ЖҰМСАҚ ДӘРІЛІК ЗАТ ФОРМАЛАРЫ


Slide 1

Тақырыбы: ЖҰМСАҚ ДӘРІЛІК ЗАТ ФОРМАЛАРЫ

Slide 2

ЖОСПАРЫ

Жұмсақ дәрілік зат форма-ларына жалпы сипаттама, дайындалу технологиясы, жазылу схемалары, босатылуы, сақталу ережелері және қолданылуы

Slide 3

ЖҰМСАҚ ДӘРІЛІК ЗАТ ФОРМАЛАРЫНА ЖАТАТЫНДАР:

БОТҚАЛАР,

СҮРТПЕ (ЖАҒАР) МАЙЛАР,

ЛИНИМЕНТТЕР,

ПАСТАЛАР,

ПЛАСТЫРЛЕР (БҰЛАСЫРЛАР), СУППОЗИТОРИЛЕР,

ШАРЛАР,

ТАЯҚШАЛАР,

ТРАНСДЕРМАЛДЫ ТЕРАПЕВТІК ЖҮЙЕЛЕР

Slide 4

БОТҚАЛАР- ELECTUARIA (ELECTUARIUM) - КАШКИ атау септігінде - electuaria, ал ілік септігінде - electuarii

Ботқалар ботқа немесе жұмсақ қамыр тәріздес консистенциялы, ішке қолдануға арналған дәрілік зат формасы. Олардың құрамына ұнтақ тәріздес, сұйық немесе жартылай сұйық дәрілік заттар және олардың физикалық күйіне сәйкес келетін форма түзгіш заттар кіреді. Форма түзгіш заттар ретінде қара бидай ұны, дәрілік жалбыз тікен тамырының ұнтағы және су қолданылады. Кейде зығыр ұны, шырындар, әртүрлі өсімдік тектес шырыштар пайдаланылады.

Slide 5

Ботқаларға рецепт №3 схема бойынша жазылады.

Магистральдік жазу бойынша рецептік мысал.

Шошқаға:

Rp. : Salis carlovaris factiti 3, 0

Farinae secalinae et

Aquae communis q. s.

Ut. f Electuaria

D. S. Ішке қолдануға. Екі рет беру үшін.

Slide 6

СҮРТПЕ МАЙЛАР UNGUENTA - МАЗИ Атау септігінде - unguentum, ал ілік септігінде - unguenti

Сүртпе майлар - жұмсақ консистенциялы, тері немесе кілегейлі қабық бетінде тегіс, біркелкі шілтер (пленка) құрайтын, сыртқы мүшелерге қолдануға арналған дәрілік форма. Құрамында 25 %-ға дейін ұнтақ тәріздес заттар болады.

Сүртпе майлар дәрілік және форма түзгіш заттардан тұрады. Форма түзгіш зат есебінде әртүрлі майлар және май тәріздес заттар пайдаланылады: тазаланған шошқа майы (Adeps suillis depuratis), вазелин (Vaselinum album et flabum), вазелин майы Oleum vaselinum), ланолин (Lanolinum), глицирин (Glicerinum), балауыз (Cera) .

Slide 7

Сүртпе майлар әсері бойынша 2-ге бөлінеді:

жергілікті жерге

терең қабатқа

Әсер ететін болып.

Slide 8

Дәрілік заттың дисперсті дәрежесіне байланысты сүрпе майлар 4 топқа бөлінеді:

1. Бір фазалы гомогенді сүрпе майлар (ерітінді тәрізді) - дәрілік зат пен форма түзгіш зат арасын-дағы фазааралық байланыстың болмауы (дәрілік зат форма түзгіш затқа ерітінді тәрізді таралады) . Бұл топқа қойыртпақ майлар жатады (өзара еритін ком-поненттері), мысалы, сүрпе май қоспалары: наф-талан майы; майлы-ерітінділер, терпентин майы.

2. Суспензиялық (тритурацияланған) майлар-бұл топқа не майлы ерітінділерде, не суда ерімейтін майлар жатады. Ингредиенттердің санына байла-нысты бұлар 2-, 3- немесе көп фазалы жүйе болып табылады. Бұларды дайындау үшін дәрілік заттар-дың фармакологиялық беллсенділігін арттыру мақса-тында оларды мұқият ұнтақтайды. Мысалы, висмут субнитратының сүрпе майы, дерматол майы, ақ сынаптың майы, мырыш майы.

Slide 9

3. Эмульсионды сүрпе майлар- құрамында сұйық компонент болады (суда немесе спирте ерітілген дәрілік заттар немесе сұйықтықтар) . Яғни, эмульсионды майлар 2 фазада тұрады: дисперсті ортадан (майдың негізі) және дисперсті фазадан (ДЗ-ң сулы ерітінділері) . Бұл топтағы майлар тез сіңеді және терең қабаттарға әсер етеді.

4. Аралас типтегі (комбинанацяланған) сүрпе майлар. Құрамы дисперстік жүйелер, суспензиялар мен эмульсиялардан құралған.

Сүртпе майлар дозаланбаған дәрілік формаға жатады және күніне 2 - 3 рет қолдану үшін 4 - 5 күнге тағайындалады

Slide 10

Сүртпе майлар рецептерде официнальдық және магистральдық әдістермен жазылады.

Рецептік мысалдар:

Официнальдық жазуы

Бұзауға: Rp. : Unguenti Neomycini sulfatis 1%- 50, 0

D. S. . Теріге жағу үшін

Магистральдық жазу:

Жылқыға:

Rp. : Camphorae tritae 1, 0

Іchthyoli 1, 5

Vaselini 10, 0

M. f. Unguentum

D. S. . Теріге жағу үшін

Slide 11

ПАСТАЛАР PASTA - ПАСТЫ Атау септігінде - pasta ал ілік септігінде - pastae

Пасталар деп құрамында 25 %-дан артық ұнтақ тәріздес дәрілік заты бар майларды атайды. Бірақ пасталардың құрамында ұнтақ тәріздес дәрілік заттардың мөлшері 50 %-дан аспауы тиіс. Пасталардың консистенциясы сүртпе майлармен салыстырғанда тығыздау, әрі қоюлау болады. Олар тері қабатына біркелкі жағылады және дене қызуының әсерінен тез ерімейтіндіктен ұзақ уақыт әсерлеседі. Сондықтан пасталарды жергілікті жерге ұзақ мерзімде әсер ету мақсатында пайдаланады.

Slide 12

Пасталар официнальдық немесе магистральдық әдістермен жазылады және дозаланбаған дәрілік формасына жатады.

Рецептік мысалдар:

Официнальдық жазу

Құлынға: Rp. Pastae Zynci salicylatae 30, 0 D. S. Сыртқа қолдану.

Магистральдық жазу

Құлынға:

Rp. Acidi salicylici 0, 2

Zinci oxjdi

Amyli aa 2, 0

Vaselini 5, 0

M. f. Pasta

D. S. Сыртқа қолда-нуға

Slide 13

ЛИНИМЕНТТЕР LINIMЕNTA - ЛИНИМЕНТЫ Атау септігінде - linimentum, ал ілік септігінде - linimenti

Linire-ысқылап-сүрту. Линименттер-қоймалжың немесе іркілдек зат тәріздес келген, дене температура-сында тез еріп, әрі жылдам сіңіп кететін, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған дәрілік зат формасы.

Slide 14

Линиментті дайындау үшін төмендегідей заттар пайдаланылады:

Скипидар (Оleum Terebinthina), мүсәтір спирті (Аmmonium causticum solutum), камфорлы май (Оleum Сamphoratum), хлороформ (Сhloroformium), метилсалицилат (Мethyli salicylas), камфорлы спирт (Spiritus Cfmphoratum) және т. б.

Slide 15

Линименттер физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты 3 топқа бөлінеді:

1. Гомогенді линименттер - құрамына енетін заттардың сұйық, тұнық

қоспасы: өзара жақсы араласатын өсімдік майлары, эфир майлары, хлороформ, метил салицилаты, мүсәтір спирті, спиртті ерітінділер. Гомогенді линименттердің құрамына қатты ДЗ да кіруі мүмкін.

2. Эмульсинды линименттер - «судағы май», «майдағы су» тәрізді екі фазалы эмульсиялар.

3. Суспензацияланған линименттер - суда, майларда нашар еритін ұнтақ тәріздес заттардың қоспасы.

Slide 16

Рецепте линименттер официнальдық және магистральдық әдіспен жазылады.

Рецептік мысалдар:

Официнальдық жазу

Жылқыға:

Rp. : Linimenti Syntomycini 5% - 300, 0

D. S. . Сыртқы ағзаға қолдану.

Зақымданған жерге жағу үшін

Магистральдық жазу

Rp. : Sulfuris praecipitati 1, 0

Natrii carbonatis 1, 5

Creolini 5, 0

Aquae 100, 0

M. f. linimentum

D. S. . Сыртқы ағзаға қолдану.

Зақымданған жерге жағу үшін

Slide 17

СУППОЗИТОРИЙЛЕР SUPPASITORIA - СУППОЗИТОРИИ Атау септігінде - suppasitorium, ал ілік септігінде - suppasitoprii

Суппозиторийлер дегеніміз ағзаның табиғи қуыстарына (тік ішек, жатыр, қынап ) немесе өзектеріне (тік ішек, үрпі, несеп, жыныс) және жаралардан туындайтын патологиялық қуыстарға енгізуге арналған дәрілік зат формалары. Суппозийторлар бөлме температурасында ерімейтін, ал дене температурасында еритін, дозаланған дәрілік заттар.

Slide 18

Қолданылуына байланысты суппозиторийлер:

Тік ішектік (supp. rectalia) ; қынаптық (supp. vaginalia) және таяқшалар (bacilli) болып бөлінеді.

Олардың формалары конус немесе цилиндр тәріздес, консистенциясы тығыз болып келеді. Салмағы ұсақ малдар үшін 1, 5 - 10 г., ал ірі жануарлар үшін 5, 0 - 20, 0 г болды. Қолданылуы: І- 2 суппозиторийден.

Slide 19

Суппозиторийлердің әр түрлі формалары

Slide 20

Суппозиторийлер дайындағанда форма түзгіш зат тығыз консистен-циялы, дене еритін, ағзаның кілегейлі қабықтарын тітіркендір-мейтін, сіңірімділігі жылдам, дәрілік заттармен химиялық байланыстарға түспеуі шарт. Ең қолайлы форма түзгіш зат - какао майы (Оleum Саcao) болып табылады, ал майлы немесе май тәріздес, суда ерімейтін негіз есебінде бутироль (Butyrolum), желатин-глицериндік негіз (І:5:2 қатынастағы желатин, глицерин, су), парафин (І бөлік) және ланолин (2 бөлік) қоспасы.

Суппозиторийлерді престеу, илеп - тегістеу немесе немесе арнайы құю арқылы дайындайды.

Slide 21

Вагиналдық суппозиторий-лердің пішіндері шар тәріздес (globuli), ал зәр бөлінетін каналдарға арналған супози-ториилердің ұштары үшкір, таяқша түрінде (bacilli) бола-ды. Ректалды суппозиторий-лердің массасы 1 - 4 гр, вагиналды суппозиторий-лердің массасы -1, 5-нан 6 грамға дейін болуы керек.

Slide 22

Рецептер официнальдық және магистральдық жазбалармен 2, 4, 5 схемалар бойынша жазылады.

Официнальдық жазба

Қойға:

2 - схема

Rp. : Suppositorii Furasolidoni 10, 0 D. t. d. № 6

S. 1 суппозитори-ден ертеңгісін және кешкісін қынапқа енгізу

Магистральдық жазба

Итке:

4 - схема

Rp. : Phenothiasini 0, 2

Butyroli q. s.

Ut. f. Suppositorium d. t. d. № 6

S. тік ішекке күніне І дана

2 рет енгізу керек.

Slide 23

5 - схема

Rp. : Phenothiasini 1, 2


Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттар
ДӘРІЛІК ҮЛГІЛЕРДІҢ МЕДИЦИНАДА
Көктамырға егу жасау
Дәрігерлік өсімдіктер
Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері
Жағар майлар
Қатты дәрілік қалыптар
ӨСӨЖ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯДАҒЫ ЛАТЫН ТІЛІНІҢ МАҢЫЗЫ. ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР ЖҮЙЕСІ. ДЕФИНИЦИЯЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz