Уланудың патологиялық морфологиясы


Slide 1

Уланудың патологиялық морфологиясы

Slide 2

Жануарлар ауруларының бір тобын азық құрамында болатын улы заттар қоздырады.

Жануартекті уларға жыланның, араның улары, т. б., сондай-ақ, жануарлар нәруызы ыдырағанда пайда болатын птомаиндар жатады.

Улы заттар әр текті:

минералдартекті

өсімдіктертекті

жануарлартекті

синтезделген

Slide 3

Улы заттардың біреулері негізінен жергілікті, ал екіншілері негізінен резорбтивтік (қанға сорылып) әсер етеді. Алайда жергілікті әсер ететіндер де (қышқылар және сілтілер) қанға сорылып барып белгілі бір деңгейде организмді жалпы әсерлейді. Сондай-ақ улы заттың тікелей әсер еткен жерінде пайда болатын өлі ошақтардан өрмелердің ыдырау өнімдеріде қанға сорылып организмді улайды. Қанға сорылып барып әсерлейтін улы заттар да көбінесе белгілі бір өрмелерді әсерлеп, оларды зақымдайды, мысалы күшала - жүйке жүйесін, кумарин - бұлшық етті.

Slide 4

жіті

жітілеу

созылмалы

Улану

Slide 5

Фосфорорганикалық қоспалармен (ФОҚ) улану. Мал шаруашылықтарында дезинфекция және дератизация мақсаттарында, сондай-ақ шөпке зиянды шыбын-шіркеймен күресу мақсатында хлорофос, карбофос, т. б. кең қолданылады. Мұндай шараларды өткізу ережелері бұзылып, азыққа, суға ФОҚ араласқан жағдайда жануарлар уланады. Липидотроптық қасиетті бұл заттар ас қорыту, тыныс алу даңғылдары және тері арқылы организмге өтеді де, холинэстеразаларды, әсіресе ацетилхолинэстеразаны тұншықтырады да, жүйке жүйесін өте зілді өзгерістерге ұшыратады.

Slide 6

Өлген жануарларды сойып зерттегенде өлекселік сіресудің айқындығы, тері мен кілегейлі қабықтардың көгергені, өкпе қанының молайғаны және бұл мүшенің домбыққаны көңіл аударады. Кілегейлі және ылғалды қабықтарда, бұлшық еттер мен тері шелісінде көптеген қанталаулар байқалады. Қарын мен ішектің кілегейлі қабықтарында молқандылық, қанталаулар, ойдымдар мен ойылымдар болады.

Slide 7

Жүйке жүйесі мен паренхималық мүшелердегі гистологиялық өзгерістер дистрофиялар және қанталаулар түрлерінде көрінеді.

Хлорофос аэрозолымен әсерленген бұзауларда алғашқы күндердің өзінде-ақ гистохимиялық өзгерістер байқалған: РНҚ мен ДНҚ ның, гликогеннің, қышқыл және сілтілі фосфатазаның, холинэстеразының белсенділі азайған.

Slide 8

Хлорорганикалық қоспалармен (ХОҚ) улану. Гексахлоран, гексахлорбензол, гептахлор, альдрин, дильдрин, т. б. тұқымдық дәнді өңдеуге және өсімдіктер мен жануарлардың зиянкестерін жою мақсатында қолданылады. Сыртқы ортада ыдырап кетпейтін және өсімдіктер мен суда және жануарлар организмінде (май мен бұлшық етте) жинақтала беретін (кумуляция) бұл заттардың малды қауіп-қатерге ұшырату мүмкіндігі тым жоғары.

Организмде хлорын бөліп шығарып улы әсер ететін ХОҚ тыныс алу ферменттерін тұншықтырады, торшалар жарғақтарының өткізгіштігін және натрий мен калий иондарының эритроциттер жарғақтары арқылы тасымалдануын бұзады. Нәтижесінде оттегінің жіті тапшылығы туындайды, жүйке, эндокриндік, т. б. жүйлер мен мүшелер морфо-функциялық өзгерістерге ұшырайды.

Slide 9

Уланып өлген жануарларды сойып зерттегенде өлексенің қампайғаны, тез арада сірескені және тері мен кілегейлі қабықтардың көкшілденгені байқалады. Қаңқа бұлшық еттері кебірсік, кейде өлі ошақты болады. Ішек-қарында катарлы немесе қанараласа қабыну нышандары болады.

Slide 10

Гистологиялық зерттеулермен жүректе, өкпеде, бауырда және бүйректе қанның молайғаны және қанталаулар көрінеді. Сондай-ақ өкпеде домбығу, бауырда майлану дистрофиясы мен жіті токсиндік гепатит, бүйректе түйіршікті дистрофия мен майлану дистрофиясы, нефрозонефрит, ми затында молқандылық пен домбығу, неврондардың бүлінгені, ыдырағаны байқалады.

Slide 11

Фтор қоспаларымен улану. Кремнефторлы натрий (уралит) сіңгізілген телеграф бағаналары мен шпалдарды мал жалағанда, жануарлар тобына фторлы натрийді антигельминт ретінде қолданғанда жіберілген олақтыққа байланысты қозады.

Slide 12

Жіті уланып, өлген малды сойып зерттегенде қарын мен ішектің катарлы және қанараласа қабынып, қабырғаларының домбыққаны, көптеген мүшелерде қанның молайғаны, қанталаулар мен дистрофиялық процестер байқалады. Уралитпен уланғанда қарын кілегейлі қабығының сарғыштанғаны, жылқыларда тіл бетінің қарайғаны көңіл аударады.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алудың зақымдану синдромы
Хлорорганикалық қосылыстармен улану
лануды емдеу және алдын алу жалпы принциптері. Зооцидтер
Жануарлар ағзасына удың түсуін тоқтату
Токсикология мен фармакология даму жолы
Малдың уланудағы, токсикологиясына ветеринариялық - санитарлық бағасы
Жедел жәрдем шаралары
Фосфорорганикалық қосылыстармен улану
Бұзаулардағы ішек инфекцияларының салыстырмалы патоморфологиясы
Қарасан қоздырушысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz