Құрылымдық жұмыссыздық


Slide 1

Қазақстандағы еңбек нарығының мәселелері

Slide 2

Жоспар

I Еңбек нарығының мәні

II Жалақының қалыптасуы

III Еңбек нарығының құрылымы

IV Халықтың еңбекпен қамтылуы

V Жұмыссыздықтың мәні

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді

Slide 4

Еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды.

Slide 5

Жалақы еңбек құнның ақшалай көрінісі. Еңбекақы - қаржыландыру көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т. б. ) үшін берілетін ақша сомасы да жатады.

Slide 6

Жекелеген аймактардағы жұмысшы күшінің құрамымен есептесетін еңбек нарығының регионалдық сегментациясы болады. Осы ерекшеліктердің негізінде халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымы, ұлттық кұрам жатады.

Жұмысшы күшінің құрылымы болмағанда бес сегменттен тұрады. Біріншіден, сонша көп болмаса да жоғары маманданған басқарушы жұмыскерлердің (менеджерлер) тұрақты тобы. Екіншіден, кадрлық жоғары квалификациясы бар жұмысшылар мен қызметшілер. Үшіншіден, құрылымдық кайта құруға және қыскартылуға жататын, өндіріс өнеркәсіп салаларының жұмысшылары. Төртіншіден, қызметтер сферасын қосып есептегенде, еңбек сіңіргіш салалардың жұмыскерлері. Бесіншіден, еңбекшілердің әсіресе осал (әлсіз) категориясы - жастар, қарт адамдар, дене және ой-сана кемшіліктері бар адамдар, жұмыс табудан күдер үзгендер және т. б.

Slide 7

Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.

Еңбек нарығы - бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т. б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды

Slide 8

Экономикалық белсенді халық өзінің жұмыс күшін жұмысқа арнайды. Жұмыс күшіне деген сұранысты - жұмыс берушілер - кәсіпкерлер мен мемлекет анықтайды. Жұмыс күшіне деген сұранысты қалыптастыру мен ұсынысты еңбек нарығы деп атайды. Егерде жұмыс орны мен (сұраныс) жұмысшылар саны (ұсыныс) бірдей болса жұмыс нарығында тепе-теңдік қалыптасады, яғни экономикалық белсенді халық толығымен жұмыспен қамтамасыз етіледі. Егерде сұраныс ұсыныстан артық болса жұмыс күші жетіспейтін жағдай туындайды. Керісінше жағдайда, сұраныс ұсыныстан кем болса, жұмыссыздык, пайда болады. Қазақстанның еңбек нарығындағы ұсыныс - 8, 5 млнэкономикалық белсенді халық. Бұл дегеніміз қомақты жөне сапалы жұмыс күші.

Оның 2/3 бөлігі нағыз жұмысқа жарамды жаста (25-49 жас аралығы), жартысынан астамы жоғары білімді жөне арнайы мамандығы бар адамдар. Жартысынан астамы ер адамдар. Жұмыс күшіне деген сұранысты Қазақстан экономикасының тірегі, ірі жөне орташа кәсіпорындар орындайды. Оларда 3, 5 млн жұмыс орны бар. Қалған 5 млнэкономикалық белсенді халық жұмыссыз қалған сияқты. Бірақ нарықтық экономика - экономикалық, еңбек етуге бостандық берілген (заңға қайшы келмесе кез келген жұмыс түрімен шұғылдануға болады) .

Slide 9

Жұмыссыздық- елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық - қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық - елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.

Slide 10 Slide 11

Жұмыссыздықтың түрлері:

Уақытша жұмыссыздық. ' Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Осы аралықта адамдар жұмыс істемейтін уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.


Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық
Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Фрикциондық жұмыссыздық
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
Жұмыссыздық және халықты жұмыспен қамту
Өндіріс шығындарының өсуі
Экономикалық циклдардың типтері
Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz