Өкпе мен жүрекке сипаттама


Slide 1

Өкпе мен жүрекке сипаттама.

Жасалатын операция түрлері

Slide 2

Өкпе (Pulmones, лат. pulmo - өкпе) - адам мен жануарлардың тыныс алу органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 - 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық - өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. . Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, ақуыз, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады

Slide 3

Өкпенің құрылысы

Slide 4

Ерекшеліктері: Жылқы мен түйе өкпелерінің ортаңғы және каудальды бөліктері бірігіп кеткен. Нәтижесінде сол өкпеде краниальды, каудальды бөліктер, оң өкпеде краниальды, каудальды және қосымша бөліктер болады.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада бифуркациядан бұрын кеңірдектен кеңірдектік бронх бөлініп, оң өкпенің краниальды бөлігіне енеді.

Ит өкпесінің сыртқы бетінде бөліктердің бір-бірінен ажырауы нашар байқалады.

Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа қапшықтары жүйесі толтырады. Сүтқоректілердің өкпесі кеуекті, майысқақ, сондықтан оның көлемінің ұлғаюы өкпе ішіндегі шеміршекті қаңқа мен тегіс бұлшық еттің дамуына байланысты.

Slide 5

Ш. Шакуров тәсілімен ішкілік кеуде жүйелерді және симпатиялық шекаралық діңді плевра үстінен тежеу

В. В. Мосин тәсілімен құрсақ жүйелерін және симпатиялық шекаралық діңді плевра үстінен тежеу

Кеуде қабырғасын тежеу әдістері

Slide 6

Плевра қуысын

пункциялау

Slide 7 Slide 8

Плевра қуысын пункциялау

Slide 9

Плевра қуысын пункциялау техникасы

Өкпе

Плевра қуысындағы сүйықтық

Қан тамырлар мен нерв

Висцеларлы плевра

Периетальды плевра

Slide 10

Асқыныстары

Ауалы

эмболия

Әлсіздік

Инемен тесілген аймақтың іріңдеуі

Қабырға аралық тамырлардың зақымдалуы

Өкпеқап жапырақтарының тітіркенуі

Өкпе паренхимасының тесілуі

Қан кету,

тахикардия

Slide 11 Slide 12

Пневмоторакс түрлері

Жабық

Ашық

Клапондық

Slide 13

Ашық клапондық

Пневмоторакс түрлері

Ашық

Дем алғанда

Дем шығарғанда

Slide 14

Гемоторакс

Slide 15

Аралық

Диафрагмалық

Қабырғалық

Төбелік

Гемоторакс орналасу орнына қарай бірнеше топқа бөлінеді

Қабырға- диафрагмалық

Парамедиалды беттік

Slide 16

Плеврит

Slide 17

Жүрек - іші қуыс бұлшықетті мүше. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys - бұлшықет, kardia - жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард) . Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.

Slide 18 Slide 19

Перикард қуысын пункциялау. а -төстің төменгі семсер тәрізді өсіндісінің сол жағынан; б-сол жақ парастерналды сызық бойымен бесінші қабырға аралығынан.

Slide 20

Іріңді перикардит (pericarditis purilenta) - жүрек қабының іріңді қабынуы.

Патогенезі - көбінесе перикардит іріңді хирургиялық инфекциялардың асқынуы ретінде пайда болады. Іріңді медиастенит, бауыр абсцесі, іріңді плеврит, перитонит, тілме, остеомиелит, флегмоналардың көптеген локализацияларында инфекция көбінесе лимфа жолдарымен, кейде қан арқылы перикардты зақымдайды. Жүректің ашық жарақаттарында біріншілік перикардит дамиды. Қабыну қызарудан, ісінуден басталып, перикардта түзілген серозды экссудат іріңдейді. Жүрек қабында 500 - 1500 мл. экссудат түзілуі мүмкін. Инфекция миокардқа таралса, екіншілік миокардит дамиды. Эпикард пен перикард беттерінде фибрин түзілсе, олар бір-бріне жабысып, перикард қуысы бітеледі. Іріңді перикардиттің емі. Антибактериалды терапия, пункция кезінде іріңді сорып алып, перикард қуысына тиісті антибиотиктер енгізу. Перикардқа іріңді экссудат жиналуына байланысты 3-5 күнде пункцияны қайталау қажет. 3-4 пункциялардан кейін нәтиже болмаса, перикардты жергілікті жансыздандыру немесе наркоз беру арқылы тіліп ашып, санациялайды. Перикардиотомияны төстің семсер тәріздес өсіндісінің бойымен тіліп, диафрагма үстінен жасайды. Іріңді перикардит сырқатына шалдыққан науқастардың тағдырын болжау қиын, бұл науқастарда көбінесе, ауыр жүрек-тамыр жетіспеушілігі орын алады.

Slide 21

Инфаркт

Некрозға ұшыраған аумақ


Ұқсас жұмыстар
Қан тамырлары
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улану
Капилярлар артерия қан тамырлары вена қан тамырларын байланыстыратын шаштың жуандығынан бірнеше есе жіңішке қан тамырлар
Жануарлардың гликозидтермен улануына токсикологиялық сипаттама
Адамның тамырлар жүйесі
Қан айналым шеңбері
Қан қысымы
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі
Адам қан тамырлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz