұста
ұлттық банк қордағы валютаны сатып, теңгенің құнын түсірмей сақтап қалды.
2008 жылы көмірсутегі шикізаттарының әлемдік нарықтағы бағасы артып, соның арқасында Қазақстан валютасының
құны тұрақты болып тұрды. Осы жылдың соңында шикізат бағасы арзандап, теңгеге қауіп төнген кезде ұлттық банк
тағы да валюта қорындағы ақшаны жұмсап, теңгенің бір долларға шаққандағы бағамын 120 теңге маңында ұстап
қалды.
2009 жылдың қаңтарында теңгеге тағы да девальвация қаупі төнген кезде ұлттық банк валютаның бағамын ұстап
тұрды. Бірақ 2009 жылы 4 ақпанда ұлттық банк доллардың бағамын 117-123 теңге шегінде (+/-2%) ұстап тұрудан бас
тартып, девальвация жасады. Ұлттық банк девальвация себебін "мұнай бағасының төмендеуінен, Қазақстанның сауда-
саттық әріптестері саналатын елдердегі ұлттық валюталардың құнсыздануынан" деп түсіндірген. Банк ұлттық
валютаның тұрақтылығын сақтау үшін соңғы бірер айда 6 миллиард АҚШ долларын жұмсағанын да айтқан.
Қайрат Келімбетов, Ұлттық банк төрағасы. Алматы, 11 ақпан 2013 жыл
2009 жылы теңге 25 пайызға құнсызданып, доллар құны 150 теңге көлемінде бекітілді. Жұрт арасында доллар одан ары
қымбаттайды деген үрей туып, ақша айырбастау пункттері алдында ел кезекке тұрған. Ол кезде де доллар табылмай,
курс 160 теңгеге дейін көтеріліп кеткен.
Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы соңғы бірер жылда көп өзгермей тұрған. Бірақ 2013 жылдың
соңына таман доллар құны арта бастады. Жұрт арасында «Ақшаны қай валютада сақтаған жөн?» деген сауал туған
кезде ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов: «Ұлттық банк төрағасы ретінде оны екінші деңгейлі банктерде теңгеде
ашылған депозитте сақтауға кеңес беремін. Өйткені өзіміз де қазір экономиканы дедолларизациялау саясатын
(долларды ығыстыру) жүргізіп жатырмыз. Бұл - біздің экономикамыздың одан ары өсуі үшін және тиімді ақша-несие
саясатын жүргізу үшін аса маңызды проблема» деген.
Қазақ теңгесінің кейбір үлгілері өзінің дизайны мен қорғаныштық қабілеті жағынан әлемдегі ең сәтті жасалған купюра
болып есептеледі. Халықаралық банкнот қоғамдастығының (IBNS) конкурсында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына
арнап шығарылған 10 мың теңгелік қазақстандық естелік банкнот «2011 жылдың ең үздік банкноты» деп танылды. Ал
2012 жылы 5 мың теңгелік ақша осы халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды.
Инфляция тарихы[өңдеу]
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада
тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың
құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда
1784-1794 жылдары революция кезінде
өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883
есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі
капитализм жағдайында инфляцияны соғыс,
дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде
болатын несие ақшаларының алтынға
айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда
болды.[1]
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму
үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның
себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Ақша айналысының факторларына: бюджет
тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп
ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының
артық ақша массасына толып кетуі; халық
шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі
теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне,
мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық
саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық
саясатына байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі
түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен
туындайды:
әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық
салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы
айналыс үшін артық болып қалады;
мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни
мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару
есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі
қарызы артады;
несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық
банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын
сипаттайды;
импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу
барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын,
эмиссиялануы;
ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл
баға белгілеу үдерісіне әсер ететін
мынадай факторлардың болуымен
сипатталады:
еңбек өнімділігінің өсуін азайту және
өндірістің құлдырауы;
көрсетілетін қызметтің маңызының
артуы;
бір өнім бірлігіне жұмсалатын
шығынның өсуінің жеделдетілуі,
әсіресе жалақының өсуі;
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар
мыналарға қатысты құнсызданады:
алтынға;
тауар;
шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады.
Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел
валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау
жасап отырады;
инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
Таралу орнына қарай:
локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық
экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Бағаның өсу қарқынына қарай:
баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға
қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен
өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда
ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Қазақстанда жалпы инфляция және базалық инфляция деңгейі анықталады. Жалпы
инфлядияны Үкімет пайдаланса, ал Ұлттық Банк базалық инфляцияны пайдаланады.
Ұлттық Банк Статистика жөніндегі агенттіктен базалық инфляция құрамынан бес түрлі
керсеткішті алып тастауды сұрады. Оларға кекөніс, жеміс-жидек, бензин жөне көмір
бағалары және коммуналдық қызметтер бағасы жатады.
Инфляцияның тигізетін әлеуметтік-экономикалық салдарларын мынадан көруге
болады:
халық топтары, өндіріс аясы, аймақтар, шаруашылық құрылымдары, мемлекет,
фирмалар арасында, дебиторлар мен кредиторлар арасында табыстардың қайта
бөлінуі;
халықтың, шаруашылық субъектілерінің ақшалай жинақтарының және мемлекеттік
бюджет қаражаттарының құнсыздануы;
бағаның әркелкі өсуі нәтижесінде өнеркәсіп салаларындағы пайда нормасының
теңсіздігінің артуы және ұдайы өндіріс үдерісіндегі теңсіздіктің орын алуы;
жұмыссыздықтың өсуі;
халық шаруашылығына деген инвестицияның қысқаруы;
амортизациялық қорлардың құнсыздануы;
бағадағы, валютадағы және пайыздағы алып-сатарлық ойындардың ұлғаюы;
көлеңкелі экономиканың белсенді түрде дамуы;
ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуі;
қоғамның әлеуметтік топтарға белінуі.
Инфляция (Р) мен жұмыссыздық (Q)
арасындағы байланысты Филипс
қисығынан көруге болады.
Филипс қисығы
Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның
жұмыссыздыкқа ықпалын көрсеткен. Бірақ бұл жерде бағаның
орнына жалақыны алған дұрыс сияқты. Себебі, жалақы өссе
жұмыссыздық азаяды немесе керісінше. Жалақы да инфляцияның
пайда болуына ықпал етуші басты фактор. Қазір біздің елімізде
Елбасының Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын көтеру
туралы сөз қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі.
Бұл дегеніміз жабайы нарықтың көрініс алуын сипаттайды. Әрине
базардағы саудагерлер өзінің өнімін сатып отырғандар емес олар
алыпсатарлар, олар бағадағы айырмадан күн көрушілер. Оларға
ешқандай бақылау жоқ. Сол себепті Қазақстандағы инфляцияға
тежеу қою мүмкін болмай отыр.
Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның
әлеуметтік және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың
болуын талап етеді.
Инфляциялық үдерістің жағдайларына байланысты ақша айналысын
тұрақтандыру нысандарына: ақша реформасы мен
антиинфляциялық саясат жатады.
Ақша реформасы — ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа
келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге
асатын түрлендірулер.
Ақша реформалары төмендегідей әдістер көмегімен жүзеге асырылады:
жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта енгізу туралы
хабарлау;
қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық паритетін
қалпына келтіру;
деноминация, яғни «нөлдерді қысқарту» әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.
Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты
антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:
Дефляциялық саясат — бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты
шектеуді, салық тетігің қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін
пайымт шерін реттеу және ақшамассасын шектеу әдістерінің жиынтығы.
Табыс саясаты — бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.
Біздің елімізде бағаға бақылау Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат
комитетті арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі өте сирек
қолданылады.
Индексациялау - ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық
немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz