Кетоз ауруының патологиялық морфологиясы
Презентация қосу
Кетоз ауруының
патологиялық
морфологиясы
Кетоз (Ketosis), немесе ацетонемия – заттар алмасуы
бұзылып, өрмелер мен қанда мол мөлшерде қышқыл
валенттіліктер мен кетондық денешіктердің қордалануымен
сипатталатын ауру. Әдетте ауруға сүтті сиырлар мен
құрсағында төлдері көп ұсақ жануарлар шалдығады.
Қой мен ешкі кетозын халық
«басқақ» дейді.
Мегежіндер де ауырады.
Кетоздар
Басқа бір
Бірінші кезекті
ауруға
қалыптасқан
қосарланған
негізгі ауру
екінші кезекті
ауру
Мес қарынның
атониясы, бұзаулау
парезі, т.б.
Этиологиясы мен дерттенуі. Бірінші кезекті кетоздар
көбінесе рационда қоректік заттар ара-қатысының бұзылуына
байланысты, әсіресе нәруыз мол болып, көмірсу (ірі және
балауса азық) аз болғанда қалыптасады. Малды бағып-
күтудегі кемшіліктер, мационның жоқтығы сырқаттың
өршуіне қолайлы жағдайлар болып табылады.
Патологоанатомиялық
өзгерістер. Бірінші кезекті
қалыптасып, жіті өткен
кетоздан өлген сиырдың
қоңдылығы орташа не ортадан
жоғары, май қорларындағы
май мөлшері де недәуір
болады. Жұмсарған, солғын
тартқан қаңқа бұлшық
еттеріндегі майдың молдығы
көңіл аударады.
Бауыр 1,5 – 2 есе ұлғаяды, былбырайды, түсі өзгеріп,
қызғылт сары тартады.
Жүректің табаны мен тамырларын бойлай жатқан май
қабаттары байқалады. Миокардтың босаңсығаны,
жүрек қарыншаларының миогендік кеңеюге
ұшырағаны байқалады.
Көлемі ұлғайған бүйректің сыртқы қабаты сарғыш реңді,
тамырлары қанмен кернелген ішкі қабат қызғылт болады.
Азғана үлкейген лимфалық түйіндер сұрғылт түсті, тіліп
көргенде мол ылғалды болады. Талақ айтарлықтай
өзгерістерге ұшырамайды. Қатпаршақ қарын көбінесе
атония күйінде, ішек пен ұлтабардың кілегейлі қабықтары
қызғылт, кейде ісіңкі, мол кілегейлі болады. Бүйрекүсті
бездің сыртқы қабатының қалыңдағаны, сарғыш тартқаны
байқалады.
Кетоз ұзаққа созыла өтсе тері жүні
көмескіленеді, көбінесе тұяқтар жұмсарып,
әдеттегі пішінін жояды. Маңдай сүйегі де
жұмсарады (мүйіз өсіндісінің табанына
таман жерде). Өлген малдың қоңдылығы
нашар болады. Бауыр ұлғаяды, босаңсиды,
сұрғылт тартады, немесе әдеттегі көлемі
сақталған мүше біршама қатаяды, тарғыл
тартады (жұпар жаңғағына ұқсау).
Бүйректе дистрофия нышандары мен
қанның молайғаны байқалады. Сұрғылт
түсті жүрек етінде көптеген майлану
ошақтары, ал эндокардта сұрғылт дақтар –
склероз ошақтары көзге ілігеді.
Аяқ буындары жуандайды, құйрық
омыртқалары жіңішкереді, бір бірімен
тіркескен жерлерде кедір-бұдырланады.
Түтікті сүйектер жұмсарады.
Кетозға шалдыққан сиырлардың аналық
жыныс бездері дәнекер өрмемен
кеуленіп, қатаюы, поликистозға
ұшырауы мүмкін.
Микроскопиялық өзгерістер. Кетозға тән өзгерістер әрдайым бауырда
болады. Гепатоциттер майлануға, көмірсулық және түйіршікті дистрофияға
ұшырайды. Митохондриялар ісінеді, түйіршікті эндоплазмалық тор
цистерналары кеңиді, цитоплазмалық тегіс тор цистерналарының саны
артады, олар көпіршіктенеді. Купфер торшаларының фагоциттік белсенділігі
артады, синусоидтарда, өліге ұшыраған бірен-саран гепатоциттердің орнында
макрофагтар мен лимфоциттердің шоғырлары пайда болады
Сиыр бауыры:
1 – сау; 2 – кетозбен ауырған (120 есе үлкейтілген)
Бүйректің тік түтікшелері торшаларын май тамшылары жайлайды.
Жүрек жүйке жүйесінің нейрондары хроматолизге, нейронофагияға
ұшырайды, талшықтары жуандайды, бөлшектенеді. Кардиомиоциттер
мен қаңқа бұлшық еттерінің талшықтарында майлануға, нәруыздық
дистрофияға тән өзгерістер болады.
Жировая инфильтрация эпителия
прямых канальцев почки при кетозе.
Ауру созылмалы өткенде бауыр мен бүйректегі дистрофиялық
өзгерістер зілдірек, мезенхималық торшалардың шоғырлары
айқынырақ болады. Жүрек пен қаңқа бұлшық еттеріндегі
бүлінулер деңгейі артады, миомаляция және фиброз ошақтары
пайда болады. Қан тамырлары қабырғалары мукоидты және
фибриноидты ісінеді, өліге ұшырайды.
Үйқояны бауыры: кетоз.
Ауруға клиникалық деректерді, қанды
(қантқа, ацетондық денелерге), несепті, сүтті
(ацетондық денелерге) лабораториялық
зерттеулер нәтижелерін ескере отырып
патоморфологиялық диагноз қоюдың
қиындығы жоқ.
Ауруды нитраттардан, нитриттерден
уланудан, негізгі ауру ретінде қалыптасқан
остеомаляциядан ажырату қажет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz