Қазақ ағартушыларының философиясындағы қоғамдық прогресс теориясы
Презентация қосу
Қазақ ағартушыларының философиясындағы
қоғамдық прогресс теориясы
Ағартушылық — қоғамдық-саяси
ағым. Оның өкілдері ізгілік,
әділеттілік идеялары мен ғылыми
таным-білімнегіздерін тарату
жолдары арқылы қоғам
кемшіліктерін түзетуге, оның
талғам-талаптарын, саясатын,
тұрмысын өзгертуге күш салды.
Қазақ Ағартушылығы – жалпы
ағартушылықтың тарихи
қалыптасуының нақты ұлттық
айырықша формасы. Ресей мен Ба-
тыс Еуропадағы көптеген
ағартушылық қозғалыстарымен
тұспа- тұс келген Қазақстандағы
ағартушылықтың қазақ халқының
та- рихи және ұлттық дамуына,
оның рухани әлеміне негізделген
өзіндік ерекшеліктері болды.
Қазақстандағы ағартушылықтың ерекшеліктерін
анықтайтын маңызды белгілердің бірі Қазақстанның
Ресейдің құрамына қосылуына байланысты көтерілген
ұлттық мәселенің ушығу нәтижесі мен салдары еді. Біздің
көзқарасымызша, дәл осы себептен ағартушылық арқылы
қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси құрылымның
буржуаздық жаңаруына деген қажеттілік Қазақстан мен
Ресейдің берік одақ құруынан және сол мәдениетті қазақ
қауымының қабылдауынан байқалды.
Қазақ ағартушылығының негізін
салушы Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов (1835-1865) –
демократиялық ұлттық
мәдениетіміздің көрнекті өкілі.
Энциклопедист-ғалым,
шығыстанушы, саяхатшы,
публицист және қоғам қайраткері
Шоқан Уәлиханов өз бойында шын
мәнінде еуропалық білімділік пен
Шығыс халықтарының мәдениеті
жайлы терең түсінікті үйлестірді
және қысқа ғұмырында мол да жан-
жақты шығармашылық мұра
қалдырды.
Ш.Уәлиханов тікелей философиялық
мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған,
алайда, көптеген шығармаларынан
философиялық пікірлері мен
тұжырымдарын байқауға болады. Ол
«Қазақтардағы шамандықтың қалдығы»,
«Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір
(құдай)» деген еңбектерінде философияның
негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады.
Ш. Уәлиханов
шығармашылығын 2кезеңге
бөлуге болады
қалыптасу кезеңі
(Петерборға
барғанға дейінгі кемелдену кезеңі
уақыт, яғни 1855– (1859–1865)
1859 жылдар
аралығы)
Қазақ ағарту ісінің
көрнекті өкілі, педагог-
жаңашыл және жазушы
Ыбырай Алтынсарин
(1841-1889).
Ыбырай дүниетанымы
қалыптасуына халық
ауыз әдебиеті,
прогрессивті орыс
мәдениеті мен Еуропа
ойшылдарының
еңбектері өз әсерін
тигізді.
Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның
қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір
сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен»
сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес,
сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз
екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай
деп біледі. («Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!»,
«Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең
шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т.б.
еңбектерінде осы пікірді қуаттайды).
Алтынсариннің этикалық және
эстетикалық көзқарастары құндылығы
және маңызы жағынан ерекше орын
алады. Жастарды инабаттылық пен
адамгершілікке тәрбиелейтін
шығармалары ерекше орын алады.
Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу,
мейірімділік, кішіпейілділік сияқты
қасиеттерді қырда өскен балаларға
әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе білді.
Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті
мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-
демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның
шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза,
аудармалар мен әндерден тұрады.
Абай – қазақ әдебиетінде
сыншыл реализмнің негізін
салушы. Дүниетанымдық
мәселеде ол деизмге жақын.
Құдай – өз заңдары бойынша
дамып жататын өлшемнің
алғашқы себепшісі деп түсінді.
Дінбасыларының насихаттап
жүрген соқыр сеніміне Абай
ақылмен тануды қарсы қойды
Абай Құнанбаев өзінің аса
дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі,
халқына деген қамқорлығымен әлемге
танымал болды. Абайдың дүниеге
көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі.
Оны біржақты бағалап, бір бояумен
көрсету мүмкін емес.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz