Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым
Презентация қосу
Неміс классикалық
философиясы
XVIII – ғасыр аяғымен XIX – ғасыр басында неміс
топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең
болды. Ол кезеңді Ф. Энгельс класикалық неміс
философиясы деп атады. Германия Англия мен Францияға
қарағанда мешеу ел болды. Осындай жағдайдағы Германияға
француз буржуазиялық революциясы найзағайдың
жалтындай әсер етті. Бірақ немістер Европаның басқа
халықтарының іс – жүзінде жүзеге асырып жатқанын, тек ой
жүзінде ғана іске асыруды армандады . Бұл дәуірдегі неміс
философиясы осы тұрғыдан алғанда неміс тарихының ой
жүзіндегі жалғасы болып есептелінеді. Сөйтіп, осы кезеңде
өмір сүрген неміс халқының ұрпақтарының үлесіне тиген іс
философиялық төңкерәс жасау еді. Сондықтанда ол кейін
класикалық деген атқа ие болғанды.
Неміс классикалық
философиясының негізін
қалаушы көрнекті ғалым
Иммануил Кант (1724—1804
жж.) бүкіл өмірін Кенисберг
қаласында өткізген. Негізгі
еңбектері: «Әлемнің әмбебаптық
табиғи тарихы мен теориясы»,
«Практикалық ақыл-ойды
сынау», «Таза ақыл-ой
шеңберіндегі дін», т.б. Әдетте,
Кантты «сыни кезеңге дейінгі»
және «сыни кезеңдегі» деп екіге
бөліп қарайды.
КАНТ
Сыни кезеңге дейіңгі Канттың күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек
астрономияға ғана қосқан үлес емес, жалпы дүниетанымдық методологиялық маңызы бар жаңалық болды. Біріншіден,
қозғалыс — материяның өзіне тән тартылыс және серпіліс сияқты қарама-қарсы күштердің арқасында, ешқандай да
сыртқы күштің әсерінсіз пайда болған құбылыс. Қозғалыс пен тыныштықты салыстырмалы түрде түсінуге болады.
Екіншіден, осы күштердің әсерінен әр түрлі әлемдер жүйесі қалыптасып, күйреп, одан шашыраған болшектерден қайтадан
жаңа денелер пайда болып жатады. Сөйтіп, әлем ылғида даму үстінде болады. Үшіншіден, әлем құрылымына енетін
үлкенді-кішілі жүйеленген денелер өзара сатыланған бағыныштылықта болады. Өзіне кішігірім жүйелерді бағындырған
үлкен жүйе, өзінен де ауқымды басқа жүйеге кіреді, сөйтіп шексіз кете береді. Демек, әлемдегі денелер жүйесі өзара
әмбебаптық байланыста болады.
Сыни кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарастырмастан
бұрын, адамның танып-білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз қерек.Таным процесі күнделікті тәжірибеден,
Жалпы алғанда, таным процесі, Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді. Олар:
сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.
Сезімдік туйсіну Сараптаушы Танымның үшінші
сатысында біздің парасат сатысына сатысы трансценденттік
сезім мүшелерімізге — априорлы танымда — таза ақыл-ой
категориялар заттардың көрініс
«өзіндік заттардың»
себептілік, сапа, әлемімен шектеліп
көріністері әсер қалмай, олардың ар
етеді де, осы- сан, қажеттілік,
жағында не бар екенін
деректер негізінде т.б. арқасында білуге, басқаша
түйсіктердің бей- жаңа ғана айтқанда «өзіндік
берекет жиынтығы реттелген заттардың» табиғатын,
пайда болады. Олар туйсіктер мәнін түсінуге
жиынтығы ұмтылады да, шешілмес
сезімдік түйсінудің
қорытындыланып, қайшылықтарға
априорлы түрлері – (антиномияларға) тап
кеңістік пен тұжырымдалып,
болады. Айталық, рух
уақыттың өзіне тиесілі
өле ме, өлмей ме, әлем
арқасында белгілі заңдылыққа калай пайда болды,
бір жүйеге келіп, бағынып, жаңа құдай бар ма, жоқ па, т.б.
реттеледі. білім пайда Осы сияқты сұрақтар
болады. антиномияларға толы.
Сонымен байланысты ол өзінің философиялық жүйесін үш бөлімнен
тұрады деп есептеген. Олар адам психикасының үш қабілетіне сәйкес
келмек:
танымдылық.
талғампаздық. (қанағат сезім)
еріктілік (көңіл қалауы)
Кант өз философиясында материализммен идеализмді табыстырып, бұл
екі қарама – қарсы философиялық бағыттарды бір – бірімен келістіргісі
келеді. Сөйтіп, ол өз ілімінде сенімге, дінге орын қалдыруды көздейді.
Иоганн Готлиб Фихте (1762
—1814 жж.) — философиялык
ілімдер ғылымдар теориясы
(ғылымдар туралы ғылым)
ретінде қандай да болмасын
білімнің негізін көрсетулері
керек деген пікірді өз ілімінің
басты қағидасы етіп алған
ойшыл. Негізгі еңбектері:
«Ғылым туралы ілім» (1794
ж.), «Адамның міндеті» (1800
ж.) және т.б.
Фихте «өзіндік затты» танып-білуге болмайды деген пікірді мойындамайды және оны сынға алады.
Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын қамтитын, анықтаушы нақтылық – абсолюттік «мен».
«Мен» өзінің дамып отыратын іс-әрекетінің арқасында өзінің алғашкы бастама кезеңіңдегі (сана –
субъект) ақыл-ойдың нақтылығына карама-қарсы жағдай «басқа менге» (табиғат – объект), одан
кейін өз дамуының үшінші сатысы – екеуінің өзара қарым-қатынасына айналады. Бұл жердегі
«мен» — рух, жігер, әдептілік, сенім ұғымдары, «басқа мен» — табиғат және материя ұғымдары
болса, олардың өзара қатынастары синтез — бұрмалаушылыққа қарсы күресін жатқан адамның
жігерін көрсететін ұғым. «Басқа мен» (табиғат, объект) нақты өмір сүріп қана қоймай, «менге» әсер
етіп, кейбір жағдайларда оның іс-әрекетін де айқындайды: «Басқа меннің» (табиғаттың,
объектінің) әсерімен болған іс-әрекетті біз танып-біле алмаймыз, бірақ бұл «әсерді» тікелей
сезінеміз. Сөйтіп, теориялық іс-әрекеттің негізінде бисаналық іс-әрекеттің жатқаңдығын көреміз.
Ал «меннің» іс-әрекеті деп Фихте субъектінің «әдептілік мінез-құлқын» айтады, Демек, адамның
іс-әрекетінің мақсаты — әдептілік заңдары мен парызыңды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда
қоршаған ортамен тығыз байланысты адамның тән табиғатынан туындайтын оның табиғи
қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы тұрып, оны іс-әрекетке итермелейтін «басқа мен»
дегеніміз, айналып келгенде осы.
Фихтенің «басқа мені», табиғаты, объектісі Канттың «өзіндік заты» сияқты санадан тыс өмір
сүрмейді, ол — сананың ерекше қызметінің қажетті туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі: санада
осы қызмет жүріп жатқанда, адамда ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды, Сондықтан да,
қарапайым күнделікті сана ол туралы ештеңе білмейді.
Сол себепті сананың осы ерекше қызметін қарапайым сана біздің түйсігіміздің мазмұны, бізге
табиғаттан берілген деп ойлайды. Қарапайым сананың бұл қателігін тек философиялық ойлау ғана
түзете алады. Шын мәнінде, түйсігіміздегі мағлұматтар «меннің» (сананың) іс-әрекетінен
туындаған «елестету» ғана. Демек, «меннің» бұл іс-әрекеті бірінші де, «басқа — мен» мен «басқа
— меннің» ажыраспас бірлігін байқай «көруге» болады. Бұл қабілетті Фихте «интеллектуалды
интуиция» деп атайды.
Үш сатысы
Абсолютттік
Абсолюттік Мен мен Мен
Мен Басқа Мен еместің бірін
бірі
толықтыруы
Тезис Антитези Синтез
с
Фихтенің пікірінше, әрекетшіл «мен» әр уақытта да өзінің қарама-қарсысының әсерімен
қозғалысқа және іс-әрекетке түседі. «Меннің себепсіз іс-әрекеті – оның қызметі мен алдындағы
мақсатының өзара қарама-қайшылықтарын қайта-қайта қалпына келтіру процесі. Басқаша
айтқанда, бір кедергіден өтіп, оны жойған кезде, екіншісі пайда болады, сөйтіп шексіз кете
береді. Өзінің осы тәсілін Фихте — «антитетикалық» тәсіл деп атаған. Бұл тәсілдің ерекшелігі
антитезис тезистен шығарылмайды (диалектикалык, тәсілдегідей), керісінше, антитезис қарама-
қарсылық ретінде тезиспен қатар қойылып, содаи кейін барып олар бірігеді. «Антитетикалық»
тәсілді қолдану арқылы Фихте теория негізінен (түйсік, бақылау, қиялдау, елестету, ойлау тағы
басқаша қарастыру негізінде) практикалық ақыл- ойдың негізгі мазмұнына, қабілетіне қарай ой
түзейді. Осының арқасында субъект рет-ретімен теориялық іс-әрекеттің ең төменгі сатысынан
жоғарғы сатысына дейін көтеріледі де, бұл деңгейде ол — ойлау объектісін өзінің ақыл-ойының
белсенділігінің нәтижесі екенін түсініп-біледі. Сөйтіп — «ғылым туралы ілім» тәсілі адамзат ақыл-
ойының даму жолымен сәйкес келгендіктен, айналып келгенде, өзінше байланысқан адамзат
рухының тарихы болып шығады.
Фихтенің «практикалық философиясының» (этика, кұқық және мемлекет туралы ілім, т.б.) негізгі
ұғымы — «бостандық» ұғымы. Ол бостандық ұғымын «қажеттілік» ұғымына қарсы қою арқылы
түсіндіруге тырысады. Спиноза сияқты Фихте де адам жігері оның қандай да болмасын рухани іс-
әрекеті септілікке бағынады деп есептеген. Бірақ осындай жалпыға бірдей қажеттілік
бостандықтың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал, бостандық дегеніміз қажеттілікті жою
емес, керісінше, жеке адамдардың, адамзаттың заңдар мен мақсаттарға өз еркімен бағынуы.
Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз қажеттілікті танып-білуге негізделген іс-әрекет.
Өнегелілік және құқықтық мәселелерге тоқтала келе, Фихте этиканы — адамның ішкі дүниесіне
бағытталған бостандық деп, ал құқықты адамдар арасындағы сыртқы қатынастарды реттейтін
әлеуметтік құбылыс деп санайды. Демек, құқық әділеттілік заңдарына емес, адамдар арасындағы
өзара қатынастарға сүйенеді. Ал өзара қатынастардың, келісімдердің негізі болып, қоғамда
үстемдік етіп тұрған заңдарға әркімнің бағынуы саналады.
Фихте мемлекеттік билікті бөлу идеясын қолдамайды. Жалпы адамзат меншік иелері және
меншігі жоқтар болып екіге бөлінеді Мемлекет дегеніміз — меншік иелерінің ұйымы. Демек,
мемлекет азаматтардан басқалардың құқығын мойындауды талап ету ушін, өзінің олардың
әрқайсысына меншік иесі болуға болатындай ұйымдастыру қабілеті болуы керек. Кейінгі
еңбектерінде Фихте мемлекет пен құқықты адамзаттың әдепті өмір сүруінің бастапқы, бірақ
қажетті даму сатысы деп, ал қоғамда әдептілік заңдары толық жеңгенде құқық пен мемлекеттің
керегі болмайды деген пікір айтады. Фихтенің осы пікірлері өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер
етті.
Фридрих Вильгельм
Шеллинг (1775—1854 жж.)
Канттың, Спинозаның,
Фихтенің ілімдерінің кейбір
идеяларын дамыта отырып,
өзінің табиғи күштер
иерархиясының
спекулятивтік
натурфилософиясы деп
аталатын ілімін
қалыптастырды. Негізгі
еңбектері:
«Трансцендентальдық
идеализмнің жүйесі», «Адам
бостандығының мәні
туралы», т.б. Оған Фихтенің
әсері зор болды. Бірақ ол
Фихтеден бас тартты.
Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг (1775-1854)
философиясы табиғат мәселелеріне арналған. Табиғат ол
үшін индивидуалды Мен емес, абсолютті. Ол мәңгі ақыл,
субъективтілік пен объективтіліктің абсолютті теңдігі.
Шеллинг идеалдық пен материалдықтың теңдік идеясын
шығарды. Материя бұл-абсолютті рухтың еркін күйі.
Материя мен рух тең. Шеллингтің натурфилософиясы 18
ғасырдың аяғында қоғамдық қызығушылықтан туындаған
жаңа ғылыми-жаратылыстанудың нәтижесінен пайда
болды. Осы ғасырдың ғылымдарындағы ұлы ашылыстарға
сүйене отырып, Шеллинг табиғаттың идеалды мәнін, оның
белсенділігінің материалды емес сипатын ашты. Шеллинг
натурфилософиясының құндылығы оның диалектикасында
жатыр. Кез-келген заттың мәні қарама-қарсы күштердің
бірлігімен сипатталады және ол "полярлық” деп аталады.
Мысал ретінде ол магнитті, электрліктің оң және теріс
зарядтарын, химиялық заттардағы қышқылдар мен
сұйықтарды, санадағы объективтілік пен субъективтілікті
мысалға келтірді. "Полярлық” денелер бесенділігінің
бастауы деп "нағыз әлемдік жан” деп анықтады.
Философия әлемінде
өзіндік ерекшелігі мен
өшпес із қалдырған
ғұлама-ойшыл, неміс
классикалық
философиясының ең биік
шыңы Георг Вшъгелъм
Фридрих Гегелъ 1770 ж.
Штутгарт каласында туып,
1831 ж. Берлинде қайтыс
болды. Негізгі еңбектері:
«Рух феноменологиясы»,
«Логика — ғылым», «Құқық
философиясы», «Дін
философиясы»,
«Философия ғылымының
энциклопедиясы», т.б.
Гегельдің пайымдауынша, әлемнің негізінде жек-даралық
емес, жалпылық-бүтіндік жатыр. Әлем жеке-даралықтардан,
атомдардан немесе жандардан тұрмайды, жекелердің мұндай
бірлігі бұл иллюзия. Әлемде бүтіндіктен басқа ешбір шындық
жоқ. Парменид пен Спиозаның болмысындағы қарапайым
субъстанция сияқты емес, Гегельде ол күрделі жүйе, кеңістік
пен уақыт
Гегельдің атақты формуласы «Барлық шынайылықтар
ақылға сиымды, барлық ақылға сиымды нәрселер шынайлық».
Гегельдің философиялық ілімі – объективный идеализм, ол оны
абсолютті идеализм деп атады.
Гегель философиясының құпясы мен идеялары жатыр.
Гегель үшін осы әлемнің мәні бар, бәрі әлемдік Тұтастыққа
кіреді. Оның абсолютті идеясы өз дамуында үш стадиядан
өтеді. Тұтастай ол триаданы құрады: бұл
1) тезис (әлденені ұстанушы);
2) 2) антитезис (терістеуші);
3) 3) синтез (біріктіруші).
Триаданың жалпы құрылысы мынадай:
1 стадия: рухтың дамуы өзімен-өзі, рух өзінде. Логикада
белгілерден басқа ештеме жоқ, бірақ біз логиканың
әмбебап тіршілік ететінін білеміз. Бұл категорияның
принципті ерекшелігі.
2 стадия: рух өзіне бұрыла отырып табиғаттан жаттанады.
Шеллинг бойынша руханилық пен идеалдық табиғаттың
өзінде, ол тірі әрі күшке толы. Ал Гегельде табиғат-өлі рух.
Рухтың жаттануы табиғатты білімдендіреді.
3 стадия: Философия мен тарих бірігеді. Осы арқылы рух
өзін-өзі адам мәдениеті арқылы танылған шындықта
қалыптастырады.
Гегель үшін білім обьектісі ештеме емес. Білім:
а) сезімдік, алғашқы
б) ақыл-парасатты. Білім ғылым деңгейінде
с) ақыл білімі-философиялық білім, яки руханилық
индивидтік деңгейден ақыл-парасаттың сферасынан
шығуы. "Ақыл ақыл-парасатсыз ештеме, ал ақыл-парасат
ақылсыз әлдене”
Гегель жүйесінде логика негізгі орынды алады. Логика
төңірегінде ол болмыс туралы, мән туралы, түсінік туралы
ілімдерді дамытты. Логиканың конструктивті принциптері
- абстрактіден нақтылыққа өту. Логика мен ойдың ең
жоғары бастамасы-болмыс пен ақылдың теңдігі. Дамудың
үш принципі бар: санның сапаға өтуі, қарама-қарсылық
даму бастауы, терістеуді терістеу
Класикалық неміс
философиясының ұлы
өкілдерінің бірі – Людвик
Фейербах (1804 – 1872ж).
Фейербах 1823ж Гегельдер
университетіне түсіп оқуын
Берлин университетінде
жалғастырды осы кезде ол
Гегельдің лекцияларын
таңдаған Негізгі еңбектері:.
«Христиан дінінің мәні»,
«Діннің мәні», «Гегельге
қарсы сын», т.б. 1830ж
Людвиг Фейербах (1804-1872) басқа неміс классикалық
философтардан ерекшелігі, ол материалист философ болған.
Оның негізгі шығармасы "Христианшылдықтың мәні”, мұнда ол
идеалистік және материалистік философия арасындағы тарихи
күресті көрсетуге ұмтылды. Фейербах пікірінше барлық мәртебе
антропологияға берілуі керек. Ол философиялық зерттеудің
негізгі мәселесі етіп табиғатты да, рухты да қоймады, керісінше
адам мәселесін қарастырды. Адамды қарастырғанда оны сезім
(материалдық) мен ақылдың (руханилық) жиынтығы ретінде
зерттеді. Адам тек қана ойлау ғана емес, сондай-ақ сезімдік
тіршілік. Осы мағынада сезім де, ерік те, жүрек те, ойлау да
бөлінбейтін нәрселер. Осы принциппен ол христиан дініне назар
аударады: "теологияның құпиясы антропологияда жасырынып
жатыр, теологияның мәні антропологияда” Бұл ұран нені
білдіреді? Оның пікірінше Христианшылдық-бұл Құдайдағы үш
білім зерттеу обьектілерінің қосындысы:
Табиғаттар. Құдай-Әке-физика
Логикалар. Құдай-Ұл-адамның рационалды әрект аумағы
Рухани іс-әрекет. Қасиетті Құдай Рух
Антропологиялық материализмді қоғамдық сана мен дін арқылы
зерттеп, дінді, құдайды адам өзі жаратты деген идея ұсынған.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz