Витаминдердің фармакодинамикасы


Slide 1

витаминдер

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Витаминдердің фармакодинамикасы.

Судар еритін витаминдердің фармакодинамикасы.

Жануар түріне қарай тағайындалуы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Кіріспе

Витамин - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады.

Slide 4

Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды.

Slide 5

Витаминдердің фармакодинамикасы. Қазіргі кезде витаминдік препараттардың жануар организіміне әсері айтарлықтай дәрежеде тексеріліп, жаңарған препараттармен толықтырылуда. Олар: Кормовит Е-25, Капсувит Е -25, Гранувит Е, Комбинол Е, Тривит А, Е, Д, Тетравит, Солмивит, Авотан, Фосфотиамин, Аквитал, Виказол, Линетол, және т. б . Витаминдер тікелей немесе жанамалай болса да организмдегі барлық биохимиялық құбыдыстарға қатысады. Кейбір Витаминдер организмге қажетті заттарды түзуге, ал кейбіреулері энергетикалық заттар есебінде қажет.

Slide 6

Фармакодинамика - биологиялық, терапиялық өзгерістерді және орналасуын, әсер ету механизмін қарастырады. Витаминдік препараттар тотығу - тотықсыздану, карбоксилдену, амин қышқылдарының түзілуіне және тағы басқа биологиялық құбылыстарға қатысады. Витаминдік заттардың ферменттік құбылыстардағы маңызы өте зор. Витаминдер өздігінен ферменттік жүйелер құрамына кірмейді, алайда олар ферменттік құ былыстарға кофермент түрінді қатысады. Барлық мал аурулары кезінде, тіптен патологиялық құбылыстың субклиникалық түрінде де витаминдер метаболизмі бұзылады.

Slide 7

Көптеген витаминдік препараттар аз мөлшерде жануарлар организімінің жалпы қорғаныс механизмдерін күшейтеді. Сондықтанда әртүрлі жұқпалы аурулар кезінде ең алдымен азық құрамындағы витаминдердің мөлшерін қалыпты деңгейге жеткізу керек, сонан соң іртүрлі дәрілік заттар қолданады. Мысалы, тиамин асқазан қызметін жақсартады, цианкобаламин гемопоэді, аскобин қышқылы фагоцитозды күшейтеді.

Slide 8

. Суда еритін витаминдер. В1 витамині (тиамин, аневрин, антиполиневриттік)

Химиялық тұрғыдан В1 витамині гетероциклдік пиримидин мен тиазол сақиналарынан тұратын құрамында азот пен күкірті бар, кристалды түссіз зат. Формуласы төмендегідей:Бұл витаминді поляк ғалымы К. Функ 1912 жылы ашады, 1913 жылы кристалды түрде бөлініп алынады, ал 1936 жылы синтездел­ген. Тиамин жоғары температураға, қышқылдар әсеріне төзімді, бейтарап, әсіресе сілтілік ортада тез бұзылады.

В1 витамині ірі тартылған ұнда, қауызынан тазаланбаған кү­ріште, бұршақта, жаңғақта, ашытқыда, сүтте, бауырда, бүй­ректе, майда, жұмыртқа сарысында көп болады. В1 витаминін жануар организмінде ішек микрофлора бакте­риялары синтездейді.

Slide 9

Биомедициналық қызметі

Қазіргі кезде тиаминнің организмде атқаратын қызметі жақсы зерттелген. В1 витаминінің тірі организмдерде атқаратын қызметі оның биологиялық әрекетшіл түрі тиаминпирофосфатқа (ТПФ) байланысты. Оның формуласы төмендегідей:Тиаминнің тиаминпирофосфатқа айналу­ына АТФ, магний ионы және тиаминкиназа ферменті қатысады. Декарбоксилаза ферментінің құрамына тиаминпирофосфат кофермент ретінде енеді. Бұл фермент жануарлар мен адамдар ұлпаларында көмірсулар ыдырағанда пайда болатын пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилдену реакциясына қатысады.

Slide 10

В1 авитаминозының алғашқы белгілеріне тәбеттің төмендеуі ішек-қарын қабырғаларының толқын тәрізді жиырылу қасиетінің кемуі, мінез-құлықтың өзгеріп, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, көзге елес пайда болуы жатады. Тиамин авитаминозында пирожүзім қышқылының мөлшері қанда, бұлшық ет ұлпаларында бірсыпыра көбейеді, нерв жүйесі зақымданып, полиневрит «бери-бери» ауруы пайда болады. «Бери-бери» ауруының белгісі бірнеше түрлі, құрғақ «бери-бери» шеткі нерв жүйесін зақымдағанда, бұлшық еттер тартылып, солып қалады, ауырған жердің сезіну қабілеті нашарлайды, сал ауруы пайда болады. «Бери-беридің» істіктік түрінде полиневрит пен қатар жүрек және қан тамырлары зақымданып, ақыры өлімге дейін әкеледі. Бұл аурумен адамдардан басқа құстар, иттер, егеу- құйрықтар және т. б. жануарлар да аурады.

Slide 11

В2 (рибофлавин, өсу витамині)

В2 витамині ең алғаш рет сүттен бөлініп алынады, сондық­тан лактофлавин деп те аталады. Рибофлавинді 1935 жылы Р. Кун химиялық синтездеу жолы­мен алады. Химиялық тұрғыдан В2 витамині 5 атомды спирт рибитолмен байланысқан метилденген гетероциклдік изоаллоксазиннен тұра­тын, кристалды, қызғылт-сары түсті, табиғи пигменттер-флавин­дерге жатады. Рибофлавиннің изоаллоксазин сақинасындағы қос байланыс­тар үзіліп сутек қосылған кезде сары түсті рибофлавин түссіз лей­коқосылысқа, ал, лейкоқосылыс керекті жағдайда, керісінше, сутегіні бөле отырып сары түсті рибофлавинге айналады:Рибофлавин суда, спиртте жақсы ериді, қышқыл ортаға берік, қыздыруға төзімді болса да ультракүлгін сәулесінің әсерінен тез бұзылады. В2 витаминін кейбір микроорганизмдер мен өсімдіктер син­тездейді, ал жануарлар мен адамдар организмдерінде синтездел­мейді, сондықтан рибофлавин организмге ас арқылы түседі.

Slide 12

Биомедициналық қызметі

Рибофлавин флавопротеид ферменттерінің коферменттері (ФМН; ФАД) құрамына енеді. Бұл ферменттер екі типті реакци­яларды катализдейді. Біріншіден - флавопротеидтер оттегінің қатынасуымен тура тотығу, яғни электрондар мен протондарды субстраттан, немесе аралық метоболиттерден тасымалдау про­цесін катализдейді. Бұл топқа L- және Д-аминқышқылдарының оксидазасы, глициноксидаза, альдегидоксидаза, моноаминокси­даза, т. б. ферменттер жатады. Екіншіден - флавопротеидтердің биологиялық тотығу процесі­ндегі маңызы ерекше орын алады. Олар сутегіні тікелей субстрат­тан ажыратпай, тотыққан тасымалдай­ды.

Slide 13

В2 авитаминозының белгілері

Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып, зат алмасу проце­сін, әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын тө­мендетеді. В2 витамині авитаминозында адам шаршағыш келеді, бұл­шық еттерден әл кетеді, жүрек еті әлсірейді, балалардың бойы­ның өсуі тежеледі, салмақ қосуы төмендейді, шашы түсіп (алопе­ция), бас терісі қабыршақтанады (дерматит) .

Slide 14

В3 витамині (пантотен қышқылы, антидерматиттік)

Бұл витамин 1933 жылы белгілі болды, кристалды түрде тек 1939 жылы алынады, 1940 жылы химиялық құрылымы анықта­лып жасанды түрде синтезделеді. Пантотен қышқылы химиялық құрылымы жағынан пантой қышқылы мен β-аланиннен түзілген дипептид: Д(+) α, g- диокси - β, β - диметилбутирил - β- аланин:Пантотен қышқылы барлық жан-жануар, өсімдіктер клеткала­ры мен микробтар құрамында кездеседі

Slide 15

Биомедициналық қызметі

Пантотен қышқылы организм үшін өте қажет күрделі органи­калық зат коэнзим - А-ның (HSKоA) құрамына енеді:Коэнзим - А организмдегі негізгі зат алмасу процестеріне қа­тысады: май қышқылдарының катаболизмі мен анаболизміне, көмірсулар мен майлардың бір-біріне алмасуына өте қажет зат. Егер коэнзим - А организмде жектіліксіз түзілсе, онда зат алмасу процесі бұзылады.

Slide 16

В5 (РР) витамині (никотин қышқылы, никотинамид) . Никотин қышқылы және оның амиді - никотинамид - ерте­ден белгілі. Бұл витаминді ниацин немесе РР деп те атайды. Ни­котин қышқылының витаминдік қасиеті 1937 жылы анықталады. Никотин қышқылының РР деп аталу себебі пеллаграға қарсы деген атаудың басты әріптерінен тұрады.

Slide 17

В5 авитаминозының белгілері

В5 авитаминозында адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Пеллаграның алғашқы белгілері төмендегідей: ішек-қарынның кілегей қабаты қабынады, іш өтеді (диаррея), кейіннен тері қабынып, кедір-бұдырланады (дерматит), асқынған түрінде ми зақымданып, ойлау қабілеті төмендейді (деменция) . Бұл дертке балалар шалдыққанда бойларының өсуі баяулап, салмағын жоғалтады, анемияның жеңіл түрі пайда болады.

Slide 18

В6 (пиридоксин, антидерматиттік)

В6 витамині міндетті түрде ас құрамында болу керектігін 1934 жылы Дьерди, егеуқұйрықтылардың аяқ жағында болатын акродиния деп аталатын ерекше дерматитті, сол кезде белгілі болған суда еритін В1, В2 және РР витаминдері жаза алмағаннан кейін ашты. Бұл витамин1938 жылы ашытқылар мен бауырдан бөлініп алынады, 1939 жылы синтезделеді. В6 витамині химиялық құрылымы жағынан 3 - оксипиридин туындысы: 2 - метил - 3 - окси - 4, 5 - диоксиметил - пиридин екендігі анықталады.

Slide 19

В12 витамині (цианкобаламин, антианемиялық)

В12 витамині басқа витаминдерден тек химиялық құрылымы­ның күрделігімен ғана емес, құрамында организмге өте қажет ко­бальт микроэлементінің болуымен ерекше, сондықтан кобаламин деп аталады. В12 витаминінде кобальт циан тобымен және коор­динациялық байланыспен коориндік циклдік жүйесімен байла­нысқан.

Slide 20

Биомедициналық қызметі

В12 витамині кофермент ретінде кобамид ферменттер тобы құрамында азоттың, көмірсулардың, нуклеин қышқылдары мен майлардың алмасуына қатысады. Метилкобаламин кофермент ретінде енетін ферменттер метиониннің биосинтезін жеделдетеді. 5’ - коферменті бар ферменттер су­тегі атомдарын және әр түрлі химиялық топтарды (гидроксилдік, амин, карбонил тиоэфир т. б. ) тасымалдауға қатысады.

Slide 21

С-витамині (аскорбин қышқылы, антискорбуттық)


Ұқсас жұмыстар
Емдік мөлшері
Тыныс алу жүйесі бұзылыстарында қолданылатын фитотерапия
Глутамин қыщқылының алынуы
Фармакологиялық әсері
Витаминдердің адам ағзасы үшін маңызы
Майда еритін витаминдер. Витаминдердің маңызы
Витаминдер. Витаминдердің адам ағзасы үшін маңызы
Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері
Витаминдердің фармакологиялық үйлесімсіздігі
Витаминдер және оларға ұқсас заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz