Ерітіндінің мөлшері


Slide 1

Йод, хлор, формальдегид тобы, дәрілік бояулар

Slide 2

Йод, I - элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (127J), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті.

Slide 3

Лаутарит, дитцент минералдарында, мұхит суы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спирт, эфир, күкірткөміртек, хлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Йод мұнайдағы ілеспе судан хлормен, натрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді. Йод және оның қосылыстары медицинада, металл өндіруде (титан, циркон, гафний), фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т. б. қолданылады. Адам организмінде Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына, бұғақ ауруына шалдықтырады.

Slide 4 Slide 5

Йодты 1811 ж. француз химигі Б. Куртуа ашқан.

Slide 6

Йодтың тағы бір өзіне тән ерекшелігі оны қыздырғанда ол сұйық күйіне айналмай бірден бу (күлгін түсті) күйіне көшеді, осы құбылысты возгонка деп атайды.

Slide 7

2-6 айлық бұзауларға

20-50 мл

6-12 айлық бұзауларға

50-70 мл

тоқтыларға

10 мл

қозылар мен лақтарға

5-8 мл

Ерітіндінің мөлшері:

Slide 8

Йодтың 5% спирттегі ерітіндісі

Йодтың 5% спирттегі ерітіндісі - Solitio Jodi spiritiose 5%. Препарат өте тұрақсыз, сол себепті қолданар алдыңда ғана дайындайды. Препарат 48% спиртте 2, 5% йодты калий қосып жасалынады. Йодтың спирттегі ерітіндісін операция жасайтын жерді, жараны, жараның аумағын дезинфекциялау үшін қолданады.

Slide 9

Йод препараттары - йод элементі түзетін тұрақты химиялық қосылыстар. Йод қосылыстарында йод -1, +1, +3, +5 және +7 валентті.

Йод көміртек, азот, оттек, күкірт, т. б. элементтермен тікелей әрекеттеспейді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада ғана әрекеттеседі.

Slide 10

Йодты калий - Kalii iodidum және

Йодты натрий - Natrii iodidum

Түссіз кристалдар немесе ақ ұнтақ, су мен спиртте оңай ериді, жарыққа өте сезімтал және суды өзіңе оңай тартып алады. Йодидтердің құрамында бос күйіндегі йод болмайтындықтан, тітіркендіріп және бактерицидті әсер етпейді. Бірақ организмге сіңгеннен кейін бос күйіндегі йодтар пайда болып, йодтарға тән әсер ете бастайды. Олар зат алмасу құбылысына қолайлы әсер етіп, қабыну өнімдерінің таралып кетуіне септігін тигізеді. Йод тұздарының екеуіде (йодты калий, йодты натрий) бірдей әсер етеді, сол себепті екеуініңде қолданылуы ұқсас келеді. Актинимикоз, батриомикоз ауруларында вена тамырларына (1 кг салмаққа 0, 01 г), немесе 8-14 күн қатарына ішке беріп қолданады.

Slide 11

Йодоформ - Iodoformium.

Үшйодты метан. Жылтыр кристалдар немесе ұсақ кристалды сарғыш түсті ұнтақ, суда өте нашар (1:14000), спирттің 75, эфирдің 10 бөлігінде ериді. Жарық пен ауаның әсерінен ерітінділері йод бөліп ыдырайды. Йод жараның экссудатында, ішке қабылданғаны, ас қорыту жүйесінде өзінің құрамдас бөліктеріне ыдырай отырып антисептикалық, шіруге қарсы әсер етеді және перистальтиканы күшейтеді.

Slide 12

Хиниофон - Chiniofonum.

жылқы мен ірі қара малға

2, 0-5, 0 г

қой мен ешкіге

0, 2-0, 5 г

шошқаға

0, 5-1, 0 г

иттерге

0, 3-0, 5г

Мөлшері:

Ұсақ кристалды, сары түсті ұнтақ зат.

Slide 13

Йодинол - Iodinolum.

Емдік және алдын алу мақсаттармен бұзау, торай, қозы және балапандардың диспенсия, дизентерия және ас қорыту жолдарының ауруларында қолданады. Тонзилит, іріңді отит, ринит, трофикалық жара және күйіктер кезінде қолданылады.

Құрамында йод (1 бөлік), йодты калий (3 бөлік), поливинилді спирт (10 бөлік) және дистилденген су (1000 бөлік) кіретін комплексті (кешенді) препарат. Сумен оңай араласады, ал сілтілі ортада тез бүлінеді. “Б” тізімі бойынша жарықтан таса жерде сақтайды.

Slide 14

Формальдегид тобы

Альдегидтер дегеніміз -құрамында карбонил тобы бар, R - COH радикалымен байланысқан органикалық қосылыстар тобы. Олар белок қосындыларынан оттегін тартып алады және митохондриядағы кейбір жүйелерді жойып жібереді. Мұндай өзгерістерге микроб торшалары өте сезімтал келеді, сонымен біргенасекомдар торшалары мен жануарлар торшаларының сезімталдығы да жоғары деңгейде болады. Сол себепті мұндай әсері бар препараттарды дезинфекция мен дезинсекцияда қолдану жақсы нәтиже береді.

Slide 15

Формалин дегеніміз - құрамында метил спирті және құмырсқа қышқылы бар формальдегидтің сулы ерітіндісі. Формальдегидтің микробтарға қарсы әсерінде өзіне тән ерекшеліктері бар және ол белгілі бір жағдайларда ғана айқындалады. Алғашында ол зарарсыздандыратын затқа сіңіп ешқандай әсері болмайды. Егер дезинфекция жасалынатын затта және айнала қоршаған ортада ылғал болмаса, оны өзіне тартып алып, онда ери бастайды. Ылғалда ери отырып, ол иондарға ыдырайды да, фармакологиялық тұрғыдан белсенділігі күшейеді. Формальдегид әсерінің ең бір маңызды қасиеті, ол органикалық заттармен жылдам әсер ететіндіктен жан-жаққа аз тарайды, сондықтан да оның зарарсыздандыратын әсері дезинфекциялайтын заттың беткейлік бетінде ғана болады. Формальдегид өте күшті жағымсыз иісті кетіретін зат болып саналады, өйткені ол тез шіритін заттармен аммиак және күкіртті сутекпен күрделі қосылыстар түзеді.

Slide 16

Дәрілік бояулар қоздырғыштардың дамуын әлсіретеді, ондағы витаминдердің, ДНҚ, РНҚ және белок синтезін бұзады, сонымен бірге энзимдердің сульфагидрильді тобының реакциясын төсендетіп, торша мембранасының қызметін бұзады.

Флавакридин - иіссіз, дәмсіз, кристалды ұнтақ. Оны белсенді түрде әсер ететін микробтарға қарсы және қарапайымдыларға қарсы қолданады.

Азидин - жеңіл, жасыл түсті, ащы дәмді аморфты ұнтақ. Б тізімі бойынша сақталады. Ірі қара малдың бабезиоз, пираплазмоз ауруларының алдын-алу мақсатында қолданады.

Slide 17

Аминоакрихин - суда жақсы еритін қоңыр сарғыш түсті ұнтақ. Б тізімі бойынша сақталады. Ірі қара малдың тейлериозында, мысықтардың цестодозасында, қозылардың монезиозында және қойлардың авителлиноз ауруларына қарсы күресуге қолданады.

Бигумаль - иссіз, ащы дәмі бар, ақ түсті кристалды ұнтақ, құрамында 99% бигумаль бар. Ірі қара малдағы тейлериоз ауруының бастапқы кезінде қолданады.


Ұқсас жұмыстар
Буландыру әдістері
Титрлеу түрлері
Ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеу
Еріген зат еріткіш ерітінді
Бюреткалық қондырғыны қолданып сұйық дәрілік түрлерді дайындау
Ертінділер концентрациясы
Ерітіндінің нормальді концентрациясын есептеу
Ерітінділердің түзілуі
Грамм тұз
Концентрациясы - еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz