МИКРОБТАР МЕН ПАРАЗИТТЕРГЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАЬЫН ПРЕПАРАТТАР
Презентация қосу
МИКРОБТАР МЕН ПАРАЗИТТЕРГЕ ҚАРСЫ
ҚОЛДАНЫЛАЬЫН ПРЕПАРАТТАР
ЖОСПАР:
Жоспар:
І. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) формальдегид тобы
б) оттегі бөлетін заттар
в) Фенолдар және олардың туындылары
г) нитрофурандар
д) антибиотиктер
е) фитонцидтер
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жұқпалы аурулар организмге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың енуі нәтижесінде
пайда болады. Қоздырғыштардың түрлеріне қарай олар төмендегідей топтарға бөлінеді:
жұқпалы аурулар, протозойлы аурулар және гельминтоздық аурулар.
Бұл ауруларға қарсы күрестегі негізгі шаралардың бірі – ол қоздырғыштарды жою болып
табылады. Мұндай мақсаттар үшін бактерицидті, протозоацидті, инсектицидті және
гельментоцидті дәрілік заттар қолданылады.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортада, малдардың терісінде, кілегейлі
қабаттарында, жарақаттарында, сонымен бірге қанда және ішкі мүшелерінде болуы
мүмкін. Аурудың қоздырғыштарын сыртқы ортада жою – дезинфекция, ал
дезинфекциялау үшін қолданылатын заттарды дезинфекциялаушы заттар деп атайды.
Қоздырғыштарды жануарлардың сыртқы бөліктерінде жоюды антисептика, ал сол үшін
қолданылатын заттарды – антисептикалық, организмде жоюды химиотерапия, сол үшін
қолданылатын заттарды химиотерапевтік заттар деп атайды. Әр түрлі дәрілік заттардың
микробтарға және паразиттерге қарсы әсер ету еханизмі де әрқалай келеді. Олар
препараттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне, қоздырғыштардың
биологиялық ерекшеліктеріне және олардың даму ортасына байланысты болады.
Дезинфекция дегеніміз – жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын
адамдар мен жануарлардан қоршаған ортадан қырып-жою.
Дезинфекциялық заттарға төзімділігі бойынша оларды спора түзетіндер
және спора түзбейтіндер деп бөлінеді. Дезинфекция үшін сілтілер,
қышқылдар, карбонаттар, хлор, йод және формальдегид препараттары,
күшті тотықтырғыштар, фенолдар сияқты заттар қолданылады.
Антисептика дегеніміз – жануарлардың терісіндегі, кілегейлі
қабықтарындағы және жарақаттарындағы патогенді микроорганизмдерді
жою. Антисептика – жергілікті және жалпы инфекция мен
интоксикацияның алдын алуға арналған шаралардың жиынтығы.
Антисептикалық заттар ретінде йод ерітіндісін, антибиотиктерді ,
нитрофурандарды, кейбір органикалық қышқылдарды, креозолдарды,
тотықтырғыштарды, формалинді және т.б. заттарды қолданады.
Химиотерапия – жануарлар организміндегі
жұқпалы аурулардың қоздырғышына дәрілік
заттардың әсерін тигізуді айтады.
Химиотерапевті заттар жануарлар ұлпасына
қарағанда қоздырғыштарға едәуір мөлшерде
сіңеді немесе қоздырғыштардың тіршілігі
үшін онша мәні жоқ зат алмасу құбылыстарын
бұзады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Формальдегид тобы
Альдегидтер дегеніміз –құрамында карбонил тобы бар, R
– COH радикалымен байланысқан органикалық
қосылыстар тобы. Олар белок қосындыларынан оттегін
тартып алады және митохондриядағы кейбір жүйелерді
жойып жібереді. Мұндай өзгерістерге микроб торшалары
өте сезімтал келеді, сонымен біргенасекомдар торшалары
мен жануарлар торшаларының сезімталдығы да жоғары
деңгейде болады. Сол себепті мұндай әсері бар
препараттарды дезинфекция мен дезинсекцияда қолдану
жақсы нәтиже береді.
Формалин дегеніміз – құрамында метил спирті және құмырсқа қышқылы
бар формальдегидтің сулы ерітіндісі. Формальдегидтің микробтарға қарсы
әсерінде өзіне тән ерекшеліктері бар және ол белгілі бір жағдайларда ғана
айқындалады. Алғашында ол зарарсыздандыратын затқа сіңіп ешқандай
әсері болмайды. Егер дезинфекция жасалынатын затта және айнала
қоршаған ортада ылғал болмаса, оны өзіне тартып алып, онда ери бастайды.
Ылғалда ери отырып, ол иондарға ыдырайды да, фармакологиялық
тұрғыдан белсенділігі күшейеді. Формальдегид әсерінің ең бір маңызды
қасиеті, ол органикалық заттармен жылдам әсер ететіндіктен жан-жаққа аз
тарайды, сондықтан да оның зарарсыздандыратын әсері дезинфекциялайтын
заттың беткейлік бетінде ғана болады. Формальдегид өте күшті жағымсыз
иісті кетіретін зат болып саналады, өйткені ол тез шіритін заттармен аммиак
және күкіртті сутекпен күрделі қосылыстар түзеді.
Оттегі бөлетін заттар
Бұл топқа тотықтырғыш, оттегін бөлген кезде белсенділігі күшейіп,
микробтармен әсер еткенде оларды жойып жіберетін қасиеті бар дәрілік заттар
жатады. Оттегін бөлетін препараттардың бактерицидтік әсері өте жылдам, әрі
күшті болды.
Сутегінің асқын тотығы – тәжірибе жүзінде сутегінің асқын тотығының
әртүрлі концентрациясындағы ерітіндісі қолданылады. Сутегі асқын
тотығының ерітінділерінің мөлдір реакциясы аздап қышқылдау келеді.
Қайнатқанда сонымен бірге органикалық және оңай тотығатын заттармен әсер
еткенде оттегін бөліп ыдырайды, 1 л 3 % сутегі асқын тотығының ерітіндісі 10
литрге дейін газ тәрізді оттегін бөледі. Сутегі асқын тотығының оттегін бөліп
ыдырауы ұлпа ферменттерінің әсерімен қатар жүреді.
Калий перманганаты – қара көк түсті, ромб тәрізді кристалды ұнтақтар. Суда
ериді, ерітіндінің концентрациясына байланысты күлгін түстен көгілдер түске
өзгереді және қышқылды орталарда бос күйіндегі оттегін бөліп ыдырайды.
Калий пермангантаының 0,1 – 1% ерітіндісі антисептикалық, дезодорациялық
және тұтқырлық мақсаттармен іріңді фарингиттерде, вагинит пен
эндометриттерде оның 4% ерітіндісі компресс түрінде қолданылады.
Фенолдар және олардың туындылары
Фенолдар дегеніміз – бензол сақинасындағы сутегінің орнын
гидроксиль топтары басқан химиялық қосылыстар. Бұл
топтардың санына байланысты фенолдар бір атомды, екі
атомды және үш атомды деп бөлінеді. Бензол сақинасындағы
сутектердің радикалдармен алмастырғанда өте күрделі
қосылыстар пайда болады. Фенол туындылары өте төзімді
қосылыстар болғандықтан әсер етуі де ұзақ болады және әсер
ету ортасына байланысты белсенділігі де төмендейді. Олар
өсімдік және жануартектес майларда жақсы еритін
болғандықтан микроб қабықшаларынан және жәндіктердің
хитинді жамылғыларынан оңай өтіп кетеді.
Фенол – бұл бір сутегі атомы гидроксил тобымен алмасқан бензол.
Таза күйіндегі фенол түссіз, ірі призма тәрізді кристал заттар, өзіне
тән иісі бар. Фенолдың ең негізгі қасиеті – бактериостатикалық
әсер, ал бактерилитикалық әсері онша емес. Фенол биттер мен
кенелерге уытты әсер етеді. Оның 2-3% ерітіндісі қотыр кенелерін
2-5 минутта, 5% ерітіндісі 1-2 минутта, ал 4-5% сықпа майы 5-15
минутта өлтіреді. Фенолды дезинфекциялық мақсаттар үшін
қолданылады. Бензонафтол – бензол қышқылының бетанафтил
эфирі. Иіссіз, дәмсіз, суда ерімейтін ақ түсті кристалды ұнтақ.
Уыттылығы төмендеу. Ас қорыту жүйесінде бетанафтол мен бензол
қышқылына ыдырайды. Ас қорыту жүйесінде дезинфекциялық
және шіруге қарсы зат реінде, әсіресе метеоризм мен шіру
құбылыстары кезінде береді.
МИКРОБТАРДЫҢ КӨРІНІСІ
Нитрофурандар
Нитрофурандардың ең маңызды ерекшелігі – олардың микробтарға әсері кең және
ауқымдылығында, сонымен бірге, олардың сульфаниламидтер мен
антибиотиктерге төзімді микробтарға өлтіре әсер ететіндігінде. Барлық
нитрофурандардың сульфаниламидтерден ерекшелігі – олардың жануарлар үшін
уыттылығы төмендігі және фурантөзімді микробтардың дамуы баяу жүретіндігі.
Нитрофурандардың көпшілігі дәмсіз немесе аздап ащы дәмі бар болып келетін
ұнтақтар. Суда нашар ерігенімен, олардың барлығы да пропиленгликол мен
диметилформамидте жақсы ериді. Нитрофурандар қарын мен ішек арқылы баяу
сіңірілетін болғандықтан, олардың біраз бөлігі нәжіс арқылы бөлінеді. Организмге
сіңгеннен кейін, олар барлық кедергілерден оңай өтеді.
Нитрофурандардың әсері олардың концентрациясы мен әсер ету мерзіміне
байланысты келеді. Олардың концентрациясы жоғары болып әсер ету мерзімі
ұзарған сайын, микробтарға қарсы әсері күшті, әрі сенімді болады. Олардың
төменгі мөлшерінен болатын әсер – бактериостатикалық, ал жоғары мөлшерінен
болатын әсер – бактериолитикалық келеді. Микробтар торшасындағы тыныс алу
құбылысы жақсы жүрген сайын, нитрофурандардың микробтарға қарсы әсері
күшті әрі жылдам болады.
ДӘРІЛІК БОЯУЛАР
Дәрілік бояулар қоздырғыштардың
дамуын әлсіретеді, ондағы
витаминдердің, ДНҚ, РНҚ және
белок синтезін бұзады, сонымен
бірге энзимдердің сульфагидрильді
тобының реакциясын төсендетіп,
торша мембранасының қызметін
бұзады.
Флавакридин – иіссіз, дәмсіз,
кристалды ұнтақ.
Антибиотиктер
Антибиотиктер дегеніміз – микробтарға қарсы әсері бар микроорганизмдердің, жануарлар
мен өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде бөлінетін заттар. Сонымен бірге олар гельминттерге,
қарапайымдыларға және басқа да адамдар мен жануарлардың ауру қоздырғыштарына
қарсы өлтіре әсер етеді.
Микробтарға қарсы әсер ету механизмі. Көп жағдайларда антибиотиктер микроб
торшаларының құрылымын өзгертеді. Ал көптеген антибиотиктер микроб торшаларының
құрылымын өзгертпей-ақ, оның кейбір маңызды қызметтерін бүлдіріп отырады. Кейбір
антибиотиктердің микробтарға қарсы әсері, олардың генетикалық аппаратына әсер етуіне
негізделген. Мұндай жағдайларда микроорганизмдердің белгілі бір мөлшері өлмей қаладаы
да, кейбір микробқа қарсы факторлардың әсерін күшейтеді. Осы жағдайды ескере отырып,
антибиотиктерді басқа да микробтарға қарсы әсер ететін заттармен және организмнің
қорғаныс қызметін күшейтетін заттармен бірге қолданады. Антибиотиктердің микробтарға
қарсы әсерінің тағы бір түрі олардың ферменттер жүйесін бүлдіруге негізделген. Кейбір
зерттеулерге қарағанда антибиотиктер, көп жағдайда ферменттік реакциялардың жүруін
тежегенімен, ферменттердің тікелей дамуына сирек әсер етеді, сонымен бірге бұл әсердің
екі түрінің де кездесе беретін кездері көп болады. Антибиотиктердің химиотерапевтік
белсенділігі көптеген жағдайларға байланысты келеді.
Антибиотиктердің жануарлар организміне әсері.
Көптеген антибиотиктер емдік мөлшерінде ұзақ уақыт қолданылғанымен
жануарлар организмінде айтарлықтай химиялық өзгерістер туғызбайды.
Антибиотиктерді қолданғанда орталық жүйке жүйесінің қызметінде айтарлықтай
өзгерістер болмайды. Антибиотиктердің бір тобы белгілі бір жағдайларда орталық
жүйке жүйесінің шартты рефлекторлық қызметін едәуір өзгертеді. Срептомицин
және неомицин ортаңғы мөлшерінде уытты әсер етеді. Сонымен бірге жоғары
мөлшерінде ұзақ қолдана берсе перифериялық невриттер туғызады.
Антибиотиктердің әсерінен орталық жүйке жүйесінің жағдайына байланысты
екендігін ескермей кетуге болмайды. Оны кофеинмен жайлап қоздырғанда
пенициллиннің емдік нәтижелігі жоғары болады, ал барбитураттармен
әлсіреткенде қалыпты жағдайға қарағанда төмен болады. Пинициллин тобының
препараттарын төменгі мөлшерінде ми қабығының қабынуы, есту қабілетінің
төмендеуі және басқада ауруларда қолдану жақсы нәтиже береді. Стрептомицин,
мономицин және неомицин жоғарғы мөлшерінде есту жүйкесіне зиянды әсер етеді.
Антибиотиктерді егу қан сарысуындағы қалдықтың азот құрамының төмендеуімен
қатар жүреді. Негізінен антибиотиктер қалдықты азот құрамын тез арада қалпына
келтіреді, ол бауырдың мочевина түзу қызметі бұзылғанда, бүйрек жұмысы
нашарлағанда немесе протеолиз құбылысы өзгергенде бұл көрсеткіш төмендей
бастайды. Антибиотиктердің жағымды әсерінің ең негізгі белгісі – альбумин-
глобулиндік көрсеткіштің қалпына келуі.
Антибиотиктерді парентеральды жолдар арқылы еккенде организмге тез сіңеді.
Олар организмдегі көптеген физиологиялық тосқауылдарды оңай жеңетіндіктен
жануарлардың барлық ұлпаларында да үлкен химиотерапевтік нәтижелілік
көрсетеді. Әр түрлі антибиотиктердің өздеріне ғана тән таралу динамикасы бар.
Мысалы, окситетрациклин бұлшық етке еккеннен кейін қанға және басқада
мүшелерге оңай сіңеді, олеиндомицин де қан мен басқада мүшелерге оңай
сіңгенімен, нашар жиналатындықтан организмнен тез бөлінеді. Бұлардан
айырмашылығы мономицин көптеген мүшелерде болмағанымен, оны бүйрек пен
өкпеде көптеп кездестіруге болады. Ас қорыту жолдары арқылы кейбір
антибиотиктер оңай сіңеді, ал енді біреулері тіптен сіңбейді де. Сол себепті
тилазинді энтеральды және парентеральды жолдар арқылы да еге беруге болатын
болса, ол стрептомициндерді резорбциялық әсері үшін парентеральды, ал ас қорыту
жүйесіне ғана әсер ету үшін тек ішке беріп қана қолданады.
Антибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері
Табиғи антибиотиктерді негізгі өндірушілер өзінің табиғи ортасында (негізінен
топырақта) орналасып, тіршілігін сақтау үшін антибиотиктер өндіретін
микроорганизмдер болып табылады. Жануарлар мен өсімдік жасушалары
селективті антимикробтық әсері бар (мысалы , фитонцидтер) заттар өндіре
алады, бірақ олар медицинада антибиотиктер өндіруші ретінде кең
қолданылмады.
Сонымен табиғи және жартылай синтетикалық антибиотиктер алу көздері болып
табылады:
• Актиномицеттер (әсіресе стрептомицеттер) – бұтақталған бактериялар. Олар
табиғи антибиотиктердің (80%) көпшілігін өндіреді.
• Көгерткіш саңырауқұлақтар – табиғи бета-лактамдарды (Cephalosporium және
Penicillium туыстастығының саңырауқұлақтары) және фузидиев қышқылын
синтездейді.
• Кәдімгі бактериялар – мысалы, эубактериялар, бациллалар, псевдомонадалар
антибактериалды әсері бар бацитрицин, полимиксиндер және т.б. заттар
өндіреді.
МИКРОБТАР МЕН ПАРАЗИТТЕРГЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАР
Антибиотиктерді алудың негізгі 3 тәсілі бар:
• биологиялық синтез арқылы (продуцент микробтарды қолайлы жағдайда
дақылдандырғанда, олар өздерінің тіршілік барысында антибиотиктер
өндіреді, осылай табиғи антибиотиктерді алады).
• соңынан химиялық модификациялау арқылы (биосинтез
жолымен жартылай синтетикалық антибиотиктер алу). Алдымен
биосинтез жолымен табиғи антибиотиктерді алады, содан соң оның
бастапқы молекуласын химиялық модификация жолымен түрін
өзгертеді, мысалы белгілі радикалдарды қосқан кезде препараттың
микробқа қарсы және фармакологиялық сипаты жақсарады;
• химиялық синтез арқылы (табиғи антибиотиктердің синтетикалық
аналогтарын алады, мысалы хлорамфеникол (левомицетин). Бұл
заттардың құрылымы табиғи антибиотиктермен бірдей, бірақ олардың
молекуласы химиялық жолмен синтезделеді.
Пенициллиндер. Табиғи препарат – бензилпенициллин
(пенициллин G)-грамоң бактерияларға қарсы белсенді, бірақ
көптеген кемшіліктері бар: ағзаднан тез шығарылады, асқазанның
қышқыл ортасында тез бұзылады, бактерия ферменттерімен –
пенициллиназамен бета-лактамды сақина бұзылып белсенділігін
жояды. Табиғи пенициллан қышқылына - әртүрлі радикалдарды
қосу жолымен алынған жартылай синтетикалық пенициллиннің
табиғи препаратқа қарағанда артықшылығы бар, әсер ету спектрі
кең, олар:
• депо-препараттар (бициллин), әсері 4 аптаға дейін (бұлшықетте
қор түзеді), мерезді емдеуге, ревматизмнің рецидивін алдын алуға
қолданылады;
• қышқылға төзімді (феноксиметилпенициллин), пероралды жолмен
қабылдау үшін пайдаланылады;
Фитонцидттер
Фитонцидтер – антибиотиктер тәрізді микробтарға қарсы әсер ететін өсімдіктердің
құрамында болатын заттар. Көптеген фитонцидтер жануарлар организміне қолайлы әсер
етеді. Жоғарғы мөлшерінде фитонцидтер жануарларға уытты әсер етеді. Кейбір
жағдайларда олаадың уыттылығы фитонцидтердің өзіне байланысты болса, ал енді бір
жағдайларда олармен бірге түсетін алкалоидтарға, гликозидтерге және басқа да заттарға
байланысты келеді.
Протоанемонин – лактондар тобына жатады. Өзіне тән иісі мен дәмі бар түссіз
қоймалжың зат. Суда, глицеринде және эфирде оңай ери береді. Сулы ерітінділерде
сақтағанда кристалды және аморфты тұнбалар түзеді де, оның біріншісі анемонин, ал
екіншісі анемон қышқылы деп аталады. Анемонин салқын суда ерімейді, ал майлар мен
эфирде нашар ериді. Қыздырғанда анемониннің ерігіштігі артады, сонымен бірге ол
қайта диполимерленіп протоанемонинге айналады. Протеанемонинді тұяқ шеміршегінің
некрозында, кілегейлі қабықтардың іріңді қабынуларында, іріңді жараларда, ойық
жараларда, жылқының індетті лимфангитінде қолданады.
Натрийлі уснинт – уснин қышқылының натрийлі тұзы. Қышалардан алынады. Ақшыл
сарғыш түсті, крситалды ұнтақ. Суда баяу ериді, спирт пен майда жақсы ериді. Көптеген
оң грамды бактерияларға өлтіре әсер етеді. Сыртқы мүшелерге, жараларды емдегенде 1%
майлы ерітінді күйінде немесе сульфаниламидтермен бірге ұнтақ түрінде қолданады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Микробтарға қарсы химиотерапевтік дәрілік заттар жұқпалы аурулар
кезінде этиотропты емдеу үшін (яғни ауру себебі микроб болғанда ), және
жұқпаны алдын-алу үшін қолданылатын(сирек және аса сақтықпенпен!)
химиялық препараттар
Химиопрепараттарды организм ішіне енгізетіндіктен , олар адам және
жануарларға уыттылығы жоқ және жұқпа қоздырғыштарына жоюшы әсер
ететін, яғни таңдамалы әсері болуы керек.
Антибиотиктерді жануарлар өсуінің қуаттандырғыштары ретінде қолдану
жем-шөпті үнемдеуге, малдардың қоңдылығын тез арада арттыруға,
жануарлар өлімінің және ауру малдар санының кемуіне, малдарды емдеуге
кететін шығынның азаюына септігін тигізеді. Осылардың бәрі оларды
қолданудың экономикалық тұрғыдан зор қажеттілігін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Б.Д.Айтжанов, Ә.М.Өтенов «Фармакология»,
Алматы-2006ж.
2. Интернет желісі
3. Қ.С. Рымжанов, И.М.Төленбек «Адам мен
жануарлар физиологиясы»
4. М.Құланбаев «Факультеттік хирургия»
5. Ж.Н.Нұрғалиев, С.Т.Төлеуханов «Эндокриндік
жүйелер физиологиясы» Алматы 2000ж.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz