Қайта өрлеу дәуірі философиясы



Қайта өрлеу дәуірі
философиясы

Жоспар:
1. Қайта Өркендеу Дәуірінің негізгі сипаттары.
2. Гуманизм, неоплатонизм, натурфилософия - қайта өрлеу дәуірі философиясының бағыты ретінде.
3. Кузанскийдың натурфилософиясы
4. Гелиоцентризм және әлемнің шексіздігі туралы ілім

Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі (итал. Rinascimento, ол итал. ri - «қайта» және итал. nasci - «туылу» сөздерінен құралған тұрақты термин) - ХІV-ХVІІ ғасырларға аралығындағы еуропалық жаңа мәдениет қозғалысы.

Қайта Өркендеу Дәуірінің дамуы үш кезеңнен тұрады:
2) онтологиялық мәселелер шешілген неоплатонизм кезеңі - ХV-ғ ортасынан ХVІ-ғ. бірінші үштігіне дейін;
1) гуманистік немесе антропоцентристік - ХІV-ғ. ортасынан XV- ғасырдың ортасына дейін;
3) натурфилософиялық кезең -
ХVІ-ғ. екінші жартысынан бастап ХVIІ-ғ. басына дейін.

Пантеизм (гр. раn- бәрі және tcheos -құдай) - құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705) . Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.
Натурафилософия (табиғат туралы философия) . Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған ілім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.
Гуманизм (лат. humanus - иманды) - адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.

Қайта өрлеу дәуірі философиясының негізгі белгілері:
-антропоцентризм және гуманизм - адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою;
-шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу) .
-кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар
аудару;
-Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жиналықтар) түсіну;
-тұлғаның алғашқы қатарға қойылуы;
-әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы.

Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағытта дамыған - неоплатондық бағыт болды. Аталған бағыттың мақсаты - Платон ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді жойып, бір жүйеге келтіру, әрі қарай дамыту. Неоплатоншылдар Платон идеясына сүйене келе, схоластикаға өздерінің жаңа философиялық жүйелерін қарсы қоя отырып Құдай рөлін төмендетті. Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар бағытының белді өкілдері: Н. Кузанский және Джованни Пико дела Мирандола.

Қайта өрлеу философиясына өзіндік үлесін қосқан ойшыл Николай Кузанский. Гуманизмнің басқа өкілдеріне қарағанда Кузанский математика және жаратылыстану ғылымдарының саласына көп көңіл бөлген және өзіндік христиандық натуралистік пантеимзнің негізін салушы. Дүние құдайда өмір сүреді, құдай дүниеде өмір сүреді, құдай шексіз актуальды болғандықтан, дүние - шексіз, яғни онда әр түрлі шекаралардан өтуге болады.

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы социал-утопистік көзқарастарымен әйгілі. Томас Мор - утопиялық коммунизмнің негізін салушы. «Утопия» сөзінің мағынасы - «Жоқ жер». Кітапта Утопия аралығындағы адамдардың идеал өмірі туралы баяндалған. Оның негізгі белгілері - антииндивидаулдылық, ұжымдық, жеке меншікті жою, тұтыну теңдігі. Мор алғашқы христиандық ілімге және практикаға, Платонның идеалды мемлекет туралы теориясына сүйенеді.

Қайта Өркендеу ғылымы негізінен үлкен екі ошақта шоғырланды:
2) суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы - өмірдің өзі өнерді ғылыммен, әсіресе, математикамен ұштастыруға итермелеп отырды.
1) университеттер мен мектептер - схоластикалық пайымдау басымырақ, тәжірибе-эксперимент аз;

Солардың бірі - өнер алыбы Леонардо да Винчи (1456-1519 жж. ) Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған. Ол- әрі мүсінші, әрі суретші, әрі математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі ақын, әрі физик т. б. болды. Сегіз қырлы, бір сырлы Леонардо да Винчи ұшу аппаратының қанатының, токарь станогінің жобаларын жасады.
Леонардо да Винчи сонымен қатар ғылымның әр саласына байланысты жазылған әр тақырыптағы ғылыми трактаттардың авторы. Леонардоның керемет ұлы туындысы және барлық замандардағы ең ғаламат суреттерінің бірі - «Құпия жиын».

Дүниені дүр сілкіндірген, бұл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу-маржаны болып отырған «Мона Лиза»

Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz