Әдет - ғұрып
Презентация қосу
XV-XVIII ғасырдағы
қазақ халқының әдет
ғұрпы мен салт-дәстүрі
Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда
болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-
тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық,
жол-жоралғы.
Әдет-
ғұрып
Қауымдық-
Отбасылық қоғамдық
Баланың Жалпы қоғамдық мәні
дүниеге келуі, бар әдет-ғұрыптарды
ержетуі, келін жатқызуға болады.
түсіру, қыз ұзату Мысалы, наурыз
және өлген тойы, құрбан айт,
адамды ораза айт, ас беру, т.б.
жөнелту жатады
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтың жөн-
жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-
дәстүрлер халықтың өмір-тұрмысынан,
шаруашылық-тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық
қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын
мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде
біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп,
қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және
оны басқа этностардан ерекшелендіреді.
Көптеген ғасырлардың
барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII
ғасырда оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері,
орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар
айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі
отбасылық және адамдардың өзге де топтары
арасындагы өзара қарым-қатынастарды
қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті жөніндегі
әдет-ғұрыптары
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл
қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX
ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп
жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы
жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық
қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп
кеткен керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен
қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген
неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп
жазды:«Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді.
Олардың киіз үйлеріне кіріп жайғасқан кез келген
жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау
деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».
Қазақстан аумағында Ресей қазақтары мен қоныс аударып
келген орыс шаруаларының пайда болуына
байланысты мал өсіретін көшпелі қазақтар мен егін
салатын отырықшы орыстардың арасында достасып,
тамыр болу әдет-ғұрпы етек алды. Іс жүзінде әр қазақтың
орыс шаруалары мен шекара шебіндегі әскери
қазақтардың арасында өзінің тамыр-досы болды. Мұның
өзі халықтар арасындағы достықтың кеңінен қанат
жаюына игі ықпалын тигізді. Әдетте олар бірінің тілін
бірі үйренді, бірінің мәдениетін бірі құрметтеді. Бұл әдет-
ғұрыптың ең мықты түрі дос-тамыр болу еді. Олар бір-
бірінен өздеріне ұнаған нәрсесінің бәрін де қалап ала
беретін. Дос-тамырлық әкеден балаға, ұрпақтан- ұрпаққа
жалғасып кете беретін сипат алды.
Қоныс таңдау әдет-ғұрпы
Қазақтарда қыстаудан өзге жер меншігінің толық дерлік жоқ
болуы себепті көшіп-қонып жүруі үшін уақытша қоныс таңдау
әдет-ғұрпы кеңінен таралған болатын. Ал жайылымның негізгі
бөлігі қоғамдық меншік негізінде пайдаланылатын. Алайда
көші- қон үшін кейде жер дауы да туындап отырды. Бұрыннан
қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша, ауылдар
мен ру ақсақалдары өздерінің бірінші жетіп қоныс тандаған
жерлеріне арнайы белгілер қоюы тиіс саналатын. Ондай
белгілер жерге найзаның сабын немесе құрық қадап кету
арқылы қойылатын. Құмның бетіне немесе сазды жерге
сол ру таңбасының суреті салынатын. Немесе биік өскен
шөптің басын буып, белгі салып кетуге де болатын. Мұндай
белгілері бар жерлерге өзге ешкімнің
қоныстануына рұқсат етілмейтін.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz